Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

12 қараша 2015 - Кенжегул Бекбаева

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Сабақтың мақсаты:

а) А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?

2. Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі, ақылдылығы, ержүрек батырлығы қандай жолдар, сөздер арқылы берілген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абайдың өмірін және шығармаларын тірек сызбалар арқылы түсіндіремін.

 

аудармалары әндері қара сөздері

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқып береді.

Сөздікпен жұмыс: қансонар-жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

Ғанибет-қызық, тамаша

Томаға-бүркіттің екі көзін жауып тұруүшін кигізетін бас киімі

Қырымнан-алыстан

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?

2. Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

3. Өлеңдегі аңшы,қағушы, оның достарының көңіл-күйі, сезімі қай жолдар арқылы беріледі?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124399

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 7 желтоқсан 2015 в 22:24 0
Абай өлеңдері, шығармалары керемет қой, тозбайтын, ескірмейтін рухани құндылықтар...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар