"Қасиеттім,қастерлім-Тәуелсіздік! "поэзия кеші

15 шілде 2016 - Samal Zhumina

Жумина Самал Орынбасарқызы

Қаракөл жалпы орта білім беретін

мектеп-балабақшасының мұғалімі

Батыс Қазақстан облысыҚаратөбе ауданы

Ақтай-сай ауылы

 

Тақырыбы: Қасиеттім, қастерлім-Тәуелсіздік! /поэзия кеші/

Мақсаты:

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, Отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сөз өнерін қадірлеу, ақындар шығармашылығымен таныстыру, ақынжандылыққа тәрбиелеу.Білім алушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, поэзияның құдіретін сезіндіру.

Көрнекілігі:

Ел рәміздері, ақындар портреттері, түрлі фото суреттер, кітаптар көрмесі, бейне құралдар, шарлар., «Ана тілі»газеті.

Барысы:

Сәлемдесу

1-жүргізуші:

Армысыздар ,ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші:

Қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші:

Оқушылар!

2-жүргізуші: Жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 2-жүргізуші.Ақын-өз заманының ар-ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүреді.Біздің қазақ елі ұлы тұлғаларға, дарынды ақындарға кенде емес.Жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырып жүрген ақындарға сөз берейік! Оқушылар ақындардың жырларын мәнерлеп жатқа оқиды.Қалқаман Сарин « ТӘУЕЛСІЗДІК!»Еркіндігім.Қасиеттім.Қастерлім.Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің.Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік,қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алашАзаттығым! Қадірің де жоқ онда!…Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр сәті-Аманат қойМаған, СағанОған да! Саясатқа сермей алмай семсерді, Езгі күнге тері қылдым еңсемді! Желтоқсанда жалын атып жастығым,Құрсау болған темір қоғам теңселді! Есте даңқы қыршындардың қалды ма, Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!? Уа, еркіндік,Құның немен өлшеңді!? Уа, еркіндік!Құның немен өлшенді?! Сені көксепБоздақтарым өлсе өлді! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім, Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі!Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! М. Мақатаев «Отанды сүй»Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың, «басымды иемменен»Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,«Отан үшін өлемін, күйем» деген.Өлім деген ерліктің қорегі ме?Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не? Егер Отан сыңсыған орман болса, Жапырақ боп жармасқын терегіне.Самалы бол Отанның салқындаған, Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаңСемсері бол Отанның қынабындаСертке ұстап, селт етпей жалтылдағанШетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы далаШуақ болып шашылмай жылына ма? Сүй Отанды! Шыныңмен сүйіп өт те, Гүл боп қадал ойына, қырына да.«Жүз толғанып, күніне мың ойласам», Ақ басты алып анаммен шырайласам.Қалай оны сүйем деп айта аламын, Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?! Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем Ханбибі Есенқарақызы «Тәуелсіздік туралы»Сен де арманда едің-ау, мен де арманда, Сол арманға қол жетті, арман бар ма!Өзімізді – өзіміз таба алмастанАдасқанбыз, сан тарап ормандарда.Аспан түсті туымыз желбіреді, Шықты және теңгеміз-ел біледі.Әнұран да, Елтаңба – өзімдікі,Қара аспанды қай саяқ төндіреді?! Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік, Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?! Абай әнін ғарыштан қазақ айтып, Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді! Тәуелсіз ел қанатын жая алар ма ед, Бұратана бұтамды саялар ма ед? Тұрарлары тіріліп, СұлтанбектейАрдақтылар архивтен оянар ма ед?! Тарихтың белгілі енді алдамасы, Оңтүстік-достық, бірлік жолдамасыҮш жүздің басын бұрын қосқан болса, Тұранды қосты бүгін Ордабасы! Енді кімнің қаламыз жүлдесінен, Тандырмады таңданып кімді есінен?! Кең маңдайы жарқырап- НазарбаевСөйлеген жер жүзі мінбесінен!Қалмаханбет Мұқаметқали « Диалог»– Көңіл пердесін аштым ба түріп, Көкжиек көрінді нұрлы?..– Көгілдір аспанның астында тұрып, Көтердім көгілдір Туды!– Кезген бір тылсым Даланы мәңгі, Кие боп кеудеме енді ме?– Көгілдір туға оранып алды, Күн күліп сәулеленді де!– Керуен жолдан мың адасыпты, Көнерген жылдар аңсар боп…– Көзұшындағы Қыран да асықты, Көгілдір туға қонсам деп!– Көңіл пердесін аштым ба түріп, Көкжиек көрінді нұрлы?..– Көгілдір аспанның астында тұрып, Көтердім көгілдір Туды!(Көркем бір бейне кетер деп үнсіз, Көкіректе әуен үздікті...)– Көгілдір туды көтерген… кімсіз?– ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!! Алмат Исәділ «Қазақстаным!»Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның, Бойына жиған имани тазалық нәрін.Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның, Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –Қазақстаным! Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын, Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,Қариялардың ұрлаған даналық шамын, Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –Қазақстаным!Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын, Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның, Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып, Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным! Босатып тордан, зарыққан дала құстарын, Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.Соның үшін де қолыма қалам ұстадым…Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп, Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –Қазақстаным! Темірхан Медетбек « Тәуелсіздік туралы жыр»ОтаршылдықҚұлдықтың қамытынМойныма кигізіп, Тіземді бүктіріп, Басымды игізіп, Ми батпақСорға көмді.…Тәуелсіздігім –Бұлттардың өзіБір шеті менБір шетіне, Апталап зорға жететінАлып еліме, Шаршап-шалдығып, Зорға келді.Арса-арса боп, Борбай еті борша боп, Жеткен оныЕңіреп-егіліп, Күтіп алдық.Сындырмай, бүлдірмей, Семдірмей, сөктірмей,Құйылған шойындайТұп-тұтасБүтін алдық.Айым оңынан туды! Бір жағымаАлтын қанатты –Бақ қонып, Бір жағымнан, Күміс табақты –Құт келді.Кеше ғанаИілген басым, Бүгілген тіземТіктелді.Азаматтарым, Аспаннан жұлдыз қағып,ҚазанаттарымЖер тарпыпТебініп тұр.КөңілімСарыарқадай жайылып, КөкірегімАлатаудай керіліп тұр.Тәуелсіздігім! Енді сеніңШөл мен шөлейт,Қара тастарыңа дейінКөктесін! Арманды халқыңныңОйынан – суатБойынан – қуатМәңгілік кетпесін!Әумин! Орынбасар Самалықов(Желтоқсан көтерілісіне қатысушы) Жадымда қалған – Желтоқсан…Жуғанмен жылдар жылысы мұздағы қанды,Қыздарымыздың көзінде мұз қалды.Бойымды қарытып соғатын желтоқсан желі, Жүрегімді тағы бір сыздатып алды. Толқындар талай соғады жағаны ұрып, Кетпейді өткен оқиға таралып ұмыт.Бодауын үзбек ботадай бұлқынған сонда, Түсіме кейде кіреді жаралы жігіт. Өмірден мынау келемін аласымды алып, Түскенде сонау есіңе қаласың налып.Қыршын қыздардың көзімде елесі тұрар, Отырғандары баланың баласын бағып. Топ жарып шығар, ал бірі шаруасына нықҚызғанда аз-кем досымен дауласып анық.Жүретін еді-ау жігіттер болғанда есен, Жорғасын мініп, қолына қауғасын алып. Мұз тоңған қайта көздері ашылды бұлақ,Өкінішті күннің өкпесі басылды бірақ.Жаңа алаңдағы ескерткіш жадымды қозғап, Алдына келіп бас идім жасымды бұлап… Тас мүсін қашау, әрине ғасырға мұра, Бұл елдіктің құрметі асылдарына.Кептерлерге дән сеуіп шапқылап жүрген, Бақытты болсын балғындар, қасымда мына! Ықылас Олжайұлы «Алаш»Олар…Сонау қария ғасырдаКүмбезді көк етіп, Төсекті жер етіп жаратқан даланың, Көкпеңбек көліне шомылып, Көгілдір тауына сүйенген.Көмейі көріктей ат мінген ұлдарыКүлте жал күреңмен жер жүзін шарлаған.Құлжадай қыздарыТобықтай төгілген шаштарын, Семсердің жүзімен тарған.Алаштың оғылан ұлдарыОсындай тамырдан қан алып.Осындай құрсақта жаралған.Шаттығы шанақтан күй болып өрекпіп,Қайғысы қобыз боп мұң шаққан.Найзасы жасындай жарқылдап, Жаңбырдай сіркіреп жебесіЖауына тіл қатқанДұшпанын теп-тегіс жусатқан, Бабасы тәрізді, Даласы секілді аумаған.Арқаның жеріндей арқасы жап-жалпақ, Алтайдың шыңындай рухы тым асқақ, Арманы –Алатау құзындай талықсып көз ұшта, Ажалы –Керілген киіктей тым сұлу, тыс қысқаАлаштың аймандай ұлдары! Кеш түссе күңіреніпБоздайды бұл далаБоздақтар үнімен, Білмейді-ау осы үндіБозөкпе ұлдарың, Кіндігін кірлеткен, Желетек қыздарың, Білмейді-ау сол үшінСаулы інген секілді сай-сүйек сыздарын.Тәуелді рухтыТәңір де кешірмес, Кешірмес жер басып жүруді, Алланың әр күні «Азат» деп зарланар, Алаштың оғылан ұлдарыСол үшін мерт болып, Сол үшін шәһит боп өлді олар.Өлерміз ол рас,Қабірден жолданғанҚұдайдың хаты бар, Ол бізді шақырса, шындыққа шақырар.Атылған хаттар-айҚанаты тым ыстық, Кімдерге жетті екен нүкте боп?! Бес күндік бұл фәниБес құлаш матамен оралып, Тым алыс қашыққа жолданар,Өйткені біздегіӨмірдің мазмұны Өлімнің тілімен оқылар Олар…Алқымды сабадайАжалдың пырағын кісінетіп, Алласын көрмеккеАспанға аттанған ғайып боп, Бұл неткен қайсарлық!Өлсем ғой шіркін-ай, Осылар секілді шәйіт боп.Кеше…Кеңестік бодандықМенің күп-күрең қаныма суарып,Қып-қызыл ту ілгенКермек жасымдыКекете сімірген.Мен содан…Алаш боп үзіліпАзат боп қайтадан тірілгем, Тірілгем…Жусанның бұрқырап бүрінен… Құттыбек Аймахан «ЖЕЛТОҚСАН»Ашу-ыза, намысым боп, Буырқанған Желтоқсан! Азу тісті талайдың, Уы тамған Желтоқсан!Қарындастың көз жасы –Мұз боп қатқан Желтоқсан! Темір төсек жамбасқа, Сыз боп батқан Желтоқсан!Қазағымды «ұлтшыл» деп, Жалалы болған Желтоқсан!Ұл-қызының қанына, Табағы толған Желтоқсан! Темір торға жазықсыз,Қамалғансың Желтоқсан!«Нашақор» мен «бұзақы», Саналғансың Желтоқсан! Сапар шеккен Қайрат боп, Мәңгілікке Желтоқсан! Кең далада қалықтаған, Жаңғырық та сен Желтоқсан!Әлем саған елеңдеп,Құлақ тұрген Желтоқсан! Бодандықтың шекпенін, Лақтырған Желтоқсан! Ар-ұятым, абыройым,Қасиетім сен соққан.Ерік-жігер, күш-қуатым, Бәрі де сен – Желтоқсан!!! 1-жүргізуші.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қасиеттім, қастерлім-Тәуелсіздік! » атты поэзия кешін аяқтаймыз.2-жүргізуші. Жыр сүйер қауым, ақындарымыздың жүрегі «Мәңгілік Ел»тақырыбын талмай жырласын!

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (1991-2009 ЖЫЛДАР)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124454

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар