"Ер Төстік" ертегісінің композициясы

9 қазан 2015 - Батима Түсіп

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісінің композициясы

Сабақтың мақсаты: Ертегінің композициялық құрылымына талдау жасап, ертегіні қорытындылап, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Міндеттері:
1. Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2. Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, функционалдық сауаттылығын арттыру.
3. Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:

Сабақ түрі: Жалпылау және қорытындылау сабағы. Топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау.
Күтетін нәтижем: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алу, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу.
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Жалпылау және қорытындылау сабағының дидактикалық мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау. Бұл сабақта ең маңызды мәселелер – себеп-салдар байланыстары анықталады. Ең маңызды үдерістер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту.

<img width=«274» height=«97» src=«file:///C:UsersACFC~1AppDataLocalTempmsohtmlclip1clip_image002.jpg» alt=«resrt1» v:shapes=«Рисунок_x0020_1»>

Жаңа сабақ. Ертегінің композициялық құрылысына талдау

I. Топ болып бірігіп отыра мәтінге сюжеттік талдау жасайық. Алдымен, сюжет дегеніміз не екен?

Сюжет деп оқиғаның дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын айтады.

Сюжеттің белгілі бір құрылымы болады. Оны композиция дейміз.

І.Басталуы — Төстіктің өмірге келуі.
II. Байланысуы — Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.

ІІІ. Дамуы — Ағаларын табуы
I
V. Шиеленісуі- 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)

V. Шарықтау шегі — Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
VІ. Шешуі — Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы

Топпен жұмыс. І. Мәтінді талдау.

Сұрақтар

Мәтіндегі жауап

— Төстіктің қанша достары болады?

— Темір хан кімге қызын бермек болады?

— Төстіктің Шалқұйрыққа арнауында кімдердің аты аталады?

-Темір хан неше айла табады?

Жетеуі болып жүріп кетеді

Кеще хан (Бапы жылан)

Әкем, Кенжекей, Жылан Бапы

У салады, бйгеде сынамақ болады, алып балуан күресімен жеңбек болады, жаяу жүйріктердің жарысында мыстан кемпірді жібереді, ернеуін судың астынан алдырмақ болады, сарайға қамап, өртемек болады.

2. Ертегі кейіпкерлерінің өмірмен байланысы: 1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина
2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан Мұңайтпасов, Қазақстан барыстары /суреттері көрсетіледі/
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, Жадыра т. б. оқушылар атап өтті.
Саққұлақ
ненің бейнесі? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы –сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)

Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.

Бәйтерек басына самұрық құс жұмыртқа салады. Оны жылда айдаһар жеп кетеді. Осы аңыз негізіндегі Астана қаласының символы не?
3.Топтастыру стратегиясы Төстік, Кенжекей, Ерназар
— ақылды
қамқоршы ←Ер Төстік→ көпшіл
— адал
4. Ертегі құрылымы

Ертегінің тақырыбы

Көтерілген проблема:

Шығармадағы кейіпкерлер:

Шығарманың жанры:

Достық, адалдық


Достықтың тазалығы, ата-ананы құрметтеу


Төстік, баукеспе ұры, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Қырағы, Шалқұйрық, Темір хан, Бапы жылан

Ертегі

5.Кестені толтыр

Ұнамды кейіпкерлер

Ұнамсыз кейіпкерлер

6. Сөзжұмбақ шешу

Е

Р

Т

Ө

С

Т

І

К

1.Бапы хан Төстікті кімге жұмсайды?

2.Ертегідегі жағымсыз кейіпкер.

3.Төстікке көмекке келген жағымды кейіпкер.

4.Баласын Төстік абайсызда өлтірген кемпірдің кәсібі.

5.Ырымы жаман жер.

6.Кенжекей әкесінен не сұрайды?

7.Шойынқұдықтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері.

8.Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан.

7.Тест тапсырмасын орында.

1.«ЕрТөстік» қандай ертегіге жатады?

А) Жан-жануар ертегісі

В) шыншыл ертегісі

С) қиял-ғажайып ертегісі

Д) аңыз әңгіме

2. Ерназардың неше ұлы болады? Бір жылы не болады?

А) 7, Той болады

В) 8, жұт болады

С) 9, Айт болады

Д) 10, ашықтық болады

3. Шаңырақтың күлдіреуішінде нені көреді?

А) кер биенің төсін

В) кер биенің жауырын

С) кер биенің сүйегін

Д) ала биенің төсін

4. Төстік қандай құсты қуып жүргенде өрмекті үзіп кетеді?

А) торғайВ) қарлығашС) тотыД) тарғақ

5.Ерназар келіндерімен қандай жерге келіп тоқтайды.

А) Сарыөзек

В) Сорөзен

С) Бойқұдық

Д) Сорқұдық

6. Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді?

А) алтын асығын

В) алтын пышағын

С) сауытын

Д) егеуін

7. Шойынқұлақ кімнің баласы

А) Бекторы перінің

В) жалмауыз кемпірдің

С) Күңгенің

Д) Бапы ханның

Сабақты бекіту:
1. Ер Төстік және оның адал достары.

(Темірхан қайда көшіп кетті?
2. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды?
3. Еліктер қай жерде жүреді?
4. Ер Төстікке кім көмектесті?
5. Ер Төстіктің елге аман — есен жетуіне көмектескен кімдер?
6. Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал — мәтел білесіңдер?
7. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?
8. Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
9. Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегілерде ата — бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды
Үйге тапсырма. Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083470

Пікірлер (1)
Айгуль Турганова # 31 қаңтар 2016 в 20:04 0
Сабағыңыз өте ұнады. Рахмет.ҚАЛАЙ БАҒАЛАДЫҢЫЗ?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар