"Ана тілім-ардағым" тіл кеші

5 ақпан 2016 - Айгуль Турганова

«Сұраншы батыр ауылындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ана тілім-ардағым

 

(5-11 сыныптар аралығында өткен мектепішілік тіл кешінің сценарииі)

 

Дайындаған  Тұрғанова  А.Қ

 

 

                                 2015-2016  ОҚУ ЖЫЛЫ

 

Тіл  айлығына  арналған    «Ана тілім – ардағым»  қорытынды кешінің сценарииі

Кештің мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза, шұбарламай сөйлеуге үйрету,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Кештің  барысы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрғанова Айгүл Қапезқызы жүргізеді.

Жүргізуші:   Құрметті ұстаздар мен оқушылар,  міне, біз бүгін  «Қазақстан халқының  тілдері  күні» мерекесіне арналған мектепішілік айлықтың қорытынды кешіне жиналып отырмыз. Бұған дейін мектепте  22 қыркүйектен бастап жоспар бойынша әртүрлі іс-шаралар өтіп жатты.  Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Ана тілім-ардағым» тақырыбындағы іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, — дей келіп, бүгінгі  тіл  фестивалін бастауға рұхсат етіңіздер.
Мералы:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
Ләззат:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

Мералы:
Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі.  Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар- ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді».
Ләззат:
Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986-ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
9- сынып оқушысы  Кемелхан  Талғаттың орындауында Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры.
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Анатілдіңқасиетінайтабілгентүсінер,
Өзтіліндесөйлейдіөміркөргенкісілер.
Жойғанкүнітіліңді, жойыладықазақ та,
Жоябілгенадамдар-құлдыққа да түсірер.
Мансапүшінөзтілінқұрбанеткенадамдар,
Басқатілдіқастерлеп, анатілінжамандар.
Ондайжандарортаданаулақболсасолдұрыс.
Қазақемесшірігенжұмыртқадепсанаңдар!
Анатілінсатқандаропасыз-депбілемін,
Білгенжанғаөзтілің-қунышың, тірегің.
Қазақтіліқорболса, қорболғанымменің де.
Олжойылсамәңгіліктоқтапқаларжүрегім.
Керекемесбайлығын, керекемесалтының,
Меніңжалғызтілегім, тілінсақтахалқымның.
Анатілім бар жердесақталарынбілемін
Қазақүшінқасиеттіата-дәстүрсалтымның.
Анатілінтартқылап, салыпжүргенкөкпарға.
Ойлаңдаршықазағым, осы бізде бет бар ма?
Анатілін ту етіп, көтерқазақкөгіне.
Айқасқатүс, солүшінайтысболсашегінбе.
Анатілдісыйламай, өгей бала болмайық.
өзтіліңдесөйлемей, өзіңтуғанжеріңде.
Дария:
Білемізшаттық хабар қайданұшты,
Бәріендіөзімізгебайланысты.
Қаумалап, тіккөтеріпәкетейік,
Қанатынжаңағанажайғаністі!
Осы заңталаптарынансоң 22 қыркүйек – Қазақстанхалықтарыныңтілдерімерекесіболыпаталыпөтілуде. Қазірісқағаздарын тек мемлекеттіктілдежүргізетінмекемелеркөбейді, жоғарғыоқуорындарындағықазақтіліндеөтетінсабақтар саны бұрынғығақарағандакөпөсті. Мекеме, ұйымдарТілдердіқолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарғаарналғанбағдарламасыменжұмысістеді. 2011-2020 жылдарғаарналғанжаңабағдарламасышықты.
Алмабек:
Өткенғасырдыңөзінде француз ғалымыЖорри де Манси «Қазақтілітүркітілдеріішіндегіеңбір таза тілдердіңбірі» дептамсанған.Ал
орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.

Дария:
-Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
-Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын-ырғасы, желі-жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын, тіл байлығын көрсетеді.
 

Көрініс. «Үш би». 5 «Б» сынып оқушылары.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім… .
Атыңжақсыболса
Ер жігіттіңпырағы.
Балаңжақсыболса,
Жан мен тәнніңшырағы.

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би; Биіккешықсаң, көзіңашылады
Жақсыменжолдасболсаң, көңіліңашылады
Төле би: Сөзтанығышжастарғаайтар он түрліжұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңызұлыаға.
Төле би: Айтсам он түрліжұмбағыммынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не дегенжұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлыаға! Бұлжұмбағыңызды мен шешейін, рұқсатетіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаздауыстыҚазыбегім, рұқсат»

Қазыбек би: Бірдегеніңіз-бірлігікеткен ел жаман.
Екідегеніңіз-егесіпөткен ер жаман.
Үшдегеніңіз-үшбұтаққабөлінгенағайынжаман.
Төртдегеніңіз-төсектенбезгенжасжаман
Бес дегеніңіз-белсеніпшапқанжаужаман.
Алтыдегеніңіз-асқыныпкеткендертжаман
Жетідегеніңіз-жесірқалғанжасжаман.
Сегіздегеніңіз-серпілмегенқайғыжаман.

Тоғыздегеніңіз-торқалы той, топырақты
Өлімге бас көрсетпесе, солжаман.
Он дегеніңіз-оңалмаскәріліккедауаболмас-деген
сөзіңіз, ұлыаға!

Төле би: Рахмет, дәлтауыпшештің, ойы да, тілі де жүйріктұлпарымменің… .

Әйтеке би: Суалмайтынсуатжоқ.
Тартылмайтынбұлақжоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақытысыжеткенде
Құралмайтынқұрақжоқ… .
Тек жақсыданөлмейтінсөзқалады.

Төле би: Дұрысайтасың, Әйтеке. Ал, қаздауыстыҚазыбек би, мынаужиылғанхалайыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенімөссіндесең,
Кекшілболма-
Кесапатытиереліңе.
Елімөссіндесең,
Өршілболма-
Өшкеніңдіөшірерсің.
Басынаістүскенпақырға
Қастыққылма-
Қайғысыкөшербасыңа
Жанашырыжоқжарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын-қыстаукүндерде
Өзікелерқасыңа.
Бүгінсағысындыдеп,
Жақыныңдыбасынба.

Төле би: Сөзіңасыл, қаздауыстыҚазыбек!
Уа, халайық!
Көсірешабаржерің бар,
Тау көтергенерің бар!
Қолболарлықелің бар,
Атаданқалғансаражолың бар!
Сөзқадірінбіліңдер!
М. Шаханов «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы».                Оқитын   Тойбаев Дамир
Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз,
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап,
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?.. .
Мейлі он тіл,
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.
 

Құндыз:
Туған тіліңді қорғау-туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса-бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.
Мектебіміздің мақтаныштары ағылшын, орыс тілдерін жүйрік білетін жастарымызға сөз кезегін береміз.
Стихи. 6- сынып оқушылары.
Ағылшын тілінде  8- сынып оқушысы — Баян  Назым

Айбар:

Тіл сенің –  Ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің –Жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман, көк арайлы бағыстаның!

Тіл сенің –Өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің – Күнің, Ауаң,  Демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің, тапқыр сының.

Тіл сенің — Жігіттік, балалығың,

Өмірдегі адамдық даралығың.

Тіл сенің –Шағын жорғаң шын тайпалар,

Сайысса саңлақ сөзде ер байқалар!

Жүйрік тіл жүректерді тебірентпесе,

Шешен деп, шежіре деп кім айта алар?

Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,

Ел тағдырын шешіпті өткен бір кез.

Досқа – бал, Дұшпанға – у,Қайран тілдің,

Достарым, құдіретін осыдан сез!

Тіл сенің –Тірліктегі жан ләззатың!

Тілсенің-  Ар, Арманың, Махаббатың.

Адамдық бар қасиеттіл мен мида,

Ұғынсақ, сондамейір, шапағатың!

 

Абылай

Қазақ тілі

М.Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр — бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты кьірқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын анаестежоқ,
Батыр, хандар — асқанжандарұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың -
Жауызтағдыржойдыбәрін не бардың...
Алтын Күнненбағасызбірбелгібоп,
Нүрлыжұлдыз — бабам тілі, сен қалдың!

Жарықкөрмейжатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кеңтілім,
Таралғантүрікбалаларынбауырыңа
Аққолыңментартааларсын сен, тілім!

 

 

Айкүнім

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

«Тіл не үшін керек?»   (Сахналық көрініс)

Баубек: — Мен саған "осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.

Аманжол: — Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай "Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

Баубек: — Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

Назира: — Ой, айтқышбегім-ай. Кез -келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

.

Аманжол: — Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы  мына өлеңін оқып берейін:

                            Ана тілім – бала шағым өркенім,

                            Ана тілім – болашағым, ертеңім,

                            Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

                            Анатілім – арман, ойым, өрнегім.

 

                            Анатілдібілмесем,

                            Шат-шадыманкүлмес ем,

                            Жербетіндесайраңдап,

                            Қазақболыпжүрмес ем.

Баубек: — Кереметекен. Ал  ӘбділдаТәжібаеватамыздыңмынаөлеңі  естеріңдеме?

                            Туғантілім -  тірлігімніңайғағы,

                            Тілім барда айтыларсөзойдағы

                            Өссетілім – мен де біргеөсемін,

                            Өшсетілім – мен де біргеөшемін.

Назира: — Ақынапаларымыз да тілтуралытамашаөлеңдершығарған.

ТұрсынханӘбдірахмановадегенәріғалым, әріәнші, әріақынапамызбылайдепті:

                            Анатілім – бәрінсөйлершежірем,

                            Тілсізненібілдіреалам, не білем?!

                            Тілім барда ғанамынауғаламның

                            Кілтінтабарсаналысысезінем.

                            О, адамдар, қадірінежетіңдер,

                            Анатілің – анаң, сыйлапөтіңдер!

 

Аманжол: — Дұрыс-ақ, бірақкейдеөзініңанатілін  сыйламайтын, білгісі  келмейтіндер де  кездесіпқалады. Олартуралы не айтаредіңдер?

Назым: — Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

Ақжүніс: — Балалар, алысқа ұзамай-ақ  қояйық, біздің мектептің ұстаздары да «Ана тіліміз-ең үлкен байлығымыз, қалаға барып, тілдеріңді ұмытып, сән қуамыз деп шұбарлап кетпеңдер»- деп үнемі ескертіп отырады ғой.Ал Назипа апайдың тіл туралы өлеңдері бізге ғана емес, бүкіл Қазақ еліне танымал емес пе?

Жанерке: — Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.

Назым: — Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал  1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.

Баубек: — Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Назира: — Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер  мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

 

 

 Дана: "Үш бақытым” (М.Мақатаев)

           Ең бірінші бақытым – халқым менің,

         Соған берем ойымның алтын кенін.

         Ол бар болса, мен бармын, қорболмаймын.

         Қымбатырақалтыннаннарқымменің.

 

         Алекінші  бақытым – тілімменің,

         Жасжүректітілімментілімдедім.

         Кей-кейдедүниедентүңілсем де,

         Қасиеттітілімнентүңілмедім.

 

         Бақытым бар үшінші – Отандеген,

         Кіммықты? – десебіреу, — Отан дер ем.

         Отысөнгенжалғандажанбарсың ба?.

         Ойланбай-ақкел-дағы от ал менен.

 

Медет:"Төртана” (М.Шаханов)

 

  Тағдырыңдытамырсыздықіндетіненқалқала!

         Әрадамдаөзанасынанбасқа да,

         Демепжүрер, жебепжүрерарқада,

         Болу керекқұдіреттітөртана.

 

         Туғанжері – түпқазығы, айбыны,

         Туғантілі – сатылмайтынбайлығы.

         Туғандәстүр, салт-санасы, тірегі

         Қадамыңашуақшашарүнемі.

         Жәнетуғантарихы,

         Ескеалуғақаншама

Ауырәріқасіреттіболса да.

Құдіретжоқтөртанағатеңкелер.

Онсызсанаңқаңбаққаұқсапсенделер.

Өзгеананыңұлылығынтанымас,

Төртанасынменсінбегенпенделер.

 

Төртанадансенімтабаалмаған,

Тамырсыздық басы қайдақалмаған?!

Төртанасынсыйламағанхалықтың,

Ешқашанда  бақжұлдызыжанбаған.

Қасиеттібұлтөртана – тағдырымныңтынысы,

Төртанаүшінболғанкүрес – күрестердіңұлысы.

 

Толған"Тілімменің” (Қ.Мырзалиев)

Ұйықтасам, ана тілде күбірледім

 Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.

 Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,

 Бітпейді менің одан бұрын демім.

 

  Сырласпай адамдармен тұра алмаған, 

  Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.

  Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,

  «Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.

 

Мәңгілік дана сөзбенжасарадам,

Сүйектенөтетінтіл аса қатаң.

Бұлтілдежелмаям  жортыпкеліп,

Кемеңгер кеңес берген Асанатам.

   Осымен, тіл айлығына арналған кешіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084877

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 6 ақпан 2016 в 23:58 0
Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай"Өз тіліңді құрметте" дегендей тілімізді құрметтейік ағайын!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар