Абайға арнау

12 мамыр 2016 - Кенжегул Бекбаева
Абайға арнау

Безродных атындағы орта мектебінің

7 сынып оқушысы Жукенова Сабина 
       Абайға арнау

Ұлы Абай біткен қазақ маңдайына,

Тең көрмеймін ақынның ешқандайына.

Өмірден ерте кеткен дара тұлғам,

Ерекше дара болып жаратылған.

Құс қанат қаламымен қасиетті,

Жазуды өлең сөзді кәсіп етті.

Абайдың жаттап өтем өлең сөзін,

Қондырам көкейіме қара сөзін.

Мен оны  мақтан етем әлемге айтып ,

Ондай боп ақын тумас енді қайтып.

Шайырдан сөз қалмаған айтылмаған,

Әр сөзінің бағасы артық маған.

Ақынның күйі де бар, әні де бар,

Ашылмаған құпиясы әлі де бар.

Абайды танып білу бізге парыз,

Білмесек мойнымызға болар қарыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАрнау

Қазақ тіліАбай атама арнау

Қазақ әдебиетіМахамбет рухына арнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ тіліШәкәрім рухына арнау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3352736

Теги: арнау
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru