ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

24 қаңтар 2014 - Админ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

Бақтыгереева Жанар Меңдіханқызы <o:p></o:p>

Б. Бегалиев атындағы орта мектебі, Атырау облысы

Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосы,

жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі 

 

            Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тіліноқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасыбастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соныңішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшынтіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялықүрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болыпотыр. 

           Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғықазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, [1] шетел тілін оқыпүйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетелтілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды.Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқуорындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады. Көптілді меңгеру –мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралықжәне мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралықбайланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздіңбасқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркінмеңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдаланаалатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз.Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуікөптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесіндемұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзарақарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілібір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айтабілетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақтәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ. 

           Мұғалім – психологиялықдаярлықты, педагогикалық сапасы, қоғамдық белсенділікті, өз мамандығына дегенсүйіспеншілікті, жан- жақты алдыңғы қатардағы адам. [2] Негізінен, сабақүстінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайдаболады. Оқушыларға әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы сабақты жаңашаәдістемелікпен өткізу керек. Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым– халықаралық қатынастар мен бизнес, әлемдік экономика мен саясат, мәдениетсалаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыстағы маңызды орынды иеленіптұрған ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға жан- жақты түсіндіріп, ауызыекітілде еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбекету ұстаз қауымының негізгі міндеті мен мақсат мүддесі болмақ.Тілді оқытудыңтүрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білім алуғаынта-ықыласын оятып, жауапкершілігін күшейту көзделеді.

Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындайәдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдірукөзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-әроқытушының міндеті. <o:p></o:p>

           Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгіқағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқағажеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежегежеткізу үшін ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін, солардыңбірі ақпараттық –коммуникациялық технологиясын, сын тұрғысынан ойлау  стратегияларын және т.б. технологияларды, өз сабақтарымдажиі пайдаланып жүрмін. Әсіресе сабақтарда ғаламтордыңүлкен мүмкіндіктер қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздім. Мысалы: күделіктісабақтарымда оқушылар ғаламтор талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалармен жаттығуларды орындай алады. Соныменбірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, ғаламтордаотырып, оқушылар аударма жұмыстарын жүргізуге және өздеріне қажетті мағлұматтардыдер кезінде алуға толықтай мүмкіндіктер алды, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктерібар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерінпайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты ғаламтордыңартықшылық көздері пайдаланылады. Ғаламтор өзінің барлық мүмкіндіктері және қор­ларыменқоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Біз ғаламторарқылы көп нәрсе істей аламыз және оқушыларға ғаламтормен жұмыс жасаған өте қызықты.Мысалы: 2012 -2013 оқу жылынан бастап мектебіміз e-learning электроноқыту жүйесіне қосылды. Бұл мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де өте үлкенмүмкіндік деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде AutoPlay Media Studio бағдарламасыарқылы электрондық оқулықтар жасақтап, автотесттерді сабақтарымда, қолданбалыкурстарда қолданып келемін. Енді сабақтарыма тоқталғанды жөн көріп отырмын.Елтануға арналған тақырыптарды өткізгенде үнемі, алдымен сабағымды ой қозғаудыбейнероликтермен бастаймын. Мысалға: «Great Britain” т.б. тақырыбы бойынша AutoPlayMedia Studio бағдарламасы арқылы жасақталған электрондық оқулығынан бейнероликқаралып, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы айқындалады. Сол сабақтаоқушылар екі елді салыстырады. Осы елтану тақыры бойынша қорытынды сабақта Powerpoint бағдарламасы арқылы оқушылар алдынала берілген тапсырма бойынша  әр оқушы өз презентация құрастырып, жұмыстарынқорғайды. Үнемі Қазақстан, Ұлы Британия, АҚШ т.б. елдер туралы өтілгентақырыптар бойынша қорытынды сабақтарда „Jeopardy”, «Criss and Nill”т.б.ойындарынсабақтарымда қолданамын. Сабақтарымда және қолданбалы курстарда оқушыларғаламтор арқылы жұмыстар жасайды және тақырыпқа сай өздері тірек сызбалырқұрастырып сол сызбалар арқылы мәтін бойынша түсінгендерін айтуға тырысады. Мысалы:11 сыныптағы „Making laws” тақырыбы бойынша оқушылардың құрастырған сызбалары: 

 

 

          Оқушылар топтық немесежұптық жұмыстар арқылы екі елдің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарысалыстыру арқылы айқындай. Сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгеру, пысықтау, саралауға бағытында жұмыстар өз тәжірибемде міндетті әдіске айналған.Жұмыстың мұндай түрлері оқушылардың білімдерін бекітуде өте пайдалы әрі қызықты.Мысалы:   

             Сонымен қатар сабақтарымдаоқушылардың логикалық ой өрістерін кеңейту мақсатында үнемі шемін табуға жәнеқазақша, орысша аудармаларын айтуға тапсырмалар беріп отырамын: Мысалы: can youmatch these similes with the correct animals? I guess most of them makes sense but one ofthem really doesn’t

            Грамматикалық тақырыптарды өткен кездемысалға: idiom, phrasal verbs, the degrees of comparision of adjectives, theplural of nouns, passive voice, gerund, modal verbs etc.  әрбір сабақта жаттығулармен қатар қазақша, орысша мақал- мәтелдерді салыстырмалы жұмыстар арқылы грамматикалық  тақырыптарды түсіндіргенде пайдалануғатырысам. Мысалы: the degrees of comparision of adjectives: A good name is better than riches. Жақсы сөз- жарым ырыс. Добрая слава лучшебогатсва. Better late than never. Лучше поздно, чем никогда. Ештен кеш жақсы. TheGerund: Talking mends no holes. Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елдібүлдірер. Разговоры не помогают в беде. Learning is the eye of mind. Білімдігедүние жарық, білімсіздің күні қаріп. Ученье – свет, неучение –тьма. Idiom тақырыбынөткен кезде идомаларды қазақ тілімен салыстырып, ағылшынша баламаларын тауып, оқушылар оның қазақша аудармаларын жасағанды ұнатады. Мысалы: on the tip ofone’s tongue: about to be spoken or remembered – біреудің тілінің ұшында тұрунемесе  ұмыту; button your lip: to stoptalking; be quiet – екі елі ауызға, бір елі қақпақ немесе тыныштықты сақтау; tohave time on one’s hands: to have a lot of time- біреудің қолы бос болу немесезейнеткерлікке шығу. т.б. <o:p></o:p>

            Сабақта осындай түрлі жұмыстаржүргізу арқылы оқушыларым әр елдің, олардың тілдік айырмашылықтарын білді,үйренді салыстырды. Сабақта әр оқушы қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілінсалыстыру арқылы тез ойлап, шешім қабылдауға тырысады. Сонымен қатар сабақбарысында оқушылар арасында бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасап үйренгендігі, топтық және ұжымдық дағдылары қалыптасқандығы, өз ойын жүйелі түрде саралауғаүйренгендігін байқадым. Мұғалім үшін оқушылармен жұмыс жасау жеңілдеді, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге  дегенқызығушылығы артты.    <o:p></o:p>

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. ПрезиденттіңҚазақстан халқына жолдауы. Астана.28 сәуір, 2010 

2. Қазақстанмектебі: Шетел тілінің маманының кәсіби ерекшелігі, № 5,2013 

3. Ағылшын тілімектепте: № 6 2012, 22- бет 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

БаяндамаДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

БаяндамаОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Өзін өзі тану​Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066270

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru