"Қаралы қағаз"

30 қыркүйек 2015 - Agziya gumaroba

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай орта мектебі

Ғұмарова Ағзия қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Қаралы қағаз

(Бір перделі мектеп сахнасына арналған көрініс)

(Сахнада бесік тербеткен ана.Ыңылдап өлең айтып отыр.Кемпір құбылаға қарап намаз оқып отыр.)

Бөпем, бөпем, бөпем –ай-ау,

Қай жерде сенің көкең-ай-ау

Кей- кейде біздің қазақта

Өтірік айтады екен-ай-ау.

Кебін киген өледі –ай-ау,

Кебенек киген келеді-ай-ау

Майданға көкең кеткенде

Осылай бәрі деп еді-ай-ау

(Екінші шумақты айтқан кезде келіннің дауысы жайлап, кемпірдің дауысы естіле бастайды)

Кемпір:-Иа, жаратқан Алла! Мына зарлап отырған қос мұңлықтың тілегін

қабыл ете көр! Құлынымды аман сақтай гөр!

(Кемпір жайнамазын жинап, орнынан тұра бергенде ауылсовет бастаған бір топ кісі сәлемдесіп кіріп келеді.)

Кемпір(халыққа қарап)Сақтай гөр, Алла! Жүрегім не қып қозғалып

кетті!? (Қолымен көкігегін басады)

(Кемпір аман-саулық сұрасып, келіні самаурын алып сыртқа шығып кетеді.Қонақтар төрге шығып отырып, жас жігіт төрдегі домбыраны алып, көңілсіз күй шертеді)

Кемпір: Шырағым, Құдияр, термелетсең қайтеді. Дауысыңды сағындық қой.

Құдияр:( Домбырасын қағып-қағып жіберіп, дауысын қырнап әндете жөнеледі)

О-о-о-й-й-й!

Кімдер түспес тағдырдың қармағына,

Құрғыр тілім байланып қалмады да.

Айтайын мен ақ жеңеше, асыл әже,

Қол жетпейтін күн болды ардағыңа…

(Кемпір шошынып, жалт қарайды.Келіннің қолындағы ыдыстары түсіп кетеді)

Құдияр: Шейіт болып кетті деп келді хабар,

Енді ағам жоқ деймін елді табар.

Сабыр тілеп құдайдан, шүкірлік қыл,

Ұрпағы бар артында белгі болар.

(Кемпір бетін жыртып, келіні шашын жайып жылайды. Кемпір екі бүйірін таянып жоқтау айтады)

Ойбай! Ойбай!

Құлыным кетті-ау бел асы-ы-ып,

Беліне белбеу жарасып.

Жарасқанын қайтейін,

Қалдым-ау одан адасып.

(Үлкендер басу айтады)

Ауылсовет:Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Мынау сұрқай заманда кім жетісіп отыр дейсің?! Сабыр, жеңеше, сабыр! Жазмыштан озмыш жоқ деген! Жалғызыңның артында тұяғы бар!

«Орнында бар, оңалар» деген.

Кемпір:Көріңде өкіргір сұм пәшес!

Анаң мендей зарласын,

Енді мұндай қайғыны

Басқа құдай салмасын

УҺ, уҺ! Жалғызым-м-м!

( Сол кезде бесіктегі бала «шар» етіп жылайды.)

Кемпір: Ойбай! Жалғызымнан қалған тұяғым.Сен бар екенсің ғой!

(Келін баласын бесіктен шешіп алады.Кемпір келіні мен немересін сыртынан құшақтап тұрып, жігерлене үн қатады)

Кемпір:Жалғыздан қалған тал шыбық көктер. Жапырағы жайылып өсер күн туар. Бұл тек біздің басымызға түскен зұлмат емес.Көтер басыңды!.. Зарлап қалған ана мен баланың соңы біз болайық! Жалғызымнан қалған тұяқ аман болсын, ендігі тілегім осының үстінде.

Шымылдық бірем-бірем жабыла береді.

Диктордың үні ( Музыка ойнап тұрады)

Қара шашы ерте ағарған Аналардың зарымен,

Қыршын кеткен Әкелердің, Ағалардың атымен,

Жесір қалған Жеңгелердің жоқтаумен,әнімен,

Жүректерін өксік езген Сәбилердің жанымен

Соғыс!

Саған қарғыс айтып біткен жоқпын әлі мен!

Қанішер жау, өр көкірек, қара ниет жауыз сен!

Отанымның қасиетті шекарасын бұздың сен!

Жер – Ананың кең маңдайын тіліп әжім салдың сен!

Үй- орманды қолмен өртеп, өмір гүлін үздің сен!

Сол күнәңді ұмытам ба?

Ұмытам ба, сірә, мен?

Ұмытпаймын! Ұмытпаймыз!

Ұмытпайды бұл әлем!

Шымылдық

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихҰстаз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148667

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар