Ибраев Бейбіт Тахиевич - қадірлі білім ордасының көшбасшысы

Ибраев  Бейбіт  Тахиевич - қадірлі білім ордасының көшбасшысы

Бейбит Тахиевич тарихы мол, Маңғыстау өлкесінің ондаған жылдар бойы қажетті мамандарын дайындап келе жатқан білім ордасы, Маңғыстау энергетикалық колледжінің жарқын болашағын айқындап келе жатқан көшбасшы. 

 

Оның ерен еңбегі мен білімі, терең тәжірибесі колледжіміздің абыройын арттырып, жаңа заманның талаптарына сай жұмысшыларды дайындауда байқалады. Бейбит Тахиевич ұстаздар қауымының біліктілігін көтеруді басты мақсат етіп, студенттердің сапалы әрі толық білім алуына барынша жағдай жасап, өлкеміздің білім саласындағы құрметті азаматқа айналды. 

 

Адал еңбекке құрмет  ретінде ол еліміздің көптеген марапаттарына  ие болды. Соның ішінде: 1999 ж. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгі; 2009 ж, Қазақстан кәрістер қауымдастығының президенті  Ю.А. Цхайдан «Алғыс хат»; 2010 ж. «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қараевтың «Алғыс» хаты; 2010ж. «МАЭК -Казатомпром» ЖШС мекемесіне 40 жыл толу мерейтойына орай берілген медаль, «Құрмет грамотасы»; 2011ж. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Ә.С.Ахметовтың «Алғыс хатымен»; 2012 ж. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;  2012 ж. «Халықтар келісімі» төсбелгісі.

 

2009 жылы Ибраев Бейбіт Тахиевичтің  басшылық етуімен республикалық деңгейде белсенді түрде қоғамдық сана, өнегелі тәрбие қалыптастырудағы колледждің тағылымдық саясатын сипаттайтын «Бәсекеге қабілетті маман дайындау – заман талабы» , 2012 жылы «Жаһандану жағдайындағы білім мен ғылым: даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және тұңғыш рет «Ең үздік дәнекерлеуші» байқауы  өткізілді.

 

Қазіргі заманға сай жаңа технологиялық жабдықтармен қамтылған оқу-өндірістік шеберханасында «Кәсіп үздігі», «Үздік курстық жоба», «Үздік макет үлгісі» байқауларын өткізуді басшының алғы жолға қойғаны да озық ойлы орта буын мамандардың қалыптасуына  оң ықпалын тигізуде.

 

Әлеуметтік серіктестіктің кәсіби өркендеуге апаратын жол екендігін ескерген басшы өндірістік мекемелермен бірлесе жұмыс жасап, болашақ мамандардың теориялық білімдерін тәжірибеде  ұштастыруына мол мүмкіндік жасап отыр. 

 

Тасбулатова Раушан Адилгалиевна

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарОқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда

Ұстаз ұйымдастырушыПедагогикалық шеберлік

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Сайт туралыПортал туралы аз сөз

- 4657733

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!