7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ

7 «в» сыныбына арналған әдебиет  пәнінен қысқа мерзімді жоспары

2-апта

5-күн 

2-сабақ

Сабақтың атауы

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сілтеме

Оқулық. Ахмет Байтұрсынұлы  шығармалары;

Слайдтан тапсырма көздері;

Жалпы мақсаттар

сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, мысал өлеңнің мағынасын түсіну;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;  сахналау барысында әртістік қабілетін бақылау.

Оқыту  нәтижесі

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;

өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;

 өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.

Негізгі идеялар

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Тапсырмалар  

1-тапсырма.Үй жұмысын тексеру.

“Ақын ініме”өлеңін талдау.

Ирониялық екпін түсетін  етістіктерді болымсыз түрге айналдыру.

   Ақын өмірі мен шығармашылығын түсіндіру (10 мин)

2-тапсырма. Ой шақыру

Мысал дегеніміз не? Топтастыру

(3мин)

 

Сергіту сәті (2мин)

3-тапсырма. Кубизм әдісі.

І топ. Білу, түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді.Және мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.

ІІ топ. Қолдану, талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді.

ІІІ топ. Жинақтау, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді. (20мин)

4-тапсырма.  “Соңғы сөзді мен айтамын...”(5мин)

Кейінгі тапсырмалар

«Екі шыбын» өлеңін жаттау

    

 

                         

Мұғалім жазбалары

 

Сынып оқушыларымен амандасып,ұйымдастырғаннан кейін оқушыларды жолдама қағаздар арқылы А, В, С деген топқа бөлдім. Топқа бөлу кезінде оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Үй жұмысын тексеру үшін топтарға тапсырмалар қоржынынан тапсырмалар берілді.Топ көшбасшылары келіп тапсырмаларды таңдап алды. А тобына “Ақын ініме”өлеңін талдау тапсырмасы түсті. Оқушылар бұл тапсырманы топпен бірігіп өлең құрылысына толық талдап шықты. В тобы ирониялық екпін түсетін  етістіктерді болымсыз түрге айналдыру тапсырмасын топпен постер арқылы қорғады. Топ басшысы Есемұратова Фарида топбымен бірлесе жұмыс жасай отырып, тапсырманы қорғады.Өлеңдегі екпін түсетін етістіктерді болымсыз түрге айналдырып, ақынның інісіне айтпақ

болған ақылының мәнін, мақсатын түсіндірді. С тобына ақынның өмірі мен шығармашылығын түсіндіру. Бұл тапсырманы топ тірек – сызба арқылы орындады. Топ мүшелері тапсырманы қорғауда барлығы да ат салысты. Әр топ мүшесі Жанар ақынның өмірі туралы айтса, Нұрбол ақынның өлеңдерін топтастырды.Бақтығали ақынның романдары мен поэмаларына тоқталса, Зухра Сұлтанмахмұт Торайғыровтың суретін салды. Топ тапсырманы сәтті орындап шықты. Үй тапсырмасы толық орындалып болғаннан кейін топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалады.

      Жаңа сабақты ой шақыру әдісімен бастап, оқушыларға жұмбақ жасырдым.

Ызыңдап ән салады,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып

Қоқысқа қонады

Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, жаңа сабаққа кірістік. Оқушыларға миға шабуыл әдісі бойынша мысал дегеніміз не? деп сұрақ қойдым. Оқушылар интернет желісін тиімді пайдалана отырып, мысал туралы түсініктерін ортаға салды. А тобы мысал туралы ережені теория бойынша талдады. В тобы мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайтынын бұлай көрсетуді аллегория деп аталатынын айтты. С тобы қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуын, кімдерден бастау алғанын тауып,қорғап өтті. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қандай мысалдарын білеміз деп сұрақ қойдым. Оқушылар жауаптарын топтастыру арқылы берді.

3-тапсырма. Кубизм әдісі бойынша тапсырмаларды білу, түсіну,қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деп қос-қостан бөліп алдып, тапсырма қоржынына салдым. Топ басшылары келіп тапсырмаларын алды.

А тобы. Білу, түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді.Және мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.

В тобы. Қолдану, талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді.

С тобы. Жинақтау, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

А тобы тапсырманы толық, түсінікті орындады. Топпен бірігіп даналық ойдан дән ізде айдарымен өлең мазмұнымен мәндес мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтап, ой қорытты.

В тобы қолдану, талдау тапсырмаларында өлеңді құрылысына қарай талдап, сахналық көрініс көрсетті. Шыбын рөлінде Жанар мен Жарқынай,өгіз рөлінде Жандаулет образға кіріп, көріністі жақсы көрсетті.

С тобы жинақтау, бағалау тапсырмаларында өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын жүйелеп түсіндірді. Фарида өлеңді өмірмен байланыстырып, мектеп өмірінен мысал келтірді. Сабаққа дайындықсыз келген кейбір оқушылар жақсы оқитын оқушының жұмысын көшіріп алып,өзі орындағандай мақтанып, баға алып, біреудің еңбегін пайдаланады деп мысал келтірді.

Сабақты қорытындылау үшін «Соңғы сөзді мен айтамын»әдісін қолдандым. Бұл тапсырмада оқушылар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтіріп,өлеңнен түйген ойларын ортаға салды.Мақтаншақ болмау,

біреудің еңбегін жемеу, біреудің шылауында жүрмеу, т.б.

Сабақта формативті бағалауда топ бір-бірін және оқушылар өз-өздерін бағалады. Жиынтық бағаны смайликтерге критерий құру арқылы өте жақсы, жақсы, орташа, нашар деп алып, жиынтық бағаны шығардым.

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАбай Құнанбайұлы «Қыс» 5-сынып

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152287

Пікірлер (1)
Гүлнар # 1 сәуір 2014 в 18:05 0
Өтінемін жауап жіберіңіздерші! Қалай жүктеуге болады?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар