Абайдың қара сөздері (Тәрбие сағаты)

10 қаңтар 2015 - Ранай Сансызбаева

Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына екендігін есепке ала отырып 9-сынып оқушыларын Абай даналығынан сусындатуды жөн санадым. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулі стратегияларын пайдалана отырып сыныптағы 26 оқушыны жыл мезгілдерінің суреттері арқылы төрт топқа бөлдім. Психологтардың зерттеуі бойынша ұлттық мінез- құлық – белгілі бір ұлтты басқа ұлт өкілдерінен айырып көрсететін сол ұлт өкілдерінің басым көпшілігінің бойынан табылатын ерекше қасиеттер. Кез-келген ұлт зиялыларының ұлттық мінез-құлыққа қатысты еңбектерінен сол халықтың басқа ұлт өкілдерінен бөліп көрсететін ерекше қасиеттерін көретініміз айдан анық.Абайдың қара сөздері арқылы қазақ ұлты болашағын тәрбиелеу ХХI ғасырда біздге берген Алланың сыйы деп қабылдай отырып, Абай тәлімінің мән-мағынасына оқушы жас ерекшеліктерін ескере отырып саралап алдым.

Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңа Бағдарламасынан білімімізді шыңдаған бізге Абай тәлімін дәріптеуді, жас мамандарға кеңес ретінде ұсынуды перзенттік борышымыз ретінде сезіне отырып қазақ педагогикасы атты теңізге тамшы боп үлес қосуды жөн санадым…

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың қара сөздері

Негізгі мақсаттар

Ұлы Абайдың 15, 16, 17,18 – қара сөздерін оқып, талдай отырып еңбексүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерін жетілдіре білуге жетелеу.

Сілтеме:

Абай кітаптарының жинағын, ғаламтор материалдарынан Абай туралы ізденіп, оқу.

Оқыту нәтижесі:

<img width="«30»" height="«4036»" src="«file:///C:/Users/user/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.png»" v:shapes="«Выноска_x0020_1_x0020_10»">Қара сөздерді топпен оқи отырып еңбек туралы, адамгершілік туралы өз ойларын ортаға салу, ойларын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп беру, шешендікке баулу.

Негізгі идеялар:

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Электронды оқулық

2.Слайдтар

3.Мазмұнды сызба

4.Суреттер

Сабақта қолданылатын модульдер:

1.Сыни тұрғыдан ойлау

2.Оқыту және оқытуды бағалау

3.Диалог арқылы оқыту

4.АКТ

5.Көшбасшы

6.Дарынды және талантты балаларды анықтау

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері:

1Жеке жұмыс

2.Жұптық жұмыс

3.Сыныппен жұмыс

4.Топтық жұмыс

Дерек көздері:

1.Ғаламтор материалдары

2.Абайдың қара сөздері

Тапсырмалар:

    1.Мәтінмен жұмыс

    2.Шешен тілмен ойын шебер жеткізе білу сайысы

3. Берілген қара сөздерге байланысты сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын орындау.

4. Бағалау парағына топ басшысы топ мүшелерінің бағасын қою

5… «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір- біріне тілек айту, ойларын сараптау.

Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері:

Оқушыларға психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар шаттық шеңберінде өзі көрші тұрған оқушының қолын қысып, ыстық лебіздерін білдіреді.

Оқушыларға қоржыннан сурет алу тапсырмасы беріледі. Кезекпен оқушылар екі қоржыннан суреттер алады.Жаз, күз ,қыс, көктем бейнеленген суреттер бойынша оқушылар топтарына барып орналасады. Өз орталарынан топ басшыларын сайлайды. Мұғалім топ басшысына бағалау парағын ұсынады .Әр топ өз топ ережесін мұқият оқып шығады, ережені бұзбауға тырысады.

Ой қозғау. Абай сөзіне ассосация құру. Оқушылар Абайдың кім екендігін, ақын туралы деректерін тез арда 4 түрлі фигураларға жазып шығады. Қай топ көп дәлелді сөз тапқандығына байланысты топ басшылары өз бағаларын қояды.

<img width="«287»" height="«202»" src="«file:///C:/Users/user/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.png»" v:shapes="«Прямоугольник_x0020_4" блок-схема_x003a__x0020_извлечение_x0020_3="" выноска_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_вверх_x0020_2="" _x0035_-конечная_x0020_звезда_x0020_1="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_8="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_7="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_6="" прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_5="" овал_x0020_9»="">

Тапсырма №1

1-топқа

14- қара сөзін жеке оқып, жұптасып талдау, топ бойынша түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізу.

2-топқа

16- қара сөзін оқып, өз ойларымен дәлелді пікір айту.

3-топқа 17 қара сөзін оқу, тақырыпқа байланысты сахналық қойылым ұйымдастыру.

4-топқа

18-қара сөзін оқу,өз сөздерімен топта, топтар арасында талқылау.

Тапсырма № 2.

Топ мүшелері Абайдың бір өлеңін оқиды, екінші топ мүшелері өлең шумақтарын жалғастырады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сергіп алады. Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды.

Тапсырма № 3.

1-топқа

15-қара сөзге байланысты өзінің қандай кітап оқығандығы, қандай жұмыс істей алатындығы, мамандық таңдауы туралы ойтолғау жазу.

2-топқа.

16-қара сөзге байланысты қандай тілдерді меңгергісі келетіндігі туралы, неше тіл білетіндігі туралы өз ойларын жазу.

3-топқа

17-қара сөзі ақыл, білім,қайрат туралы мақал- мәтелдер жазу.

4-топқа

18-қара сөзге байланысты « Ақылды адам дегеніміз қандай адам?» тақырыбында ойтолғау жазу.

Бағалау

Топ басшылары бағалау парағына қойған бағаларын жеке –жеке талдайды. Қорытынды бағасы қойылады.

Кері байланыс

Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ – төртінші топқа, төртінші топ – бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.

Сабақты Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен аяқтаймыз.

Үй жұмысы Абайдың қара сөздерін оқу, сатылай талдау жасау

Сансызбаева Ранай Бисенбаевна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО » КММ

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103566

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар