Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі

26 қараша 2014 - Ләйла Оңалбекқызы


     Мемлекеттiк тiл – тәуелсiздiк алған мемлекетiмiздiң қалыптасуына, дамуына негiзгi әсерiн тигiзетiн әлеуметтiк-лингивистикалық фактор. Қазақ тiлi, өзiнiң мемлекеттiк мәртебесiне сай, жоғары оқу орындарында бiлiм беру стандарты талабына байланысты, арнаулы пән ретiнде оқытылып отыр. Бұл жағдай оның мемлекеттiк мәртебесiн нығайтуда.


     Қазақ тiлi мемлекеттiк мәртебеге ие болып отырған қазiргi кезде үлкен жауапкершiлiк пен зор мiндет қазақ тiлiн  ақпараттық құралдар арқылы оқыту мұғалімдерге  жүктелiп отырғаны бәрiмiзге аян.


     Осындай жауапкершiлiк бiлiм беру iсiнде оқытушы тарапынан көп iзденiстi, қажырлы еңбектi талап етедi.
     Мектептегі қазақ тiлiн оқытудың негiзгi мiндетi – бұл ауызекi сөйлеу тiлi мен жазба тiлiн қалыптастыру, дамыту, сонымен қатар грамматикасын меңгерту болып табылады. Ал сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқушылардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруiне дайындық жасайды.


     Оқу үрдiсiнде дәстүрлi оқыту мен қоса дәстүрлi емес құралдармен оқыту да кейiнге кезде кең тарауда. Соның бiрiне тоқталатын болсақ, бұл электронды оқулықтың көмегiмен оқыту.


     Электронды оқулық дегенiмiз – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен  жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.


     Қазiргi кезде бiлiм беру мақсаты студенттерге барынша көп ақпарат беруде ғана емес, сонымен қатар оқушыларға  өз бетiнше пәндiк ақпараттарды өзi тауып қолдануға үйрету.


     Оның бәрi электронды оқулықтарда әр түрлi тапсырмалар, жаттығулар арқылы берiлiп отырады. Осындай жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда, оқушы  өз бетiнше алдыңғы өтiлген тақырыпқа оралуына, кейбiр сiлтемелерге, анықтамаларға оралып қайталауына мүмкiндiктер бар.


     Электронды оқулықтар оқушының  бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр  оқушыны мұғалімі тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы  үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға  қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.


     Сонымен қатар оқушы  грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың  тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.


     Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.


     Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.


     1. Осы мәтiндi оқушы  тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
     2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
     3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
     4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
     5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
     6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
     7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
     8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
     9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.
     10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
     11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
     12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.


     Электронды оқулықтар оқушылардың:


     — бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
     — ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
     — өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
     — ойларын дамытуға;
     — оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
     — тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
     — сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
     — өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
     Қорыта келе айтарымыз,  оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Әр оқушы электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар.




 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіШығармашылық ізденіс – білім сапасына жетудің жолы

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

БаяндамаДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

БаяндамаЖаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану.

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124408

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар