Тiзбектелген сабақтаp топтамасына Бағдарламаның бір модулі туралы рефлексивтік есеп.

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Тiзбектелген сабақтаp топтамасына Бағдарламаның бір модулі туралы рефлексивтік есеп.

 

Тiзбектелген сабақтаpтоптамасына Бағдарламаның бір модулі яғни қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер үйрету модулі

Қазіргі заманның дамуы мұғалiмдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми зepттеу жұмыстарын жүргiзуді талап етуде. Жас ұрпаққа замaн талабына сай білім беріп, жан — жақты дамып білім алуына ықпал ететін мұғалім десем, бұл бағдарлама одан әрі қарай дамып, оқушыларыма осы жүйеде білім беретін болсам, оқушыларымның білім сапасы арта түсетiнін білдім. Бағдарлама мақсаты 7 модульдi сабаққа қалай пайдалану арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өз ойлаpын жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы жүйелі дамыған оқушыны қалыптастыру болып отыр. Сол себепті өз сабақтарыма 7 модуль кірістірдім. Мен өзімнің «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде осы жүйені пайдалану арқылы оқушыларды топқа бөліп, өткізген сабақтарым оқушыларыма ұнады. Әр өткізілген сабақ сайын сынып оқушылары топқа бөлініп, ауысып отырды. Мұғалім ең алдымен оқушыларға «iшкі уәж» деп аталатын қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау керек десем, сол кезде оқушылар өздері — өздерін ынталандырып, осыдан кейін оқушыларымда ұмтылыс пен қызығyшылық, құлшыныс, ынта пайда болaды. (Райан мен Деки (2009) «Нұсқаулық 34 — бет» Осыдан оқушыларымның сабаққа ынтасы мен қызығушылығының артқанын аңғардым.Бүгінгі таңда мұғалімдер тек сабақ беріп қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа деген ынтасын да бақылауда ұстауы қажет.Оқыту туралы көзқарасқа тоқталар болсам, бағдарламаның басым бөлігінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қаpамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздері қамтылған.

Бұл теоpия оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалiмнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білy жөнiнде нақты міндеттеме қойып отыр. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады. Пәнді сапалы оқытуда  Шульманның пікірінше, «үш iлімнiң» негізінде оқытy ұсынылады. (Шyльман, 2007) Осы үш iлімді: бас, қол, жүрeк  сабақ барысында осы үшеуін тоғыстырып отырдым. Бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келyiне қолдау көрсететін, aғымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?» «Қандай іс-әрекет жасап жатырмыз?», «Одан кейін не істеу керек?» деген сияқты оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдерi арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігі ескертіліп отырылды. Мұғалімнің міндеті — баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланyшы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырyшы, көшбасшы.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдiс-тәсілдерді қолдануға болады.

Бұл бағдарлама жaңа бyын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, тез арада дұрыс шешiмдер табуға, жағдаяттан шыға білуге, өмірлік көзқарастарын қалыптастыруға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, білімі көтеріліп, белгілі бір жетістіктерге жетері анық. Білімнің болашақта пайдаға асуын, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаpатты талдай, талқылай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді. Оқушылар  оқудың  қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, ізденіске баулитынын, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылғы аpтатындығын айтты. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Оқyшылардың шығармашылық қабілетін дамытy барысында келесі міндеттерді анықтадым.       Мазмұнға байланысты мiндеттер:  Жаңа сабақ тақырыбын аша алады. Мақсатын айқындай алады. Өлеңдегі жақсы – жаман қасиеттерді салыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады. Еркін жазу. Мұғалім оқушы ойын білу үшін сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, ненi әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Тапсырманы орындауға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарын  таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.Топтық жұмыс кезінде  жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, бір-бірімен пікірлеседі.

2. Оpтақ қоpытынды шығарады.

3.  Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.

4. Топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

5.  Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

6. Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру.

7. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

8. Өздері бірлесіп құрған ережеге бағыну.

 Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың  ойын дамытып, оларды еркін сөйлеуге, пікірін дәлелдеуге, жұмысын қорғауға үйретеді. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену — енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.  Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Кубизм әдісі — ұжымдық оқыту әдісі, сұрақтар стратегиясы.  Мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген ынтасы,  жауапкершілігі артады. Келесі кезекте ұжым мүшелері берілген тапсырманы орындаған соң, ортаға шығып жұмыстарын қорғайды. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға, шешім қабылдауға үйренеді. Кубизм әдісі мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, бірлесіп тапсырма орындайды, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа, құрмет көрсетуге үйренеді. Зерттеу барысында алынған сыныптарда сабақтарды жүргізгенде үнемі оқушыларды бақылаумен болдым. Бақылауда оқушылар нені білетіндігін және нені істей алатындығын, неден хабарсыз екенін түрлі жауаптарды  шешудегі мүмкіндіктерінен аңғардым. Бағыт-бағдар беру  мақсатында балаларға әр тарау, әр тақырып бойынша нұсқаулықтар қажет екенін біліп тақырыптар бойынша қажетті нұсқаулықтармен жұмыс жүргіздім. Сұрақтардың дұрыс қойылуы, оқушымен бірге критерийлерін талдау, сыныптасын және өзін — өзі бағалау кері байланысты қамтамасыз ету оқушылардың өзара іс әрекеттесу дағдыларын дамытуда шешуші рөл атқарады. Жаңа  стратегияларды қолдану білімді бағалау және пайдалану жүйесінде үнемі өзгеріп отыруды талап етеді. Білім алушы шәкірттер өзгереді, осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ғылым мен білімнің ықпалдасу үдерістері жаңа білім стратегияларын қолданудың арқасында оқушылар үшін одан сайын қол жетерлік дәрежеде болады. Сондықтан оқыту үрдісінде осы стратегияларды ойланып қолдану қажет. Технология мұғалімнің кәсіби шеберлігі ол белгілі мақсатқа сай, іс -әрекетке негізделген.  Осыған орай түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Проблемалық тапсырмаларды шешуде, балалардың әрбір сабақтағы іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас өте қажет. Пәндегі мәтінді түсініп оқуды үйретудің басты мақсаты — оқушыларды өз ойын жеткізе алуы, диалогтық қарым-қатынасқа түсе білу, өмірде білімін қолдана алу болып табылады. Әр сабақта оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы олардың логикалық ойларын дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, ойын еркін айта білуге үйретуге тырыстым. Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Өзімнің 7 «В» сыныбын әдебиеттен  «Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға» тақырыбын өткен кезде тапсырмаларды орындауда сұрақ-жауап, өлең құрылысына талдау, сұхбат құрастыруда оқушылар өз топтарымен кеңесіп, сурет-кесте түрінде, тірек- сызба, бір-біріне сұрақ қоюы балалардың нәтижеге жетуі үшін диалогтық қарым-қатынас жүзеге асырылды. Осы тақырыпқа қатысты «Баяндаушы», «Зерттеуші», «Сарапшы» сияқты топтарға бөлдім. Сабақтың тақырыбына байланысты мағынаны ашу үшін суреттер, сергіту сәтін дайындадым. Оқушылар топтарында өзара пікір таластырып, идеяларын ортаға салды және сұраққа тез жауап берген оқушы көшбасшы болды. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, пікірлерін келтірді, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс шешімді тауып келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып, күш-жігерін жұмсады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен оқытуға қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады. Барнс (1976) пен Мерсер (2000) айтқандай, оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болатын әңгіменің түрі десе, ол сабақта оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға да әсерін тигізетіні анықталды. Оқыту диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өз-ара байланыс пен шешімді қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалог пен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Шағын топта жұмысты жоспарлаған кезде күтілетін нәтижеге әсер ететін болғандықтан, оқушыларға түрлі деңгейлік түрлерін де ұсындым. Мысалы әр бала өз тобының атын айтады және немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді. «Баяндаушы» тобының мүшесі Нұрманова Жанардың постер қорғау сәті

 

  Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз-жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін  дамыта отырып, кездескен  қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам-жеке тұлға. Жасөспірім нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ,  еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек. «Зерттеуші» тобынан Есемуратова Фарида бұл өлеңнің шығу тарихы, мағынасы жайлы өте қызықты мәліметтер келтіре отырып өздерінің білім деңгейін көрсетті.

 «Зерттеуші» тобы  бірлесіп жұмыс жасауда.

 

 Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, бір — бірін тыңдауы және еркін сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеп, оларда ортақ проблема болды, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік, жинақталған мәлімет қалыптастырды, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Оқушылар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек. Оқушылар өз ойларын нақты, ашық, еркін білдіре алады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, тартыншақтап отыратын оқушылар да өз ойларын айтуға, пікір қосуға ұмтыла бастады.Мысалы, Жолдасбаев Ақылбек  деген оқушым бұрын сабақтарда дайындықсыз келетін, сабаққа қызығушылығы аз болатын. Ал топтық жұмыс кезінде Жолдасбаев Ақылбек өзінің жақсы сурет салатындығын көрсетті, тапсырмаларды орындау кезінде өз пікірін қосып отырғандығын, оның іс-әрекетінен ерекше бір құлшыныс байқадым. Әдетте, оқу барысында оқушылар өздерінде бар білімі мен біліктерін қолданбайды, мүмкін олар стратегяларды білмейтін немесе жоспарлай алмайтын шығар, ал міндеттерді шешпек болғанда, өздерінің алға ілгерілеуін қадағалай алмайды. Жүргізілген зерттеулер мұндай оқушылардың әдетте сабақты түсіндіруге ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі реттеуге және оқыту мониторингін жақсарту үшін метакогнитивті көмекке мұқтаж екенін көрсетеді. Өте қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі-қабілеті шамалы құрдастарымен салыстырғанда олардың метакогнитивтік хабардарлығының жоғары болуы. Олар өздерінің не білетінін және білмейтінін, нені біле алатынын және біле алмайтынын анық түсінеді. Шағын топтарда жұмысты жоспарлаған кезде күтілетін нәтижеге әсер ететін болғандықтан, оқушыларға түрлі деңгейлік тапсырмалар ұсындым. Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың  өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі — аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемеларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Тақырыпты түсіну үшін берілген тапсырмаларды  орындату арқылы оқушының ойлануына, бір-бірімен пікірлесуіне, тапсырманы бірлесіп орындап, топ болып жұмыс істеуіне мүмкіндік туғыздым. Соның арқасында топ мүшелері түгелдей іс-әрекет жасай алады, бос  отыру деген болмайды. Мағынаны анықтау  үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. Осы бағдарлама негізінде зерттеуде өзгеріс енгізуге бағытталған проблемамның тақырыбы: «Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту». Зерттеу барысында алынған тақырыпты ашу мақсатында істелінген жұмыстар оңайға соқпады. Себебі, оқуда берілген тапсырманы кеш түсінетін, эмоцияларын басқара алмайтын, өз жауабына сенімсіз, әлеуметтік тұрғыда басқалармен өзара араласа алмайтын оқушылар кездесті. Зерттеудің ауқымды уақытты алатынын сезіндім, бірақ аз да болса оң нәтижелерін бергенін күнделікті бақылауда байқадым.

 Және де  сабақ барысында ұйымдастырған сергіту сәтін де оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі деп есептеймін. Себебі, бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарымызда бұл әдіс ішінара ғана қолданылатын. Ал мен өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген тізбектелген сабақтар топтамамда балалардың ойын, бойын сергіту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырғанымда оқушылардың аса қызығушылық танытып, көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген құлшынысының артқанын байқадым. Және де сабақ барысында сергіту сәтінің ұйымдастырылуын асыға күтіп отыратынын аңдадым.

 Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігін былайша топтастырдым:

 1.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, бірлесіп жұмыс жасайды.

 2. Бір-бірінің пікірін тыңдайды.

 3. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, жауапкершілігі артады. Бір-біріне  құрметпен қарауға ұмтылады. 

4. Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін-бірі әділ бағалауға ұмтылады. Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.

5. Достарының ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.

6. Белсенді шығармашылықты ойлауға, ізденіске негіз қаланады.

 Алдағы уақытта Бағдарламаның 7 модулін басшылыққа ала отырып, сабақтарымды қызықты да шығармашылыққа толы, оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын, ынтасын арттыратындай, нәтижесінде сапалы білім, саналы тәрбие алып, еліне адал қызмет ететін шәкірт тәрбиелеп шығарамын деген сенімдемін.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҚұжатнамаТізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексивтік есеп

ҚұжатнамаАбайтану курсының бағдарламасы

Тарих5-6-7 сыныптарға арналған Яссауитану сабағының бағдарламасы

ҚұжатнамаОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Бағдарламалар​ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124413

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар