ҰБТ-ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!

21 тамыз 2016 - Нұрсұлу Тауова

ҰБТ дегеніміз не?

 

 Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.

ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.

 1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз                                                            2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.                         3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.                                                                                 4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.                                                                                           5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауысыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.                                                                                     6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.                                                                      7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.                                               8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз.        Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз                                               9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімімен атаңыз     

           Мұғалімдерге психологиялық кеңестер:

1.Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз;

2.Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз;

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз;

3.ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсетіңіз, жақсы сөздер айтыңыз. Мысалы: «Сенің қолыңнан барлығы келеді»;

4.Оқушыларға тілектер айтыңыз. Мысалы: «ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін. Мен сендерге сенемін!»;

5. Аутотренингті қолдануды үйреніңіз;

6. Оқушылардың үрейін азайту үшін терең тыныс алуды ұсыныңыз;

7. ҰБТ-ны жақсы тапсыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы: логикалық ойлануға әр сұрақ мағынасынан жауап табуға болады;

8.ҰБТ алдында ең алдымен өзіңіз сабыр сақтаңыз;

 9. Байқау тестілерінің нәтижесі төмен болса, оқушыларға ұрыспаңыз. Сабырлылықпен түсіндіруге тырысыңыз;

10. Ал ҰБТ нәтижесі төмен болса, мұнда қандай қателік жібердім деп  ойлаңыз;
 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

МатематикаОқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Қазақ тіліҚазақ тілінен ҰБТ-ге дайындау

Білім жаңалықтарыБүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады

ҰстаздарғаҰБТ-ке дайындық жұмыстары туралы хабарлама.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1910078

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар