Дидактикалық ойындар

31 қаңтар 2018 - Улдай Абдуллина

Бейнелеу өнері бойынша пайдаланатын

дидиктикалық ойындардың маңызы.

 

       Мектепке  дейінгі кезеңде бейнелеу іс — әрекеті баланың жеке басының жан – жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, алған әсерлерін сурет салуға, мүсіндеуге және қиып жапсыруда пайдалана білу қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі.

       Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты құралы. Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажет:

-         баланың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын, көркемдікті қабылдау қабілетін үздіксіз дамыту және талғамын қалыптастыру;

-         баланы өмірдің көңілді сәттерін сезе білуге, айналадағы әдеміліктерді көре білуге, жағымды да сазды әуендерді тыңдай білуге және оларды сүйе білуге баулу;

      Бейнелеу іс — әрекеті барысында тәрбиенің сенсорлық, ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар тәрбиелеудің аса маңызды құралының бірі болғандықтан, ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс-әрекетте пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік – дағдыларымен қарулануға, ақыл – ойыныңдамуына, белсенділігінің артыруына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі.

           Дидактикалық ойынның маңызы:

-         дидактикалық ойын балалардың ақыл –ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;

-         дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар әр түрлі ойыншықтармен, заттармен, қосалы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға, заттардың пішінін, көлемін, ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылымын жасауға дағдыланады;

-         ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін дамытып, байқағыштығын арттырады;

-         ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сезініп, көркемдік талғамы артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәбилердің бірінші тобына арналған

дидактикалық ойындар.

 

            Барлық жас топтарына берілген ойындардың мазмұнында берілген түстерді ажырату, салыстыру, түс үйлесімділігін сезіну, бояу түстерін қолдану дағдыларын қалыптастыру міндеттерін іс — әрекетті ұйымдастыру барысында тәрбиеші таңдап, талғап, бағдарлама талаптарына сай қолдану ескеріледі.

           Жапсыруға бейімдеу дағдыларын қалыптастыру үшінәр топ бүлдіршіндерін төмендегідей ойындар ұйымдастыруға болады.

 

«Мысықтың баласы доппен ойнайды» ойыны.

Ойының тәрбиелік мәні: Дөңгелекшелерді фланелеграфта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлауға бейімде; берілген тапсырмаларбойынша қимыл-қозғаласын жетілдіру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларды көркем өнер бұрышына шақырып, олардың назарын фланелеграфтағы мысықтың баласына аударады. Мысықтың балаласының түр – түсін, дене мүшелерін атап беруді сұрайды.

Тәрбиеші: Мысықтың баласының сүт ішкісі келіп тұр екен, балалар, мына ыдыстағы сүтті алдына қояйық, — деп мысықтың баласына сүт беретін ыдысты фланелеграфқа орналастырады. Мысық жан – жағына қарап, ыдыстағы сүтті енді көрді. Ол сүт ішкісі келіп тұр.

-         Мысықтың баласы сүтті қайтып ішеді, көргендерің бар ма?

Тәрбиеші: — Мысық қалай ішеді?

-         Көзін жұмып көлгірсіп,

Жалап – жалап ішеді,

Бәрін өзі білгірсіп,

Санап – санап ішеді,

Себебі не сондағы?

Сонша сараң болғаны, деп айиып тұрып мысыққа сүт ішкізгендей болады. Енді, әбден тойып алған соң, оның ойнағысы келеді. Мысықтың баласы немен ойнайды? Мысықтың баласын қалай атаймыз? (Марғау).

Балалар: шумақ жіппен, доппен деп айтуы мүмкін. «Доппен қалай ойнайды екен, қане қазір көрейік». Балалар айнала қоршап тұрған үстел үстіндегі допты кезек –кезек қолдарымен әрі – бері қозғалтып көреді. Мысықтың баласы допты қозғалтады, тәрбиеші дөңгелекті оңға қарай жылжытып қояды. Доп бір орнында тұрмайды. Кім көрстеді, доп жоғары қарай қалай ұшады? Балалардың біреуі дөңгелекті жоғары орналастырады. Тәрбиеші бірнеше дөңгелектерді қойып, мысықтың аяғын тигізеді, балаларға доп жоғары ұшты, оң жаққа, төменге түсті деп нұсқау береді. Өзі мысық баласының допты қалай қозғалтатынын көрсетіп, ойынды әрі қарай балалардың өздері жалғастыруды ұсынып, басшылық жасап отырады.

Балалардың қимыл — әрекетті айта отырып, тапсырмаларды орындауын қадағалайды. Тәрбиеші: мысықтың баласы доппен ойнап, шаршап қалды, енді сендер доппен қалай ойнайсыңдар, мысықтың соны көргісі келеді, — дейді.

«Менің көңілді добым» ойыны ойналады.

Добым менің, добым иенің,

Өзің неткен көңілді едің,

Зымырайсың, қутындайсың, — деп допты жерге соғып, балалар доппен бірге секіреді. Ойын соңынан мысықтың баласының ойыны жайында балалардың іс-әрекеті мадақталып, қорытынды жасалады.

 

 

«Ұшақтар ұшып жүр» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Фланелографта жоғары жағынан, төменгі бөлігін ажыратып, ұшақтарды бірінен соң бірін тізбектей ұшыру. Жерге қонғанын бейнелеу. Желімсіз жапсыру дағдырарын қалыптастыру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші үстел үстіндегі қағаздан жасалған ұшақтарды балаларға ұшыртып ойнату үшін көркем өнер бұрышына жинайды. Міне, қазір сендер барлықтарың ұшқыш боласыңдар. Мына ұшақтарды ұшырамыз. Ұшақ аспанға көтерілді. Өзі алдымен көрсетеді. Қалған ұшақтарды балалар бір-бірлеп алып, аспанда тізбектеле ұшқанын бейнелеп, фланелографқа жапсырып орналастырады. Тәрбиешінің ұшақ «ұшты», «қонды» деген тапсырмасы бойынша балалар іс- әрекет орындайды. Фланелограф бетінде дұрыс орналастыра білулерін, бір-біріне кедергі жасамай, тапсырманы орындауын қадағалайды. Балалар жұмыстарын талдап, бекітіп, қортынды жасайды.

 

«Сандықты әшекелейміз» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Әр түрлі пішіндерді ажырату және оны желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелігімен таныстыру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші түкті қағаздан жасалған (немесе ағаштан жасалып, алдыңғы бөлігі түкті қағазбен жапсырылған) сандықты көрсетіп, сұрайды: «Мынау не? Қайдан көрдіңдер?» т. б Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, ұлтық бұйымның ерекшелігін, маңызын қысқаша айтып өтеді де:

-         Қазір осы сандықты әшекелейміз. «Бұл сандық өзі сиқырлы екен, қане ішін ашып көрейік», — деп ішінен қоранқа салынған түрлі-түсті геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) алып көрсетеді, түстерді сұрайды.

-         Ал сандықтың беті, қақпағы қандай пішінге ұқсайды?

-         Тік бұрышқа.

Балаларға пішіндерді таратып береді (пішіндердің екі жағы да түкті қағаз).

-         Сандықтың бетінде әдемі ою-өрнек бар, бірақ кейбірі бос, сол бос орындарға біз мына пішіндерді орналастыамыз (тәрбиеші өзі жапсырып көрсетуі керек).

Бұдан кейін дөңгелектердің түстеріне қарай таңдап, бір-біріне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетіне, ортасына орналастырып, өздері жапсырып безендіреді. Тәрбиеші басшылық жасап, нұсқау береді, барлық балалар тапсырманы орындауын қадағалайды. Сондықтан үлкен етіп фланелографта ұжымдық жұмыс түрінде немесе әр балаға жеке-жеке тапсырмалар беріп орындатуға да болады.

 

«Ұқсас затты тап» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланың түстерді, пішіндерді ажыратудағы ой-қиялын дамыту.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші үш түрлі пішіндерді көрсетіп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерін сұрайды. Бұдан кейін балаларға тапсырма береді. Тәрбиеші: — Таратып берілген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетем, соған ұқсас сурет тауып көрсетіңдер (төртбұрыш көрсетеді, дөңгелек көрсетеді). Балалар өздеріндегі ұқсас затты көрсеткенде, олардың не екенін, түр-түсін сипаттап айтуды талап етеді (үшбұрышты сызғыш, үйдің төбесі).

            Осы бөлмеде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

 Мысалы: Тіктөртбұрыш: кітап, портфель, терезе, есік т. б

Дөңгелек: доп, алма, апельсин, шар т. б

Суреттегі заттар жайында кімнің қандай өлең тақпақтар, жұмбақтар білетінін сұрау. Енді балаларды үш топқа бөліп, үш түрлі пішінді таратып береді.

 «Өз орныңды тап» қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындарындағы пішіндер көлемі жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың іс-әрекетін бекітіп, талдау жасайды.

 

 

«Кемпірқосақ түстері» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Түстерді ажырата білуге үйрету. Қиыған екінші бөлігін теңестіру. Ашық және күлгін түстерді сезіну қабілетін жетілдіру, үлкен – кіші көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші балалрға кемпірқосақ суретін көрсетіп, әңгімелерді оқып береді.

Кемпірқосақ

Жаңбыр жауып басылды,

                                             Күннің көзі ашылды.

                                             Көкжиекке көрікті

                                             Кемпірқосақ асылды.

                                             Қызыл, сары, жасылды.

Тұрды ол ауыл қасында,

  Жете алмайсың қуғанмен

                                              Ренжіме, сен, жасыма.

                                                                           Ә. Дүйсенбиев.

Не жайында айтылғаны талданады. «Кемпірқосақты көргендерің бар ма?»,-

Деп сұралады. Тәрбиеші фланелографқа кемпірқосақтың жарты бөлігін орналастырды да, қалған бөлігін түстеріне қарай сәйкестендеріп, өзі бір жолағын қойып, қалғанын балаларға орындатқызады. Іс-әрекет барысында, үлкен–кіші көлеміне, түр-түсіне көңіл аударулары қадағалады. Жұмыс барысында балалардың еңбек нәтижелері қорытындыланып, талдау жасалады.

 

«Көбелектер гүлге қонды» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Фланелографтың төменгі бөлігіндегі гүлдерге көбелектің ұшып келіп қонғанын бейнелеу, гүлдердің және көбелектердің түстерін ажыратып, атай білуге үйрету, желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші фланелографта орналасқан гүлдердікөрсетіп:

Өзім еккен былтырғы

 Ауламызда гүл тұрды.

     Мен күн сайын суардым,

    Ол күн сайын құлпырды.

                                               Т. Бейсембеков.

Тәрбиеші: — Мына құлпырып тұрған гүлдерді қараңдаршы, қандай әдемі, — деп балалардың назарын аударып, гүлдердің түстерінсұрайды. Гүлдерге су құйып, күтіп баптаса, әдемі болып, көп болып өседі. «Гүлдерді жақсы көресіңдер ме? Қайдан көрдіңдер?», т. б сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғайды. Ұшып жүрген көбелектер де гүлдерге қызығып, қонғысы келеді. Тәрбиеші көбелектердің ұшып жүргенін бейнелеп, біреуін фланелографтың жоғарғы жағына орналастырады. Қалған көбелектерді олардың қолдарына беріп, ұшып жүргенін бейнелетіп орналастырады. Тәрбиеші балаларға:

Енді көбелектерді алып, гүлдердің үстіне қонғанын бейнелейді. Көбелектердің, гүлдердің түстерін балалардан сұрап отыру керек. Тәрбиеші оқушылардан тапсырманы берілгені бойынша орындп, өз бетімен орындағандарын айтып беруді талап етеді. Балалардың іс- әрекетіне талдау жасап, тәрбиеші:

Әй көбелек, көбелек,

Ұшып жүрсің төбелеп.

Жеткізбейсің далада,

Қуып жүрген балаға; — дейді.

Қане енді ұшып жүрген көбелектерді ұстайық, — деп, «Көбелектер ойынын» ойнауға шақырады.

Қажетті көрнекіліктер: мысық баласының сұлбасы (бейнесі), домалақ

формалар, фланелограф, түрлі-түсті қиылған жалаулар, 2-3 қатар жіптер, үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек пішіндер, ұқсас заттардың суреттері, бірнеше ұшақтар, фланелографта аспанды, жерді бейнелейтін белгілер (бұлт, күн, жер, гүлдер, үйлер т.б), от шашуға арналған ұсақ дөңгелектер, үйлердің бейнесі, сандықтың үлгі суреті, әр түрлі үшбұрыштар, қапшыққа салынған кемпірқосақ қиындылары, көбелектер сұлбасы, фланелографқа жапсырылған түрлі-түст гүлдер.

 

 

Екінші кіші топ және ортаңғы топқа арналған

дидактикалық ойындар

 

«Қандай түс?» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Бояудың негізгі түрлерімен кеңірек танысып, есте қалдыру, атай білуге үйрету. Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру, сурет салу, жапсыру іс-әрекеті барысында дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Қажетті көрнекіліктер: Тәрбиешіде көлемі жағынан үлкен түрлі-түсті жолақтар. Мұндай жолақтр әр балаға таратылады. Балаларға таратылған жолақтардың көлемі шағын болады. Түске байланысты жасалған үлгілер немесе ойыншықтар. Мысалы: қызыл гүл, қызыл шар, қызыл орамал, сары алмұрт, сары гүл, сары көбелек, сары қауын, т. б.

Ойын ережесі: Тәрбиеші өзінде қанша түсті жолақ қағаздар болса балаларға да сонша жолақтар таратып береді. Берілген тапсырма бойынша, тәрбиеші қандай түсті жолақты көрсетсе, сондай түсті бала көрсетуін талап етеді. Сол аталған түспен қандай затты немесе құбылысты бейнелеуге болатынын сұрайды.

    Ойынға басшылық: Тәрбиеші алдымен балалардың назарын өзіне аударып, қолындағы жолақтың түсін сұрайды. Балалар көрсетілген жолақты өздеріндегі жолақтар ішінен тауып көрсетеді. Бастапқыда негізгі түстерді (қызыл, көк, сары), біртіндеп қосымша түстерді көрсетіп, тауларын сұрайды. Кім тез және дұрыс көрсетсе, соны мақтап, мадақтап отырады. Іс-әрекетке баяу, яғни бірден кірісіп кете алмайтын жасқаншақтау, ұялшақ балаларды ойынға тартып, көбірек көңіл бөлу қажет. Түстерді көрсеткеннен кейін, бұл түспен қандай затты салуға болатынын сұрайды. «Қызыл түске байланысты салынатын затқа нелерді салуға болады?» — деп сұрайды. Балалардың: гүл, жалауша, алма т. б, — деп жауап беріп, белсенді болуын, зейін қоюына, ойланып жауап беруіне, іске ынтамен кірісуіне басшылық ету қажет. Ойын соңында Қ. Мырзалиевтің «Қызыл, сары, көк» өлеңінен үзінді оқи отырып, түстердің мағынасы жайында ой түйіндеу керек.

 

 

«Кім тез жинайды?» ойыны

 

   Ойының тәрбиелік мәні: Көкіністер мен жемістер жайындағы балалардың білімін тиянақтау (жинақтау). Бейнелеу іс-әрекеті барысында пішін, көлем, түс, салыстырмалы көлем сияқты мәселелерді қабылдауын қалыптастыру. Балалардың есте сақтауын дамыт отырып, зейінділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққы баулу.

    Қажетті көрнекіліктер: Көкөністер мен жемістердің ұсақ суреттері

(10х10, 10х15см) немесе муляждар. Екі себет.

Ойын ережесі:

а) Көкөністер, жемістер жайында әңгіме (түр, түс, көлем, пішін, т. б);

ә) Үстелдің екі шетіне қойылған екі себетке жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек, бір-бірлеп салу тапсырылады.

Ойынға басшылық: Ойын барысында тәрбиеші көкөністр мен жемістер жайында қысқаша әңгімелеп, балалардан қайсысы көкөністерге, қайсысы жемістерге жататынын сұрайды. Балалар жартылай шеңбер жасай отырғызылады. Тәрбиеші ойынға қажетті көрнекіліктерді алдын ала үстел үстіне қояды. Берілетін тапсырма: көкөністерді жинап, бір себетке, жемістерді жинап, екінші себетке салу керек. Екі бала шығады. «Бір, екі, үш» деп санау арқылы немесе санамақпен ойын басталады. Кім бұрын араласып жатқан жемістер мен көөністерді шатастырмай дұрыс жинаса, сол жеңіске жетеді. Енді жиналған көкөністер мен жемістерді қайта жайып қою үшін балалар бір-бірлеп келіп, сипаттап айтып, орнына қояды. Оны басқа балалар орындайды.

Мысалы: Мынау – алма. Ол қызыл, домалақ пішінді, дәмі тәтті т. б. Көкөніске немесе жеміске жататынын сұрап, тәрбиеші жауаптарын толықтырып отырады. Ойын балалардың жемістер, көкөкністер жайында өлең, тақпақтар айтуымен аяқталады. Балалардың шапшаңдығы, зейінділігі, ұқыптылығы ескеріліп, ойынға қатысқандары мадақталып отырылуы керек. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, зейінділікке ынталандырады.

 

 

«Моншақтарды тіземіз» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Кеңістікті бағдарлауда ойлана отырып, әдемі де әсерлі құрылым (композиция) жасау дағдаларын қалыптастырады. Түстеріне және көлеміне қарай үйлестіріп, дұрыс орналастыруға үйретеді.

Қажетті көрнекіліктер: Түрлі-түсті бірнеше моншақтар қарауға. Үлгіні де пайдалануға болады. Фланелограф, үлкен-кіші дөңгелектер (тәрбиешіге және балаларға арналған).

Ойын ережесі:

 а) Моншақтарды (қиылған дөңгелек кескіндерді) көлеміне, түсіне қарай таңдап алу;

ә) Кеңістікте (қағаз бетіне) тізбектей, араластыра орналастыру.

Ойынға басшылық: Балаларға әдемі моншақтар көрсетіледі, түр-түсін, үлкен-кішілігін сұрайды. Осындай моншақтарды қағаз бетіне тізіп орналастыратындықтарын айтады. Фланелографта тәрбиеші үлкен және кіші дөңгелектерді өзі бастап қояды да, балалардың әрі қарай тізбелеуін талап етеді. Әдемі моншақтарды тізбектеген кезде, балалардың дөңгелектерді көлемі жағынан, түсі жағынан қалай ораластырғандарын бақылап, жеке нұсқау беріп отырады. Жарты шеңбер жасап орналастырып, түзу жіпті тартып ұстағанда қандай болатынын бақылап, түзу жасағандарына ілініп тұрғанда (доға тәрізді) болатынын түсіндіру.

Меңгерген іскерлік дағдыларын (жапсыру, мүсіндеу) көрсету талап етіледі. Балалар жұмысының сапасы, жетістіктері аталады.

 

 

«Біздің ыдыстарымыз» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Қиылған бөліктердікөлеміне қарай үлкен және кіші тостағанды құрап жасау. Қиындыларды жинақтауда ою-өрнек түсіне және санына байланысты үйлестіріп, бейнесін шығарады. Тостағанның кіші көлемдегісі «наркөз» деп аталатынын түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: Арнайы қапшықтарға салынған ойыншық ыдыс-аяқтар, үлкен-кіші тостағанның қиылған және тұтас үлгісі, фланелограф, әр балаға таратып беретін қиындылар.

Ойын ережесі:

а)Әдемі әшекейлі тостағандарды көрсетіп салыстыру, көлемі жайындағы түсініктерін нақтылау.

ә) Осындай қиылған тостаған бейнесін құрап шығаруға тапсырма беру.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші бірнеше ыдыстарды немесе суреттерді көрсетеді. Осылардың ішінен тостағанды табуларын өтінеді. Тостағанның не үшін керек екендігіне, көлемі мен түр-түсіне көңіл аударып, қазір қиындылардан тостаған құрау қажеттілігін және өз қалауларымен орындауларын талап етеді. Үлкенірек, кішірек, үлкен, кіші, нешеу деген ұғымдарды түсінулеріне бағыттайды. Тақтаға шығып немесе үстел үстінде құрап көрсетеді. Ою -өрнек түстері, қайсысы үлкен, қайсысы кіші екені талданады. Үлкен тостаған неше бөліктен, кіші «наркөз» неше бөліктен тұратынын санайды. Дұрыс құралып дайын болған ыдысқа қарап «біздің ыдыстарымыз қандай тамаша, мұндай ыдыстармен қымыз, айран, сүт т. б ішуге қолайлы» деп таң қалысады. Содан кейін тәрбиеші «Нарқөз» шығармасын оқып береді.

 

 

«Бейнені құрастыр» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауғаүйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

Қажетті көрнекіліктер: Тік төртбұрыштар, үшбұрыштар (үлкен–кіші көлемдегі), дөңгелектер, жуан-жіңішке және қысқа жолақтар, ұсақ бөлшектер (көз, тұмсық, ауыз, т.б). Іс-әрекетке бағыттауға арналған үлгі суреттер (үлгіні қайталау ұсынылмайды).

Ойын ережесі:

а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын бүлдіршіндерге ойланта білу;

ә) Егер бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа бейне шығаруға болатындығы.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші желкенді қайық, аққала, т. б жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрылысына, неше бөлітен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болуы керек. Балалар осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатынын ойланады. Барлығы көздерін жұмып, көз алдарына бейнені елестетуі керек (алдымен пішіндерді қарап шыққан соң). Балалар қайсысы не жасағысы келетінін тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады, ол үшін қандай пішіндерді алғысы келетінін, бала тәрбиешіге көрсетеді. Мысалы: арба- тік төртбұрыш, екі дөңгелектен тұрады, екі дөңгелек және жіңішке, қысқа жолақша –көзілдірік, т.б Балалар тапсырманы орындауға кіріседі, тәрбиеші жеке нұсқаулар беріп, жұмысқа кірісе алмай отырған балаларға көмекке келеді. Бейнені құрастыруға да, түстерінің үйлесім табуына бағыт та беріледі. Тапсырманы тез әрі белсенді орындағандарына қосымша тапсырма беріледі. Оларға жасағандарын басқа бейнеге өзгерту ұсынылады. Ең көп және дұрыс жасай білген балалар мадақталады.

 

 

«Әдемі гүлдер» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні: Әдемігүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруге үйрету. Қиылған ұсақ бөлшетерден өздеріне таныс гүлді құрастыру. Гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.

Қажетті көрнекіліктер: Әдемі гүл суреттері, натюрморт, ашық хаттар (открыткалар). Гүлдердің ерекшелігіне байланысты құрылысын ашатын ұсақ қиындылар. Құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қжет. Тақта, мольберт немесе фланелограф.

Ойын ережесі:

а) Гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндерін таңдау;

ә) Түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, құрылым жасау;

б) Гүлдер жайында білетін өлең тақпақтар, жұмбақтар айтып, әсемдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық: Бұл ойынға балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан әсемдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады. Гүлдердің әдемі суреттерін, ашық хаттарды, шоқ гүлдерді, гүлдер безендірілген сәндік суреттерді қарап, әңгімелейді. Балалардың қандай гүлдерді ұнататынын, ол гүлдердің аттарын сұрап, түсіне, жапырақшаларының ерекшелігіне тоқталады. Мысалы, түймедағын (ромашка) жасағысы келсе, басы доғал, ұзынша келген жапырақтар, ортасына сары түсті дөңгелек, жасыл жіңішке жолақтан сабақ таңдап алу керектігін өздері ойлап, әрекет етуін бағыттайды. Сүйір, ұзынша жапырақтардан ақ түсті болса бәйшешек, сары-қызыл түсті болса лилия гүлдерін құрап жасауға болады. Ұсақ қоңыраушалардан інжугүл (ландыш), ұзынша үшбұрыштарды төңкере орналастыру арқылы қалампыр (гвоздика), жалпақтау, шеті дөңгеленіп келген жапырақтардан қызғалдақ, жауқазын, т.б гүлдерін құрап, тақтада да әсемкомпозиция («Дала гүлдері» немесе «Жайқалған гүлді өлке» т.б) жасау ұжымдық жұмысқа біріктіреді.

 

 

Ересектер мен мектепке дайындық топтарына

арналған дидактикалық ойындар

 

«Сыңарын тап» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдерді түр-түсіне, көлеміне, пішініне және ою-өрнегіне байланысты сыңарын тауып теңестіру. Ер адамдар мен әйелдер киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшелігіне назар аудару, ұлттық ою-өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою-өрнек элеметтерінде айырмашылықтары бар аяқ киім түрлерінең бір нешеуін дайындау. Пішініне қарай бірнеш аяқ киім түрлері алынады.

Ойын ережесі:

а) Тәрбиеші ұлттық киім жөнінде әңгімелейді;

ә) Аяқ киімдердің өзіндік ерекшелігі, бір-бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға тапсырма беріледі.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші алдындағы қораптан ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан аяқ киімнің атауын сұрайды. Мысалы, етік, мәсі, кебіс, саптама, т.б. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек, ер адамдар киетін аяқ киімді бөлекқоюды өтінеді. Тапсырма берілген соң аяқ киімнің қайсысын таңдайтынын бақылайды. Қолына алған аяқ киім сыңарын табады, ою-өрнек элементінің және түстерінің ерекшелігіне байланысты сыңарын табуға болатынын ескертеді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды (түсіне, көлеміне, пішініне, т. б). Қорыптагн тәрбиеші бір аяқ киім сыңарын алып көрсетіп, сол аяқ киімнің сыңарын табуды өтінеді. Дұрыс тапқан бала жеңіске жетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

«Түс таңда» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Бұл ойынды ұйымдастыру негізі балалардың сурет салудағы заттың пішінін ұқсата білуін және қолының қимыл қозғалысын жаттықтыру. Жапсыру іс-әрекетімен айналысудағы түстердің үйлесімділігін сезіну, кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Өздеріне таныс пішіндер мен заттарды қабылдай отырып көз мөлшеріменен бейнені салуды меңгерту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдылырын жетілдіру.

Қажетті көрнекіліктер: Балалар санына сәйкес бүктелген, қос тор көз түсті қағаз. Оның арасына салатын сурет дәптер парағы. Тор көздер көлеміне лайықты мөлшерде түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар. Тор көздер көлемі 8х8 см, қиятын пішіндер көлемі 6х6 см. Әр формадан 5-6 түс әр үстелге қойылады. Акварель бояуы, қылқалам, су, қылқалам қоятын тұғыр, сүрткіш.

Ойын ережесі:

а) Қиылған дайын пішіндерді түсіне, пішініне қарай өз қалаулары бойынша таңдап алып, жоғары тор жолдарға орналастыру;

ә) Өздері таңдап алған пішіндерді түс үйлесімділігін сақтай отырып, бояумен төменгі тор көздерге суретін салу.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші 4-6 бөлікке тор жол сызылған немесе қиып жапсырылған қағаздарды балаларға таратып береді. Өзі қолындағы сиқырлы сандықтағы (қорапты) неше түрлі геометриялық фигуралар түстері жағынан әр түрлі екенін ескеріп, өздерінің қалауы бойынша түстеріне қарай пішіндерді таңдап алауларына рұқсат береді (2-3 тен). Алған пішіндерді тор көздерінің жоғарғы бөлігіне орналастыруды ұсынады. Балалар бұл тапсырманы түгел орындап болғаннан кейін, осы пішіндерді төмендегі көздерге дәл сондай түсті таңдай отырып суретін салуды тапсырады. Балалардың жұмысына жеке нұсқаулар беріп, көмектеседі. Жұмыс барысында пішіндерді дұрыс бере білу, қолдың қимыл-қозғалыс дағдыларын дұрыс игеру қалыптасады.

 

 

«Оюлы сырмақ» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Балалардың ұлттық тұтынатын бұйымдар жайындағы түсініктерін жетілдіру. Текеметтен сырмақтың айырмашылығы неде екенін байқап, ерекшелігін білуге үйрету. Қолөнер шеберлерінің еңбегін, туған халқының мәдени мұрасымен сәндік қолдаңбалы өнерінің түрлерімен таныстыру.

Қажетті көрнекіліктер: Ақ және қара түсті астарлық (фон) қағаз, әр балалаға қиылған дайын ою-өрнек пішіндері, дайын қиып жапсырылған немесе сырмақтың суреті.

Ойын ережесі:

а) Қиылған ою-өрнектерді түсіне, көлеміне қарай таңдау;

ә) Үйлестіре сәнді құрылым жасау;

б) Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайындағы білімдерін нақтылау.

Ойынға басшылық: Сырмақ, текемет жайындағы түсініктерін тиянақтап әңгімелеу. Суреттерін көрсету (мүмкін болса өзін көрсетіп, қайсысы текемет, қайсысы сырмақ екенін сұрау).

Әдемі ою-өрнектеріне, түр-түріне назар аударып осындай сырмақтың өрнегін өздері құруға тапсырма береді. Қиылған дайын өрнектерден құрылым жасауға бағыттайды. Балалардың түсіндіруден кейін өз бетінше әрекет етуіне басшылық етеді. Кейбір қиындыққы кездесіп, іс-әрекетке белсенді кірісе алмай отырған балаларға ғана өзінің қолындағы шағын мольбертке қойып орвндалу жолын түсіндіреді. Қарапайым элементтерді өздері қиып толықтыруға жетелеп үйрету керек. Ақ қағазға қара түсті (ою-өрнек), қара қағазға ақ түсті ою-өрнек таңдап орналастыруын бақылайды.

 

 

«Текемет өрнегі қандай?» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымы текемет жайында түсінік беру, ою-өрнек түсіне қарай құрылым жасап текемет түрін әшекейле. Ұлттық қолөнерден эстетикалық әсер алуға және талғам талабының дамуына ықпал ету.

Қажетті көрнекіліктер: Текемет суреті, қиылған ою-өрнек элементтері, астарлық қағаздар немесе фланелограф.

Ойын ережесі: Тәрбиеші текемет суретін –үлгіні көрсетіп әңгімелейді. Текеметті дайындаудағы адамдар еңбегіне тоқталады. Көркем шығарм оқиды. Н. Айтов «Текемет». Шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып бүгін бәрі бірігіп текемет жасайтындықтарын хабарлайды.

Ұжымдық жұмыс. Жасау жолдары жайында кеңесін, ою-өрнектерді түсіне, көлеміне қарай әдемі орналастыруды сұрайды. Ортасына қай өрнекті қою тиімді, оның шеттеріне, жиектеріне т. б. Балалар фланелогграфта астарлық қағазға (түкті қағаз) қиылған өрнектерді бос жапсырып орналастырады. Өрнектердің түсі жағынан үйлесім табуы бақыланады. Қойылған ою-өрнектердің аттарын атауды талап етеді (қошқар мүйіз, қызғалдақ т. б). Басқа қандай өрнектерді білетіндері сұралады. Жұмыс нәтижесіне сүйсіне тамашалап балалар еңбегі мадақталады.

 

 

«Өрнекті кілем» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Бейнелеу өнерінің көркемдік құралдарын меңгерту. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі элементтерімен кілем түрін өрнектеу дағдыларын қалыптастыру. Элементтерді түр-түсіне, мағынасына қарай кеңістікке орналастыр білуге үйрету.

Қажетті көрнекіліктер: Негізгі фонға арналған әр түрлі қазаздар

(көлемі 20х30 см). Жапсырып дайындалған үлгілер. Қиылған ою-өрнек элеметтері.

Ойын ережесі:

а) Негізгі түске сәйкес келтіре ою-өрнек элементтерініңтүстеріне және мағынасына қрай таңдау;

ә) Үйлестіре орналастыру.

Ойынға басшылық: Әдемі өрнекті кілемдерді қарау. Түрлі-түсті ою-өрнектеріне назар аударады. Осындай өрнеккті кілемдерді әрқайсысы өздері жасап алуларына болада. Балаларға кілем өрнегін жасау үшін қажетті қиындыларды таңдап алып, кілем түрін өрнектеуге нұсқау беріледі. Ортасына қандай өрнекті, бұрыштарына, шеттеріне, жиектеріне түгелдей тұтас орналастыруды талап етеді. Қағаз бетінде кеңістікте дұрыс орналастырғаны желімделу тәртібі бақыланады. Әдемі кілемдер көрмеге таңдлып лынады, ал балалар жұмысына талдау жасалынады.

 

 

«Түскиіз» ойыны

 

Ойынның тәрбиелік мәні: Туған халқының мәдени мұрасы мен сәндік қолдаңбалы өнерінің түрлерімен таныстыру. Әсемдікті сезіну, ою-өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой қиялының шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының арттыруына мүмкіндік жасау.

Қажетті көрнекіліктер: Үлгі суреттер, қиып жапсырылған ою-өрнектер (7х7, 8х8 см), негізгі түске (фонға) берілетін қағаздар (28х16, 32х18), ұсақ ою-өрнек элементтері. Түстеріне шек қойылмайды. Балалар қалауы бойынша таңдайды.

Ойын ережесі:

а) Ою-өрнектерді түстеріне қарай таңдап жинап алу;

ә) Негізгі фонға орналастыру;

б) Ұсақ бөлшектермен толықтырып әшекейлейді.

Ойынға басшылық: Тәрбиеші түскиіз суреттерін көрсетеді. Ою-өрнек түстеріне, ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Өздеріне берілген ою-өрнек үлгілерінен таңдап алып, оны негізгі түске орналастыруды ұсынады. Үлгі бойынша түсіндіріледі. Берілген негізгі түске үйлестіре ою-өрнекті таңдап алып, шеттеріне айналдыра орналастыру және ортасын бос ұсақ бөлшектермен әшекейлеу ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСу әлеміне саяхат. (Шомылу маусымының ашылу салтанаты)

ИнформатикаОйын технологиясы информатика сабағында

БастауышАЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

ҰстаздарғаОйын-бала өмірінің маңызды бөлшегі (Семинар-практикум)

МатематикаСыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

- 57069

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар