А.Байтұрсынов «Екі шыбын»

А.Байтұрсынов «Екі шыбын»

Мухангалиев Нурлыбек Гайноллаевич

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

7 — сынып

Сабақтың тақырыбы

А.Байтұрсынов «Екі шыбын»

Мақсаты

Мысалдың идеясын ашу және жан-жануарлардың іс-әрекеті арқылы ұнамсыз мінез-құлықтардан аулақ болуға үндеу.

Күтілетін нәтиже

А. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, мазмұнын түсінеді.

Б. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігін ажыратады.

С. Мысалдың айтар ойын салмақтайды, жаман әдеттен аулақ болу керектігін сезінеді

Керекті жабдықтар

7-сынып оқулығы, нұсқаулық, ресурстық парақтары, маршруттық карта, жұмыс дәптері, флипчарт, маркерлер.стикерлер, кері байланыс парағы, интерактивті тақта

Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.

СТО: Жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар, «Галерея» әдісі бойынша постер қорғайды.

АКТ: Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар беру.«Крестиктер-нөлдіктер» әдісімен тапсырмалар көрсетіледі

ЖАҢА ТӘСІЛДЕР:«Галерея» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгереді, маршруттық карталар беріледі,«Крестиктер-нөлдіктер» әдісімен сабақты бекіту.«Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау, Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау,

«Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау

Тапсырмалар

№ 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

№3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. №7 Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар.

№8 Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 минут

6 минут

1. Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөліп аламын.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Жаттау сұралады. Сұрақтарға дайындаған жауаптарын тыңдау.

1. Сабаққа әзірленеді

Ортаға шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады. үш топқа бөлінеді.

2. Ахметтің «Ақын ініме» өлеңінен үзінді айтады;

Жазып келуге берілген жауаптарын оқиды.«Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау

Тұсаукесер

3 минут

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу. Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында осы тапсырманы бердім.

Оқушылар ойлаған сөздерді жазып, солар туралы өз түсініктерін айтады

Негізгі бөлім

17 минут

9 минут

Алдымен ресурстық парақтар беріледі. Өлеңмен, мысал жанрымен танысады. «Екі шыбын» мысалының мазмұны жайында «Галерея» әдісі бойынша постер қорғайды. Әрбір топқа 8 мин.уақыт беріледі. Тұсаукесершілер қорғайды (2мин), жауаптарын қадағалау, тыңдау

Кейбір жекелеген оқушыларға маршруттық карта беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар:

А. «Екі шыбын» өлеңін мысалға жататынын анықта.

В. Тағы басқа мысалдар арқылы дәлелде.

С. Мысал жанрына тән белгілерді кесте арқылы көрсетіңіз.

Әрқайсысы топта бірлесіп жұмыс жасайды.Ресурстық парақтағы жаңа тақырыппен танысады.«Екі шыбын» мысалын оқи отырып, ол тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, флипчартқа суреттерін салады. Өмірде болатын «Біреудің қолымен от көсейтін» адамдар жайлы пікірлерін айтады.Топтан бір оқушы қорғайды. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Топтағы әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, түсінбегендерін көршісінен сұрайды немесе топпен талқылайды. Орындап болған соң критерий арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қорытынды

4 минут

2 минут

2 минут

3. Бекіту кезеңі «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі. Оқушыларға интерактивті тақтадан бірден тоғызға дейінгі саны бар кесте көрсетіледі.

«Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау

Үйге тапсырма:Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым (шығарма жазып келу).

Оқушылар әр санның артындағы сұраққа жауап береді. Дұрыс болса крестик қояды, қате болса нөл қойып отырады.

Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін, күйін, сезімін кері байланыс парағын толтыру арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147942

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар