Мектеп тренерлері жұмыстарын аяқтады

6 маусым 2017 - Айгүл Қыстаубаева
Мектеп тренерлері жұмыстарын аяқтады

Мектеп тренерлері өз жұмыстарын аяқтады

 

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 24 тамыздағы №11-4/372 хатын басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру және жаңа бағдарлама бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша республикамыздың түкпір-түкпірінде 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курс ұйымдастырылды. Осындай курстардың бірі Алматы қаласындағы № 97 жалпы білім беретін  мектепте де жүзеге асты. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында «Мектеп тренері» курсын аяқтап, сертификатталған әріптесім – Бисембаева Г.А екеумиз екі топпен өз жұмысымызды бастап кеттік.

  «Көз – қорқақ, қол – батыр» — демекші, бастапқыда жүрексіне бастаған жұмысымыздың нүктесін де қойдық.

   Өзімнің жасаған жұмыстарыма шегініс жасай отырып, «Мектеп тренері» ретінде  «Мен неге қол жеткіздім?», -деп ойландым.  

  Педагогикалық шеберлік орталығында дәріс берген тренерім- Ғалия Нұғманқызы: «Ертең сіздердің алдарыңызға тәжірибесі және осы курсқа қатысу уәждері әртүрлі тыңдаушылар келеді.Сіздердің тараптарыңыздан тренер ретінде жоғары кәсіби деңгейдегі мінез – құлық пен өзін-өзі ұстау мәнері қатаң талап етіледі » — деп ескерткен болатын. Иә, бастапқыда сынай қараған да, сүйсіне тыңдаған да, қолдау көрсеткен де әріптестерім болды.

  Осы орайда мен тренерлік қызметімде төмендегі әрекеттерге қол жеткіздім дер едім:

·        Ересектерді оқыту ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндігім болды;

·        Кәсіби дамуға қол жеткіздім, яғни, үйрете жүріп,үйрендім;

·        Ресурстар мен материалдар жинадым.

 Ал, тыңдармандарым неге қол жеткізді?

·        Қуатты білім көздерінің әдіс-тәсілдерімен қаруланды;

·        Әртүрлі пән мұғалімдері бір – бірімен тәжірибе алмасты.

·        Бірлескен ортада ынтымақтастықта сын тұрғысынан ойлай жұмыс жасауға үйренді.

    Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысынан ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру екенін ескерсек, түбегейлі өзгеріп кетпесе де, мақсатқа жету үшін ұмтылыс бар екендігі көңіл қуантады.Әріптестерімнің білсем,іске асырсам деген талпыныстары мені қанаттандырады.

  «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды,

ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» ,-деген ұлы ұстаз К.Д.Ушинскийдің сөзін ұдайы есімізден шығармасақ, болашағымыздың жарқын болары анық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3058431

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru