Ұстаз үні

«Дипломмен ауылға» : Ұлт болашағы үшін жасалған ұтымды жоба

«Дипломмен — ауылға! — жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік». 

5 ақпан 2014 - | 8091 көру
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

17 қаңтар — қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн.

5 ақпан 2014 - | 4029 көрілім
Аятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлттың ұлы ғалымы Әбунасыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» — десе, ұлттық танымның ұлы атасы, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Балаңды ұлша тәрбиелесең, ұл болып өседі, құлша тәрбиелесең, құл болып өседі» — деген екен. Ал “Бiз бүгiн кiмдi тәрбиелеп жүрмiз?” деген сұрақ қазақ азаматы ретiнде менi жиi толғандырады. Толғантып қана қоймайды, ойымды онға, санамды санға бөледi.

Бiлiм мен тәрбиенiң негiзi, қайнар бұлағы мектеп десек, оқулық – сол бiлiмнiң өзегi, тәрбиенiң құралы, ұлттық мәдениеттiң ұраны. Ал бiздiң оқулықтар сол ауыр жүктi көтере алып жүр ме? Мiне, осыған байланысты мен өзiмнiң әр елден көрген-бiлгенiмдi, оқып-түйгенiмдi, отандық оқулықтардағы олқылықтар мен озықтықты сiздермен бөлiскiм келедi, құрметтi оқырман.

 Озықтық – ол отандық бақыт, бұл – мақтаныш. Ал олқылық – ұлттық қауiп, ұрпақтың, нақтырақ айтқанда, ұлттың жауы. Бұдан сақтану керек. Ол үшiн бiзден шыққан оқулықтарды көршi елмен, мәселен Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен салыстыру керек. ХХI ғасыр техника заманы болғандықтан да, мен математика және жаратылыстану пәнi оқулықтарына тоқталуды жөн көрдiм.

1 ақпан 2014 - | 4222 көру
Аятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Бірінші: Әлем қалай, БІЗ қалай?

Әлем бұл жүйеден әлде қашан ауысқан, бастауыштық білім жүйесі өзгелерде алты жыл, әр пәнді өз пәнінің маманы беретін, заманға сай қалыпқа келтірілген, ел боламыз деп бесігін түзеген (тек біз секілді Ресейдің көшірмесіне айналған 7-8 мемлекеттен басқа елде).

Екінші: бастауыш мұғалімі

 

«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін», деген екен Серке Қожамқұлов ағамыз, сол айтпақшы ұстаздың алғашқы тәрбиесін алған сәтіміз де, ұстаз деген атауды алғаш айтқанымыз да осы бастауыш еді. 

1 ақпан 2014 - | 3093 көру
ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Қат-қабат қағаздардан ғана бас алмайтын бүгінгі оқыту жүйесінің шындығы мынаған келіп тіреледі:

    -Бүгінгі күні ең үздік ұстаз — ештеңе сөйлемесе де бәрін жазып қоятын ұстаз; ең үздік сабақ беруші, ол — қағазда сабақ даярлаушы. Яғни, ең үздік ұстаз, ол өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қағазға түсіруші. Баланың тағдыры емес, басқарманың тексерісі ойландырады. Ал бүгінгі мектеп – керексіз қағаздардың мұражайы!!!

    Әрине ойланатын жағдай…

30 қаңтар 2014 - | 4477 көрілім
БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Алғашқы сүзгі

Алғашқы қадамдық іріктеу әр деңгейлі мектептерге, бұл баланың бағытымен емес бағымен. Оқушыларды ең алдымен үздік деңгейлі мектептерге іріктейді, ат-атағы жоғары мектептерге «алдыңғы қатардағылар», қалғаны тіркеуі бойынша кетеді. Алдыңғы қатардағылар дарынды бала, тума талант иесі болса – бұл құптарлық жайт. Бірақ соның бәріне шын дарынды кетіп жатыр дегенге біздің қоғамда ешкім де сенбес. Кейбір мектептердің түлектері ұлттық бірыңғай тесттен босатылатыны жөнінде шешім шыққаннан бері сенбейтін жайт тіптен көбейді. Бірақ, сол былықтар мен шылықтар ертеңгі күні сол мектептердің шынайы білімін түсірмесе игі делік. Бұлардың бәрі дерлік біздің бағдарламамен немесе біздің оқулықтармен оқымайды. Министрліктен не істесе де өз алдыларына істеуге болатын заңдары бар. Көп сандысының білімі де сапалы әрі жүйелі де (тәрбиесі басқаша болғаны болмаса). Бірақ, бұл еліміздегі оқушылардың аз бөлігі ғана.

30 қаңтар 2014 - | 3068 көрілім
Баланың бағын байлаған баға

Баланың бағын байлаған баға

Мектеп өмірінде кімдер 5-ке оқыды, кімдер 3-ке оқыды ол әр кімнің өзіне аян, бірақ бүгінгі ұрпақ нешеге оқып жүр? Тоқсан соңы ата-ана бала үшін, бала баға үшін алаңдайтын арпалысты шақ. Арпалысты шақтың басты тұлғасы ұстаз, екі түйе соқтығысса ортасында шыбын өледі демеуші ма еді. Әкімшілік пен ата-ана арасында шырқыраған ұстаздардың ұстаздықтан түңілер, қорланар шағы. Ал, оқушылардың ата-ана алдында жауапқа тартылар, әйтпесе, сыйлық алып мәз болар шағы, мұғалімге жаутаңдар кезі.<o:p></o:p>

30 қаңтар 2014 - | 4342 көру