Шығармашылық есеп

19 сәуір 2015 - Жаннат Анесова

Мен, Анесова Жаннат Каруовна, 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығын алып шықтым.

Тоқмұхамедов Қ.Қ. атындағы жалпы білім беретін №14 орта мектепте 2013 жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келемін.

Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:

vөз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу;

vәдебиет, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;

vойын ажарлап ашуда оқушының тіл шеберлігіне мән беру;

vқосымша әдебиеттер оқып, өз білімімді күнделікті толықтыру;

v«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен оқушыларды үнемі шабыттандырып отыру;

vүй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.

vәдебиеттің теориялық мәселелерін қасаң ереже ретінде ұсынбай, жазушылық шеберлік мәселесімен ұштастыра, көркем шығарманың психологиясымен байланыстыра жүйелеп көрсете отырып, оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отыру.

Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың қазіргі технологияларын енгізе отырып өткіземін.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп болады.

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.

Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамын.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді. Осы орайда бірнеше ашық сабақтар өткізіп, әріптестеріммен тәжірибе алмастым.

2013/2015 оқу жылында мынадай ашық сабақтар өткіздім:

    1.29.03.2013 ж. Әдебиет пәнінен 5 «В» сыныбында «М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі»;

    2.04.02.2014 ж. Қазақ тілі пәнінен 5 «Б» сыныбында «Ашық және қысаң дауыстылар»;

    3.26.04.2014 ж. Әдебиет пәнінен 5 «Б» сыныбында « Ж.Нәжімеденовтың «Сен ақылды болсаң екен...» өлеңі»;

    4.02.12.2014 ж. Әдебиет пәнінен 7 «В» сыныбында «М.Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі»;

    5.31.01.2015 ж. Қазақ тілі пәнінен 6 «Б» сыныбында «Тұйық етістік».

Орта буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың ой-өрісі мен танымының дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдай отырып шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды.Өзімнің тәжірибемде 5-6-сыныптарда тірек сөздерді пайдалана отырып, өлең құрастыру, “Синквейн”,“Бір айналым сөйлеу” сияқты әдістерді және “Не артық?”, “Бәйге”,”Бақытты сәт” ойындарын жиі пайдаланамын. 5-6-сыныптарда өткен ашық сабақтарымда осы әдістер мен ойындарды тиімді пайдаландым.Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар мен бейнебаяндар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:

*біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;

*екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;

*үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

2013 жылдан бері «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырыппен жұмыс жасап келемін. Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – негізгі ұстанымым. Ондағы мақсатым – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға үйрету және ізденуге жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік беру.

2013-2015 жыл аралығында қалалық әдістемелік пән бірлестігі және мектептішілік әдістемелік пән бірлестігі отырыстарында бірнеше тақырыптық баяндамалар оқыдым және панорамалық сабақ көрсеттім:

    1.«М.Мақатаев. «Үш бақытым» өлеңі». Панорамалық сабақ, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі отырысында көрсетілді. 06.11.2013 ж.;

    2.«Оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту». Баяндама, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі отырысында оқылды. 31.01.2014ж.;

    3.«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін тиімді пайдалану». Баяндама, мектепішілік жас ұстаздар мектебінің отырысында оқылды. 15.10.2014 ж.;

    4.«Қазақ тілі сабағында үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері». Баяндама, мектептегі педагогикалық кеңесте оқылды. 01.11.2014 ж.

    5.«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушы тұлғасын дамыту». Баяндама, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігінің мектепішілік семинарында оқылды. 28.01.2015 ж.

Қойған мақсатыма жету үшін әріптестерімнің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасып отырамын. Сонымен қатар 2010 жылы Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Мектептің жоғарғы сатысында «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен оқыту әдістемесі» (36 сағат) бойынша білімімді көтердім. 2013 жылы «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысқанын растау куәлігін (86 сағат) алдым. 2014 жылы «Оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі бойынша тренингтік курсын бітіргенім туралы Ұлттық ақпараттандыру орталығының куәлігін (102 сағат) алып, өз білімімді жетілдірдім.

2013-2014 оқу жылында (Тіркелу нөмірі: 398.02.05.2014ж.) республикалық «WWW.gylym-bilim.kz» интернет ресурсында «Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» (Баяндама), «Ашық және қысаң дауыстылар» (Сабақ), «Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен...» өлеңі» (Сабақ) және «infourok.ru.» халықаралық интернет сайтында «Мұқағали Мақатаев», «Ашық және қысаң дауыстылар», «М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі» деген тақырыптағы сабақтарым жарияланды. Республикалық « 45 minut.kz.» ұстаздар интернет сайтында 2013 жылы «М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі» деген тақырыптағы сабағым жарияланды.

«infourok.ru.» халықаралық интернет сайтында жән Республикалық

«ADISKER.KZ» ұстаздар сайтында жеке парақшамда бірнеше сабақтарым мен баяндамаларым жарық көрді.

2012 жылдың 05-06 желтоқсан күндері Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ, ҮДЕРІСТЕРІНІҢ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Күрделі етістіктердің көркем шығармаларда берілуі» (Жазушы О.Бөкей шығармасы бойынша) атты ғылыми еңбегім оқылып, баспа бетінде жарық көрді. (ӘОЖ:821.512.А-66.143-145бет).

2013 жылы «М.Мақатаев. «Үш бақытым» өлеңі» деген сабағым республикалық педагогикалық жинаққа енді. (Алматы-2013, №26)

2010 жылы «Арыс» баспасы, Алматы қаласында басылып шыққан «Байқоңыр жырлайды» атты жыр жинағында бірнеше өлеңдерім жарық көрді.

2009 жылы Халықаралық «Дала» журналында «Гүлдей нәзік балалықпен тілдескен» тақырыбындағы өлеңдер топтамам және мектеп тақырыбындағы екі мақалам жарияланды.

2010-2015 оқу жылдары ішінде оқушыларды республика, қала көлемінде өткен жарыстарға дайындап, төмендегідей нәтижелерге жеттім.

Оқу жылы

Іс-шараның тақырыбы

Оқушының

аты-жөні

Сыныбы

Нәтижесі

2010-2011

Қалалық жас ақындар мүшәйрасы

Найзабек Зейнеп

7 «Д»

I орын

2012-2013

Қалалық «Абай оқулары»

Нурмагамбетова Д.

10 «Д»

II орын

«Забава» фестивалі

Нурмагамбетова Д.

10 «Д»

Диплом

«Забава» фестивалі

Жиеней Айдана

6 «Г»

I орын

Қалалық «Мақатаев оқулары»

Оразбаева Н.

9 «Б»

II орын

Қалалық «Абай оқулары»

Көмекбаева К.

5 «В»

I орын

«Забава» фестивалі

Сакибаева Ф.

5 «В»

III орын

2013-2014

Қалалық «Мақатаев оқулары»

Көмекбаева К.

6 «В»

II орын

Қалалық «Мақатаев оқулары»

Сакибаева Ф.

6 «В»

III орын

2014-2015

Қалалық «Мақатаев оқулары»

Көмекбаева К.

7 «В»

I орын

Қалалық «Мақатаев оқулары»

Баймуратова А.

6 «Б»

I орын

Қалалық “Миры поют, я голос в этом пенье...”

Куанышбекова Д.

6 «Б»

III орын

«Забава» фестивалі

Куанышбекова Д.

6 «Б»

III орын

2013-2014 оқу жылында Қазақстандық интернет олимпиадасына

7 оқушыны қатыстырып, Шукиралиев Данияр қазақ тілінен «үздік нәтижеге» жетті. Мектепішілік олимпиадада жүлделі орындар иеленген оқушылар туралы мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген.

Оқу жылы

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Нәтижесі

2013/2014

Акмырзаев Азамат

5 «Б»

I орын

Карабекова Дильназ

5 «Б»

II орын

Калышева Назерке

6 «В»

I орын

Сакибаева Фариза

6 «В»

II орын

Ізбасар Нұрислам

6 «В»

II орын

2014/2015

Акмырзаев Азамат

5 «Б»

I орын

Калышева Назерке

7 «В»

Iорын

2014-2015 оқу жылында Қазақстандық интернет олимпиадасына 10 оқушы қатыстырып, оның жетеуі «Үздік нәтиже» көрсетті.

6 «Б» сынып оқушысы А.Акмырзаев «III дәрежелі диплом» иеленді.

Республикалық «Мәртебе.кz» білім сайтының III дәрежелі дипломымен

6 «Б» сынып оқушысы А.Фарабиқызы марапатталды.

9 «В» сынып оқушысы А.Акимбаева Қалалық «Жастарды қолдау» орталығы ұйымдастырған «Дін және жастар» тақырыбындағы шығармалар байқауында II орын иеленді.

Мектептегі «Шабыт» драмалық үйірмесіне жетекшілік ету барысында оқушыларды сөз өнеріне, сөйлеу мәдениетіне, сахна шеберлігіне үйрете отырып, олардың дүниетанымының өсуіне және рухани дамуына ықпал жасап келемін.

2013/2014 оқу жылында қалалық және мектепішілік бірнеше сыныптан тыс жұмыстар өткіздім:

    1.«Тілім – терең қазығым, рухани азығым». Қалалық сыныптан тыс жұмыс, 22.09.2013 ж.;

    2.«Жастар саябағы». Қалалық сыныптан тыс жұмыстар байқауы, 20.12.2013 ж. Гран-При;

    3.«Жүрекке жүрек тіл қатар». Қалалық «Ең үздік жұп» байқауы, 15.04.2014 ж. I орын;

    4.«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр». Мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы, 04.02.2014 ж.;

    5.«Жырлайды жүрек». Мектепішілік әдеби-композициялық кеш, 10.02.2014 ж.;

    6.«Жасай бер, Ана тілім — қазақ тілі!». Мектепішілік әдеби-композициялық кеш, 22.09.2014 ж.

    2013 жылдың ақпан айнан бері 7 «В» сыныбының жетекшісімін. Сынып жетекшілік жұмысты атқару барысында — оқушыларды жеке-жеке зерттеу,

пән мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз байланыс жасау, бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау, мадақтау шараларын қолдану, көркем әдебиет оқуға үйрету секілді міндеттерді басшылыққа аламын. 2013 жылы «Сәуле шашқан жаныма күн нұрындай», 2014 жылы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткіздім.

Мектепішілік және қала көлемінде өтетін түрлі іс-шараларға сынып оқушылары белсене араласады. Оның дәлелі бірнеше байқауларда жүлделі орындарды жеңіп алдық.

Сыныптаң үздік оқушысы Сакибаева Фариза 2014/2015 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №1 қазақ-түрік лицейіне түсті. Қазір лицейдегі ең үздік ондықтың қатарында оқып жүргенін мақтанышпен айтуға болады. Сынып ата-аналарымен үнемі тығыз байланыс жасаймын және түрлі тақырыпта әңгімелер, тренингтер өткізіп, сауалнамалар алып отырамын.Оқушы, ата-ана және сынып жетекшісі арасында сенімді, сыйлы қарым-қатынас орнату – менің басты назарымда.

Қаладағы Ю.Гагарин атындағы №8 орта мектепте қызмет еткен 2005-2013 жылдары «Жас қалам» әдеби-шығармашылық үйірмесіне жетекшілік еттім. Үйірме жұмысын жүргізу барысында әдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыруды көздедім және осы байланыстың тәсілін табуды қарастырдым. «Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерлікке дейін тәрбиелейді» деген қағиданы үнемі ұстанып отырдым. «Тіл ұстарту жұмыстарын түрлендіру арқылы оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту және шығармашылыққа баулу» деген тақырыппен жұмыс жасадым. Үйірме жұмысының нәтижелері Халықаралық «Дала» журналында, Республикалық «Алтын Орда», «Ұлан», Аймақтық «Бәйтерек» газеттерінде жарық көрген оқушылар шығармаларымен және мектепішілік, қалалық түрлі байқауларда мадақталған оқушылар шығармаларымен дәлелденді.

Үйірме мүшелерінің ішінде бірнеше оқушы қазіргі уақытта журналистика, филолог мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Мысалы, М.Қараманова (ҚазҰУ) журналистика факультетінде, Д.Жұмабаев, Д.Нұрмағамбетова, Ә.Тілеубергеновалар филология факультеттерінде білім алуда.

Қазіргі таңда өзім сабақ беретін 6 «Б», 7 «В» сыныптарында оқитын А.Акмырзаев, А.Фарабикызы, Д.Куанышбекова, А.Баймуратова, Р.Еркінұлы, Н.Калышева, А.Бимурзаева, А.Абдраманова, А.Абимолдаев секілді оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танып, жеке жұмыстар жүргізіп жүрмін.

Шәкірт тәрбиелеуде жасаған еңбегім елеусіз қалған жоқ. Облыс, қала, мектеп тарапынан бірнеше мадақтауларға ие болдым.

*2013 жылы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігі «Байқоңыр» Филиалының Төрағасы С.Шағатаевтың мадақтамасымен;

*2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Р.Нұртаевтың мадақтамасымен;

*2013 жылы Қалалық Білім басқармасының мадақтамасымен (Гран-при);

*2014 жылы «Байқоңыр» кешеніндегі қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.П.Адасевтің мадақтамасымен;

*2014 жылы Қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының дипломымен (I орын);

*2014 жылы Қызылорда облыстық «Жастарды қолдау» орталығының дипломымен (I орын);

*2014 жылы Қызылорда облысы білім басқармасының басшысының мадақтамасымен;

*2014 жылы Қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының «Құрмет грамотасымен»;

*2015 жылы Қалалық Білім басқармасының арнаулы дипломымен;

*2013 жылы Тоқмұхамедов Қ.Қ.атындағы жалпы білім беретін №14 орта мектептің директорының мадақтамасымен;

*2014 жылы «Менің ең үздік сабағым» мектепішілік байқауда III орынды иеленіп, мектеп директорының мадақтамасымен марапатталдым.

Алдағы уақыттарда да оқушыларды тіл өнерін қадірлей білуге тәрбиелей отырып, сөз өнерінің эстетикалық табиғатын танытуды басшылыққа аламын. Әдебиеттің теориялық мәселелерін қасаң ереже ретінде ұсынбай, жазушылық шеберлік мәселесімен ұштастыра, көркем шығарманың психологиясымен байланыстыра жүйелеп көрсете отырып, оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда түрлі жұмыстарды, озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отырамын. Өз ойын нақты, көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей алатын рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы әдістемелік жұмысымды әрі қарай жетілдіріп, дамытып отырамын. Шығармашылық есебімді өзімнің өлең жолдарыммен аяқтаймын:

Жүздері жылы, сөздері нұрлы шуақты,

Жанының мөлдір сарқылмас берер қуаты.

Жасырын жатқан жұмбақтың тауып шешімін

Жағатын сөнбес жүрекке білім-шырақты.

Ұстазда бәрі – өсиет, үлгі- өнеге,

Ұстаздан алар алғашқы бағыт өнерге.

Ұстазда мейірім, аялы ыстық алақан

Ұстазда аппақ ананың асыл жүрегі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072345

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар