Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары (ҚМЖ)

17 қазан 2014 - Админ

Сыныбы:

  7                     Уақыты: 

Сабақтың тақырыбы:

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Мақсаты :

Оқушылар Африка материгінің жер бедерін, тектоникалық құрылымдарын оқып үйренеді.

Сабақтың түрі:

Топтық

Күтілетін нәтижелер:

А) Африка материгінің жер бедерінің өзіндік ерекшеліктерін біледі;

В) Африкада кездесетін пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіру арқылы есте сақтайды;

С) Болашақтағы Африка платформасында болуы мүмкін өзгерістерді болжай алады;  

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, оқулық, дүниежүзінің климаттық  картасы, атлас,  кескін карталар, интерактивті тақта,  бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Лездеме», «Басбармақ», «Ойлан, жұптас, бөліс» Маршруттық карта, «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?», «Бағалау сэндвичі»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

Сынып оқушылармен амандасып, кезекші мәліметін алу.

Сыныпты пайдалы қазбалар шартты белгілері арқылы топтастыру;

«▲­Мұнай», «■­Көмір», «Алтын», «Темір»

Үй тапсырмасын «Лездеме» әдісі арқылы сұрау.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, кезекші өз мәліметін айтады.

Оқушылар берілген суреттер арқылы топтасады.

Конвертте «Мадагаскар», «Әл­Әзизия», «Африка пілі», «Суэц каналы», «Қызыл теңіз» сөздері жасырылған, бір оқушы тақтаға шығып, үй тапсырмасы бойынша сол сөзді жасырады. Қалған оқушылар сол сөздің жауабын табады. Оқушылар әрбір жауапқа «Басбармақ» әдісі арқылы бағасын береді.

Тұсаукесер

Интерактивті тақтаға бірнеше сөздер топтамасы ұсынылады. Мадагаскар аралы, Килиманджаро, Атлас тауы, мұнай, көмір, Айдаһар тауы.  

Жаңа сабақ тақырыбын ашуда белсенді қатысып отырған әрбір оқушыны мадақтап, ынталандыру.

Оқушылар сөз топтамаларынан жаңа сабақтың тақырыбын табады.

Негізгі бөлім

 

Оқушыларға мәтінді бөліп беру.  

 

 

 

 

 

 

Картамен жұмыс беру. Маршруттық карта бойынша тапсырмалар орындау.

 

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашқан соң, мәтінмен таныса отырып, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен топта талқылайды. Мәтінді оқи отырып, әр топ бір­біріне қиылыс сұрақтарын қояды. Интернет  жүйелерінен қызықты мәлімет те алады.

 Маршруттық карта бойынша жұмыстанған бірнеше оқушының жұмысы оқылады. Қалған оқушылар«Бағалау сэндвичі» арқылы бағалайды.

Қорытынды

 

Сабақты аяқтау үшін «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» әдісін қолдану.

 

Кері байланысқа «Рефлексия парағын»  толтырады.

Үйге тапсырма: §45.  Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?»әдісі арқылы қорытындылайды.

Оқушылар сабақ соңында «Рефлексия парағын» толтырады.

       

 

 

Маршруттық карта.

1 қадам. Мәтінді мұқият оқып шыққан соң, Африкадағы өзгерістер әсерінен қалыптасқан үстірттерді теріп жаз.

2 қадам. Чад, Конго, Калахари бұлар ­ ..............

3 қадам. Жарайсың, енді кескін картаға Мадагаскар аралын түсір.

4 қадам.Қиындық артта қалды, ендігі тапсырма сенің тапқырлығыңды көрсетеді. Африканың ең биік нүктесін тауып, жаз!

5 қадам.Жарайсың, сенің қолыңнан келді, ендігі кезек пайдалы қазбаларда.

6 қадам. Төмендегі кестені сәйкестендір.

Пайдалы қазбалар

Кездесетін жері

Мұнай

Намиб шөлі

Уран

Оңтүстік Африка

Алтын, алмас

Гвинея шығанағы

Фосфорит

Оңтүстік Африка Республикасы

Көмір

Атлас таулары

 

7 қадам. Жарайсың, сен тапсырманы тез әрі сапалы орындау үшін қолыңнан келгенді жасадың!

 

 

 

 

 

Рефлексия парағы

Бүгінгі сабақта не есіңде қалды?

Бүгінгі сабақтан не түйдің?

 

Бүгінгі сабақтағы қиындығың?

 

Қиындығыңды қандай жолмен шештің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1910082

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар