Мектепке жол акциясы

28 тамыз 2016 - akmaral zhandauletova

Өскелең  ұрпақты тәрбиелеу барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қызылорда қаласының № 6 орта мектебінде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. "Мектепке жол" акциясы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты -  көмек алуға мұқтаж, мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, күнкөрісі төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу болып табылады. Бүгінгі  таңда мектебімізде 35 балаға мектеп формалары, оқу құралдары және сөмкелер берілді. Алдағы уакытта да көмекке мұқтаж оқушыларымыздың барлығы қамтылады деген ойдамыз. Акцияға демеушілік жасаған азаматтарға мектеп әкімшілігінің және ұстаздардың, оқушылардың ризашылығы шексіз.  

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2844579

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru