Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 2–сағаты.

19 мамыр 2015 - Agziya gumaroba
Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 2–сағаты.

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай орта мектебі

Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы

Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 2–сағаты.

Шығармаға композициялық талдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік

тәрбиелік

дамытушылық

Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, шығарманың мазмұны мен идеясын жазушы өмірімен байланыстыра отырып ашу;

Туған жер, Атамекенге деген сүйіспеншілік- терін оятып, патриот- тық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру;

Әдеби –теориялық талдау жасай отырып, сөйлеу, ойлау, талдау мәдениетін қалыптастыру;Әдеби-теориялық талдауға төселдіру;

Сабақтың көрнекілігі: фото суреттер, жылнама, слайдтар.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі:Әдеби-теориялық талдау, проблеммалық сұрақ, сұрақ- жауап, СТО, СКТТ.

Пән аралық байланыс: Тарих, музыка, геграфия.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Сатылай кешенді талдау

Авторы «Бір айналым » стратегиясы арқылы

жазушыға толықтай анықтама беру

Шығармашылығы жылнама жасау

Шығарманың тақырыбы Туған жерге, Атамекенге

деген Сағыныш

а) Үй тапсырмасы – «Атамекен»100 сөзден құралған

шағын шығармашылық жұмыс, жанрын өздері

таңдайды.

ә) Ассоциация

Үзілмейтін Үміт

Т.б.

«Қаздар қайтып барады» деген сөздің астарында қандай сезім бар? Шығарма неге бұлай аталған?

Олардың қайтып оралатынына дегенСенім

Сарғайған Сағыныш

ІІІ. Жаңа сабақ:

Шығармаға композициялық талдау жасау

Экспозициясы

Жетекші сұрақтар

Ықтимал жауаптар

Экспозицияда қандай тілдік көркемдік құралдар қолданылған? Олар қандай қызмет атқарып тұр?

Бұл шығармада экспозиция қандай қызмет атқарып тұр? Қандай бояу басым? Ол нені білдіреді? Қия жартасты жарып шыққан қарағайлар нені білдіреді? Шығарманың экспозициясы қандай әдіспен берілген?

Басталуы

Басты кейіпкер Байтас қартпен қалай танысамыз?

Байтас қартты осыншама өлермендікпен жетелеп келе жатқан қандай күш?


Шығарма жазғы жәрмеңкесі тарқаған қоңырқай күз мезгілін суреттеуден басталады.Жазушы қоңыр, сары түсті көп қолданады.Мысалы…

Күзгі өкпек желге шыдай алмай, өсімдік атаулы дір-дір қағады.Осы суреттер арқылы елге деген сағыныштан жаны тоналған Байтас қарттың ішкі жан дүниесін суреттейді. Табиғаттың түлей күшіне қайсарлықпен қарсы тұрған қарағайлар – Байтас қарттың әйтеуір елге бір жетемін деген үзілмейтін үміті, мәңгі солмайтын арман-мақсаты… т.б.

Тау іші. Иен жайлау.-атаулы сөйлем...

Сопыдай күбірлейді.нардың жалғыз өркешіндей, жараның орнындай-теңеулер… эпитеттер…

Суреттеу, авторлық баяндау, портреттеу, кейіпкердің ішкі толғаныстары арқылы Байтас қарттың образын былайша аша түседі…

(Кітаптан тауып оқу немесе баяндау әдісімен Байтас образын ашу )

Жолдағы кедергілер — алып шыққан сусынының таусылуы; сілесі қатып, табаны ойылып қалжырап шаршауы; бір жағынан ұйқының қысуы т.т.

Жолда қандай қиындықтарға тап болды?


Дамуы

Шиеленісуі

Қасқырмен аңдысуы қалай суреттеледі?

Алладан тілеген ақырғы тілегі қандай?

Туған жерге жетсем деген ой қандай оқиғалардан кейін келді?

Қасқырмен аңдысуын — баяндау әдісі арқылы сұрау

Алладан тілеген ақырғы тілегін әңгімелей отырып, Байтас қарттың осы жолға шығу себебін анықтау.

Проблемалық сұрақ: Ата мен немере арасындағы диалог не үшін алынған?

Диалогты сұрай отырып, негізгі авторлық идея осы шағын эпизотта жатқанын ұқтыру.

Шарықтау шегі

Шекара бағандарының тұсына келген кездегі қарттың іс-әрекеті, сезім күйі?

Әңгімеде ұлттық менталитетімізге тән қандай белгілер бар?


Қарттың жан дүниесіндегі болып жатқан сезімдерді өз жүректерімен сезіне отырыпәңгімелеу

    ·Үлкенге тән тәубашылдық.

    ·Ата-бабаның аруағын сыйлау, құран бағыштау.

    ·Туған жер топырағынан тұмар тағу, топырақ тартады деген наным-сенім

    ·Өлгенде де туған жердің топырағы бұйырсын деген тілек.

    ·Атамекен, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік т.б.

Шешімі

Қазақтардың шекара асып елден кету себебін тарихи деректерге сүйене отырып, мұғалімнің көмегімен толықтыра әңгімелеу.

Байтас қарттың соңғы тілегінен не ұқтық? «Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа...» дейді. Неге олай деді?

Шығарманың шешімі не деп ойлайсыңдар?

    A.Байтас қарттың арман -тілегінің орындалуы

    B.Совет шекарашыларының қырағылығы.

    C.Туған жердің топырағын алған жеріне кері әкеліп төгуі.

Пікіртласы, дәлелдеулер

ІҮ. Сабақты қорыту

Қытайда өмір сүруі;

Туған жерді аңсауы;

Атамекеніне деген сүйіспеншілік… т.т.

ҚабдешЖұмаділов Байтас қарт

??

Ү. Проблемалық сұрақ.

Байтас қарт, Қабдеш Жұмәділов, Қаздар арасында қандай байланыс бар?

-Әрине, АТАМЕКЕН. Олай болса, біз де сабағымызды «Атамекенмен» аяқтайық. (Өлеңнің бір шумағын айту)

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: «Қазақстаным — Ғажапстаным» Шығармашылықтапсырма

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141922

Пікірлер (4)
Қуанышбекова Нағима # 25 тамыз 2015 в 20:05 0
Құрметті әріптес Қ.Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады"әңгімесін талдағанда оқушы мен мұғалім арасындағы жазушыға деген ризалық толғаныс ерекше болды деп айта аламын. Сіздің де сабақ жоспарыңыз арқылы ізденгіш ұстаздығыңызды таныдым. Рахмет.
Ағзия # 10 қазан 2015 в 00:23 0
Жылы лебізіңізге рахмет!
Батима Түсіп # 9 қазан 2015 в 12:08 0
Құрметті әріптес, Сабақ жоспарын жасағанда тақырыпқа бір сөйлемнен тұратын бір мақсат қой, сабақтың міндеті үшеу болады деп талап етеді. Сіздің бұған көзқарасыңыз қандай?
Алдын ала рақмет!
Ағзия # 10 қазан 2015 в 00:30 0
Жаңа форматта оқытуда солай етіп жүрміз гой, дегенмен тәрбиелік, дамытушылық, білімділік мақсаты жұмыс барысында назардан тыс қалмауы тиіс деп ойлаймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар