Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі

Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы«Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік Оқушыларға ұлы Абай өмірінен баяндай отырып, оның лирикаларының мазмұнын ұғындыру, табиғаттың сұлу да бай көрінісінің

жанды тіршілікпен суреттелуін түсіндіріп, білімдерін тереңдету

2) Дамытушылық Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіріп,

шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау

3)Тәрбиелік Табиғатты аялауға, елін, Отанын сүюге, адамгершілікке

тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, кубик, тапсырма материалдары, тест қағаздары,

интрактивті тақта, қыс суреті, сөзжұмбақтар, таратпалар, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:CТО, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау, топтастыру, тест, кубизм

стратегиясы, бейнебаян, музыка

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, музыка, бейнелеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Амандасу (Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау)

-Сәлеметсіңдер ме?

-Отыра қойыңдар

-Сабақта қай оқушы жоқ?

Қазір бізге қай сабақ?(оқушылар хормен)

-Адамға мол тәлімің,

Ақыл ойдың бәрісің,

Әдеп тәртіп үйреткен,

Әдебиет пәнісің.

— Олай болса, әдебиет пәнінен үйге не беріліп еді?

2. Үй жұмысын сұрау.

Ыбырай алтынсариннің «Өзен» өлеңін жаттау

Поэзия минуты

Сонымен бірге, сыныптан тыс жұмыс берілген болатын: өз еркімізше сөзжұмбақ, ребус жасап келу.

Оқушы өлеңді жатқа оқып, өзге балалар тапсырмаларын көрсетеді.

3.Үй жұмысын қорыту

ØТест жұмысымен

(Әр қайсысына тест жұмысы таратылады. Алмастыру минуты болып, жауабын тақтамен тексеру)

ØТоптастыру әдісімен Ыбырай кім?

4.Жаңа сабақ
Таңдамалы тәтті тіл – Абай тілі,

Ақынға дос, жаныңа тиеді жылы.

Шымырлатып денеңді сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің нәзік қылы,- деп Иса Байзақов айтқандай шығармашылығы түпсіз терең мұхитпен тең келер, ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ойшыл ақын – Абай Құнанбайұлы. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлынының табиғат лирикаларының ішіндегі «Қыс» өлеңіне тоқталмақпыз. Мақсатымыз – Абай өмірінен мағлұмат ала отырып, ақынның табиғат лирикасын жете түсініп, жан-жақты білім алып, қоршаған ортамызды тануға үйрену.

Абай өмірі.АбайИбраһим Құнанбаев 9,07.1845-23,06,1904 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі,әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған. Әкесі Құанбайдың қатал тәрбиесінде, әжесі Зеренің мейірімді ортасы Семей өңірі Шыңғыстаудың баурайында тәрбиеленіп өседі.Кішкене кезінде ақын те сенгіш және тентектеу болған екен. Бірақ, сондай мінезі бола тұрса да, өзге балалардан ерекшелгі үйге келген қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын. Оқуда жүрген кезінде де өзге балаларға қарағанда өте зейінді, ұғымтал болған. Білімге деген ерекше ынтасының арқасында бос уақыттарында араб, парсы, түркі тілдеріндегі кітаптарды көп оқыған. Ол өлеңдері арқылы жалпақ жұртты, жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен, табиғаттың әсем бейнелерін жандандыра, көз алдымызға елестете отырып, суреттейді.

-Әрі қарай Абай мұражайына виртуалды саяхат жасайық

Абай мұражайына саяхат (слайдфильм)

-Кәне, Абайдың қандай әндерін білеміз?

-Көзімнің қарасы, Сегізаяқ, Қараңғы түнде тау қалқып, т.б.

Абай сазгер(слайд)

-Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнінен үзінді тыңдап жіберейік.

Тыңдап отырсақ, не туралы жазылған? –Табиғат туралы, табиғат лирикасына.

Мағлұмат (слайд)

Лирика – өлеңмен жазылған шығарма түрі.

Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері табиғат лирикасына жатады.

-Кәне, Кәне, Абайдың табиғатқа аралған өлеңдерін айтайық?

— «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»

5.Ой шақыру

Қыс суреттерін көрсету. Қыста не болатынын сұрап-білу. Қыстың өзіне тән белгілерін айту.

6.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңнің толық жазылу үлгісі шығады.(слайд)

Мұғалім өзі мәнерлеп оқып береді.

-Абай табиғат туралы өлеңдерінде табиғаттағы әр мезгілді өзіне тән бояулрмен, сол заманға сай тұрмыс ауыртпалығымен, кең далада мал баққан елдің тұрмысымен байланыстыра суреттей білген. Бұл өлеңде қысты мейірімсіз, түсі суық қатал, кәрі тірі жанның бейнесіне ұқсатып суреттеген. Өйткені сол жылы қыс қатты болып ел жұтаған, сондықтан зор тұлғалы кәрі бейнеге ұқсатады. Шынына келгенде қыс сондай қорқынышты, мейірімсіз емес қой. Қыс қызығы жеткілікті мес пе?

-Қандай қыс қызықтары бар?

-Шана, шаңғы тебеміз. Түрлі ойындар ойнаймыз, т.б.

Оқушыға мәнерлеп оқыту. 1 шумақтан

-Олай болса, осы өлең ішіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс жасайық.

7.Сөздікпен жұмыс.(оқушыға таптырту, біртіндеп шығару)

Шидем – жүннен тоқылған жылы сырт киім

Бура – түйе малының еркегі

Әуес көру – бір нәрсеге үйір, құмар, құштар, елігу деген ұғымда

Бұрқ-сарқ – алай-түлей ашуға мінді, долданып буырқанды.

Ұшпа – бұлттың бір түрі

Дәптермен жұмыс (мұғалім айтқанын жазу)

Өлеңнің жазылу әдісі. Жансызды жанды түрде көрсету, мұны әдеби тілде кейіптеу дейді. Қазақтың ұлттық әдебиетінде Абайға дейін табиғат жанжы түрде суреттемеген. Табиғатқа тіл бітіру, жанды, қозғалмалы қалыпта табиғатты бейнелеу – Абай ашқан жаңалық (слайд)

-Сонымен бірге Абай өлеңді жаза отырып қандай, бейнелі сөздерді қолданған екен? Назар аударайық.

-бурдай, ұшпадай деген теңеу сөздер

-ақ киімді, денелі, түсі суық, үсті-басы ақ қыру, басқан жері сықырлап, бөркін киген оқшырайтып, аязбенен қызарып деген сөздер қандай сұрағына жауап беріп, көз алдымызға елестету үшін қолданылған.

8.Топпен жұмыс.

1-топқа:Өлең мазмұнын ашу

-Шығарма жанры…. (табиғат лирикасы)

— Авторы… (Абай)

Тақырыбы….(Қыс)

Қыс…(қыс мезгілінің ауа райының қатал болатынын, үскірік аяз, бет қаратпайтын суық жел бар екенін бейнелі сөздермен береді)

2-топқа: Байланысын анықта Бейнелі, суретті сөздерді талда.

-Қыс сөзіне сұрақ қойыңыз(не?) зат есім (жансыз)

-Ақ киімді, денелі, ақ сақалды (кімге қатысты ой?)

-Ақын қысты кімге теңейді? (адамға)

-Киім деген не?(Жауған қар, қатқан мұз)

3-топқа: Өлең құрылысын аталда. (интерактивті тақтамен жұмыс) 1-шумақты өлеңді беру

-шумақ саны 1

-Тармақ саны- 4

-Буын саны – 11

-Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы

9. Жоспар құру (оқушы жауабымен) тақтаға

А)Қыс көрінісі

Ә)Қыс ашуы

Б) Балалар әрекеті

В) Тоңған балалар

10. Кубизм стратегиясы

Кубикті лақтыру арқылы әр бетіндегі санға сәйкес тапсырма орындату)

1.Суретте.

Ақын өлеңіндегі қыс суреті (күн суық, үскірік аяз) осы жолдарды өлеңнен табу

2.Салыстыр.

Өлеңдегі қыс келбеті мен бүгінгі ауа райы

3. Ізде

Балалардың әрекетін бейнелеген жолды табу

4.Ойлан

Ақын нені ойластырады? (көшпелі қазақ халқы үшін қыс мезгілінің қолайсыз болғанын көрсетеді)

5.Сурет сал.

Қиялыңдағы қыс суретін сал.

6.Ұштастыр

Тақырыптағы халық ауыз әдебиетімен ұштастыру (қыс туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар айту)

11.Қорытындылау

Сонымен Абай табиғат лирикасында табиғатты бейне күйінде ғана емес, оны ел тіршілігімен, халық өмірімен байланыстыра суреттейді. Алған білімдерімізді қорытындылап, «Қыс сипаты» тақырыбына мына сөздерді пайдалана отырып ой толғау жаз.

Қыс, қар, суық, борайды, соғады, үскірік, қатады, қатты, аяз.

Сұрақ-жауап

Кластер әдісімен қорыту

— Сонымен Абай жырлаған қыс қандай екен?

Сызбамен қорыту
12.Рефлекция

Мен не үйрендім?

— Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы?

Өлмейтұғын артына сөз алдырған? — деп артына асыл мұра қалдырған Абай да мәңгі өлмек емес. (мұғалім сөзі)

13.Үйгетапсырма

Өлеңді жаттап, Абай туралы қосымша мәліметтер жинап келу.

14.Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДАҒЫ ОҢАЙ ҚАТЕЛЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129904

Пікірлер (1)
Гулнур # 3 желтоқсан 2015 в 22:51 0
сабак жоспар жаксы курылган жуйели усынысым презентациясымен болса.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар