Жарылкапов Абилкасым - колледжіміздің көрнекті маманы

Жарылкапов Абилкасым - колледжіміздің көрнекті маманы

Білім мен тәрбиені қатар алып жүретін, оқушылары мен әріптестерінің шексіз құрметіне бөленген колледжіміздің бетке ұстар мамандары туралы жазып, еліміздегі осы бір аяулы жандарды әрдайым қолпаштап, қамқорлық көрсеті баршамыздың міндетіміз деп түсінемін. Әдіскер ретінде мен көптеген керемет ұстаздардың жетістіктері мен педагогикалық идеяларымен танысып жатамын. Бүгінші мақаламда да Жарлыгапов Абилкасым есімді Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұстазы туралы ой қозғамақпын. 

         

Ақтау қаласында жыл сайын еліміздің экономикасына қажетті білімді, білікті мамандар дайындайтын Маңғыстау энергетикалық колледжінің бай тарихымен қатар, ізденімпаз, жан-жақты ұстаздар қауымымен де мақтана алады. Жарилкапов Абилкасым ағай сол ұстаздар қауымының бетке ұстар үлгісі ретінде менің бүгінгі мақаламның кейіпкері болмақ. 


         Өндірістік оқыту шебері болып қызмет атқаратын Абилкасым ағайдың бойынан студенттерге деген құрметі шексіз, өз ісіне деген махаббаты зор маманның барша қасиетін таба аласыз. Ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту, оларды өндіріске бейімдеу жолында үлкен еңбек атқарып келеді. Бәлкім, оқушылардың да оны риясыз құрметтейтінің себебі де сол болар. 


         Ал ұстаздар ұжымының арасында ағайдың беделі мен алар орны ерекше. Ер-азаматқа тән байсалдылығы мен сабырлы мінезі, әріптестеріне кез-келген сәтте көмекке келіп, кеңестерімен бөлісуі әрдайым сүйсіндіртіп, қанат бітіреді. 


        "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деп атам қазақ бекер айтпаса керек. еліміздің түкпір-түкпіріндегі осындай аяулы ұстаздарымыз туралы айту, жазу және келешек ұрпаққа өнеге ету барша ұстаздар қауымының асыл парызы деп түсінемін. Сөз соңында аяулы қазақ ақынының мына өлең жолдары біздің Абилкасым ағайға өте дәл келеді деп ойлаймын.


      Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
      Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
      Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
      Азбайтұғын адамның алтындығы 

 

Тасбулатова Раушан

Әдіскер

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

ЖаңалықтарОқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда

Ұстаз ұйымдастырушыПедагогикалық шеберлік

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Сайт туралыПортал туралы аз сөз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4008661

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0