когчинг «Оқыту үшін бағалау - оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.»

25 сәуір 2017 - Алмагуль Назарова
когчинг   «Оқыту үшін бағалау  - оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.»

Мерзімі

30.03.2017

Сабақ тақырыбы:

  «Оқыту үшін бағалау  — оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.»

Мақсат:

Бағалау туралы заманауи түсінікті беру, формативті мен жиынтық бағалауддың айырмашылығын түсіндіру, мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық 109-115  бет

Оқу нәтижесі:

Коучинг барысында мұғалімдер бағалау үшін табыс критерилерін құрастыруға үйренеді; бағалаудың екі түрін ажыратады, оқыту үшін бағалау – оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал екенін түсінеді.

Негізгі идеялар:

Оқыту үшін бағалау – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатынмәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі,  оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта,  таныстырылым;

флипчарт, А4 парақтары, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

 Диалог, «Ой қозғау», «Арқаға жазылған комплименттер»  тренингі;

өзін – өзі бағалау үшін «Баспалдақ» тренингі, бірлесе «Гүл шоғын» жасау, бағалау; флипчарт жасау,қорғау;

Дереккөздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 104-110 бет. Екінші (орта) деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ

А. Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013) Алматы

Тапсырмалар:

«Өзін-өзі бағалау» ойсергегін өткізу;

«Бағалау» терминінің  мағынасын, олардың ерекшеліктері мен мазмұнын ажырату;

Бағалау тәсілдері мен түрлерін атау;

А4 парақтарынан «Гүл шоғын» жасау, бағалау; 

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланысқа түсу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысындағы коуч пен  мұғалімдердің  іс-әрекеті:

 

Уақыты

Коучинг кезеңдері

Тренер(мұғалім)   әрекеті

Тыңдаушылар әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

5 мин

І.Зейін шоғырландыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жағымды психологиялық ахуал орнату

 

«Көршіңнің суреті»

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен  сабаққа ынталанады Топтағы мұғалімдер жұптасып көршісінің суретін салу үшін ақ қағазды төбелеріне қойып, қарамай  суреттерін салуы керек

 

 

 

 

 

Суреттер

Топқа бөлінуді ұйымдастыру:

 

Топ ережелерін еске түсіру, толықтыру

Суреттер бойынша топтасады

Топқа бөліну бойынша рефлексия жасау

 

 

10

мин

 

Миға шабуыл

1.  Тапсырма: Мұғалімдерге тапсырма, сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру   

«Өзін-өзі бағалау» ойсергегін өткізеді /10 басқышты баспалдақта орын тауып, кейін бағалау/

— Осы тренингті орындау арқылы сіздер не істедіңіздер?

-Мектепте бағалау не үшін керек?

 

Мұғалімдерге  бағалау туралы бұрыннан не білетіндері туралы ойлануға уақыт беру, идеялар тақтасына жазу

 

10 басқышты баспалдақта орын белгілейді, өзін-өзі бағалайды /1-4 өзін-өзі бағалау деңгейі төмен, 8-10 өзін-өзі тым жоғары, 5-7 таңдағандар өздерін нақты, реалистік тұрғыдан бағалайтын адамдар/

 

Мұғалімдер идеялар тақтасына бағалау туралы бұрыннан не білетіндерін айтады.

 

(қатысушылардың ортақ шешімі)

постерлер,

маркер, стикерлер, таратпа парақтар

2. Тапсырма: Көршіңнің суретінің, сол жағындағы қатысушыға баға қояды

Қатысушылар Көршіңнің суретінің суретін салып, бірін бірі бағалайды.

«Формативті» және «суммативті» бағалау 

маркер, стикерлер, таратпа парақтар

20 мин

 ІІ.Ақпарат беру

 «ББҮ» әдісі бойынша «Формативті» және «суммативті» бағалау туралы мәтінді оқуға тапсырма беру

 

«ББҮ» әдісі бойынша  мәтінді оқиды.

Алдымен не білетіндерін айтады. Не білгісі келетіні туралы жоғары деңгейдегі 2 сұрақ жазады. Оқып болған соң «Үйрендім» кестесін толтырады.

 Мәтінмен толық танысады.

«Формативті» және «суммативті» бағалау  түрлерімен танысып, сабақта қолдануға бағыт-бағдар алады.

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 26-29-бет.

10 мин

ІІІ. Практикалық кезең

 

 

3. Тапсырма:

 «Ойлан, жұптас, пікірлес»

 5 критерий болу керек

а/ Өлеңді мәнерлеп оқуына критерийлерді құрастыру

в/ Мазмұндамаға  критерийлерді құрастыру

 

Топтар берілген тапсырмаларға критериялар қояды.

 

 

 

 

 4. Тапсырма: «Венн диаграммасы» арқылы формативті және суммативті  бағалауды салыстыру, постер жасауға тапсырма беру

 

 «Венн диаграммасы» арқылы формативті және суммативті  бағалауды салыстырады.

— Постерлерін қорғайды.

 Ауызша кері байланыс

Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Формативті бағалаудың әдістері» туралы таныстырылым көрсету

«Формативті бағалаудың әдістері» туралы таныстырылым көру

15 мин

Өнім кезеңі

Алған ақпараттарын қолдануы, өнім шығару.

 «Формативті бағалаудың әдістерін» сабақтың кезеңдеріне қалай қолданатындығын жоспарлауға нұсқау беру

 

Kahoot.it  арқылы бағалау

«Формативті бағалаудың әдістерін» сабақтың кезеңдеріне қалай қолданатындығын жоспарлау

Kahoot.it   онлайн тест орындайды.

 

 

Kahoot.it

5 мин

 ІV.Кері байланыс

Қатысушыларға  сұраққа рефлексия жасау  тапсырылады.

 

Коучке  кері байланыс беру.

 

Стикер

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3722335

Пікірлер (1)
Амантай Абитаевич # 31 мамыр 2017 в 22:32 0
Сәлеметсізбе Алмагуль! Алмагуль «Оқыту үшін бағалау — оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.» тақырыбы бойынша өткізген коучингің маған өте ұнады. Қатысқан мұғалімдер өз сабақтарында қолданады деп ойлаймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Әнші Шақтай -  Айдындағы аққулар.
Әнші Шақтай - Айдындағы аққулар.
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Тек ақылмен...
Тек ақылмен...
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Askar Karabshayev
Өз ойым
4 қыркүйек 2017 - My diary - 0 - 0