Билер сөзі-нақылдың көзі

11 ақпан 2015 - Гулмира Султанова
Билер сөзі-нақылдың көзі

Оңтүстүстік Қазақстан обылысы

Шардара ауданы

М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

қазақ тіл пән мұғалімі

Сұлтанова Гүлмира Мыңбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Билер сөзі-нақылдың көзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға казақтың шешендік өнері, би-шешендердің нақыл сөздері туралы білімді меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың көркем сөлей білу дағдылары мен тіл байлығын, дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарымыз бен төл әдебиетімізді, мәдениетімізді қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, ойын әдісі, хабарлау, сұрақ-жауап.

Сабақтын көрнекілігі: көркем эдебиеттер, көрнекі плакаттар, «Мәдениетім -мерейім».атты ұлттық бұрыш, суреттер, ойын материалдары.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері:кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.«Қайталау–білім анасы»

3.Жаңа білімді меңгерту.

4.Сергіту сәті 5.Шығармашылық тапсырмалар орындату кезеңі

6.Бекіту.

7.Қорытынды.

1.Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. «Оймақтай ой»-сабақтың эпиграфына назар аударту:

«Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген –

Халқын сүйіп жрытпас!» (А, Сарноғаев)

Өлеңді оқушыларға дауыстап оқыту, мазмұнын әгімелеу

2. «Қайталау –білім анасы»

Халық ауыз әдебиеті туралы білімді қайталау үшін «Мәдениетім -мерейім».атты ұлттық бұрыштағы бұйымдарды қолдану.

Қайталау сұрақтары:

— Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

— Халық ауыз әдебиетінің түрлері?

— Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?

— Жұмбақтар не үшін қажет?

— Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?

3.Жаңа сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттердің баламасын орыс, ағылшын тілдерінде атап отырып, оқушылар ашады.

Берілген ссуреттерге қатысты мақал-мәтелдер айтқызу.

Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі.

Мұғалім жаңа білімді хабарлайды

Шешендік өнер-Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени -рухани өмір –тіршілігіндегі өнердің бір түрі Шешендік өнер –ауыз әдебиетінің ерекше үлгісі.

Шешендік нақылдар мен толғаулар –ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті.

Қазақ шешендік өнерінің даму тарихы үш кезеңнен тұрады:

    1.XI-XIII ғасырлар аралығы ( Майқы би, Аяз би)

    2.XIV-XVI ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиренше шешен)

    3.XVIII-ғасыр ( Төле, Қазыбек, Әйтеке билер)

    4. Тақтадағы Көрнекі плакаттар мен жұмыс жүргізу. Би-шешендердің нақыл сөздеріне шолу жасап өту.

“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері — атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

4.Сергіту сәті

Аспанға қарап, күнді көрдік,

Жерге қарап, гүлді көрдік.

Оңға қарап, солға қарап,

Егеменді елді көрдік

5.Шығармашылық тапсырмалар орындату.

«Бабадан қалған асыл сөз» деген тақырыпта:

I-деңгей Мақал-мәтел айт;

II-деңгей Ойтолғау жазу;

III-деңгей Өлеңмен бинеле.

6.Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

-Шешендік өнер дегеніміз не?

— Шешендік сөз дегеніміз не?

-Қазақ шешендік өнерінің тарихы неше кезеңнен тұрады?

-Қазақ би-шешендері кімдер?

-Бұл өнер не үшін қажет?

— «7» санына қатысты ұғымдарды атап бер?

-Шешендік өнер туа бітті қасиет пе, әлде оны меңгеруге бола ма?

7.Қорытынды.

Үйге тапсырма: «Шешендік өнер» тақырыбына оқу, би-шешендер сөзін жаттау.

Оқушылар білімін естірте бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083497

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар