Сынып көшбасшысы

6 маусым 2017 - Ақдана Тоқтар

Күні: 17.05.17

Класы:

Тақырыбы: « Сынып көшбасшысы»

Мақсаты:  Сыныптағы  білімді, жан-жақты оқушыны  анықтай  білуі  керек. Көшбасшы  оқушының білімге үйренуге деген  қызығушылығы, ынтасы болатынын  ұғынуы  тиіс. Әр оқушы   жеңімпаз болуға ұмтылуы, көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетуге  бейімделуі   қажет.

Ұйымдастырушылық кезең

Шаттық шеңбері

Ата — ана мен тренинг жүргізу. «Бала мен үшін...», «Анам мен үшін...»

Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.Ендеше, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді, озық ойлы жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыртатын «Сынып көшбасшысы  ( атты сайысымызға 3-сыныптың білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең білгір оқушысын анықтамақпыз. 
Жас жүректе жанған шақ 
Талаптың аты арындап 
Әр қиямға салған шақ 
Жастықтың оты жалындап 
— деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады. 
Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер: 

Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау жасайды. Әділқазы мүшелері: 
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме 
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме 
Жолама шақырса да, қасына ерме 
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға 

Сонымен бірінші кезең

Бүгінгі біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады

1тур –Бәйге                                            

2тур – «Ғажайып төртеу»

3тур – «Кім шапшаң»

4тур – “Қиял әлемінде”

5тур – “Ата салт дәстүрім”

6тур – Көшбасшы

1.      Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.     «Қызыл шұнақ » сөзінің мағынасы?

3.     “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз) 

4.     Адамның өмір сүруіне не қажет? (ауа, су, жылу, жарық, тағам) 

5.     Қосудың компанентерін ата. (Қосыл, қосылғыш, қосындының  мәні)

6.     Санды қай санға көбейтсең, сол санның өзі шығады? (бірге) 

7.     Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра) 

8.     8 мен 9-дың  көбейтіндісі нешеге тең? (72-ге) 

9.     Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады? (әнұран, елтаңба, ту) 

10.                       Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)

11.                       Анаңның жолдасы(күйеуі) саған кім болады? (әкем) 

12.                       Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин) 

13.                       «Б» әрпі қандай дауыссыз дыбыс? (Ұяң) 

14.                        Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл) 

15.                       Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі) 

Екінші кезең: «Ғажайып төртеу»

Сұрақтар:

Математика: 
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық) ? 

2. 3.Ағаш үстінде 30 торғай қонып отыр еді, аңшы оның 2-еуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды?(2-еуі қалды, қалғаны ұшып кетті)
3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000) 
4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі) 
Қазақ тілі: 
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді) 
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды) 
7. Қай кезде бастауыш пен баяндауыштың ортасында сызықша қойылады? (Егер баяндауыш зат есім болса) 
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын 
Біткен ойды құрамын (сөйлем) 
Дүниетану: 
9. Сезім мүшелеріне нелер жатады? (көз,құлақ, мұрын, тіл, тері ) 
10. Адамда неше жұп қабырға болады?
11. ҚР Конституциясының 29 бабында не делінген?
12. Жан жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? (Себебі: ауа түссіз мөлдір)
Әдебиеттік оқу: 
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай) 
14. Еңбек туралы 2 мақал-мәтел айт. 
15. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңінен бір шумағын жатқа айт. 
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық? 
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ . 
Ш кезең «Кім шапшаң » кезеңі

Оқушыларға жеке жұмыс беріледі, оқушылардың ата аналары неше сұраққа жауап бере алатынын сұрап алу. Ата — ана сенім ақтау.

Есепті шығар

21+( 12*2 )=45  (43+44) -(32+5)=             

26+6*5= 56             72-(5*2) =62  

68-38 = 30                42+32= 74   

18+65 = 83               83-44= 39

23+14 =37                39-27=12

IV кезең. «Ата салтым дәстүрім »

«Бесікк салу»

Бесік — қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

V кезең.

 «Қиял әлемінде»  ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ

«Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек. «Егер мен ел басы болсам», «Егер мен сиқыршы болсам»

«Егер мен ұстаз болсам....»   «Егер мен директор болсам...»

VI. «Көшбасшы»

Бір бірімізге сұрақ қою...

Белсенді топты анықтау. Ең жоғары ұпай жинаған топты анықтайды. . 
Бүгінгі сайыста қай пән және қандай сұрақтар қиынға соқты сол пәнді тереңірек оқу тапсырылады. Сарапшылар белсенді топты мақтау қағазымен марапаттайды. Сайыстан алған әсері,қиындығы,ұтымдылығы жөнінде пікір айтады. 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3722322

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Әнші Шақтай -  Айдындағы аққулар.
Әнші Шақтай - Айдындағы аққулар.
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Тек ақылмен...
Тек ақылмен...
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Askar Karabshayev
Өз ойым
4 қыркүйек 2017 - My diary - 0 - 0