Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

  

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

 

 Осы курс аясында өзіме алған жаңалығым мол болды. Бағдарлама жеті модульге сараланған. Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің өзі сыни ойлауға үйренуі керек деп ойлаймын.

 Мен өз сабақтарымда «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін, яғни сыни ойлауды жиі пайдаланып отырдым. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту стратегияларын сабақта қолдану арқылы оқушының тақырып төңірегіндегі ойларын жинақтап, оны жүйеге келтіруде «Топтастыру» стратегиясының да маңызы зор болды.

 Бағдарламаның жеті модульін кіріктіре отырып, сабақ өткізуді ең бірінші, нақты мысал ретінде барлық сабақта да сыныпты әріп атауы бойынша, жолдама арқылы таңдату  арқылы  топқа  бөлуден және алдын – ала өздері  нақтылаған  «Бағалау  критерийі»  бойынша өздерін-өздері  бағалайтынын ескертуден бастадым. Бұл Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының негізгі міндеті ретінде жеті модулде қарастырылған - «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль.  Осылайша, тізбектелген сабақтар топтамасында алғашқы сабағым қазақ әдебиеті пәнінен Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» тақырыбында болды.

 «Кубизм» әдісіне  негізделген бұл сабағымда өзім оқып- үйреніп  жатқан әдіс- тәсілдерді, модуль  түрлерін  қамтуға, қолдануға тырыстым. Сыныпты А В С атауларын таңдату  арқылы  топқа  бөлдім және алдын — ала өздері  нақтылаған  «Бағалау  критерийі» бойынша өздерін — өздері  бағалайтынын ескерттім. Сабақты  жоспары  бойынша АКТ-ны пайдалана отырып, слайдтап, интерактивті тақта арқылы өткіздім. Психологиялық  дайындықтан соң оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап алынды.

1.                Ең алғаш сауат ашқан оқулығымыз?

2.                Әліппенің атасы кім?

 Нәтижесінде бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталды. Бұдан соң жаңа тақырыпты өз беттерімен оқуды топтарға бөліп беру арқылы меңгерту мақсатын көздедім. Белгіленген минуттардан соң топтар өз жауаптарын түсіндірді. Ынтымақтастық атмосферасында топтар бірін – бірі тыңдап, сұрақтар қойып, жауаптарды «мадақтау» 5 — ереже  арқылы бағалап отырды. Бұдан кейінгі тапсырмада Кубизм әдісінің алты қырын қос-қостан 3 топқа тапсырмалар беріп тараттым. Сол сияқты үй тапсырмасы тақырыбындағы сұрақтарға топтық жауаптарын дайындады.  Және де топтастыру стратегиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында Ахмет Байтұрсынұлына  мінездеме берілді. Бұл тапсырманы топтардың бәрі де өте жақсы орындады. Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме » өлеңін «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» бойынша топтық сайыс негізінде өткіздім.  Барлық тапсырмада да «бірлескен оқу дарынды және талантты оқушылар» немесе «оқытуды басқару және көшбасшылық» топтық сайыстарда анықталып, формативті бағаланып отырды. Кері байланыс нәтижесінде дискуссиялық картаны толтырды. Өлеңдегі жақсы-жаман қасиеттерді бөліп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керектігін ұқты. Оқушылар пікірі бойынша топқа бөлініп отыру, сабақты өз беттерімен меңгеру өте қызықты болған. Үйге тапсырмада «оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалана отырып, А.Байтұрсынұлы туралы тың деректер жинау үшін тапсырмалар берілді. Жалпы барлық тапсырмаларда да ғаламтор тақтасы пайдаланылды.  Сабақ барысында өздерінің таңдауы бойынша бөлінген топтардан көшбасшылар анықталды. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен топта белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Топ мүшелері 1 көшбасшы, 3 орындаушы, 2 бақылаушы, 1 бағалаушы қызметін бөліп алды. А  тобы мен С тобы өз қызметтерін өзара ынтымақтаста бөліп алды. В тобы қызметтерін жеребе тастау арқылы бөліп алды. Сабаққа сыныптағы 20 оқушы түгел қатыса отырып, өздерінің білігі мен білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсете алды деп есептеймін. Сондықтан да, алдыңғы сабақ кезіндегідей оқушыларда «менің бағам неге олай?..» деген сияқты сұрақтар туындамады. Және де оқушылардың сабаққа деген ынтасының бұрынғыдан да артқанын байқадым. Оған кері байланыс орнату үшін қолданылған бағалау бетшесіндегі  ұсыныстары мен пікірлері куә. Міне, осы сабағымда қолданған барлық модуль түрлерін өзімнің ойымша, дәстүрлі сабақ үдерісінде қандай айдар тақса да дәл осындай ерекше сипатта қолданылмағанын және де сабағымның барлық оқушының белсенді қатысуымен, ынтасы мен жігерін жұмсай отырып, қызықты да еркін, ынтымақтастықта өткеніне қарап, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» ретінде деп есептеймін.

 Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізген екінші қазақ әдебиеті пәні сабағым Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» мысал өлеңі болды. Бұл сабақта да әуелі сыныпты жолдама арқылы таңдатып, үш топқа бөліп, жағымды көңіл күйдегі психологиялық ахуалмен бастауды жөн көрдім.Бастапқы кезеңде сынып оқушылары «өз топтарынан» ажырағысы келмеді. Бұл  сабақ мақсатының бір кезеңі екенін түсіндіре отырып, бұл топпен де ынтымақтаса жұмыс істей алатынына көз жеткізуге бағытталған жұмыс түрлерінен тапсырма бердім. Үй жұмысын тексеру үшін топтарға тапсырмалар қоржынынан тапсырмалар берілді. Топ көшбасшылары келіп тапсырмаларды таңдап алды. А тобына “Ақын ініме”өлеңін талдау тапсырмасы түсті. Оқушылар бұл тапсырманы топпен бірігіп өлең құрылысына толық талдап шықты. В тобы ирониялық екпін түсетін  етістіктерді болымсыз түрге айналдыру тапсырмасын топпен постер арқылы қорғады. Топ басшысы Есемұратова Фарида топбымен бірлесе жұмыс жасай отырып, тапсырманы қорғады.Өлеңдегі екпін түсетін етістіктерді болымсыз түрге айналдырып, ақынның інісіне айтпақ болған ақылының мәнін, мақсатын түсіндірді. С тобына ақынның өмірі мен шығармашылығын түсіндіру. Бұл тапсырманы топ тірек – сызба арқылы орындады. Топ мүшелері тапсырманы қорғауда барлығы да ат салысты. Жаңа сабақ тақырыбын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша миға шабуыл әдісімен оқушыларға жұмбақ жасырдым. Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, жаңа сабаққа кірістік. Оқушыларға миға шабуыл әдісі бойынша мысал дегеніміз не? деп сұрақ қойдым. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша оқушылар  интернет желісін тиімді пайдалана отырып, мысал туралы түсініктерін ортаға салды. А тобы мысал туралы ережені теория бойынша талдады. В тобы мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайтынын бұлай көрсетуді аллегория деп аталатынын айтты. С тобы қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуын, кімдерден бастау алғанын тауып, қорғап өтті. «Талантты және дарынды  балаларды оқыту» модулі  бойынша («ынталандыратын», «күрделі») тапсырмалар белгіленді. Ол үшін дәптермен жүмыс бөлімі арқылы слайдтағы мысалға  қатысты мәліметтерді жазып, соған байланысты өзара сұрақтар әзірлеуді және ол сұрақтың жауабын өзі қорытындылауды міндеттедім. Сол сияқты «топтастыру страгетиясы» бойынша Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерін топтастырды. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша

 Кубизм әдісі бойынша тапсырмаларды білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деп қос-қостан бөліп алдып, тапсырма қоржынына салдым. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі бойынша сынып топқа бөлінгенде топ мүшелерінің қызметін өзара бөліп алған болатын. А тобы мен С тобы өз араларынан оқуда озат, басқарушылық қабілеттері бар оқушылар Рахима мен Фариданы бірауыздан сайласа, В тобы жеребе тастау арқылы анықтаған болатын. Топ басшылары келіп тапсырмаларын алды. А тобы. Білу, түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді.Және мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды. В тобы. Қолдану, талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді. С тобы. Жинақтау, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

 А тобы тапсырманы толық, түсінікті орындады. Топпен бірігіп даналық ойдан дән ізде айдарымен өлең мазмұнымен мәндес мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтап, ой қорытты.

 В тобы қолдану, талдау тапсырмаларында өлеңді құрылысына қарай талдап, сахналық көрініс көрсетті. Шыбын рөлінде Жанар мен Жарқынай, өгіз рөлінде Жандаулет образға кіріп, көріністі жақсы көрсетті.

 С тобы жинақтау, бағалау тапсырмаларында өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын жүйелеп түсіндірді. Фарида өлеңді өмірмен байланыстырып, мектеп өмірінен мысал келтірді. Сабаққа дайындықсыз келген кейбір оқушылар жақсы оқитын оқушының жұмысын көшіріп алып, өзі орындағандай мақтанып, баға алып, біреудің еңбегін пайдаланады деп мысал келтірді.

 Сабақты қорытындылау үшін «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісін қолдандым. Бұл тапсырмада оқушылар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтіріп, өлеңнен түйген ойларын ортаға салды. Мақтаншақ болмау, біреудің еңбегін жемеу, біреудің шылауында жүрмеу, т.б.

 Сабақта оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  формативті бағалауда топ бір-бірін және оқушылар өз-өздерін бағалады. Жиынтық бағаны смайликтерге критерий құру арқылы «өте жақсы»,  «жақсы», «орташа», «нашар» деп алып, жиынтық бағаны шығардым.

 Осылайша шығармашылық тапсырмаларды орындап, оны түсіндірулері арқылы  жаңа сабақ бекітілді. Cабақ барысында жеті модуль негізін қамтуға арналған тапсырмалар назардан тыс қалмай, кіріктіріліп, жымдасып кетті. Атап айтатын болсам, мысалы: «Оқытуды басқару және көшбасшылық» бағытында жұмбақ жасырып, тек қана сұрақтарға жауап бергізе отырып алынған жауап бойынша  оның сабаққа қатыстылығын сұрадым. Міне, осы және өзара сұрақ әзірлеуде де сол сияқты топтастыру, соңғы сөзді мен айтамын әдістері арқылы да көшбасшылық өзінен — өзі анықталып, ол оқушылар сабақтың бүкіл өн бойында белсенділікпен сабаққа қатысып отырды.  Көшбасшылық мұғалімнің сабақ өткізудегі енгізген өзгерістері. Олай болса, тәжірибеден өту кезеңінде мектепте өзгерістер болып жатса, ол мұғалім көшбасшылығының арқасы, ал сыныптағы топтар арасындағы белсенділік оқушы көшбасшылығының арқасы. Ал, «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» топқа бөлу және постермен жұмыс жасауда немесе өз пікірлері мен топты санастыра білуде, «Топтастыру стратегиясын» құрастыруда немесе т.б, шығармашылық жұмыстарынан көрінді. «Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникалық технологияларды (АКТ) пайдалану» сәті бүкіл сабақтың өн бойында интерактивті тақтаны пайдаланудан (слайд), берілген тапсырмаларды интернет желісін мақсатты пайдалану арқылы да көрініс тапты. Сонымен бірге «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі  оқушылардың алдыңғы топтық жұмыстар барысында және алғашқы сабақ сәтінде пайдаланылған, өздерінің көзқарасы, пікірі, ұсынысы негізінде белсенділікпен дайындалған «Бағалау критерийі» талабына сәйкес топ ішіндегі бағалаушылардың құрастырған бағалау бетшесінде, «Өзін -өзі бағалау» бетшесінде өздерінің бағалауымен жүзеге асырылды. Жалпы, тәжірибелік кезеңде көз жеткізген нәрсем  бұл әдістер мен тәсілдер арқылы сабақтың өн бойында оқушылар белсенділігінің өте жоғары болуы және оқушы мүмкіндігінің ашылуы еді. Сондықтанда, осы сабағымда да қолданған жоғарыда аталған модуль түрлерін негізге ала отырып, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» ретінде жоғарыда аталған сабақ барысында сабақтың ұйымдастырылуындағы жаңа сабақтың тақырыбын атамай, жұмбақ жасырып, оны  шешуден бастауымды және де шығармашылық тапсырмаларды өзгертіп, түрлендіре беруімді және бағалаудағы көптеген жаңа өзгерістерді «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі деп айтамын.

 Қазақ әдебиеті пәні бойыншаСұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» тақырыбындағы үшінші сабағымдасабақ тақырыбын анықтау мақсатында сергіту сәтін пайдалана отырып, диалогтік әдіс бойынша сұрақ қоя отырып ашуды, оқушыларды сергіту арқылы  бастауды жаңа сабақтың негізгі мақсаты ету арқылы «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді»  көздеуде де осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль негізінде «Қалай оқу керектігін үйрету» бағытын ұстандым. Жалпы, бұл модулдің барлық сабақ барысында кездесетіні және де өзге де модулдер қолдануда қайталанатынын байқадым.Сол сияқты осы қызығушылығын арттыру мақсатындағы топтастыру жұмыстары, мәліметтерлі түртіп алуы, топтық тапсырмаларды жұптаса, пікірлесе орындауы осы модуль талабын қамтиды. Әрине, әдеттегіше сабақты оқушылардың сабаққа қатысын тексере отырып, оқушылар үшін жағымды әсер ететін осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі әдіс деп сергіту сәтін жасатуды да айтамын. Өйткені, бұрын бұл сыныптарға бұлай сергіту сәті ұйымдастырылмайтын. Ары қарай сабақты үй тапсырмасын сұрай отырып, өтілген тақырыптар бойынша әр топтың қорытынды пікір айтуымен жалғастырдым. Бұл сәттерде АКТны пайдалану арқылы слайдтың көмегімен уақытты үнемдеуді де естен шығармадым. Және де жоғарыда айтылған модуль түрлері ретінде топқа бөліне отырып, топ мүшелерінің барлығын сабаққа қатыстыру мақсатында жұптаса жұмыс істеуді міндеттедім. Сол сияқты постермен жұмыс істеу, стикерге пікір, ұсыныс жазу, өзін бағалауы да осы модуль талабына сай жоспарланды. Бұл жұмыстарда оқушыларымның қызығушылығы мен белсенділігі өте жоғары болды. Немесе ары қарай сабақ үдерісіндегі Кубизм  әдісімен  тапсырмаларды  топтарға бөліп беруді де осы модуль негізі деп есептеймін.

 Баяндаушылар тобы  білу, түсіну тапсырмасы бойынша өлең мазмұнын айтып, 1 шумақты жатқа айтып берді. Топ бақылаушысы Жеткербаев Бақтығали өлеңді жылдам жаттап, өзінің жылдамдығын көрсетті.

 Зерттеушілер тобы осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Салыстыру Шумақ, тармақ, буын, ұйқасын табу, сөздік жұмыс, тәрбиелік мәні деген тапсырмаларды орындады. Топ көшбасшысы Фарида Ахмет Байтұрсынұлының Ақын ініме өлеңін Бір адамға өлеңімен салыстырып, ұқсастықтарын атап көрсетті. Екі өлеңде де заман көрінісі, атқамінер шонжарлардың ел қанаған іс-әрекеттері көрініс табатынын, екі өлең де ирониялық сарында жазылғанын түсіндірді. Өлеңде кездескен оқа, сылдырмақ, түйме, аяқ, нақақ сөздерінің мәнін ашты. Сөздікпен жұмыс жүргізді. Топ орындаушысы Жұлдыз өлеңнің тәрбиелік мәні зор екенін, бұл өлеңді оқу арқылы бірудің еңбегін жемеуді, құр мақтанға салынбауды, дүниеқоңыз болмауды үйренгендерін айтты.

 Сарапшылар тобы осы өлең арқылы Шорманның Сәдуақасына мінездеме беру, осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел табу тапсырмаларын  орындады. Шорманның Сәдуақасына мінездемені топтастыру арқылы қорғады. Мақал-мәтелдерді топ орындаушысы Нұртайтобымен Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.

Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды деген мақалдарды айтты.

 «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» алдыңғы сабақ үдерісіндегідей топтар бір-бірін бағалауы  және «Өзін-өзі бағалауы» сол сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіруде көрінді. Топтағы бағалаушылардың Бағалау парақшаларын жинап алып, өзім жиынтық бағалауды жасадым. Бұл сабағымның да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына  көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін ғана емес мұғалімге де зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын.

 «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» тақырыбындағы төртінші сабағымды оқушылардың шығармашылық қабілеттеріін шыңдау мақсатында «Ақынға арнау» тапсырмасын орындаттым. Бұл тапсырмада Фарида, Рахима, Қалымжан, Жұлдыз өздерінің ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.

 Жаңа сабақты қызығушылығын ояту негізінде миға шабуыл әдісін пайдаландым. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойдым.

-Шәкірт нені армандайды?

-Елдің жүрегі неге мұздаған?

-Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

Оқушылар бұл сұрақтарға ұтымды жауап берді. «Талантты және дарынды оқушыларды модулін» басшылыққа ала отырып, Фариданың ізденімпаз, ұшқыр ойлы оқушы екендігін танып ол оқушының талантты екенін аңғардым. Фарида астрономия ғылымы бойынша жұлдыз бен күнге сипаттама берді.

 Келесі тапсырмадаөлең құрылысына талдау жасаттым. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындап, өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізді.

 Топтастыру әдісін пайдаланып, өлеңдегі шәкірт ойын топтастырды. Оқушылар жылдамдық танытып, кезек-кезек шәкірт ойын жазып шықты. Ол шуағын шашып тұрған күн сәулесі бейнесінде шықты.

 Бұл жұмыстардың барлығында да оқушылар жеке де, жұптаса да жұмыс істеп, келісімге келе отырып, бір- біріне сұрақ қоя білді және Венн диаграммасына оқушылар кестені өз ойларымен шәкірт ойын жинақтап жазып, ұқсастықтары —  елін сүйетіндіктерінде, білімге құштарлық, еліне адал қызмет еткісі келетіндіктерінде екендігін жазды.

 «Менің арманым» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлесті. Бұл тапсырмада ой ұшқырлығын көрсеткен Фарида болды. Оған Жұлдыз неліктен әдебиет әлемін таңдағанын сұрағанда, Фариданың жауабы ұтымды шықты. Ол өзін жауһар жырлармен сусындайтынын, әдебиет –тәрбие мектебі, одан өмірге мол азық алатынын айтты. Жаңа сабақты бекітудегі проблемалық сұрақтарға жауап беруінде және де тапсырмаларды мазмұндауды, түйінін табуды сол сияқты диалогтік әңгіме мен өмір туралы көзқарасын білдіруін осы модуль әдісі деп бағалаймын. Ал, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі оқушының ынтасы мен «өзін  өзі бағалауы» және де қабілеті мен жігеріне сай жетістігін көрсететін кері байланыстағы білім, түсіну және дағдылары туралы  хабарлама айтуда көрініс тапты. Жалпы, барлық модуль түрлері бірі мен бірі тығыз байланыста қолданылатынын осы сабақ өткізу үшін орта мерзімді жоспарлауды құру мен қысқа мерзімді жоспарлауды жасақтауда анық көз жеткіздім. «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі әдеттегідей, бүкіл сабақтың өн бойында көрініс тауып, шәкірт ойын топтастырғанда да, шығармашылық жұмыс ақынға арнау шығарғанда да, өзінің арманын қағаз бетіне әдеби тілмен  шығарма жазуында сол сияқты өзіндік қорытынды айтуда анық байқалды. Бұл бағытта бұндай оқушыларға жеке жұмыс түрлерін ұсыну да тиімді нәтиже береді.

 

 Алдағы уақытта Бағдарлама идеясы маған ұнады. Оның тиімді жақтары басым, әрі қарай өз тәжірибемде жетілдіремін, сабағымның құрылымы мен құрылысы өзгереді және әріптестеріммен тәжірибемді бөлісемін деген ойдамын. Мен үшін бұл оқу нәтижесінде сабақтарымда көп өзгеріс болады. Оқушыларымның еркін сөйлеуіне және қателесуіне рұқсат беремін. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, оны өзінің іс тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені әр бала қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсатым деп санайды, сондай –ақ өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан әрбір мұғалім оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды да қабылдауға дайын болуы тиіс деп ойымды тұжырымдаймын.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҚұжатнамаТiзбектелген сабақтаp топтамасына Бағдарламаның бір модулі туралы рефлексивтік есеп.

Тарих5-6-7 сыныптарға арналған Яссауитану сабағының бағдарламасы

ҚұжатнамаТізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексивтік есеп

ҚұжатнамаАбайтану курсының бағдарламасы

Бағдарламалар​ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130118

Пікірлер (1)
Гүлмира # 7 қазан 2014 в 14:18 0
Жұмысыңызға табыс тілеймін

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар