І. Жансүгіров Күйші поэмасы

27 қаңтар 2015 - Замзагүл Тұрғанқызы

№7 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Ауезова Зәмзәгүл Тұрғанқызы

Күні: 05.04.2014.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың

«Күйші» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту.

Сабақтың міндеттері: білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық – шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты, оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік — өнер құдіретін сезінуге, халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: саз өнері.

Қолданылатын технология: СТО (жеке, жұппен, топпен, ортаға салу)

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.2 мин.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ өнерінің асыл қасиеттері туралы толғап жырлаған, қазақ өлеңінің Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың «Күйші»поэмасын талдап, түсініп, саралаймыз.Сабақта үш топ жұмыс жасайды.

1-топ "Құрманғазы", 2-топ «Дәулеткерей», 3-топ «Дина»

ІІ. Үй жұмысын сұрау(сұрақ-жауап) 5 мин.

-Әдебиетте Ілияс Жансүгіровті кім деп танимыз?

— Ілиястың табиғат жырлары бойынша лирик ақын екенін дәлелдеңдер.

-Ілиястың ән, музика өнерін аса жырлаған туындыларын атаңдар?

ІІІ.Жаңа сабақ. 25 мин

«Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді.

1. „Миға шабуыл“ кезеңі

Құрманғазының күйін тыңдап, күйден алған әсерлерін ортаға салып, ойларын бөлісу. (әр топқа ойға түркі сұрақтар беріледі.)

1-топ.Күйден алған әсерлерің қандай? Күй әуенінің түрлерін атаңдар?

2-топ. Күй құдіретін қалай түсінесіңдер? Күй туралы қандай аңыздарды

білесіздер?

3-топ.Қазақ халқының қандай атақты күйшілері бар? Күйді қандай аспаптармен ойнайды?

ІІ.Мағынаны тану кезеңі „Түртіп алу“ стратегиясы

Ілиястың»Күйші" поэмасының тақырыбы қазақтың асыл бір өнері- күй құдіретін танытуға арналған.Қорқыт бабамыздан мұра боп келе жатқан күй-халқымыздың рухани биік өнері.Қазақтың Молқы,Құрманғазы, Тәттімбет,

Сүгір сияқтыаттары алты алашқа мәлім, он саусағынан өнері тамған күйшілері болған. Күйші" поэмасында Ілияс сондай бір күйшіні бар өнер тәңірісімен күй арқауына енгізген.

1-тапсырма.

1-топқа берілетін тапсырма.Поэманы жоспар бойынша мазмұндау.

Бөлім аты

Жоспар

Мазмұны (үлгі)

1.

«Күй құдіреті»

1.Ақ орда – хан үйі

2. Күй үні

3.Ордадағы күйші

Кене ордасында күйші күймен көпшілікті ұйытады.

Ханның өзі де намазға ұйығандай тыңдайды

2.

«Қыз қалауы»

1.Абылай ұрпағы – Хан Кене

2.Қарашаштың бұйымы

3.Қыз тұтқыны

Хан тағында көркі жайнап, есіл дерті күй болып ұйып отырғанда сол кезде ханның немере қарындасы Қарашаш ханша күйшіні басы бүтін беруін сұрайды.Хан күйшіні қарындасына сыйға береді

3.

«Көңіл толқыны»

1.Қарашаштың сәулетті отауы

2.Ғашықтық оты

3.Көңіл толқыны

Қарашашқа тұтқын құл болдым деп есеңгіреген күйші,қыз отауының сән-салтанатын көргенде есін жиып, көңілін сергітеді.

4.

«Қыз сезімі»

1.Сезімге алынған тежеу

2.Көңілдегі арпалыс

Күйші мен қыздың ішкі ойлары тартысады.Тартысты

Сезімге қанша бой алдырса да өздерінің шыққан тектерін ұмытпайды.

5.

«Ерулік»

1.Қонақта

2.Сауықты кеш

Дулаттың аулы хан Кенені ерулікке шақырады.

6.

«Күйші»

1.Сезім тұтқынында

2.Оқыс жайт

3.Есінен танған күйші

4.Қыз ашуы

5.Күйшінің жалалы болуы

6.Қыздың ара түсуі

7.Кінәлінің табылуы

8.Ашулы бұйрық

Күй әсеріне жігіт пен қыз қатар арбалады.біреу келіп ханшаны оятпақ болады.біреулер күйшіден көрмек болады.Күйші де осы істі жасаған өзім шығар деп ойланады.Қыз Әлімқұлдың Сапағы екенін айтады.

7.

«Оқыс жиын»

1.Төбе басына жиылған халық

2.Әлімқұл ауылына хабаршыны аттандыру

Әлімқұл аулына келген хабаршы

8.

«Хабаршы»

1.Қарашаш сәлемі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Әлімқұл бұл істің байыбына бара алмай қатты қиналады.

9.

«Сапақтың жазаға тартылуы»

1.Билер шешімі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Сапаққа құлдың киімін кигізіп, күйе жағып, ауылды үш айналдырады.

10.

«Қызға ұмтылған сезім жоқ»

Күйші сезімінің өзгеруі

Кешегі сұлу қыз алдында тұрған қорқауға айналады.

11.

«Азат күйі»

1.Күйдегі өзгеріс

2.Қыз шешімі

3.Бостандық

Күйдегі әуеннің өзгеруі арқылы Қарашаш күйші сезімінің өзгергенін сезеді.Ат мінгізіп бостандық береді.

2-топқа берілетін тапсырма.

«СКТ» жүргізу.
«Күйші» поэмасы
1. Авторы –
Ілияс Жансүгіров
2. Тақырыбы –
Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
3. Жанр түрі – поэма
4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру.
5. Шумақ саны –
6. Тармақ саны –
7. Буын саны –
8. Ұйқас түрі –
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы:
Қарашаштың хан Кенеден күйшіні сұрап алуы
9. 2. Сюжеттік байланыс:
Күй құдіретінен өрбіген сезім
9. 3. Шиеленісуі:
Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады
9. 4. Шарықтау шегі:
Сапақты жазаға тарту
9. 5. Шешімі:
Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі

Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі
10. Шығарма кейіпкерлері: Кенесары хан,Қарашаш, Күйші Сапақ,Әлімқұл.
11. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу –
Эпитет –

Градация-Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып,

сығып, сарқып т.б.
12. Күй аттары:
«Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат».

13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні- Қазақ халқының тоқсан тарау, мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету.Өнерді сүю, бағалау.

3-топқа берілетін тапсырма.

Ақынның Қарашаш портретін түрліше жасауына баға бер.

Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз,

Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.

… Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін.

Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.

Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр,

Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр.

Жыландай жиырылған кесерткі қыз…

Күйшінің Қарашаш портретін деген сезімнің суреттелуі

Күйші сезімінің оянған сәті

Сезімнің өшкен сәті

Қызыл алтай

Жалмауыз

Кер марал

Айдаһар

Ақ қоян

Қанішер

Боз байтал

Жауыз торай

Ақша нар

Әзірейіл

2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша поэма кейіпкелерінің психологиялық жан күйзелістерін ролге еніп сомдау.

1-топ.Күйші жігіттің асқан өнеріне, келісті келбетіне елтіген ханшаның ішкі сезімін қалай суреттеген.

2-топ.Дастанда он саусағынан өнер тамған күйші жігіттің өнерін қалай суреттеген.

3-Күйшінің мүшкіл халін поэманың қай тұсынан аңғардыңдар?

ІІІ кезең Ой қорыту 10 мин.

30. Суреттегі кім?

30. Кімнің суреті?

30.Кімнің суреті және бұл кісі туралы не білесіз?

40.Күй аты, кімнің күйі?

40.Күй аты, кімнің күйі?

40. Күй аты, кімнің күйі?

50. Күйлердің қазіргі және бұрынғы кезеңдегі орындалу ерекшеліктері қандай?

50.Қазіргі жастар күй өнерін қалай тыңдайды және бағалайды.

50.Қазіргі кезде қазақ күйлері қандай жерлерде тартылады? Сабақтың соңынМ.Мақатаевтың әдемі бір өлең шумағымен аяқтағым келеді. Бабаларым, рақмет сендерге,
Балаларым болмасын деп көр кеуде.
Домбыраңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып келгенде – деп Мұқағали ақынымыз айтқандай ән мен күй көңілдің ажары демекші, Жансая, Мадина, Алтынның орындауында жақсы күй тыңдайық.

Білім бағалау. (әр топтағы оқушылардың білімін топта сайланған бағалаушы оқушы бағалап отырады )3 мин.

Кері байланыс парағы

Менің бүгінгі сабаққа дейінгі білетінім

Менің бүгінгі сабақта білгенім

Менің білгім келетіні

Үйге: «Күй құдіреті» эссе жазу.

«Күйші» өлімді, зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын, романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма» Рымғали Нұрғали.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084887

Пікірлер (1)
Венера # 7 сәуір 2015 в 19:16 0
Бул сабак жоспары маган катты унады отиниш устаздар осындай кереметтей сабақ жоспарын осы сайытка салуларыңызды отинем оте керемет осыны жазып жиберген апки-ге коптен-коп рахмет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар