«Төрелігін тебіренткен билер заманы» сахналық көрініс

10 ақпан 2018 - Бану Муратовна

«Төрелігін тебіренткен билер заманы» сахналық көрініс

Күні: 19.01.2018 ж.

Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Сынып: 7а, 7ә, 8а, 8ә.

Мақсаты: Шешендік өнердің алуан сипаттары, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру; өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздердің, шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын меңгерту, мәнін ашу; Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы – шешендік туралы ой- танымдарын  қорытындылау. Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру, оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту; тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу. Оқушыларды халықтық мұра – шешендік сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып табылады.

 Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек сызбалар, портреттер.

Кіріспе сөз. 

-Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып, заманнан-заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген, шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру. Қазақ  – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр –  бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы –  қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге — үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан  халық. Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен  бірге олар –  тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып,  аз сөзге көп мағына  сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту. Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің  майталман өкілдері.

-Сіздердің назарларыңызға билер жайлы көріністерді ұсынамыз.

1. «Төле бидің шешендік өнері»  (8 а сынып)

Тарих пәнінің мұғалімі: Абикенова Б.М. — Ұлттық шешендік өнер тарихы сонау ежелгі сақ, ғұндардың туындыларынан, Орхон ескерткіштерінен, бер жағында орта ғасырдағы түрлі жазба ескерткіштерінен басталады. Ежелгі түркі шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар сақтар мен ғұндарда көп болған. Олар-Алып Ер Тұңға, Томирис (Тұмар), Атилла (Атей) т.б. Аталған көсемдердің өз елін қорғау жолында айтылған ерлік- рухтағы сөздері-ежелгі түркі шешендігінің ғажайып үлгілері.Ұлттық шешендік өнер негізі түркі халықтарына ортақ көне түркі шешендігінде де жатыр. Көне түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгісі көрінетін Орхон ескерткішінің ежелгі қазақ жерінде жасалуы да оларды біздің халықтың иеменденуіне хақысы бар екендігін танытады.Ескерткіштегі толғау, жоқтау, мадақтаулар – шешен сөйлеу тәсілдері. Көне түркі шешендігіне «Манас» жыры мен Қорқыт ата жырлары да жатады.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дәл басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келеді. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би» дейтін сөз бар. «Майқы Шыңғысханның он екі биінің бірі болған» деп айтады. Бұл деректерге қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.
Шешендік өнердің кезеңдері
ХІ-ХІІІ ғасыр ХІV-ХVІ ғасыр
Майқы би Асан қайғы 
Аяз би Жиренше шешен
ХVІІІ ғасыр ХVІІІ-ХIX ғасыр
Төле би Байдалы би Сырым Датұлы
Қазыбек би Ер Жәнібек Досбол би
Әйтеке би Тіленші би Бала би 

— Сіздердің назарларыңызға келесі көріністі ұсынамыз:

2. «Қазыбек бидің шешендік өнері»    (8 ә сынып)

— Сіздердің назарларыңызға билеріміз туралы бейнежазба ұсынамыз.

3. «Әйтеке бидің шешендік өнері»  (7а сынып)

4. «Жиренше шешеннің шешендік өнері»   (7ә сынып)

  Қорытынды: «Барлық қазына ата-бабалардың асыл сөздерінде,әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай,әлемдік мәдениетке жете алмайды»-деген екен жазушы Мұхтар Әуезов. айтқандай шешендік өнеріміздің қандай дәрежеде екендігін біле отырып, әр кезеңде би шешендеріміз әділеттілік, теңдік, шыншылдықпен күресіп, шешендігімен бағасын беріпғ әділдігін айтқан.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліШешендік өнердің алғышарттары

Қазақ әдебиеті"Шешендік өнер"арнайы курс 7класс авторлық бағдарлама

Қазақ әдебиеті"Ана тілім-ардағым" тіл кеші

- 57060

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар