Әкетайым!

10 қараша 2014 - Нургиза Кульджина

                Әкетайым..!                            

Көкірегімде  әрқашан бір ой жүрді,

Осы өмірде әкем менің не көрді?!

Көргені тек мал қора мен қой бағу.

Қыста қатып, жазда күйіп жүргені.

 

Әкетайым шыдамдысың сен неткен?!

Шыдамдылықты сенсің маған үйреткен.

Шыдай берші, жүре берші қасымда.

Сен арқылы тас қамалды күйретем...

 

Ішіңде қанша ой-мұң  жатыр екен,

Бір күні буырқанып  атылар ма екен,

Жаныңды қинайтыны қандай  сұрақ?

Табарма екем сол сұрағыңа бір жауап.

 

Жаныңды қиналтатын сұрақтарға,

Ішіп келдің шайтанның уын сұрап.

Өзіңді іштей жейсің және налып,

Бойыңның қайрат күші тағы құлап.

 

Күрсініп айтатын сөзің бүгін тағы:

«Қызым-ау, шаршап кеттім, жанымның солып бағы»

Аш қасқырлар күнелтпей талап жатыр,

Алдымдағы айдаған бес қойымды .

 

Әкетайым...

Мен гүл болсам сенсің менің тамырым,

Әйтеуір ұзақ болсыншы ғұмырың.

Асқар тауым мұқалмай биіктей бер,

Мен сен үшін әрқашан мақтанамын. 

                                                        

Еркінқызы Назерке

 

Семей қаласы, №13 орта мектебі, 9 «А» сынып оқушысы

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніАта-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148638

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 15 шілде 2015 в 20:27 0
Асқар таудай барша әкелер аман болсын!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар