Абайдың 31 қара сөзі

8 қаңтар 2015 - Гульзия Узбекбаева
Абайдың 31 қара сөзі

Тақырыбы: Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Мақсаты: Абайдың қарасөзін өлеңдерімен салыстыра отырып түсіндіру; қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, жанрлық ерекшелігін таныту шығармаларының көркемдік, философиялық ерекшелігін таныту

.Күтілетін нәтиже: Қарасөздердің мазмұнын ашады,қорытынды жасай алады, мәтін мағынасынан ой түйеді.

Түйінді идеялар Асыл тастан, ақыл бастан шығады.

Әдіс – тәсілдер СТО (топтастыру, түртіп алу, айналмалы бекеттер, мен айтайын, ой толғау,)Оқу үшін бағалау, дарынды балалармен жұмыс

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

1.Кіріспе.Білім.

1.Ұйымдастыру

.Психологиялық тренинг: « Менің қасиеттерім»

Оқушылар тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер фигуралары арқылы топтасады.

Интерактивті тақтадан фигура пішініне байланысты адамның бойындағы тұлғалық қасиетіне түсінік беріп өтемін.Топ мүшелері бірін- бірі жетон беру арқылы бағалайды. Жетон санына қарай оқушы бағаланады. 5-6 жетон — «айтарлықтай» 3-4 жетон — « жеткілікті» 2-3 жетон — «орташа»2

Үй тапсырмасын тексеру…

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1.Әсемпаз болма әрнеге өлеңін 4топтан бір –бір оқушыдан айтып шығады (жалғастыру арқылы)

«Айналмалы бекеттер» әдісі-Плакаттарда үй тапсырмасына қатысты сұрақтар жазулы тұр. Сол сұрақтарға топтар кезектесіп жауап жазады. Бір топ өз жауаптарын жазып болған соң, келесі плакатқа қарай жылжиды. Осылайша барлық топ плакатқа өз жауаптарын жазып шығуы тиіс.

1. сұрақ.Абай аталарыңның «әсемпаз болма әрнеге» деген сөзін қалай түсінесіңдер? 2.сұрақ.Білім алу,өнер үйрену не үшін қажет деп санайсың?

3.-сұрақ. Абай ата өлеңде қандай жаман қасиеттерді жазады?

4.-сұрақ.«Өмірден өз орныңды таба біл» дегенді қалай түсінесің?

Бір ауыз сөзбен түйіндеу стратегиясы.

Өлеңдегі Абайдың қанатты сөзге айналған жолдары(1 топ табады, 2- топ мағынасын ашады)

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Психологиялық тренинг: «Сымсыз телефон ». Мұғалім бір сөзді қасындағы оқушының құлағына сыбырлайды, ол келесіге сыбырлау арқылы жалғаса береді. Соңғы оқушы қандай сөз екенін дауыстап айтады. Бастапқы сөздің сақталғаны әлде сақталмағаны анықталады. /3 шапалақ әдісімен бағалау/ Балаларға сөздің еш өзеріссіз сақталуы не сақталмауы неге байланысты деп ойлайсыңдар деген ой тасталады.Оқушылар өз ойларын білдіреді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жөнінде деп ойлайсыңдар?( Ес туралы)

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкрегінде болсын көз,-деп данышпан Абай айтпақшы бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларының сырын ұғу үшін таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн жадын жазып қойыңдар.

Түсіну.Ал, балалар Абай тек ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған композитор болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл дана кісі.Яғни бүгінгі сабағымыздың мақсаты-ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып «Отыз бірінші қара сөзін» меңгеру.

«Түртіп алу».Қара сөз (проза) — көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы — онда сөз ырғағы еркін. Қара сөз –арабтың «Ғақлия» деген сөзімен мәндес.Қара сөз дегеніміз- ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері деп санаған. Абай қара сөздері азамат баласына ортақ сөз. А.Құнанбайұлы 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қара сөзі бар. Қара сөздері алғаш рет Семей қаласында 1848 ж «Абай» журналында жарық көрді.Қара сөз орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қолдану .«Міне осындай көптеген тілге аударылған Абай Құнанбайұлының 31-ші қара сөзін тыңдаймыз.(таспадан тыңдату)

Сұрақ-жауап:-Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?- Есте сақтаудың,ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?

1. — сену керек;2. — үлгі алу керек;3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек; Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы-күлкішілдік,қайғыға салыну,қызығу (құмарлану)

5. Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу)Ғибратләну- (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз». Уайымсыздық- еш нәрсеге алаңдамаушылық. Салғырттық- әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.

Топтық жұмыс. (постер қорғау)

1- топ Отыз бірінші» қара сөзі (Фишбон)

2-топ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі (Т сызбасы)

3-топ «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі (Ішіне –сыртына)

4-топ Абай – ұлы ақын, ағартушы, философ(газет шығару)

Жинақтау. Абайдың аңсағаны қандай азамат?- Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болуАбайдың өз сөзімен айтсақ: Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.Ал осы терең ойды таныр келер ұрпақтар болатынынаКәміл сенген Мағжан ақын:

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртын ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, десе, Ел басымыз Н.Назарбаев:«Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз» ұлы ақын қадірін асқақтатуда.Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма. «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым»

Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

КембриджХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (ҚМЖ)

Қазақ әдебиетіXX гасырдын басындагы казак әдебиеті

БастауышҚысқа мерзімді жоспар. Уақыт өлшем бірліктері және үлестері

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150732

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар