"Өгіз бен бақа"

17 қазан 2015 - Батима Түсіп

А.Байтұрсыновтың "Өгіз бен бақа" мысалы

(5-сынып, қазақ әдебиеті бойынша сабақ жоспары)

Сыныпта 15 оқушы болғандықтан 2 топқа бөлінді. Топтастыру стратегиясы тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалдасады.

Әдістемелік мақсатым: Блум таксономиясының негізінде өткізілген сабақ үдерісінің тиімділігін көрсете отырып, оқушылардың құзыреттілігінің артуына, әлеуметтенуіне, функционалды сауаттылығының негізделуіне ықпал ететіндігіне көз жеткізу.

Блум жүйесінің 1-сатысы – «Білу» сатысында оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдері жинақталады, қорытындыланады. Төмендегідей сұрақтардың негізінде:

    ·Ахмет Байтұрсынов жайлы не білесіз? (1-топ)

    ·Мысал деген не? (2-топ)

Оқушылар «Өгіз бен бақа» мысалын сахналық қойылым ретінде ұсынады. Бұл әдіс оқушылардың жұрт алдынды сөйлей білу дағдыларын, актерлық шеберліктерін қалыптастырады. Мұнда Өгізге ұқсаймын деп тыраштанған кішкентай Бақаның суды ішіп-ішіп, ақыры жарылып өлетіндігі жайлы айтылып, соңында «Әлін білмеген – әлек» деген ой түйіледі.

Міне, кішігірім көріністен кейін мысалдың идеясы ашылып, қай ертегінің идеясымен үндестігі сұралады. Сонымен қай ертегінің идеясымен үндес екен, құрметті әріптестер? Әрине, «Аяз би» ертегісі: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» Әдебиет теориясынан: «Ирония деген не?»-деген сұраққа жауап берісімен, бақаға мінездеме береді. (Сұрақтар кезек-кезек қойылып отырды).

1-топ:

Оқушылар интерактивті тақтадан Бақаға берілген мінездемелердің ішінен дұрысын таңдап қояды: өз әлін білмейді, қызғаншақ, мақтаншақ, көрсеқызар, бос кеуде т.б.

2-топ: «Біз кімбіз?» деген сұрақ қойылып, оқушылар СТО технологиясының элементі кластер арқылы: ел ертеңіміз, болашақ тірегіміз, жас ұланбыз, ұрпақ жалғасымыз деген жауаптарын ұсынады.

Аталған мақсатқа жету жолында кездесетін кедергілер де бар екендігін, атап айтқанда тәкаппарлық, өр көкіректік, бос кеудешілік сияқты мінездердің тосқауыл қоятындығын сөз етіп, бүгінгі сабақта осындай мінездер сыналатын А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысалы талданатындығын айтамын.

Осылайша, «Білуден» «Түсінуге» қадам басамыз. «Түсіну» сатысында оқушылар жаңа ақпарат қабылдайды. Үнтаспадан мысал мәтіні тыңдалып, оқушылар шығарманың идеясын ашады: тәкаппар, менмен болмау керек. «Аллегория» деген ұғыммен танысады.

«Қолдану» сатысында оқушылар функционалды сауаттылықтарының жүзеге асуына мүмкіндік алады. Яғни алған білімдерін қолдана алады. Олар «түсініктеме сөздігін» толтырады. Бұл кезеңде оқулықпен, дәптермен жұмыс әрекеттері жүзеге асады.

Мысалдағы нақыл сөз

Біздің ойымыз

Мағыналас мақал

«Тәкаппарлық – данышпанның ісі емес»

Тәкаппар болуға болмайды т.б.

Тәкаппарды Тәңірі сүймес

«Анализ» сатысында 2 топ та екі бөлек щығарманы талдайды:

Шығарманың әдеби жанры:_____________________________

Идеясы:______________________________________________

Образдар:____________________________________________

Әдеби теориялық ұғымдар:______________________________

Бұл тапсырма оқушыларға шығарманы әдеби тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. Яғни оқушылар ойларын жіктеуге дағдыланыды.

«Синтез» сатысында оқушылардың ойлары жинақталып, бір арнада тоғысып, шығарманың идесымен үндеседі. Олар бұл сатыда проблеманы шеше білу құзыреттіліктерін таныта алады. 2 топқа екі түрлі жағдаят ұсынылады.

    üДосың екеуің кітапханаға бардыңдар. Саған бір кітап қатты ұнады. бірақ сен ақша алмай шыққан едің. Досыңда екеуіңе де жететін ақша бар. Досың: «Сен үшін ақша төлей алмаймын»,- деді. Егер досыңның орнында СЕН болсаң қайтер едің?

    üКезінде өзің көмек көрсеткен досыңды көшеде көріп, амандастың. Ал ол сені танымаған кейіп көрсетті. Тағы келе жатып, жылыған баланы көрдің, жөн сұрап, көмектесіп жібердің. Баланы үйге әкелген соң, баланың ағасы саған амандасып, алғысын айтты. Ағасы сені көрген сайын сәлемдеседі. Амандаспаған досың туралы не айтар едің?

«Бағалау» сатысында шығарма бойынша оқушылар қорытынды ой түйеді. «Адамтану диаграммасы» негізінде нәтиже көрінеді:

Тән мен жанның саулығы бірдей болуы – кісі бойында өте сирек кездесетін байлық.

Татулық

Қарапайымдылық

Жомарттық

Тәкаппарлық

Менмендік

Астамшылық

Сараңдық

Парасаттылық

Рақымшылдық

Қанағатшылдық

Тойымсыздық

Бәлеқорлық

Ынсапсыздық

Адам Адам

Жанын жанын

аздырады жадыратады

Үйге тапсырма: «Тәкаппарлық данышпанның ісі емес...» (ойтолғау)

Мысалды жан-жақты талдау.

Фишкалар арқылы бағаланады.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103545

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 қазан 2015 в 00:43 0
Шығарманың идеясы мазмұны керемет қой,қазақтың асыл тұлғалары жас ұрпаққа өнеге қалдырған, өмірлік тәрбие.
Батима # 26 қазан 2015 в 12:14 0
Құрметті Базаргүл Алтынбекқызы! Ойыңызға құрметпен қараймын! Сізге шығармашылықтабыс тілеймін! Жас ұрпақтың санасына асыл тұлғалардың өмірлік өнегелерінің нәрімен сусындата беріңіз!!!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар