Білікті педагог - Сарчукенова Перизат Талгатовна

29 наурыз 2017 - Раушан Тасбулатова
Білікті педагог - Сарчукенова  Перизат  Талгатовна

Оқытушы  қоғамдық жұмыстарға, қалалық,  облыстық  конференция семинарларға  белсене қатысады. Оның дәлелі: 2012 жылы Маңғыстау облыстық  техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті жанынан ұйымдастырған  Маңғыстау энергетикалық колледжінде өткен студенттер арасындағы колледжішілік   «Техникалық механика» пәнінен олимпиадада   шәкірті Таджибаев Талғат, АиУ-23 тобы студенті қатысып,  1 орынға ие болды.

   Ақпараттық оқу құралдарында тәжірибе бөлісу мақсатында Сарчукенова Перизат  Талгатовнаның  бірнеше баяндама, ашық сабақ үлгілері жарияланды.

   2012 ж. қараша айында Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Процесс резания.Токарные резцы»  тақырыбындағы өткізілген облыстық семинарда  атты тақырыпта материал өңдеу пәнінен панорамалық сабағы жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды; 2012 ж.  «Основы взаимозаменяемости и технические измерения» пәнінен практикалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің кеңесі шешімімен бекітіліп, облыс көлемінде таратылуға ұсынылды. (Сәуір айы. 2012 ж).

     Сарчукенова Перизат  Талгатовна бірнеше жылдар бойы ұстаздық еткен еңбек жолында топ жетекшілік қызметімен де көзге түсіп жүр. Ол басшылық еткен топтағы студенттер облыстық қалалық байқаулар жеңімпаздары.

-2012 жылы сәуір айында «Электронды оқулықтарды даярлау әдіс тәсілдері »тақырыбындағы курстан өтті.

2012 жылы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 40 жылдығына байланысты Сарчукенова Перизат Талгатовна ЖШС «МАЭК-Казатомпромның» алғыс хатымен марапатталды.

-2013 наурыз айында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқушыларына күтпеген өндірістік қолайсыз жағдайларын шығу жолдарын проблемалық оқыту технологиялары арқылы үйрету тәсілдері» тақырыбындағы курстан өтті.

Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге аса мән беріп, студенттермен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін оқытушы. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.

Ұқыптылық пен тазалық Перизат Талгатовнаның басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі студенттерге көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.

          Перизат Талгатовна тек студенттермен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Колледж ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.

          Перизат Талгатовнаның еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.

 

Тасбулатова Раушан Адилгалиевна

Маңғыстау энергеткиалық колледжі

Арнайы пән оқытушысы                              

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніИбраев Бейбіт Тахиевич - қадірлі білім ордасының көшбасшысы

Ұстаз үніКаржаубаева Гульнара: Өнегелі ұстаз жолы

Ұстаз ұйымдастырушыАлғашев Куат Куанышбаевич - Маңғыстау энергетикалық колледжінің өнегелі ұстазы

Ұстаз үніЖарылкапов Абилкасым - колледжіміздің көрнекті маманы

- 4657729

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!