Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабағы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабағы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабағы

Кіріспе.

Бүгінгі күнде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сондай жаңа технологиялардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».

Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған құрылым.

1.Қызығушылықты ояту сатысы.

Білгенін еске түсіреді, мазмұнын түсіруге талаптанады, белсенділігі артады, ми қыртысы іске қосылады.

2.Мағынаны тани білу сатысы.

Жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтеді, не түсінгенін анықтайды.

3.Ой-толғаныс сатысы.

Үйренгенін қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол оқыту барысында оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Оқушылардан осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасайды, бар ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді тыңдап, құрметтеуді, өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады.

Мен бұл «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын 2013-2014 оқу жылынан бастап қолданып келемін. Осы жобамен ұйымдастырылған сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға зор ықпал ететінін бірден байқадым.Оқушылар үшін сабақтар қызықты, жеңіл өтіп, білімдерінің тереңдігі әрі тиянақтылығы арта түседі.

Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы бірнеше стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп.

1.Негізгі ойды суреттеу. 6.Инсерт

2.РАФТ. 7.Үш қарамды сұхбат.

3.Блум жүйесі. 8.Ой қозғау.

4.ЖИГСО-1. 9.Оқиға желісі, т.б.

5.Автор орындығы.

Аталаған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса, жүйелеп, еркін айта бастады. Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой толғанысын жасап, өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Әрине, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.

ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та, оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым.

Осы технология негізінде өткізген сабағымның жоспарын өз әріптестеріме көмегі тиер деген үмітпен ұсынып отырмын.

САБАҚ №1Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран»(7-сынып)

Сабақтың мақсаты:

1) Жазушының өмірінен мәлімет беру, өлеңнің көркемдік мазмұнын ашу, бүркіттің өзіндік қасиеттерін таныту;

2) Оқушылардың еркін, тиянақты, білімді сөйлеуін, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

3) оқушыларды қыран құстың бойындағы тектілік қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: баяндау, талдау, салыстыру, сындық ойлау, деңгейлік тапсырма. Көрнекілігі: сурет, кітаптар, сызба, кеспе қағаздар, журнал, қосымша әдебиеттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығы мен қатысын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қалихан Ысқақ. «Қоңыр күз еді».

1.Кесте бойынша кейіпкерлерге қысқаша сипаттама беру. Қасым мен бәймәлім автордың кездесе алмау себебі не? Шығармадағы күз сипатының сыры неде?

Кейіпкерлерді талдау кестесі

Кейіпкер

Негізгі (басты) кейіпкер

Орталық кейіпкер

Қосымша (көмекші) кейіпкер

Ұнамды кейіпкер

Ұнамсыз кейіпкер

Қасым

Алматай

Жарық жұлдыз (Қомшабай)

Алтын

Қаламтай (Маймұрын)

Бүкір

ІІІ. Үй тапсырмасын жүйелеу, қорытындылау.

ІҮ.Жаңа сабақ

Қадыр Мырза Әли. «Кәрі қыран» өлеңі.

Кіріспе сөз.

а) Ақын өмірінен қысқаша мәлімет беру.

ә) Оқушыларды Зейнолла Қабдолов сөзімен таныстыру.

2.Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Не білеміз? «Қыран» сөзінің мәні, қыран туралы білімдерін байқау.

3.Мұғалімнің сөзі. Қыран туралы мәлімет.

Қыран туралы халықтық ұғым (тотемдік сипаты)

Қыран –бәйтерек –адам болмысы

Мұхтар Шахановтың «Қыран тағдыры», «Барселона әуежайындағы сұңқарлар» өлеңдерімен таныстыру.

4.Мағынаны тану.

«Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру, өлеңдегі қыран бейнесін ашу.

Деңгейлік тапсырмалар (Оқулықпен жұмыс)

Венн диаграммасы (қасиет)


Қыран

Кәрі қыран

Еркін жазу стратегиясы

Қыранша өмір сүргенің

Қандай бақыт!

Қандай бақыт -

Қыранша өле білген!

Өлең жолдары бойынша өз ойы мен пікірін жазу.

Оқушылардың тапсырмасын тексеру, жауаптарын тыңдау.

5.Не білдік? «Не білдім, қандай тағылым алдым?» тапсырмасын жазбаша орындау, жауаптарын тыңдау.

6.Зерттеу.

а) Өлеңді баллада жанрына жатқызуға бола ма?

ә) Соңғы шумақта қандай тұспал бар?

7.Мұғалімнің сөзі.

Қыран жайлы мақалдарға талдау. Бәйтерек. Көк байрақ.

8.Қорытынды. «Бес жолды өлең».

V.Бағалау. Не білгім келеді? Оқушы ойы.

VI. Үйге тапсырма. 1.Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумақтарын жаттау. 2. «Қырандай қалықтау – арманым» тақырыбына шығарма жазу. 3. Қыран, оның түрлері туралы мәліметтер жинау, сурет салу, өлең жазу

САБАҚ №2. «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: поэманың сюжеттік мазмұнын ашу, композициясына және көркемдік ерекшелігіне талдау.

Ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін арттыру, ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету, танымдық іс-әрекетін дамыту.

Б) тәрбиелік: оқушыларды ерлікке, батырлыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтыңтипі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтыңәдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіпоқу, аялдапоқу, білемін, білгімкеледі, семантикалықкарта, РАФТстратегиясы) мультимедиақолдану, шығармашылықжұмыс, әдебитеориялық ұғымдарға талдау.

Сабақтыңжүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындық.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

І.Қызығушылықты ояту. (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою.)

1.Қасым Аманжоловқашан, қай жерде туды?

2.Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?

3.«Өзі туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?

4.Қасым тек ақын болып қалды ма? (топтастыру)

ІІ.Топтастыру


«Қасымның бұл поэмасынан қанды майданда жараланған жолбарыстай жаумен отымен жағаласқан от жанарлы жауынгер бейнесін көреміз… Поэма оқушыны тартып, кейіпкерге ыстық сезімін тудыратын, ерлік істерге баулитын шығарма»
ІІІ.Мағынаны ашу. «Ақын өлімі туралы аңыз»

Қалижан Бекхожин.

“Ақынның соғыс тақырыбына жазылған жақсы өлеңдерінің ең биік шоқтығы «Абдолла». Бұл батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ болып атылған, от болып шашылып тұрған оптимистік трагедия” Әбділдә Тәжібаев.

Сөздікпен жұмыс

1. Нұх-пайғамбар аты.

2. Прометей — от құдайы.

3. Қызойнақ-жастардың бас қосқан ойыны.

4. Гүрзі – соғыс қаруының аты.

Шығармашылық жұмыс: «Сеннеткенбақыттыедің, келерұрпақ»шағын эсселерін толтыру.

І топқа.Кестені толтыру.

Негізгі мәселелер

Шумақтар

Тармақтар

Өзі жайлы

Өмірі мен өлім туралы

Болашаққа өсиет

Туған ел, туған жер туралы

ІІ топқа.Абдоллаға мінездеме

Дәптерменжұмыс.

Жылдар

Негізгі оқиғалар

1936

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

1938

Қаз ҰПУ-ды бітірді

1938-1939

Қызылорда сауда техникумында оқытушы

1939-1941

Қазақ мемлекеттік көркем

1942

2-дүниежүзілік соғыста қаза тапты.

IV.Ой толғаныс.ББҮкестесі.оқушылар дәптерлеріне орындайды.

ББҮ әдісі слайд түрінде көрсетіледі (әр оқушы дәптеріне орындайды).

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Жастайынан жетім қалғандығын, бірнеше өлеңдерінің тақырыбы туған жерге, Отанды сүюге, құрметтеуге арналғандығын білемін. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Абдолла

Жұмағалиев туралы екендігін білемін.

Ақын Абдолла Жұмағалиев пен Қасым Аманжоловтың достығы туралы терең білгім келеді. Ақындардың қазіргі таңда ұрпақтары қалай жалғасуда, соны біліг келеді.

Абдолла секілді батырды елі әрқашан құрметтейді. Ерлігі ешқашан да ұмтылмайды. Абдолла секілді ержүрек, батыл қайтпас, қайсар болуды үйрендім.

Ой толғаныс: слайд түрінде.

Бекіту. Поэма апофеоз – ақын өліміне қайғыру, батырға деген сүйіспеншілік.

Үйге тапсырма: поэманы оқу, үзінді жаттау, Абдолла Жұмағалиев туралы мәліметтер жинау, рафт жазу.

Бағалау. Оқушыларға тиісті баға қойылады.

р/с

Оқушының аты

Өзін-өзі бағалау

Топ басшысының бағасы

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға

САБАҚ №3.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты: ақын шығармаларының тақырыбын, идеясын ашу, поэзиясының өміршеңдігін таныту, дастанның тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін жете ұғыну; Міндеттері: 1) мазмұнға байланысты – ақын шығармасын оқи отырып композициялық құрлысымен танысады, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттай алады; 2) СТО – ға байланысты – тақырыпты меңгеру барысында ой-пікірлерін қорытындылайды;3) топтық жұмысқа байланысты – топтағы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.

Типі: жаңа ұғымды меңгеру. Түрі: жаңалықты қолдану сабағы. Әдісі: СТО әдістері. Жабдықтары: ақын портреті, бүктемелер, шығармалар жинағы.

І.Қызығушылықты ояту. Мұқағалидың «Қайырлы түн», «Үш бақытым» өлеңдерінен үзінді оқылады.Оқылған шығармалардың аты авторы оқушылардан сұралады.

Үш топқа топтастыру әдісі бойынша тапсырма беріледі.

І- топ: Мұқағали кім? 2- топ: Шығармалары. 3- топ: Ақын өлеңдеріне жазылған әндер.

Бұл бөлімдері тапсырмалардың бәрі үй тапсырмасын сұрау, бекіту болып табылады.

БҮҮ әдісі бойынша оқушыларға парақша таратылып беріледі. Бұл парақша сабақтың өн бойында толтырылып отырады.

Білемін

Үйренгім келеді

Үйренгенім

Ақын өмірі, шығармалары, өлеңдері, жинақтары, т.б. жөнінде.

ІІ. Мағынаны тану. Болжау әдісі бойынша кесте толтырылады.

Шын мәнінде не болады деп ойлайсың?

Қандай дәлелің бар?

Шынында не болады?

Оқушы түсінігін пысықтау.

Топтық жұмыстар.Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1 – топ: «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, неге алғанын түсіндіру.

Мәтіннен үзінді

Не себепті таңдадыңыз?

2 – топ: Өлеңді құрылысына қарай талдау.

3 – топ: «Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?».

ІІІ. Ой толғаныс. 1 – топ: «Аққу атуға болады» (пікір білдіру). 3 – топ: «Менің ой толғанысым» (эссе жазу).

ІV.Қорытындылау. БҮҮ әдісі бойынша кестені толықтыру.

Мұғалімнің сөзі: - Оқушылар, ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен.Сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар. Сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі – сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық (Күй тыңдалады).

Бағалау.

Үйге тапсырма: а) поэмадан үзінді жаттау; ә) топ болып көрініс дайындау, б) аққу туралы мақал- мәтелдер жазып келу, поэма желісі бойынша сурет салу.

САБАҚ №4. Сәбиттің қос жыры(«Заман кімдікі?» және «Бозторғай»,6-сынып)

Сабақтың мақсаты: С.Дөнентаев туралы мәлімет беру.Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру. Міндеттері: білімділік – негізгі ерекшеліктерін айқындап таныту, шеберлік сырын ашу; дамытушылық – өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;

б) Ізденіп оқуға ынталандыру. Көркемдік сезімге баулу. Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: интерактив тақта, слайдтар: «Сәбит – қазақ ақыны», «С.Дөнентаев туындылары», «С. Дөнентаевтың өмір деректерінен фото-суреттер», Әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1–топ М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы; 2-топ. «Қазақ тілі» өлеңі, 3-топ. «Мен кім?» өлеңі. Шығармашылық жұмыс: «Ана тілім — айбыным» «Мен кіммін?» (эссе (көркемсөз) жазу).

«Еркін жауап» стратегиясы (Үй тапсырмасын қорытындылау):

Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

І. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.

1-слайд. Сабақтың эпиграфы: «Сәбит – мысал жанрының шебер ақыны». «Бозторғай» — патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған өлең. Бейсенбай Кенжебаев.

«Түсіну» стратегиясы. Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру.Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.

1-4-слайд: «Сәбит – сан қырлы талант иесі».

сыншы

ағартушы-демократ ақын журналист


қайраткер публицист қоғам

жазушы сатирик ақын

аудармашы

ІІ. Топпен жұмыс.

1-топқа: «Мағынаны тану» стратегиясы. «Заман кімдікі?» Әділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай? Риторикалық сұрақ дегеніміз не?

Сұрақ-жауап: 1. Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау» және «Еркін жазу» стратегиясы. Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің өлең туралы пікірім».

5-слайд.

Сәбит заманы

Бүгінгі заман бейнесі

Мұғалім сөзі: — «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып қалмайық.

2-топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы. «Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипатта. Мысал өлең дегеніміз не? Қандай мысалшы ақынды білесің? А.Байтұрсынұлының қай мысалына ұқсас? Қандай мақал есіңе түседі?

6-слайд (Кестені толтыру).

Мысал өлеңдегі кейіпкер

лер:

боз-

тор-

ғай

қырғи

бөдене

қар-

шыға

лашын

қаз

шүрегей

бүркіт

Өлеңнен тауып,

сипат-тап

жаз

сорлы,

кедей, кемтар құс (хәлі нашар)

төре, опа бермес кәпір,

құстар-

дың

жауы.

өз

басын қорғай алмай жүрген сорлы.

жырт-

қыш

құс, шүре-гей-

дің қас жауы.

хан,

қаз-

дың

қас

жауы.

момын,

кедей.

жалқау,

кедей.

құс

патша-сы.

«С.Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков.

3-топқа: 2. «Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). Екеуі де а, а, б, а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шумақ өлең. Эпитетті тауып жаз.

Проблемалық сұрақ:

Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады.Бүгінгі заманмен байланыстырып қортындылайды.

ІV. Қорытындылау: Сәбит – қазақ ақыны, мазмұнды да қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақын, мысалшы, Абай мен Сұлтанмахмұттан кейінгі сатирик ақын.Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау. «Бозторғайын» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы (реферат жазу)

САБАҚ №5.Махамбет. «қызғыш құс»(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақын өлеңінің мазмұнын түсінеді, пікір алысады, талдайды, салыстырады, ақын тұлғасын ашады, қорытынды жасайды; дамытушылық – мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы ақынның ішкі жан дүниесін түсіну, мысалдар келтіру, қосымша мәліметтер іздестіру, танымдық қабілеттерін дамыту, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, бірнеше ойды салыстырады, қарама –қарсы қояды; тәрбиелік – топпен жұмыс істеуге, бір – бірін сыйлауға, тыңдай білуге баулу.

Түрі: ізденіс, зертеу. Типі: жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: слайд. Пәнаралық байланыс: биология, тарих. Құрал-жабдығы: парақшалар, кубик, маркер.

Сабақтың барысы.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Әр топ өз топ басшыларын сайлап алады, топ атын қояды.

І. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау стратегиясы.

Дабыл қаққан дауылпаздай дауысы,

Алдаспанға айналып ар-намысы,

Исатайдың үні болған,

Бар қазақтың ұлы болған,

Ұрпағының жыры болған, Арысым!

Еркін жауап стратегиясы. Сұрақтар қойылады.

1.Осы өлең жолдарындағы дауылпаздай дауысы бар, Исатайдың үні болған, бар қазақтың ұлы болған Арыс кім?

2. Махамбет туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауабы тыңдалады).

Топтастыру стратегиясы.


ІІ.Мағынаны ажырату

Махамбет

Кіріспе сөз. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу тарихы.

Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа бой алдырды. Қарулы жасақтың көбі тарап кетеді. Бытырап кеткен қолдың енді басын қосу қиынға түседі. Ол ел ішінде бой тасалап жүреді. Халық ханға адал ұлын сатпайды. Ақын өмірінің соңғы айларында өз отбасымен Қарой деген ойпаңды мекен еткен. Осы кездері ақынның «Қызғыш құс» өлеңі дүниеге келді.

Сабақтың мақсатын айтып өту.

Электронды оқулықтан «Қызғыш құс» өлеңін тыңдатқызу.

Екі жақты күнделік стратегиясы.

Өлең жолдары. Мен қалай түсінемін?

Ау,қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау,қызғыш құс, қызғыш құс,

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған —

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған –

Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып –айтпай не керек,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні!

Түсініктеме күнделігі.

Сөздік жұмыс. Құсалық –

Еркін жауап стратегиясы.

Сұрақ. Махамбет өз тағдырын қалай берген? Ненің тағдырымен ұқсас?

Әдебиет теориясы. Махамбет өзінің ауыр тағдырын қызғыш құстың тағдырымен салыстыра отырып суреттеген. Адам көңіл күйінінің табиғат құбылыстарымен осылайша салыстырыла суреттелуін психологиялық параллелизм дейміз.

Еркін жауап стратегиясы.

Өлеңнің тақырыбы не? Исатайдан айырылып, жалғыз қалған батырдың мұңы.

Өлеңнің идеясы. Елім деп еңіреген ерді осындай күйге түсірген – Жәңгір хан.

Лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Кубизм стратегиясы қолданылады. Жұмыс жолын ескерту (тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы).

Тапсырмалар.

1.Зерттеңіз. Лашын, қызғыш құс туралы не білесіңдер?

Жәңгір хан кім? Ол туралы қандай дерек таптыңдар?

2. Суреттеңіз. Ақынның, қызғыш құстың жай күйін суреттеуде қандай түс қолданар едің? Лашын мен Жәңгір хан бейнелерін суреттесеңдер қандай түс қолданар едіңдер, неліктен?

3. Салыстырыңыз. 1-топ. Махамбет пен Жәңгір хан.

2-топ. Қызғыш құс пен лашын құс.

4. Қолданыңыз. Өлең құрлысына талдау жасаңыз.

5. Пікірді қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз.

Өлеңде Махамбет –өмірден түңілген адам.Махамбет-болашаққа сенімі мол адам.

6.Толғаныс.1-топ.Махамбет атынан сойлеңіз.2-топ.Қызғыш құс атынан сойлеңіз.

Ой қорыту стратегиясы.

Осы өлең арқылы ақынның айтпақ ойы.Махамбет пен қызғыш құстың тағдырында ұқсастық бар ма?

ІІІ.Ойтолғаныс.

Мұхтар Шахановтың «Жайықпен жүздескенде»өлеңінен үзінді оқу.

Байқаймысың? Байқаймысың?

Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.

Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,

Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.

Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі?

Қозы Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?

Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді?

Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?

Қайран ақын-сұңқар қиял, наркескен ой, батыл арман,

Исатайдан айырылғанда жер бауырлап жатып алған.

Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,

Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.

О, сұмдық-ай,

Жаулық сезім парасатты паналапты,

Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты…

-Дос, достық туралы не айтар едіңдер?

Ой толғау.»Дос-көңілдің ажары»деген тақырыпта ой толғау жазу.

Автор орындығы стратегиясы.Орындыққа келіп Жазғандарын оқиды.

Сұхбаттасу стратегиясы.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

САБАҚ №6. Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері(8-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – Абайдың Әбішке арналған өлеңдерінің идеясы мен тақырыбын, көркемдік тілін, мазмұнын меңгерту; тәрбиелік: — өлең арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, әке мен бала арасындағы шынайы махаббатқа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушылардың лирикалық шығармаларды талдау дағдыларын, тіл байлықтарын дамыту.

Түрі: практикалық сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, саралау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Әбіш, Абай портреттері, үйлестірме қағаздар.

Қосымша әдебиеттер: «Аба жолы» романы бойынша «Қарашығын», «Өкініште», «Қапыда» тараулары, «Абай» энциклопедиясы, Жамбыл, «Алғадай туралы ойлар».

Әдістемелік әдебиеттер: Қанипа Бітібаева. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиетті оқыту технологиясы».

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

(Әбіш туралы тың мәліметтері игеру үшін үйге берілген «Абай жолы» романы бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.)

1.Романда Әбіштің портреті қалай берілген? Тауып оқыңдар. 2. Әбіш қандай оқу орындарында оқыды? 3. Оқудан келген Әбіш пен әкесі Абай арасындағы сағыныш қалай суреттелген? 4. Оқудан келген Әбіштің бойынан қандай өзгерістер мен жағымды жаңалықтар көрдіңдер? 5.Әбіш пен анасы Ділдә арасындағы қарым-қатынас қандай болды. 6. Әбіштің ауруға шалдыққанын алғаш кім білді? 7. Әбіш туралы әке пікірі қандай? 8.Әбіштің сүйген жары кім? 9.Мағрипа қандай қыз?10.Әбіштің ауруға шалдыққанын білгенде Абай қандай көңіл-күйде болды? 11. Әбіштің әкесімен бақиласқан соңғы сөзін романнан тауып оқыңдар. 12. Әбіштің демі үзілген сәтті романда қалай берілген?13.Әбіш дүниеден өтті, оны қалай жерлеген? 14. Осы кезеңде Абайдың дұшпандары қандай әрекетке барды? 15. Романда анасы Ділдә мен жары Мағрипа Әбішпен қалай қоштасады? Қандай салт-дәстүр көрініс тапты?

-Міне, балалар біз бүгінгі жаңа сабағымызды бастамай тұрып Әбіш кім, Абай кім, әке мен бала, ана мен бала, бауырлар арасындағы ұлы махаббат қандай екенін білдік. Роман арқылы біз Әбіштің қандай болғанын, елі үшін, халқы үшін қандай ұлы тұлға болып қалғанын түсіндік. Енді бүгінгі танысатын Абайдың өлеңдер топтамасы арқылы сабағымыздың соңына қарай «Абай кім?», «Әбіш кім?», «Мен кіммін?» деген ойда жоба жасап, «Толық адам» проблемасы бойынша өз пікірлерімізді қорғаймыз.

ІІІ. Әбіш туралы қосымша мәлімет беру ( Бұл тапсырма да оқушыларға алдын ала берілген).

Әбіш (Әбдірахман) (1869-1895) –Абайдың Ділдәдан туған баласы. Ол Семей қаласындағы уездік мектепте оқыды. 1886-1889 жылдары Түмен қаласындағы Александров Реалдық училищесінің 5,6,7- сыныптарын оқып бітірді. 1889-1892 жылдары С.Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде әуелі юнкер дәрежесінде түскен Әбішке 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портпей — юнер, сол жылдың тамызында подпоручик деген әскери атақ беріледі. Әбдірахман училищені өте жақсы деген бағамен бітіреді де, 1892 жылы Ташкенттегі бекініс жылы 15 қарашада ауыр науқастан қаза табады.

IV.Тірек-сызба арқылы Абайдың Әбіш туралы жазылған өлеңдерімен таныстыру.

V. Мәнерлеп оқу (Оқулықтағы Абайдың Әбішке арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу.)

VI.Өлеңдегі түсініксіз сөздермен дәптерге сөздік жұмысын жүргізу.

Сідет –міндет; Тәбділ – өзгеру, ауысу;

Тағылым- өнеге үлгі; Бенде — пенде.

VII.Өлең бойынша практикалық тапсырмалар:

а) Өлеңді оқи отырып, Әбішке мінездеме беру;

ә) Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.

Көркемдік тәсіл

Үзінді

Эпитет

Әсірелеу

Жүрегі жылы, бойы құрыш. Боямасыз ақ көңіл,

Кешегі өткен Ер Әбіш,

Өнері оның жұрт асқан.

б) Өлеңнің құрылысына талдау.

5 3

Кешегі өткен / Ер Әбіш/, а

5 3

Елден бір асқан /ерек-ті/. б

5 4

Жүрегі жылы/, бойы құрыш/, а

5 3

Туысы жаннан / бөлек-ті/. Б

8 буынды, 4 тармақты, 2 бунақты шалыс ұйқаспен жазылған.

VIII. Салыстыру. 7-сыныпта оқыған Жамбылдың «Алғадай туралы ойлар» өлеңін еске түсіру, Абай өлеңімен салыстыру. Әбіш дүниеден озған кезде «Абай жолы» романында Жамбылдың Абайғ а Мағауия арқылы көңіл айтатын жұбату сөздерін тауып оқып, екі ақынның өмір жолы мен шығармашылығындағы ұқсастықты аңғарту.

Венн диаграммасы

Абай «Әбідархман өлгенде»

Ұқсастығы

Жамбыл «Алғадай туралы ойлар»

Өлеңде Әбіштің толық обрызы ашылады. Әкенің өз балсына берген бағасы. Баласы ауыр науқастан қаза табады.

Екі өлеңде де әкенің зары, жоқтауы, өз-өзіне айтқан жұбату сөздері көрінеді. Өлең жоқтау түрінде жазылған. 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Өлеңде қарт әкенің көңіл-күйі, күйзелісі көбірек көрсетіледі. Баласы соғыстан оралмаған.

IX. Лирикалық өлеңге толық талдау

Өлеңдегі лиризм

Жанрлық сипат

Негізгі мәселе

Тартыстар

Өлеңде қайғы, ащы зар, өшпес мұң, өкініш, арман, сенім, үміт, жұбаныш, мақтан ету, үлгі ету көрініс тапқан.

Жоқтау көңіл айту, жұбату. Көңіл-күй лирикасы.

Әке мен бала арасындағы махаббат. Толық адам проблемасы.

Қайғы мен жұбаныш, жұбаныш пен өкініш, жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім.

X. Сабақты бекіту. Толық адам проблемасы бойынша жоба қорғау.


XII. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, Абайдың Әбдірахманға арналған басқа өлеңдерімен танысып, мәнерлеп оқу.

САБАҚ №7 Ыбырайдың прозалық шығармалары(10-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Түрі: практикалық сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, саралау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Әбіш, Абай портреттері, үйлестірме қағаздар.

Қосымша әдебиеттер: «Аба жолы» романы бойынша «Қарашығын», «Өкініште», «Қапыда» тараулары, «Абай» энциклопедиясы, Жамбыл, «Алғадай туралы ойлар».

Әдістемелік әдебиеттер: Қанипа Бітібаева. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиетті оқыту технологиясы».

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын

Тест

    1.Ыбырай Орынбор орыс-қазақ мектебін қалай бітірді?

    а) бітірген жоқ;

    ә) нашар;

    б)орташа;

    в) жақсы;

    г) өте жақсы.

    2.Алғашқы мектеп қайда, қай жылы ашылды?

    а) Торғай, 1864ж., ә) Ырғыз, 1887ж., б) Орск, 1881ж.,

    в) Омбы, 1883ж., г) Орда, 1841ж.

    3.Ыбырай «Қазақ хрестоматиясын» қай жылдары жазды?

    а) 1841-50; ә) 1850-57; б) 1876-79;

    в) 1879-83; г) 1884-89.

    4.«Қазақ хрестоматиясы» қандай шығармамен басталады?

а) «Таза бұлақ»; ә) «Кел, балалар, оқылық»; б) «Өнер білім бар жұрттар»;

в) «Өзен»; г) «Жомарт».

    5.«Жаман жолдас» әңгімесін кімнен аударды?

    а) И.Крылов; ә) Л.Ушинский; б) Л.Толстой; в) И.Паульсон; г) Ф.Достоевский.

    Жаңа сабақ.

    1.Асан деген бай баласы, Үсен деген жарлы баласы…

    Бұл әңгімені білмейтін бірде-бір қазақ баласы жоқ. Олай болса, Ыбырай әңгімелеріне көңіл бөлейік.

    2.Оқушылардың зерттеуі бойынша. Ыбырай әңгімелеріне сатылай кешенді талдау жасау.

    1.«Атымтай Жомарт» әңгімесі мен «Аяз би» ертегісінің үндестігі.

    2.«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі жазушы идеясының өміршеңдігі.

    3.«Бақша ағаштары» әңгімесінің тәрбиелік мәні.

    4.Ыбырай әңгімесінің көркемдік ерекшелігі.

    3.Проблемалық сұрақтар:

    1.«Қанағат» сөзін қалай түсінесің?

    2.«Мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деді. Мал берген иесі кім?

    3.Күтімді кімнен күтесің? Абай өлеңдерінен үндестік іздеу?

    4.Сейітқұл қайғысы мен Асан қайғы қайғысының байланысы.

    5.«Он тоғызыншы қара сөздегі» «… Естілердің айтқан сөздерін ескертіп жүрген кісі өзі де есті болады...» деген жолдар Ыбырайдың қайғы әңгімесін еске түсіреді?

    6.«Ауылда жұмыс жоқ» деген пікірмен келісесің бе?

    4.Бекіту. 1. Ыбырай мен Абай үндестігін қалай түсінесің? Ыбырай — дала қоңырауы.

    5.Үйге тапсырма: 1.Оқушылық деңгей. Ыбырай әңгімелерін мазмұндау.2. Алгоритмдік деңгей. Ыбырай әңгімелеріне сатылай кешенді талдау. 3. «Мен таныған – Ыбырай» тақырыбында ой толғау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Информатика«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» (әдістемелік - құрал)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4057491

Пікірлер (1)
Базаргул # 4 мамыр 2015 в 19:24 0
Аталған стратегияларды пайдалану тиімді, әсіресе ЖИГСО әдісі қазіргі кезде оқыту жүйесіне қолайлы, себебі оқушылар көп ізденеді, қабілеті орташа оқушының бойында қызығушылық байқалады. Әр түрлі мамандыққа баулиды.Қазақ әдебиеті пәні бойынша берілген сабақтардағы ақын жазушылардың еңбектері, өлең-жырларының тәрбиелік мәні зор.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0