Абайды оқы, ерінбе!..

1 мамыр 2014 - infust
Абайды оқы, ерінбе!..

Аты-жөні:Камзина Марфуға Слямканкызы.

Білімі: жоғары

Мамандығы: ҚазМУ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пед. стажы: 25ж

Жұмыс орны: Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы

Келелі мәселесі:Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру, тілін дамыту.

Абайтану, 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Абайды оқы, ерінбе!..

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:. Ақынның шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.
  2. Тәрбиелік: Ұлттық тәрбие беру, білім мен ғылымды насихаттау, өзінің ішкі әлеміне үңілуіне және сол арқылы адами қасиеттерді жетілдіруге тәрбиелеу. Бірін-бірі түсінуге, силауға, өз-өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелеу, толық адамның қасиеттерін ұғындыру, үлгі алу
  3. Дамытушылық: Адам туралы түсініктерін қалыптастыру. Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру. Өзін тұлға дәрежесінде сезіне білуіне мүмкіндік беру, шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сахналық қойылым, топтастыру, жобалау стратегиясы, перфокарта, шығармашылық жұмыс, проблемалық сайыс, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка

Сабақтың эпиграфы: «Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»

Н. Назарбаев

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

І.Психологиялық дайындық:

Бәрі: Абай рухы – туған жердің тірегі,

Абай рухы – қазағымның жүрегі.

Мұғ: Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі, –

дей келе, Абайға арналған қайталау сабағымызды бастаймыз.

ІІ. «Абай жолы» романынан «Қайтқанда» бөліміненкөрініс.

Сұрақ – жауап:

-Абайдың шын аты кім? Ибраһим.

-Кім Абай деп атап кеткен? Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған.

-Тағы қалай еркелетеді? Бала кезінде екі анасының Ұлжан мен Айғыздың арасында тел өскендіктен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіп қойған. Олай болса, біз үш топқа бөлінеміз.

ІІІ.Тапсырмалармен жұмыс.

І топ – Ибраһим: «Абай әлеміне» шолу жасау

Ақынның ата-қоныс жері қандай?

Ата-баба, әулеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен,

Ұшқан ұя ортасы, елі қандай?

ІІ топ – Телғара: Абай айтқан асылдар. Абай өлеңдерін жатқа айту

Абайдың сөзінде,

Ұлылық ұйып тұр.

Ойлы, ақыл сезімге,

Бар қазақ сыйып тұр.

Қортындылау: Елбасымыз өзінің халқына Жолдауында «...Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы тәрбиелеу керек» десе, Т.Ахтанов «Мен Абайды енді түсініп жүрмін. Өлеңдерін оқыған сайын бір жаңалық ашқандай боламын» деген екен. Абайды оқи берейік, өлеңін жаттай берейік.

ІІІ топ – Абай: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім білгіш?» деген ұяшықтағы сұраққа бірден жауап беру.

Сергіту сәті. Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

ІV. Шығармашылық жұмыс.

Ибраһим тобына:

«Жақсы сөз жалынды оттан шығады» Абай афоризмдерін жатқа айту, мағынасын ашу. (перфокартамен жұмыс

Телғара тобына: Шығармашылық жұмыс. Абай мұрасынан өзің қандай ғибрат алдың? Ойтолғау жаз.

Абай тобына: Абай іздеген толық адам кім? Моделін жаса. Қорға.

V. Проблемалық сұрақ:

1.Өз бойыңда жаман қасиеттерден арылу үшін не істер едің?

2.Өзіңе-өзің сын көзбен қарайсың ба?

3.Достарыңның бойындағы үлгі аларлық жақсы қасиеттерін ата.

Қорытындылау: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер М.Әуезов «Абай – терең теңіз, алып мұхит… Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген екен. Біз де сол тереңнен дәм таттық. Абайды оқудан жалықпайық.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Ақыл, қайрат, жүрек – үшеуінің диалог сөзінен қойылым көрсетуге дайындалу, Жүрекке қатысты өлеңдерін мәнерлеп оқу, қалаған біреуін жаттау. «Жүрегім менің – қырық жамау», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас», «Жүректе қайрат болмаса»…

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066205

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru