Әлемдік бәсекелестікке лайықты жеке тұлғаны қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

5 сәуір 2017 - Жанар Жартынова

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы өзгерте отырып, әлемдік бәсекелестікке лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру.  Білім беру ұйымдарына кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашылық қабілеті дамыған және де сонымен бірге соңғы үлгідегі технологияларды жақсы меңгерген мұғалім болуы керек.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігінің өте жоғары екенін қоғам  күнделікті өмірде дәлелдеп келеді. Мұғалімге ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытуда тиімді қолдана отырып, ғылыми ұғымдарды  түсіндіруді, оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл мұғалімге оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Мұғалімдерге ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға көмек көрсету керек.

Елімізде білім беру ұйымдарын ақпараттандыру бағдарламалары бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылып келе жатыр. Мектептерде бір компьютерге 16 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде — 18. Интернет желісіне мектептердің 98%-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97%. Кең жолAKTы интернетке 37,3% мектеп қосылған. Мектептерді лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Бұл кабинеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өтеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды, сонымен қатар мұғалімге толық бақылауды қамтамасыз ететін мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3450 мектеп лингафондық және мультимедиалық кабинетпен жабдықталды.

2007/2008 оқу жылынан бастап республиканың мектептерінде он-лайн оқыту жүйесі енгізілді. Төрт жылдың ішінде 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталған. Сонымен қоса 1721 мектепте бес кабинеттен бар (екі универсалды және үш физика, химия және биология пән кабинеттері) Бұл мектептер кең жолақты Интернетке 512 Кб/сек. жылдамдығымен қосылған. Ал интерактивті кабинеттермен 1850 мектеп жабдықталды.  Үздік тәжірибелерін он-лайн сабақтарында өткізуге арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулері бар білім порталы (www.sabak.kz) жұмыс істейді. 2007-2010 жылдары апта сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша 300 ден астам сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

2010 жылдың наурызында «Білімдегі инновация» атты халықаралық форум өткізілді. Қазақстандық білім беру порталында үздік электрондық ресурстар электрондық www.portal.edu.kz орналастырылды.

Ақпараттандыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі электрондық оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл қалалық және ауылдық мектеп білімін теңестіруге, технологиялық сауатты азаматтарды дайындауға бағытталды.

2011- жылдан бастап «Е-learning» жобасын жүзеге асыра бастады. Жобада мектептерді цифрлық білім беру ресурстарымен, жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын кеңжолақты интернетпен, оқу процесін және статистиканы толық автоматтандыру (электрондық журнал, кітапхана, сабақ кестесі, күнделік, ата-аналарға sms арқылы хабарлау). Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік білім беру ресурсы мен оқыту технологияларына қол жеткізе бастады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проеторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады (Kennewell and Beauchamp, 2007). Kennewell and Beauchamp, 2007 айтқан мәселе елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын көріп отырмыз. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей,  ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалы пәндік білімге, мұғалімнің педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ олардың өзіне сенімді және ұйымшылдығына байланысты. Мишра мен Келер білімнің барлық үш саласын байланыстыра алған мұғалімдерді шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Ал біздің мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері жайлы хабардар болса, іс жүзінде   технологияны пайдалану құзыреттілігі тек базалық деңгейде қалып қойғанын көрсетіп отыр. 

Міне, осы мәселені шешу үшін бүгінгі күні білім беру саласындағы жұмыс құралдарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бағдарламалар да үнемі жаңартылып отырады.

Сондықтан да білім беру жүйесінде қоғаммен бірге дамып отырған мұғалімге қояр талаптар да жылдан-жылға өзгеріп отырады. Ол үшін: ұстаздың  кәсіби өсуі, өзінің негізгі мамандығы бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі ғана емес, оны өз әрекетіне дұрыс қолдана білуі әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болуын қалайды. Сол себептен өмірге енген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игере отырып оқушыларға сапалы да саналы білім беру әр мұғалімнің көздеген мақсаттарының бірі болуы тиіс. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Осы оймен мен келісемін, себебі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылардың белсенділік, шығармашылық, ізденушілік кабілеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер туады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын қолдана білуге  дағдыландыру  арқылы мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамытуға болады.

Заманауи мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру, қолымен жасау арқылы қабылданған ақпарат есінде  жақсы сақтап қалуына жағдай пайда болады деп ойлаймын. Егер де оқушының  шығармашылық белсенділігі жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасы да жоғары болады деп есептеймін. Технологияның көмегімен оқыту барысында келесі жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Тыңдаушыларыма төмендегі жұмыстарды үйреттім:

Гипермәтінмен жұмыс — ақпаратты-ізденушілік қызмет арқылы оқушылар арнайы құжаттар, мәтін, фактілермен жұмыс жүргізу арқылы өзіндік білім алады.

Мультимедиалық кешен — басқа техникалық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді. Аудио, бейне, DVD. Яғни оқушы  суретті көру, дыбысты есту арқылы ақпаратты жедел қабылдайды. Оқушы көрсетілген бейнефильмдер арқылы қажетті географиялық кезеңді, тұлғаны, жағдайды, оқиғаны  елестете отырып, оларға деген түсінігі, көзқарасы қалыптасуына мүмкіндік туады.

Тренингтік тесттёрлер — оқу материалын бекіту үшін қолдану – тестерді қолдану оқушының танымдылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Өзінің жіберген қателерін түзетуге, талдауға мүмкіндік береді.

Веб-сайттарда жұмыс — электронды оқулықты құрастырудың тиімді жолы. Оқушыға оқу кітаптан тыс мағлұматтарды игеруге мүмкіндік береді.

Интернет — оқушыларға қажетті мағлұматтарды сараптау арқылы іріктеуге, компьютермен, интернет желісімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастырады. Уақытты тиімді пайдалана отырып, пән бойынша түрлі мағлұматты меңгереді.

Мұғалімнің технологиялық білімдері-бiлiм беру үдерiсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3356910

Пікірлер (1)
Жанар Жартынова # 11 сәуір 2017 в 15:50 0
мақала туралы пікір қалдыруларыңызды өтінемін

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru