Бастауыш мектептегі сабақтарға талдау жасаудың үлгі жаднамасы

12 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

Бастауыш мектептегі сабақтарға талдау   жасаудың үлгі жаднамасы

Мұғалім                       Сынып                                   Тақырыбы

1. ОРЫС ТІЛІ

1. Сабақты ұйымдастыру.

•           Оқушыларды жұмысқа ұйымдастыру, негізгі және дербес жұмыстың болуы.

•           Сабақты жабдықтау, мұғалім мен оқушының жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру.

•           Сабақтағы ауызша және жазбаша жұмысқа бөлінген уақыт. Қайсысы басым?

2.         Сабақтың мақсаты.

•           Орыс тілі сабағының оқыту үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытумен қалайша табиғи үйлеседі?

3.         Сабақтың мазмұны.

•           Сабақ материалы кішкентай мектеп оқушыларын орыс тіліне оқытудың негізгі міндеттерін қаншалық дәрежеде бейнелейді?

•           Сабақта бағдарламаның барлық төрт тарауы бойынша (дыбыстар мен әріптер, сөз, сөйлем, байланысты сөз) жұмыс жүргізіле ме?

•           Тілдік зерттеулер жөніндегі жұмыс қалай жүргізіледі:

а)         сөздерге дыбыстық-әріптік талдау жасау;

ә)         дұрыс айту мен көркем жазу жаттығулары;

б)         сөз бен оның мәні;

в)         сөйлеммен жұмыс.

•           Сабақта дербес жұмыстың қандай түрлері басым болады:

а)         оқулық жаттығуларын пайдалану;

ә)         өзгеріске ұшыраған мәтінмен жұмыс;

б)         талдау жасаумен сипаттау;

в)         сөйлемдер құрау (мазмұндама, шығарма-миниатюра);

г)         басқалары.

•           Лексикалық жұмыс жүргізіле ме:

а)         сөздердің көпмәнділігі бойынша;

ә)         синонимдерді іріктеу бойынша;

б)         антонимдерді іріктеу бойынша;

в)         логикалық сөйлемдер бойынша (жаттығулар).

•           Естіп жазу, оқушылардың орфографиялық көрегендігін қалыптастыру бойынша оқыту жұмысы өткізіле ме, жазу көлемі сақтала ма?

•           Оқушылар жазуының каллиграфиясы жөніндегі жұмыс қалай жүргізіледі?

4.         Үй тапсырмасының сипаты мен көлемі қандай? Оқушылар дербестікке дайындалған ба?

5.         Сабақтың қорытындысы:

•           Сабақты өткізу әдістемесі мен мазмұны оқушылардың материалды саналы және терең меңгеруіне қандай жағдай жасайды?

II. СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ

1.         Бағдарламамен қарастырылған оқушылардың сыныптан тыс оқуына басшылық жасау жөніндегі жұмыс жүйесі сақтала ма?

2.         Сыныптан тыс оқу сабағы дұрыс жабдықталған ба. Оқушыларда тақырып бойынша кітаптар бар ма (бірінші сыныптың екінші жартыжылдығында оқушыларда — әрбір оқушыны кітаппен қамтамасыз ету есебімен кітапхана-ұжымдықтар, екінші және үшінші сыныптарда да анықтамалық әдебиеттің, каталогтық карточкалардың, ұсынымдық тізімдердің және т. б. болуы).

3.         Кішкентай мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқуын басқарудың үш кезеңінің әрқайсысында сабақ құрылымы сақтала ма?

4.         Балалардың оқырмандық қызығушылықтары қалай кеңейеді:

•           оқудың әр түрлі тақырыптарымен таныстық арқылы;

•           жаңа авторлармен танысу арқылы;

•           туынды жанрларымен танысу арқылы;

•           суретші-безендірушілермен танысу арқылы.

5.         Оқу мәдениеті қалай тәрбиеленеді?

•           оқу ережелерімен танысу және үйрену арқылы, оқу үшін кітаптар таңдау арқылы;

•           каталогтық карточкалармен танысу, оны толтыруға үйрену арқылы;

•           кітап элементтерімен танысу арқылы;

•           кітапты пайдалану ережелерімен танысу арқылы.

III. ОҚУ

1. Сабақты ұйымдастыру:

•           мәтінмен жұмыс істеуге берілетін уақыт (30–35 минут);

•           сабақтың жекелеген бөліктерінің өзара байланысы;

•           көрнекті құралдармен және ОТҚ-мен жабдықтау.

2.         Оқу дағдылары және мәтінмен жұмыс істеу шеберліктерін бекіту және тереңдету.

•           Оқудың дұрыстығы, саналылығы, көркемдігі, жылдамдығы, толық және қысқаша қайта баяндау.

3.         Жаңа материалды түсіндіру және өткен материалды бекіту кезінде пайдаланылған тәсілдердің тиімділігі:

•           көп оқуды ұйымдастыру (мәтінді қайта оқып шығуға арналған сұрақтардың мақсатқа лайықтылығы және масатты бағытталуы);

•           мәтінмен жұмыс кезінде тапсырмалардың жіктелінуі.

 

1.         Сабақтың тәрбиелеуші жағы.

2.         Үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі.

3.         Оқушылардың оқу жөніндегі білімі, шеберліктері туралы қорытындылар.

IV. МАТЕМАТИКА

1. Сабақты ұйымдастыру:

•           оқушыларды негізгі және дербес жұмыстарға дайындау;

•           сабақты жабдықтау, мұғалім мен оқушының жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру;

•           сабақтағы ауызша және жазбаша жұмысқа бөлінген уақыт;

•           қайсысы басым.

2.         Сабақтың мақсаты:

•           Математика сабағында оқыту үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуымен қалай табиғи үйлеседі?

3.         Сабақтың мазмұны:

а)         Сабақ материалы кішкентай мектеп оқушыларын математикаға оқытудың негізгі міндеттерін қандай дәрежеде бейнелейді?

•           Оқушылардыа саналы берік санау дағдылары қалай қалыптасады?

•           Ауызша есептеуге арналған жаттығулар берік есептеу дағдыларын қалыптастыруға қаншалықты жағдай жасайды?

•           Теориялық материалды білу оқушыларға есеп дағдысын берік қалыптастыруға қалай көмектеседі?

•           Әрбір сабақта арнаулы ауызша жаттығулар үшін 5–7 минут уақыт бөліне ме?

ә)         Арифметикалық амалдарды меңгеру жөніндегі жұмыс қаншалықты терең жүргізіледі?

•           математикалық терминология;

•           амалдардың өзара байланыстары;

•           амалдардың құрамдастары мен нәтижелерінің өзара байланысы.

б)         жаңа материалмен танысу, оны бекіту мен қайталау кезінде оқулықтағы жаттығулар ұтымды пайдаланыла ма Бұл жаттығулардың математикалық мәні өзгере ме?

в)         сабақтағы есептерді шешуге байланысты жұмыс:

•           Есептерді шеше білуге үйрету қалай жүргізіледі?

•           Оқушылар есепке талдау жасай ала ма?

•           Сабақта қанша есеп шешіледі?

•           Сабақта есепті шешуге қанша уақыт кетеді?

•           Шешілген есепке байланысты шығармашылық жұмыс жүргізіле ме.

4.         Әдістемелік тәсілдердің тиімділігі:

•           Сабақта салыстыру, қатар қойып салыстыру, қарама-қарсы қойып салыстыру орын ала ма?

•           Көрсетілетін материалдар мен жеке көрнекіліктер, ОТҚ қаншалықты шебер және орынды пайдаланылады?

5.         Сабақтың қорытындылары.

•           Сабақ жүргізудің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың материалды саналы және терең меңгеруіне қандай жағдай жасайды?

V. ЕҢБЕК

1. Тақырыпты хабарлау және балалардың алдына оқу мақсатын қою:

•           Балалар сабақта не жасайтындарын, бұл бұйымның не үшін қажет екендігін біле ме?

•           Бұйым барынша жақсы болып шығу үшін қандай білімді еске түсіру, қандай шеберлік таныту керек екендігі түсіндіріле ме?

2.         Жұмыс орнындағы еңбекті ұйымдастыру және мәдениет:

•           Гигиена, қауіпсіздік техникасы ережелері, жұмысшы адам ережелері сақтала ма?

3.         Алда тұрған еңбек іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлау:

•           Дайындалатын бұйымның құрылымына талдау жасау, бұйым үлгісін қарау, оның әрбір бөлшегін кескіндік бейнемен салыстыру қаншалықты мұқият және қолжетімді өткізіледі?

•           Мұғалім мен оқушылардың сөзі қаншалықты кәсіби және сауатты?

4.         Бұйымды дайындау:

•           Материалды алдын ала орындалған белгілеу бойынша өңдеу қалай орындалады?

•           Оқушылар тетіктердің дайындамаларын орындауға, оларды нұсқаушылардың көмегімен өңдеуге, әрлеу операциясын жүргізуге қалай үйретілген?

5.         Бұйымды іс-әрекетте тексеру:

•           Бұйымға баға қалай беріледі?

•           Сабақта бұйымдағы елеулі кемшіліктерді түзеу жөніндегі жұмыс орын ала ма?

6.         Сабақтың қорытындыларын шығару:

•           Балалар орындау үдерісінде ие болған білім мен шеберліктердің мазмұны анықтала ма, яғни оқу мақсатына қол жеткізілді ме?

•           Сабақта тәрбиелеу мәселесі қалай шешілді?

 

7.         Қорытындылар және ұсыныстар.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚозғалыс уақытын табу

БастауышҚоян. Дыбыс. Әріп

Бастауыш35 + 15, 50 - 15түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

Бастауыш3 сынып "Көл" Т.Молдағалиев

БастауышБастауыш сыныпқа арналған логикалық есептер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110025

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар