6 орыс сыныбындағы қазақ тілінен "Жұмбақтар" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

23 мамыр 2015 - Gulzira Sadybekova

    <img width=«124» height=«100» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.png» v:shapes=«Рисунок_x0020_3»>

Садыбекова Гулзира Аманбековна

Семей қаласы

«№29 ЖОББМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

    Сабақтың тақырыбы

Жұмбақтар

    Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға ауыз әдебиетінің түрлері, оның ішінде жұмбақ туралы түсінік беру.

Оқушыларды тапқырлыққа, байқампаздыққа баули отырып ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.

Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

    Күтілетін нәтижелер

Оқушыларда жұмбақтар, оның пайда болу жолдары мен ерекшеліктері жайында ұғымдары қалыптасады.

Ауызекі сөйлеу дағдыларымен қатар тапқырлық, байқампаздық сынды дағдылары бекиді.

Қазақ халқының дүниетанымы, даналығы, ұлттық ерекшелігі негізінде тәрбиеленеді.

    Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлау модулінің Топтастыру, Ой қозғау, Постер құру стратегиялары негізінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге баулу.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеу.

Диалогтық оқытуды басшылыққа ала отырып оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділіктерін арттыру.

    Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс — әрекеті

    2 мин.

«Қайырлы күн» тренингін жүргізеді;

Топтық жұмысты ұйымдастырады.

1-топ, 2-топ, 3-топ

Бір-біріне жақсы тілектер жолдайды;

Топпен жұмыс істеу шарттары танысады.

    1 мин.

Топтық жұмысты бағалау критерийлері таратылады.

Топ жетекшісі мен топ мүшелерінің міндеттері айқындалады.

    7 мин.

Ой тастау арқылы өткен тақырып бекітіледі:

«Мақал – мәтелдер — халық даналығы» тақырыбы бойынша постер құру тапсырылады.

Әр топ мақал – мәтелдерге байланысты бойынша постер құрады. Оны бірлесе отырып қорғайды, Галерея құрады, саяхат жасалады, бағаланады.

    8 мин.

Жұмбақтар — фольклордың ең ескі түріне жатады. Жұмбақтар адам ойының ұшқырлығын танытатын жанр. Жұмбақ барлық елдің әдебиетіне тән. Ертеде адамдардың ақыл-ойы деңгейін жұмбақпен сынайтын болған. Жұмбақта белгісіз зат белгілі затқа салыстырыла суреттеледі.

/Слайд көмегімен сабақтың мақсаты мен мазмұны ашылады/.

Слайд түрінде құрастырылған жаңа сабақтың мазмұнымен танысады.

Тіл дамыту:

— Сұрақ-жауап жұмысы;

— Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып дағдыланады.

Дәптермен жұмыс:

-18-беттегі 1-5 жұмбақтарды көшіріп жазады, мағынасын ашып, шешуін табады.

Сөздік жұмысы: тіршілік -быт, жизнь, байқау -наблюдать, тапқырлық — находчивость, жүйрік — быстрый, ой жүйріктігі — умение быстро думать, көркем — художественный, шиыр – шиыр — извилистый, дене — тело.

    4 мин.

Сергіту сәті

Оқушылар сергіту сәтінде музыкалық сүйемелдеумен жаттығулар жасайды.

    10 мин.

Сабақты бекіту.

1.СТО технологиясының «Топтастыру» стратегиясы ұсынылады.

2.Әр топ «Жұмбақтар» тақырыбы бойынша презентация құрастыру ұсынылады.

<img width=«20» height=«42» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.png» v:shapes=«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_7»>Оқушылар «Топтастыру» стратегиясы арқылы Жұмбақтар тақырыбының мағынасын толық ашады.

<img width=«193» height=«76» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.png» v:shapes=«Овал_x0020_4 Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_5 Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_8 Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_9 Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_12»>
<img width=«25» height=«15» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.png» v:shapes=«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_11»>
<img width=«12» height=«26» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.png» v:shapes=«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_10»>

Оқушылар «Жұмбақтар» тақырыбына презентация құрайды, қорғайды.

    5 мин.

Рефлексия.

Кері байланыс сұрақтары

Тақырыпты түсіндің бе?

Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Топтық жұмыс жүргізуге қалай қарайсың?

Келесі сабақ қалай өтсе деп ойлайсың?

Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

Оқушылар жауаптарын жапырақша стикерлерге жазып, білім бәйтерегіне жапсырады.

    5 мин.

Сабақты бағалау. Топ жетекшісінің топтық жұмыс барысын бағалауы негізінде сараптау, баға қою.

Топ жетекшісі бағалайды.

Топ мүшелерінің жұмысын бағалау картасында бейнелейді.

    3 мин.

Үй тапсырмасын беру.

20-бет, 6,7-тапсырмалар

Балалар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Семей қаласындағы

«№29 ЖОББМ» КММ-інің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Садыбекова Гүлзира Аманбековнаның

6 «А» сыныбында әдебиет пәнін оқыту барысында

«Жұмбақтар» тақырыбы бойынша өткізілген сабағының

рефлексивтік есебі

Қазіргі заман талабына сай білім беруді жүзеге асыруда өткізілетін әрбір сабақ мұғалімнен іркілмейтін ізденісті, шабытты шығармашылықты, уақыт пен біліктілікті қажет ететіні сөзсіз.

Ал осы сабақтың маңызды аспектісі ретінде оқушының тақырып мазмұнын өз бетімен меңгеруі, түсінуі, сабақтағы өз іскерліктерін бағалай алу дағдылары басшылыққа алынды. «Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты. Сапалы оқыту оқушылардың қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады» деген Нұсқаулық мазмұнындағы түсініктер мен Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атап өткен қасиеттерге сүйеніп, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын мазмұнды сабақ өткізуге күш салдым.

Оқу бағдарламасына сай 6 «А» сыныбында әдебиет пәнінен екінші тоқсанда өткен сабақтың тақырыбы «Жұмбақтар». Сабақтың мақсаты оқушыларға халық ауыз әдебиеті, оның түрлері, оның ішінде жұмбақтар туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру, байқампаздық пен тапқырлыққа баулу, жас ұрпақ бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық сынды қасиеттерді қалыптастыру болатын. Осы орайда сыни тұрғыдан ойлау дағдылары мен көшбасшылық қабілеттерін арттыруды басты бағыт ретінде ұстандым.

    Сабақ құрылымына білім берудің инновациялық тәсілдерін енгізудегі түйінді идеялар ретінде сыни тұрғыдан ойлау модулінің Топтастыру, Ой қозғау, Постер құру стратегиялары негізінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге баулу, ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеу, диалогтық оқытуды басшылыққа ала отырып оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділіктерін арттыру басшылыққа алынған.

    Сабақтың басында оқушылардың ынтымақтастық ортада жұмыс істеуін қамтамасыз ететін психологиялық жағымды жағдай туғызу мақсатында «Қайырлы күн» тренгингі ұйымдастырылды. Оқушылар өз сыныптастарына ізгі тілектерін айтып, амандасып шықты. Аталған тілектердің мәні сұрақ – жауап арқылы ашылып, тәрбиелік шаралар да жүргізілді.

    Өткен сабақты бекіту мақсатында «Мақал – мәтелдер – халық даналығы» тақырыбына постер құру, оны қорғау, галереяға саяхат жасау ұсынылды. Мерсер мен Фишер /1993/ «ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты» деп қарағанындай және «оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру, оқушы тапсырманы өз орындауға мүмкіндік беретін көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай туғызу» деген Wells /1999/ ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың өзіндік іс – әрекеттерін жүзеге асыруларына жағдай туғыздым.

    <img width=«180» height=«188» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_2»>

    Оқушылар «Мақал – мәтелдер – халық даналығы» тақырыбын мазмұндап, түйінді ойларын ортаға салғаннан кейін, орындаған постерлерінен галерея құрып, саяхат жасалды. Галереяға саяхат жасау барысын бақылай отырып, оқушыларды өзгелердің ұсыныстары мен идеялары қызықтыратындығын, өзге топтардың озық жұмыстарына оң баға беріп, тиімді тұстарын сараптап, қабылдай алатындықтарын байқадым.

<img width=«308» height=«216» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image010.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_1»>

Топтық жұмыстарын қорғаған Айна, Руслан, Алема, Кристиналар тапсырмаларын өте жоғары дәрежеде қорғап, білім – білік дағдыларының беріктігін дәлелдеді. Ал үшінші топта жұмыс істеген Даниил ол үшін тапсырманы орындау қиындық тудырғанын, тек топ мүшелерінің көмегімен нәтижеге жеткендігін ортаға салды.

Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыруға, ынтымақтастық қарым – қатынастарын арттыруларына жағдай жасап, сергітетін музыкалық дене жаттығулары балалардың қызығушылықтарын тудырады.

<img width=«297» height=«266» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image012.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_6»>

Ой тастауға бағытталған жаңа тақырыптың мақсаты мен мазмұнын ашатын «Жұмбақтар» тақырыбы бойынша құрылған презентация интерактивті тақтада оқушылардың назарына ұсынылды. Оқушылар жаңа тақырыппен оқулық арқылы танысып шықты, тапсырмаларды орындады, сөздік жұмысы жүргізілді. Топ жетекшісі бағалау парағында топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырды.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар СТО – ның Топтастыру тәсілімен жұмбақтардың тақырыбы мен ерекшеліктерін жан – жақты ашып, жоба қорғады. Осы тапсырманы қорғау кезіндегі оқушылар пікірінің әртүрлілігінен олардың сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасып, өз ойларын жүйелей алатындықтары анық байқалды. Дарья жұмбақтардың шешуін табу жолдарын, құрылымын сипаттап айтса, Кристина жұмбақтардың құрылысы өлең жолдарына ұқсайтыны, көлемі шағын болатынын атап айтты. Сабақтаң осы кезеңінде АКТ-ны пайдалану, оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқытудағы басқару мен көшбасшылық модульдері кіріктіріліп тұр.

<img width=«290» height=«218» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image014.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_13»>

Сабақты бекіту кезеңіндегі шығармашылық жұмыс орындалды. Ол топ болып «Жұмбақтар» тақырыбына презентация құрастыру болатын.Топ мүшелері бұл тапсырманы ноутбуктарда орындады.

Нұсқаулықта «АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр» деп атап көрсеткендей сабақта АКТ – ны пайдалану оқушылардың ақпараттық аясын кеңейтіп, зерттеушілік, шығармашылық бағытта нәтижелі жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.

<img width=«309» height=«249» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image016.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_14»>

    Сабақтың қорытындылануы, рефлексия кері байланыстүрінде төмендегідей сұрақтарға жауап түрінде жүзеге асырылды.

    Тақырыпты түсіндің бе?

    Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

    Топтық жұмыс жүргізуге қалай қарайсың?

    Келесі сабақ қалай өтсе деп ойлайсың?

Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

Оқушылар жауаптарын жапырақша стикерлерге жазып, білім бәйтерегіне жапсырды.

<img width=«312» height=«234» src=«file:///C:/Users/123/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image018.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_15»>

Сабақ құрылымындағы маңызды кезең – бағалау. «Мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына баса назар аударылғаны жөн. Мұғалім бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, бұл оқушылардың өзінің оқуын жақсатуы үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуіне жетелейді» деп Нұсқаулықта көрсетілгендей оқушы өз білімінің деңгейін біліп, оны дамытуға күш салуы үшін бағалай білуінің маңызы зор. Сабақтағы балалардың білім – білік дағдылары мен белсенділігін бағалау бағалау парақтарына топ жетекшісінің қойған бағалары негізінде жиынтық баға шығарылып қойылды.

Оқушыларға үй тапсырмасын бере отырып, оны орындау жолдары мен мүмкіндіктері де талданды.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаҚ.О.Бітібаева шығармашылығының жаңашылдығы мен өзектілігі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103531

Пікірлер (1)
Эльмира # 28 қазан 2015 в 12:35 0
Сабағыңыз өте жақсы құрылыпты.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар