Мектепке арнау

12 ақпан 2017 - Almira Zhauynbaeva

Л.Н.Толстой атындағы орта мектепке 75 жыл

Мектепке арнау

Тарихыңа көз жүгіртіп үңіліп ем,

Көз алдыма сәби келді еңбектеген.

Анасы жоқ, панасыз, әкесіз де,

Келгендейсің дүниеге қиын кезде.

 

"Сауатсыздықты жоямын" — деп, ұрандапсың,

Тер төгіпті, еңбекқор талай басшың.

Әке-шеше дегенім — тәуелсіздік ақ таңы,

Панасыз деп теңедім, ана тілдің ақсауын

 

Уақыт деген зымырап, өте берер,

Шаңырағың биік қазір, керегең кең.

Талай мықты тәрбиелеп, білім бердің,

Қанаттарын қатайтып, түлектердің.

 

Бала мектеп, бүгін болды ата мектеп,

Алғым келед, өзіңнен бата мектеп

Туған күнің құтты болсын, мерей тойың,

Ақ сақалды, үлгілі, ата мектеп.

 

Ұлы тойды тойлайық, мерей тойды,

Бүгінде мектебіміз 75-ке толды.

Халқына керек маман даярлаған,

Артқа тастад, жүк көтерген талай жолды.

 

Толстой атын берді, елім саған,

Ұстаздар білім берсе, сенің арқаң.

Білім үшін, жанын қиған жандар үшін,

Жырменен, алтын медаль алқа тағам!

 

Құтты болып, туған күнің, тағы жаса,

75-тің, жетпіс бес дәрежесін.

Ел білсін, мәртебең биік болсын,

Атақты Толстойдың кебін кисін!

 

Л.Н.Толстой атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі   А.Жауынбаева

 

19.02.2012ж

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚош бол,Бастауыш мектеп

Қазақ әдебиетіАқұштап Бақтыгереева"Әнге сөз жазған-сәттерде"

Қазақ әдебиетіБерекелі Боранқұл!

БастауышБастауыш бастамам

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3069683

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru