Әдебиет пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілікті қалыптастыру тапсырмаларын жобалау. Н.Серәлиевтің "Аңсау" әңгімесі бойынша /5-сынып/

9 қазан 2015 - Батима Түсіп

Шағын жоба

Тақырыбы: "Әдебиет пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілікті

қалыптастыру тапсырмаларын жобалау"

Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша (5-сынып)

Орындаған:

Кәкенова Іңкәр Мұғдариқызы

Қарқаралы ауданы №8 орта мектеп

Түсіп Батима Мақсұтқызы

Қарқаралы ауданы №17 орта мектеп

Мазмұны

1. Кіріспе____________________________________2-4-бет

2. Негізгі бөлім_______________________________5-7-бет

3.Қорытынды_______________________________8-бет

4. Глоссарий_________________________________9-бет

5. Пайдаланылған әдебиеттер_________________ 10-бет

1

Кіріспе

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдің қатарына ену жолында білім берудің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуда. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық құзыреттілікті дамытудың атқарар қызметі, қосар үлесі зор.

Бүгінгі заман талабына сай ХХІ ғасыр азаматын тәрбиелеу үшін құзыретті білім беру басты нысан болып табылады.

Ал білім берудегі қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі ерекше. Өйткені ананың ақ сүтімен бойға дарыған ана тілі — баланың жалпы дүниетанымын, ойлау қабілітін қалыптастыратын негізгі құрал екендігі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында нақты айтылған. Яғни тіл арқылы адамдық болмысың қалыптасады, ненің жақсы, ненің жаман екенін салмақтай аласың.

Олай болса бүгінгі өскелең ұрпаққа ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту, оны қарым-қатынас құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын оқушы дайындау — біздің міндетіміз. Осы міндетті дұрыс орындау үшін Құзыреттіліктер жиынтығын қолдана отырып, қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпта Н.Серәлиевтің "«Аңсау әңгімесі бойынша тапсырмалар жүйесін жобалайық.

»Әдебиет пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілікті қалыптастыру тапсырмаларын жобалау" тақырыбындағы жоба жұмысы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңын (2007 ж.), "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын", "Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасын", Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» Заңын, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасын» басшылыққа ала отырып жасалынды.

Жобаның өзектілігі:

Оқушының тұлғалық құзыреттілігін қалыптастырады. Көркем шығарма негізінде ақпараттар жинау арқылы проблемаларды анықтап, шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалайды.

Жобаның объектісі: оқушымен жұмыс.

Жобаның пәні: білім беру (сабақ)

2

Жобаның мақсаты:

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындауға және өзгенің пікірімен санаса білуге жағдай жасау және оқушының функционалдық сауаттылғын арттыру.

Жобаның міндеттері:

— мазмұндық жоспар құрып, әдеби талдау жасау;

— тапсырмалар арқылы құзыреттілікті қалыптастыру;

-әңгіме бойынша қосымша ақпараттар жинау;

— кейіпкерге мінездеме беру;

— шығармашылық жұмыстар орындау.

Жобаның идеясы:

Авторлық позицияны таныта отырып, оқушының тұлғалық қасиетін дамыту және шынайы өмірде пайдалана алуға мүмкіндік беру.

Жобаның болжамы:

Тапсырмалар арқылы өзіндік пікірлері қалыптасады, бір-біріне деген сыйласымдылықтары мен тілге деген құрмет артады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушы шығарманы талдай отырып, әдеби талдау жасауға, өз бетінше қажетті ақпаратты табуға, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді, құзыреттілік қасиеттерді игереді.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:

    ·проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);

    ·ақпараттық құзыреттілік;

    ·коммуникативтік құзыреттілік.

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:

    üәр түрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

    üөз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, жетістікке жету үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

3

üөзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;

üқойылған міндеттерге технологияларды таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық құзыреттілік:

    Øсыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

    Øөз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;

    Øөз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауға, АКТ-ның көмегімен жүзеге асыруға;

    Øлогикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

    Øқызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

    Коммуникативтік құзыреттілік:

    §нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

    §стиль және жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға, әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірлерін білдіруге;

    §қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуге, жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

    Олай болса, бүгінгі өскелең ұрпаққа ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту, оны қарым-қатынас құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын оқушы дайындауда құзыреттіліктер жиынтығын қолдана отырып, қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпта Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша тапсырмалар жүйесін жобалайық.

4

Кесте №1

Әңгімені жоспар бойынша талдау кестесі

Жоспардың бөлімдері

Негізгі оқиғалар

Кейіпкерлердің іс-әрекеті

1

Қалаға келген қария

2

Ермектің қартты үйіне алып келуі

3

Келіннің ықыласы

4

Қалымбет қарт пен бала Ермек

5

Ұйқы құшағындағы Ермек

Кесте №1

Концептуалды кесте

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге берілетін баға

Ермек

Қарт

Келін

Қорытынды

Елімізді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, басқа дамыған елдермен терезесін тең ететін қайнар көз — білім екені баршаға аян. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі — тек біліммен қаруланып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Осы орайда құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқыту өз нәтижесін беріп, оқушы бойында адами құндылықтарды қалыптастыра отырып, ойы ұшқыр, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Осындай құзырлы тұлғаны қалыптастыруда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сұріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы білім беру мақмұнын жаңарту стратегиясында бірден-бір білім берудегі жаңару негізі "құзыреттілік қарым-қатынас" деп аталады. Бұл — жалпы білім беру мазмұнын жаңарту негізіндегі оның басты мақсатының сапасы.

"Құзыреттілік" анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегінің нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын білдіреді.

Құзыреттілік қарым-қатынас өзіне қойылған талаптарға жан-жақты жауап береді. Біріншіден, құзыреттілік білімді құрайтын дағдыны және интеллектуалды өзіне біріктіреді. Бұны құрайтын білім қашан релеванттық, практикалық жағдайдағы қолданылуынан бөлінгенін хабарлағанда ғана дәстүрлі мектептерде жеке-жеке тәуелсіз түрде қалыптасады.

Екіншіден, құзыреттілік түсінігіне «нәтижеде қалыптасатын» білім мазмұнын түсіндірудің жаңа ойы енгізілген.

Үшіншіден, негізгі құзыреттілік мәдениет пен әрекеттің кең сферасына қатысты сәйкестендірілген білім мен дағдының жақындығы.

Ендеше, орта мектептің негізгі сатысында әдебиет пәнін оқытуда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды пайдалану нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір тиімді жолы.

Тәжірибеде кеңінен тараған әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен ерекшеленетін шағын шығармаларды талдаудың түрі — проблемалық талдау. Ол оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденісіне мол мүмкіндік ашады. Әрі "Үшөлшемді оқытудың" бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді. Оқытудың бұл әдісі көркем шығарма негізінде проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеудіталап етеді. Сұрақтың бұл түрі негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді қажет ететінмәселе, проблема болады. Проблемалық жағдаят, проблемалық сұрақтар сол көркем туынды мазмұнында жатқан, сол туынды көтерген проблемалар арқылы туындап, оны шешу жолында оқушының жан-жақты құзырлылығын талап етеді.

ГЛОССАРИЙ

Құзыреттілік — жеке сапа,әрекеттің жүзеге асырылу мүмкіндігі. Оқушылардың іс-әрекетін, әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Құзырет — қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды.

Тұлғаның әлеуметтенуі — адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуды қарастыратын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру процесі.

Педагогикалық жобалау — мұғалімдер мен оқушылардың болашақтағы әрекеті бөлшектерінің алдын ала өңделуі.

Танымдық потенциал — тұлғаны қалыптастыратын ақпараттың сапасы мен көлемі арқылы анықталады.

Мониторинг — ақпаратты сақтау және дамытуды түзету мен болжау, қадағалау, қорытындыны талдау, жинау жүйесі.

Диагностика — күнделікті жағдайды белгілеу, күнделікті деңгей мен мақсатты деңгейді салыстыру, екеуінің арасындағы кемшілікті жою.

Менеджмент — басқару әрекеті туралы ілім.

Жоба –проект, алға ұмтылу.

Технология-әдіс -тәсілдер жиынтығы, механизм.

Функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына жас ерекшелігіне қарамай ілесіп отыруы, адам жасына, мамандығына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.ҚР «Білім туралы» Заң, 2007 жыл;

2.ҚР «Тілдер туралы» Заңы, Алматы, 1997жыл;

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011 жыл;

4.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2010 жыл;

5.«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсының мануалы, Қарағанды, 2012 жыл;

6.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана – 2012 ж.

7.Жораева С. «Кіші жастағы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізгі деңгейлері», «Қазақстан жоғары мектебі», 2007 жыл №2;

8. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2013 жыл, №2. 18 – бет

Деңгей

Бөлім

Тақырып

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі

Ақпараттық құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар)

Коммуникативтік құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар)

Негізгі саты

5 — сынып

ХІХ – ХХ ғасыр әдебиеті

Н.Серәлиев

«Аңсау»

1.Проблеманы сәйкестендіру (анықтау)

Тапсырма:

— Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеп, басты оқиғалар мен кейіпкердің іс – әрекетін сәйкестендір.

(кесте № 1)

— Ермек пен қарттың жолығуына себеп болған сәйкестікті тап.

— Қазақ баласының орысша араластырып сөйлеуінің себебін анықтау.

— Немеренің ата мен әжені баурап алар қасиеттерін ашу, өз бойыңнан іздеу.

— Ермекті ата мейіріміне бөлеген Қалымбет қарт сені қандай әсерге бөледі?

1.Ақпараттық ізденісті жоспарлау

Тапсырма:

-Аңсау, сағыныш тақырыбына өлеңдер оқып, әндер шырқау.

2. Тіл туралы мақал – мәтелдер тауып жаз.

3. Қонақ күту жоралғылары туралы не білесің?

1. Жазбаша қарым – қатынас

Тапсырма:

1.Шығарманың авторлық позициясын таныта отырып, ондағы көтерілген мәселеге өз көзқарасыңды білдір.

2.»Өзіңді аңсап....» ойтолғау жазу.

3.Ауылдағы атасы мен әжесіне хат жазу.

2. Әрекетті жоспарлау және мақсат қою

Тапсырма:

— Өзіне ұнаған үзіндіні тауып, «Түсініктеме күнделігін» толтыру.

— Қарт пен Ермек арасындағы қарым – қатынасқа пікіріңді білдір.

— Күнде көріп жүргеннен таулардың биіктігі байқалмайды немесе күнде көріп жүрген адамдар арасында аңсау деген бола ма?» ойтолға.

3. Технологияларды қолдану

Тапсырма:

— Кейіпкерлердің бейнесі бойынша концептуалды кесте толтыр (кесте №2)

— Ауыл баласы мен қала баласының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын және ортақ белгілерін кестеге толтыр (кесте №3)

4. Ресурстарды жоспарлау

Тапсырма:

Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша әр топ төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1 – топ: Есік ашу, киіт беру, қыздың дүниесін беру салттары туралы мәліметтер жинау.

2 – топ: Әңгімедегі кейіпкерлердің портреттерін теріп жаз.

3 – топ: Әңгімедегі мата атауларын теріп жаз.

5.Қызметті бағалау

Тапсырма:

-Әр топтың дайындаған пікіріне басқа топтар өз пікірлерін білдіріп, нәтижені бағалайды.

2. Алғашқы ақпаратты бөліп алу

Тапсырма:

— Аңсау деген қандай сезім?

— Тіліміздегі «Шала қазақтар» сөзінің мәнін ашу.

— «Жақсы келсе, құт болар» әңгімелеу.

3. Қайта алынған ақпаратты бөліп алу

Тапсырма:

Ақпарат көзінен алынған мәліметтерді бір жүйеге келтіріп топтау.

— Қ.Әбілдақызының

«Жіберейік қыдыртып...» өлеңін оқығаннан кейін түйген ой.

— Қала баласының ана тілінде еркін сөйлейалмауының себептерін аш.

— «Келіні жақсының – керегесі алтын» ойтолға.

4. Ақпаратты өңдеу.

Тапсырма:

-Әңгімедегі «аңсаудың» астарында не жатыр деп ойлайсың?

— Қазақ келіндеріне тән қасиеттерді топтап жаз.

— Өзің қонақ болып барғандағы іс – әрекеттеріңе баға беріп көр.

5. Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану

Тапсырма:

-Танымайтын адамды үйіңе кіргізесің бе? (кіргіземін немесе кіргізбеймін) Пікірталас

ұйымдастыру

6.Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау.

2.Көпшілік алдында сөз сөйлеу

Тапсырма:

-Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі. (ойталқы)

— «Бұл кезде Ермек ұйқы құшағында жатқан» Сенің ойыңша оның түсі не болуы мүмкін?

-Бауырсақты дайындау тәсілі

3.Диалог

Тапсырма:

-Рөлдік ойын. (Қарт пен бала арасындағы диалог бойынша)

-Ермектің атасына деген сағынышын сөндірмеу үшін… не істер едің?

4. Өнімді топтық қарым – қатынас

Тапсырма:

— «Немере де тәтті – ау» сөзінің мағынасын аш.

— «Менің атам» ойтолғау немесе қарттың фотороботын жасау.

— Менің түсім» суретті кітапша жасау.

5. Әр топтың жұмысын қорытындылап, шешімдерін жинақтайды, пысықтау үшін сұрақтар қояды, өз идеялары мен өзге топ мүшелерінің идеяларын сәйкестендіреді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096918

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар