Шығармашылық есеп

Мен, Шаукерова  Анаргүл Амангелдіқызы,  2001 жылы  М. Жұмабаев  атындағы  гуманитарлық  педагогикалық колледжін  аяқтап, алғашқы еңбек жолын   Жамбыл ауданы,  Жамбыл орта мектебінде  бастадым.   Кейін  2004  жылы  Евней  Букетов атындағы  педагогикалық институтты аяқтап  жұмысымды жалғастыра  бердім.  Ал  2011 жылы  Көкше  академиясын бітіріп, «бастауыш оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі»  мамандығын алып шықтым.  Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатында  2014 жылдың  қыркүйек  айынан бері қызмет етіп келемін.  Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан, әрі бақыт.  Жас бүлдіршіндерге  сабақ беру, оларды оқу мен жазуға үйрету мен үшін үлкен қуаныш және бастауыш  сынып мұғалімі  болу басқа  мамандықтардан гөрі өзіме ыстық, жүрегіме  жақын. Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек.  Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.  Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 15 жыл.  Қазіргі таңда  жаңартылған оқу  бағдарламасы  негізінде 2 сыныптың оқушыларымен жұмыс жасап жатырмын. Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдануында. «Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой,  басты борышым деп есептеймін. Мұғалім — мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.  Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу — абыройлы іс. Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып  және оқытудың  заманауи  технологияларын енгізе отырып өткіземін. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.  Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп,  шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Мені әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалануым жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастауды дәстүрге айналдырдым. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуіне себеп болады. Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. «Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Белсенді оқу әдіс – тәсілдері арқылы  бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту»  әдістемелік тақырыбымен  жұмыс  жасап  жүрмін. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында  2017  ж.   «Өрлеу» біліктілігін арттыру  және қайта даярлау институтының  мектеп мұғалімдеріне арналған  бірнеше  курстарынан  өттім. Әдістемелік тақырыбымды шыңдау негізінде  бірнеше  ашық сабақтар  өткіздім,  әріптестеріммен тәжірибе алмастым.

2014/2015 оқу жылы

1)      26.11.14 ж  сынып: 4 “ә” қазақ тілі пәнінен ашық  сабақ  “Сөз және оның  мағынасы”.

2)      15.01.15 ж  сынып: 4 “ә”  әдебиеттік  оқу  пәнінен ашық  сабақ “Ұшқан ұя”.

3)      10.02.15 ж  сынып: 4 “ә” дүниетану пәнінен ашық  сабақ  “Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі”.

2016/2017 оқу жылы

 1)   15.11.16 ж  сынып: 3-4 “ә”  әдебиеттік  оқу  пәнінен ашық  сабақ “«Батырлар жыры. Қабанбай. Алпамыс батыр мен Байшұбар ат»”.

 2)   05.12.16 ж  сынып: 3-4 “ә” математика пәнінен ашық  сабақ “Бағасы. Саны. Құны. Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Жақындау  жылдамдығы”.

3)    26.01.17 ж  сынып: 3-4 “ә” қазақ тілі пәнінен ашық  сабақ «Сөз таптары. Етістіктің  жіктелуі».

4)    18.03.17 ж  сынып: 3-4 “ә” дүниетану  пәнінен ашық «Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер. Егіншілік пен малшаруашылығы».

2017/2018  оқу жылы  

1)      10.10.17  ж  сынып: 2“б” дүниетану пәнінен  ашық  сабақ  “Я и мои друзья”.

2)      22.11.17 ж  сынып:  2“б”  әдебиеттік  оқу  пәнінен ашық  сабақ “Ы. Алтынсарин «Дитя когда учиться станешь ты....» В. Голявкин «Рассказы»”.

3)      23.01.18 ж  сынып: 2 “б” орыс тілі  пәнінен ашық  сабақ  “Имя существительное -как часть речи”.

Мектепішілік әр түрлі интелектуалды ойындарға, тәрбие сағаттарына  қатысып оқушы қызығушылығы арттырылып отырады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тілдер күні мерекесі аясында өткізілген «Зерде» білім сайысы  3 «ә» -4 «ә» сынып.  “Путешествие в страну самопознания”  4 сыныптар аралығында  тәрбие сағаты.  “Астана- бас қала”  тәрбие сағаты  4 “ә” сынып. “Мемлекеттік рәміздер –ұлт  мақтанышы “  тәрбие сағаты 3-4 “ә” сынып. «Деніңнің саулығы- бастың байлығы » тәрбие сағаты 3-4 “ә” сынып.2017-2018 жылы  жаңартылған  бағдарламаға көшу  кезінде  2 сыныпқа қабылдаған оқушыларымның әр түрлі олимпиадаларға қатысып,   жетістіктері де бар.

«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Белсенді оқу әдіс – тәсілдері арқылы  бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту»  әдістемелік тақырыбымен  жұмыс  жасап  жүрмін. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында  2017  ж.   «Өрлеу» біліктілігін арттыру  және қайта даярлау институтының  мектеп мұғалімдеріне арналған  бірнеше  курстарынан  өттім. Әдістемелік тақырыбымды шыңдау негізінде  бірнеше  ашық сабақтар  өткіздім,  әріптестеріммен тәжірибе алмастым.

Сонымен қоса  Республикалық «Ustaz. tilegi», «Sabagtar»   сайтында «Жаңашыл ұстазы- өмір талабы» эссе, «Бастауыш сынып сабақтарындасын тұрғысынан  ойлау стратегияларын  қолданудың тиімділігі»  екінші сынып бойынша «Я и мои друзья»  дүниетанудан,  әдебиеттік оқу пәнінен  «Дитя когда учиться станешь ты....» В. Голявкин «Рассказы»”» тақырыптарына қысқа мерзімді жоспарларымды салып өз тәжірибиеммен бөлістім.  Әртүрлі  тақырыпта  шығармалар жазып  “Tarbie.org”  сайтына  жарияладым.  Сонымен қоса осы сайттарға  қатысқаным үшін «Құрмет грамотасы»,  «Алғыс хатпен» марапатталып және материалдар сертификатпен расталынды. 2016-2017 оқу жылдары ішіндеоқушыларды мектепішілік,  облыста өткен жарыстарға дайындап, төмендегідей нәтижеге  қол  жеткіздім. Облыстық «Зерде»  зерттеужұмыстары және шығармашылық  жобалар  байқауында оқушым  4  “ә” сынып  оқушым  Жұмабек  Елдар ,   сертификатпен,  ал  “Абай және Шәкәрім  оқуларында ”ІІІ дәрежелі  дипломға ие болды.  2017 жылы  облыстық «Зерде»  зерттеу жұмыстары және шығармашылық  жобалар   байқауында  2 “б” сынып оқушылары  Давыдов Николай және Чистяков Алексей  сертификаттармен марапатталды.   Республикалық қашықтық олимпиадасына  оқушыларым қатысып, сертификатпен  марапатталды.  Алдағы уақыттарда да оқушыларды тіл өнерін қадірлей білуге тәрбиелей отырып, сөз өнерінің эстетикалық  табиғатын танытуды басшылыққа аламын. Оқушының шығармашылық қабілеттерінің  дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану  тағы басқа сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске  салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы оқушылардың білім, білік дағдыларының нәтижелі ететінін  нақтылай түседі. Осы бағытта білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістердің нәтижелілігі мұғалім қауымының дүниетанымының кеңдігіне, рухани дүниенің баюына, кәсіби әрекетінің, яғни сабақтарын жаңаша ұйымдастыруына байланысты деп ойлаймын. Бұны тәжірибеден өткеннен  кейін, яғни сабақтарымда қолданғаннан кейін өзіме түйдім. Осы өзгерістердің нәтижесінде тек оқушы ғана емес, мұғалім да жаңаша ойлайды. Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы алған идеяларды және соны келесі оқу жылында меңгеруге дайын болуы керек.

Қорытындылай келе, оқушылардың білетіндігі және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және  түсіністікпен қарау талап етіледі. Біздің қолданысымыздағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалог сұхбаттасу  бізде де, оқушыларда да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Сондықтанда мен келешекте бұл тәсілді жетік меңгеріп, ары қарай пайдаланып жетілдіруге мақсат қойдым.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСАПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

- 2071098

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар