ХІХ ғасыр көшбасшысы

4 қаңтар 2017 - Талшын Оңалбаева

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған орта мектебі
Үлкеншыған орта мектебінің мұғалімі
Оңалбаева Талшын Батырғалиқызы

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты:  балаларға рухани патриоттық тәрбие бере отырып, өз еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Мақал — мәтел, тақпақ, жұмбақтар  арқылы  ой — өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиеші:  армысыңдар құрметті ата- аналар, әріптестер, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған "ХХІ ғасыр көшбасшысы" адамгершілік — рухани қасиеттерге арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

Кіріспе сөз

Отанға — әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отанымыз — Қазақстан. Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Туы, Гимні, Елтаңбасы бар.

Еліміз егемендігін 1991 жылы 16 — желтоқсанда алды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын. Халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. желтоқсанда құрбан болған аға — әпкелерімізге 1 минут үнсіздік еске алайық.

Тәрбиеші: 25 жыл он ғасыр жүгін артып,

Ел болып еркіндіктің түгін тарттып.

Әнұраным, көкбайрағым қалықтады,

Қазақтың бар әлемге үнін қаттың.

Балауса тобы мен Ұлан тобынның  қатысушыларын қарсы алайық.

Балауса тобы: 1. Айзере Манасқызы

                         2. Амина Маратқызы

                         3. Мухаметали  Ерболұлы

Ұлан тобы:1.Камшат Ерланқызы

                    2.Маржан

                    3.Әсет

Енді әділалқазалар алқасымен танысып өтейік.

Джолдасава.С.А, Орманбекова.Ж,  Алибава.Ж.С.

Сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Сайсымыз 7 кезеңнен тұрады .

1.Әр топ өздерін таныстырады.

2.Көркем сөз оқу

3."Кім жылдам"   мақал-мәтел сайысы

4."Кім тапқыр" жұмбақ жасыру

5."Ойлы болсаң, озып көр" мақалды жалғыстыр

6."Білімді мыңды жығар"санамақ

7."Мықты болсаң тауып көр" сұрақ жауап сайысы.

1сайысымызды бастаймыз.Әр топ өздерін таныстырады.

2сайсымыз Көркем сөз оқу.

3 сайысымыз "Кім жылдам"  мақал мәтелдерді кезекпен айтып жарысады

 4 сайсымызды бастаймыз "Кім тапқыр" жұмбақтардың шешімін  табу.

Балауса тобына                                             Ұлан тобы

 

Мұрныннан кеудеге өтеді,

Одан кері кетеді,

Өзі көзге көрінбейді,

Онсыз өмір сүрілмейді. (Ауа)

 

Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен. (ешкі)


Орманда оның тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады. (тоқылдақ)

 

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін(көз)


Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,                      
Түсін көрсең- әппақ. (қант)



Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)


Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)


Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт. (көгершін)

 

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан. (аю)


Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінен ебі жоқ.                                       Екеуін де бірдей көрем,                         Маған артық-кемі жоқ. (Екі қол)

 

5 сайыс "Ойлы болсаң, озып көр" мақалды жалғыстыр

 

1.Денсаулық — .......  (зор байлық )

2.Ауылым-...( алын бесігім)

3.Дос жылатып айтады,

Дұшпан… (күлдіріп айтады.)

4.Отан —… (отбасынан басталады).

5.Отансыз адам — ....(ормансыз бұлбұл).

6.Нан—.....(тамақтың атасы)

Ынтымақ — көптің батасы.

7.Еріншектің ...(ертеңі бітпес)

8.Еңбек етсең ерінбей,

   (Тойады қарның тіленбей)

9.Әке бәйтерек,

   Бала ......(жапырақ)

10.Қалтаңда жүз теңге болғанша,

      ...(Жүз досың болсын)

 

6 сайыс "Білімді мыңды жығар"санамақ айтады.

7 сайыс "Мықты болсаң тауып көр" сұрақ жауап сайысы.

Балауса тобы1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)
7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)
8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс — жидектер)
9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 — таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)

Ұлан тобы 11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)
12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)
13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)
14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)
15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге — дауысты, дауыссыз)
19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
21. Адамның көру мүшесі? (көз)
22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
24. Тудың түсі қандай? (көк)

Сайысымыз соңына жетті.Әділқазы алқалары сайыс қорытындысын шығаранша Балауса қызымыздың "Қазастан" әнін қабыл алыңыздар.Әділқазыларға сөз кезегін береміз.

                                                                 Тексерілді:                       Ж. Орманбекова

                                                             Тәрбиешілер:                       Г. К. Шукеева

                                                                                                Б.А.Қолдасбаева

                                                                                               12. 12. 2016 жыл

 

                                    [Панфилов ауданы әкімдігінің "Шұғыла" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны]

 

 

 

 

 

 

 

            [XXI-ғасыр көшбасшысы]

                                           `(Ересектер тобының сайысы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          2016-2017 жж

Осыған ұқсас жазбалар:

Физика"ХХІ ғасыр физигі - 2016"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2956415

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)