АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

1 желтоқсан 2014 - Ләйла Оңалбекқызы


Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың  көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі — Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде — «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында,  Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат — мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.
«Осы іспеттес әдеби құбылысты, қазақ әдебиеті тарихында Абай өз поэмалары мен аудармаларында нәзирагөйлік дәстүрді қолданып өзі ұстанған   мораль философиясы негізінде творчестволық шеберлікпен жырлаған ақындық тәсілді М.Әуезов ерте сезініп, бұл туралы Абайтану саласында алғаш рет пікір білдірді» [1, 30-31].
ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуымен қатар әр түрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай қазақ елі ғасырлар бойғы томаға — тұйықтықтан  арылып, Батыс пен Шығыстың  рухани өмірімен қоян -қолтық араласа бастады. Бұл өзгерістердің сол кездегі қазақ халқының қоғамдық ой санасында белгілі дәрежеде орын теппеуі мүмкін емес еді. Әсіресе, бұл көріністер сол тұстағы ой-сананың көшбасшысы болған қазақ ақындарының шығармалары мен нәзирагөйлік дәстүр негізінде қайта жырланған әрқилы қисса- дастандардан, аударма  әдебиеттен анық байқалады. Бірақ аударма өнері мен нәзирагөйлік дәстүрде жырланған туындыларға қазақ ақындарының творчесволық қарым-қатынасы, көбінесе олардың дүниетанымы мен талғамына, біліміне байланысты болғанын аңғарамыз. Алайда бұл әдеби процесте сол кезең көрінісін сыншылдықпен терең де жан-жақты қамтыған Абай мұрасының алар орны мен мән мағынасы бөлекше жатыр. Өйткені, Абай шығармаларының бар болмысын ғылыми тұрғыдан кең көлемде тану жалпы қазақ әдебиетінде орын алған әрқилы күрделі құбылыстардың сырын ашып, табиғатын тануда адастырмас бағыт бере алады. Осы себепті де Абай мұрасындағы нәзирагөйлік дәстүрдің орын алуы, дәстүрлік жалғастық табу сияқты белгілерін жан-жақты біліп, аңғармайынша, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолындағы кейбір ерекшеліктерді жете меңгерудің өзі қиын.
Осы тұрғыдан қарағанда нәзирагөйлік дәстүрі қазақ әдебиетіне ертерек енсе де, оны жаңа сапа, соны таныммен түрлендіре қолдануға Абай ерен еңбек сіңірген. М.Әуезов Абайға Шығыс классиктерінен енген белгінің бір саласы ретінде нәзирагөйлік дәстүрді сөз еткенде, осы дәстүрдің көрінісі, жалғасы ретінде ақынның үш поэмасына ерекше көңіл бөледі.
Жалпы Шығыс мәдениетін, оның ұлы классиктерін терең бойлай білу нәтижесінде 1934 жылдың өзінде-ақ, Абай мұрасының нәр алған қайнарлары жайлы ақын мұрасын зерттеушілер арасынан тұңғыш рет кең түрде пікір көтерілді. Ұлы ақын мұрасындағы үш қайнарның бір саласы оның шығармаларындағы шығыстық белгілер жайлы күрделі де қиын мәселені сол кезде-ақ зерттеуге көңіл бөлінді.
М.Әуезовтің баспасөзде жарияланған немесе ой жүгіртіп барлаған пікірі ретінде хатқа түсіп, өз архивінде сақталған Абай жайлы ұшан-теңіз деректеріне көз жіберсек, Абай шығармаларының шығыстық белгілерін  зерттеуінде, өзінше танып пікір айтуында әр кезеңде әр қырынан келгендігі байқалады. Бұлай болуы заңды да. Өйткені М.Әуезовтің ақын шығармаларын меңгеру, көптеген сырын өзінше ашып, пікір қалыптастыру кезеңдеріне сай аталмыш мәселенің де іліктестік тауып отыратыны бар.
Алғаш рет ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер туралы пікірлер 1924 — 1927 жылдар аралығында жазылған Абай өмірбаянында шет жағалап айтылған. Абайдың жастық шақтағы өлеңдері жайлы пікір көтергенде, шәкірт ақынның Шығыс классиктеріне еліктеп, жігіттік дәуірінде ақындық өнер жарыстыруға талап еткен ізденістерін «жалпы мұсылман ғаламындағы көпке белгілі болған ірі ақындардың талайымен Абайдың ерте күнде танысып алғандығы даусыз» деп Абайдың ақындық кітапханасының алғашқы нобайымен біршама дерек те тастағандай болады.
Абай шығармаларының жалпы Шығыс дүниесімен байланысы жастық шағынан басталып өмірінің соңына дейінгі аралыққа созылған желідей орын алып, әр кезеңде әр түрлі деңгейдің дәрежесінде көріну процесіне ғұлама ғалым ерекше ден қояды. Абайдың Шығыс классиктерімен ара қатынасын М.Әуезов өз зерттеулерінде екі кезеңге бөле қарайды. Бірінші кезең балаң ақынның таза еліктеу жылдары 1860-1865 жылдарды қамтыса, екінші кезең 1886 жылдан өмірінің соңына дейін созылған екі аралықтағы шын мәніндегі екшеу, меңгеру жолындағы шығармашылық процесті қамтиды. Алайда поэма жанрын Абай өз шығармашылығында баса назар аударған деп айта алмаймыз. Ол туралы М.Әуезов былай түсіндіреді: «Тегінде, Абай поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізді. «Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ. Сарала қазды жырлағам жоқ» — деп, бір кезек айтса, тағы бір уақытта «ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тыңдар едің» — деп оқушыны шеней түседі. Жай бос уақыт өткізетін қызшыл, қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тыңдар едің — дейді. Ондай әңгімелі өлеңдерден Абай өзі ойлаған өсиеттік адамгершілік, терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай  көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында, Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек кейін, тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызды… Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмады. Олардың поэмалары кең өмірді мол қамтитын кейде роман, поэма, кейде қалың оқиғалы, шытырман шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды» [2, 144-145]. Абайдың поэма жанрын жасауға шындап кіріспегенін М.Әуезов осылайша терең талдап көрсетеді. Әрине, Абайдың поэманы мақсат етпеуінде, оған анықтап зер салмауында, қызықпауында жеке адамның ықылас-ниетіне байланысты ештеңе де жоқ болатын.  Данышпан ақын оқушысының жалпы дәрежесі мен талап-тілегіне лайық, қонымды және әдебиеттің өсу сатысына сәйкес шығарма жасау барысында лирика жанрынан өзге ұтымды да әсерлі жанрлық түрді дәл сол тұста қажет деп ойламайды. Сондықтан да тікелей қазақ өмірі жайында бірде-бір поэма жазбады. Поэмаға лайық жүгі бар шығармаларын лирикалық, сатиралық өлеңдердің шеңберіне сыйғызып тамамдады.
Бұл айтылғандардан, әрине, Абай поэма жанрында мүлдем қалам тартпады деген ұғым тумау керек.  Ол өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар негізінде «Ескендір», «Масғұт», «Әзім» атты поэмаларын жазды.   Ақынның поэмаға арқау боларлық оқиғаларды шығыс әдебиетінен іздеу себебін М.Әуезов сөзімен  Әнуар Дербісәлин былай түсіндіреді: «Шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча, ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған творчестволық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Оқиғаларды, адамдарды барлық мінез, істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланды» [3, 117]. Демек, Абай Шығыс әдебиетіне өзінің гуманистік, ағартушылық идеяларына тікелей үндесетін оқиғаларды ғана алып, поэмаларына арқау етті.
Сонымен қатар ақын поэмалары жайлы зерттеушілер арасында көптеген дау-дамайлар кездеседі.  Абайды зерттеуші кейбір ғалымдар «Әзім әңгімесі» поэмасының Абайдың қолымен жазылғандығына күмәнданады. Осыған қарағанда бұл поэма туралы көптеген ойға қаламыз.
«Әзім әңгімесі» Абай жинағына алғыш рет 1933 жылы енгізілген. Оған дейін ол Абайдың туысы және ақын шығармаларын жинақтаушы Ырсаев Ысқақ деген адамның қолында сақталған. Бұл шығарма Абайдың 1909 жылы Санк — Петербургта шыққан тұңғыш жинағына да енбей қалған. Мүрсейіт қолжазбаларының ішінде де жоқ.
Сондықтан кейбір зерттеушілер поэманың идеялық мазмұнына қарап, көркемдік анализге сүйене отырып, «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес деседі. М.Әуезовтің өзі де «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» атты монографиялық еңбегінде: «Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың тексін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырсайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбадан өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да төлеу салып, аламыштап жіберген сияқты. Өйткені, поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар.
Бұлай болмаса поэма Абайдың тіпті ерте кездерде, өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір нұсқа болуға керек. Қалай да  «Әзім» поэмасы ең әуелі бітпеген шығарма болғандықтан, екінші көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптаспаған дастан болғандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы жоғарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз» -дейді.  «Әзім әңгімесі» туралы Әуезовтің пікіріне тоқталған ғалымдардың бірі─Қайым Мұхаметханұлы. Ол — Абайдың туған-туыстарымен, замандастарымен жүздесіп, көп әңгімелескен зерттеуші. Өзінің «Абай шығармаларының текстологиясы» атты еңбегінде Архам Ысқақов пен Рақымжан Мамырқазов: ««Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес, Ырсайдың Ысқағы жазған деді» — дейді.
Сөйтсе де «Әзім әңгімесі» 1933 жылдан бастап, қазақ және орыс тілінде шыққан Абайдың толық жинағына енді. «Әзім әңгімесі» ─ қазақ әдебиеті тарихынан өз орнын толық алмаған шығарма.
Енді Абай поэмалары қашан жазылған деген сұраққа тоқтала кетейік. Абай поэмалары негізінен ешбір датасыз шығып отырды. Тек қана «Масғұтқа» 1887, «Әзім әңгімесіне» 1806 деген даталар көрсетілген. Әдетте зерттеушілер Абай үш поэмасын да өмірінің бір кезеңінде жазған деп топшылайды. Мысалы, Абайдың 1966 жылы Москвада шыққан жинағының кіріспе сөзінде: «Вероятнее всего, что поэмы эти были им написаны в ранний период творчества» делінген. Осы пікірге басқа  әдебиетшілер де қосылады.
«Масғұттың» сюжеті Н.С.Тургеневтің «Шығыс аңызы» атты шығармасының сюжетіне ұқсас екені белгілі. Ғалымдар осыған жаппай келіскен. Қара сөзбен жазылған «Шығыс аңызы» атты шығарма ең алғашқыда «Вестник Европы» журналының 1882 жылғы 6-томында басылыпты. Семейде алғаш кітапхана 1883 жылдың 20 қыргүйегінде ашылды. Осы кітапханада  «Шығыс аңызы» 1882  жылғы басылған «Вестник Европы» журналының болуы, оның осы кітапханаға ара-тұра  келіп жүрген Абайдың қолына тиюі ықтимал. Рас, 1882 жылы Семейде кітапхана болған жоқ, бірақ «Вестник Европы» журналын жергілікті чиновниктер  жазылып, алып тұрған. Саяси жер аударушылар да журналға көп көңіл бөлген. Бұған Гоголь атындағы кітапхананың қорында «Вестник Европы» журналының 1870 жылдан бергі сандарының осы күнге дейін сақталғаны дәлел. Кітапхананың алғашқы қоры туралы деректер сақталмаған.
 «Кітапхана құрушылардың және оқырмандардың кітап сыйлауы оларға әбден абырой әперерлік. Олар менің көңілімде Семей туралы ең жақсы пікір қалдырады» дейді ол. Орыс кітап, журналдарынан не бар, не жоғын осыдан да аңғаруға болатын сияқты. Бұл болымсыз мәліметтің өзі кітапхананың сол кезде әжептәуір болғанын, мұны құрушылардың білімді, көзі ашық адамдар екенін білдіреді. Ендеше, осындай кітапханада Ресейдің басты журналы — «Вестник Европы» болмады деу қиын» [4, 4].
Егер Абай «Масғұтты» жас кезінде жазды десек, онда дастанның сюжеті мүлдем өзгереді. Себебі, Абай сол кезде Шығыс әдебиетіне көп еліктейтін. Бірақ бұған қарсы дәлел бар. Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында поэма сюжеті Тургеневтен делінсе, Тұрағұл өзінің «Әкем — Абай туралы» деген естелігінде ««Масғұт» өлеңін 1887 жылы жазды» деген. Бұл дата абайтанушы ғалымдардың «Масғұттың» сюжеті Тургеневтен алынған деген дәлеліне келіп тұр.
«Әзім әңгімесі» Абай жинағына отызыншы жылдары енсе, «Ескендір» мен «Масғұт» 1909 жылғы жинақта жарық көрді. 
Абай Шығыс шайырларының жырларын жоғары бағалап, ұлы сөз зергерлерін өзіне ұстаз тұтты.
Физули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз-бу Һәммәси
Мәдәт беря шағири фәрияд [5, 33].
Шығыс ақындары жаңа ғана өнер жолына түскен Абайға даналық пікірлерімен, терең ойларымен, нәзік сырларымен қатты әсер еткен еді. Шәкірт Абай кезінде Рудаки, Омар һайам, Хафиз, Сағди ғазалдарын құмарта оқыды. Бұлар бала Абайдың ойын оятып, оны адалдық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен жақсылыққа, сұлулық пен нәзіктікке талпынуға баулыды. Абай дамытқан нәзира дәстүрінің белгілері туралы айтқанда ең алдымен, «Ескендір» поэмасы ойға оралады. Бұл сюжетті Абай өзінше жырлап, жаңаша философиялық түйін жасады. Абай жасаған Ескендір бейнесі Фирдоси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи, т.б. жырлаған Ескендірге мүлдем ұқсамайды. Шығыс классиктері Ескендірді барынша мадақтап, оны халықтың қамқоршысы етіп көрсеткен, Абай оны талай елді зар жылатып басып алған тонаушы ретінде бейнелейді.
Ескендір бейнесі Шығыс әдебиетінде мейлінше ең көп тараған болатын. Бірақ оның бәрі тарихтағы шын Ескендірдің бейнесі емес, халықтың «әділ патшасы» жөніндегі арманынан, қаламгердің қиялынан туған Ескендірдің бейнесі еді.
Көркем әдебиетте Ескендірдің бейнесін жасау біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдың өзінде-ақ әдеби дәстүрге айналғаны мәлім. Ескендірдің өмірі мен қызметі туралы нақтылы тарихи деректер болмады. Мұның өзі әрбір автордың Ескендір бейнесін өз қалауынша жасауына мүмкіндік берді. Әрбір қаламгер ең әділ, ең жақсы патша қандай болу керек деген сауалға өзінше жауап берді. Олар өнегелі патшаға тән ең жақсы қасиеттердің бәрін Ескендір бейнесіне үйіп-төкті. Бұл туралы Е.Э.Бертельс: Ескендір жөніндегі туындылар─бұл тек көркем шығарма ғана емес, сонымен бірге, ел билеушілерге жол-жоба  көрсетіп отыратын  «киелі айна» секілді ерекше шығарма, әрі әрбір дәуірдің саяси даналығының жинағы екенін айта келіп, Низами, Хосрау, Жәми, Науаи жазған Ескендір жөніндегі дастандардың кіріспе бәйіттерін бір-бірімен салыстырып талдайды. Ғалымның осы салыстыруын тәржіма жасамай сол күйінде, яғни орыс тілінде оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік: «Сравним вступительные бейты всех четырех крупнейших авторов «Искандар-наме».
Низами:
О боже, господство над миром — тебе,
                  От нас служение происходит, господство — тебе.
Амир Хосров:
О царь, над миром господство-тебе,
                      От предвечности до бесконечности царство-тебе.
Джами:
                      О господи, совершенство божественности — тебе,
   Красота господство над миром — тебе.
Навои:
О боже, господство, бесспорно — тебе,
                                Один шах но привычка его-нищенствовать перед тобой.
 
Сопостовление этих четырех бейтов очень показательно. Во-первых, совершенно ясно, что бейт Низами задал основной тон и что все три преемника с этим в полной мере считаются. Это понятно, ибо это одно из условий назира. Но далее интересно расхождение четырех авторов. Основная мысль у всех четырех примерно одна и та же, но модификация ее оформления различна» [15. 382-383].
Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің өзге халықтары көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әдебиетінің Шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осындай рухани байланыс негізінен нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асады. Ал біз нәзирагөйлік дәстүрін зерттеу ісіне тарихи жалғастық тұрғысынан келіп, нақты әдеби деректер бойынша талдау жүргіздік. Өйткені қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің бірі саналатын нәзира дәстүрінің қалыптасуы, даму жолдары, қайнар–бастаулары мәселелері күні–бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.
 Абай ақын ретінде әбден қалыптасып, реалистік дәрежеге көтерілген шағында да Шығыс поэзиясынан қол үзген жоқ. Мәселен, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным» сияқты өлеңдерінен Шығыс поэзиясына тән жанға жағымды, көңілге қонымды майда леп есіп тұрғанын аңғаруға болады.
Ұлы ақын дәстүрлі тақырыпқа  шығарма жазудың Шығыстық әдісі нәзирагөйлікті жан-жақты меңгерген, оны қазақ топырағына лайықты етіп белгілі дәрежеде дамыта түскен мәңгілік өнер иесі  ретінде дәріптеледі. Абай Құнанбайұлының дәстүрлі тақырыптарды, сюжеттерді, образдарды, көріктеу құралдарын бетке ұстай отырып, мазмұны мен формасы жағынан, идеясы мен сюжеті тұрғысынан мүлдем жаңа шығармалар жазуы суреткер  ретінде даралығын танытып, мұхит тектес сарқылмас  мұра иесі екендігін  танытады.
Сөзімізді  түйіндей айтсақ, Абай шығармаларындағы назирагөйлік  дәстүрдің зерттелу  тарихын ғылыми тұрғыдан  жүйелеу – ұлы  ақын шығармаларындағы назирагөйлік  дәстүрдің түбегейлі  зерттелуіне  жол ашады деген ойдамыз.
 
 
 
Пайдаланған әдебиеттер
1.      Мырзахметов М. Ақын творчествосындағы нәзирагөйлік дәстүр //Жетісу. 1985,
     10 тамыз.
2.      Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959.
3.      Дербісәлин Ә. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Құраст: Қожакеев Т. Алматы:
      Ғылым, 197 6.
4.      Сұлтанбеков М. Ақын поэмаларының жазылу тарихынан //Семей таңы. 1970. 6-
       қаңтар.
5.   Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. І том. Алматы:
      Жазушы, 1995-336 б.     
6.   М.О.Әуезов Абай  (Ибраһим) Құнанбайұлы (Монография) Шығ. 12  томдық, 12-том
      А.»Жазушы» 1969 жыл, 533-бет
7.   М.Мырзахметов Абай және Шығыс. 1995 жыл
8.   М.Мырзахметов Ақын творчествосындағы нәзирагөйлік дәстүр Жетісу 1985, 10-тамыз
9.   Абай Құнанбайұлы Шығ. жинағы. І том Алматы Жазушы 1966, 336-бет
10. З.Ахметов Абайдың ашылмаған бір қыры // Ақиқат 1994, №5



Абай шығармашылы

Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты — өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады. Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл табиғатын жете меңгертумен байланысты. Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген неміс философы, лингвисі В. фон Гумбольдт айтқандай. Тіл дегеніміз – ұлттық рух болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақ бойынша ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе – жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу — өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңде, ғылым – білімнің құндылығы, рухани маңыздылығы артып отырғаны белгілі. Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан – жақты рухани сұраныс қажет. Бұл орайда оқушы бойында білімге деген құштарлықты, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуымыз қажет. Мұның өзі бала дарындылығын дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жол ашады. Осыған қатысты Абай «ғылым білім» ұғымдарының маңыздылығына қандай баға береді? Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім – тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқаарспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек.
Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген 14 жолдық шағын өлеңінің барлық сөзі, барлық тіркесі сырт қарағанда өте түсінікті болып көрінеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген жолдағы ғылым сөзі осы күнгі біздің түсінігіміздегі ғылым болып қолданып тұр ма? Абай арабтың бұл сөзін екі мағынада пайдаланылған: біріншісі – оқу, білім, синонимі ретінде келуі, екіншісі – тра мағынасында қолданылуы. Ақын бұл сөзді жалпы білім, оқу мағынасында қолдану үстінде ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу деген тіркестерді өзі жасаған. Атақты «ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің осы жолындағы ғылым сөзі, жалпы оқу оқып, сауатты болу, білім алу дегенді білдіреді.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде ақын өз балаларын оқытуды өзгелерге үлгі етіп ұсынады.
Қазіргі нарық қыспағына қарамастан, «Интернатта оқып жүр» өлеңіндегіндей, «жаңа өспірім, көк өрім», «талай қазақ баласының» жоғары оқу – орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ көпшілігінің мамандық таңдаудағы ой — өрісі Абай заманында: «Я тілмаш, адвокат – болсам деген бәрінде ой», — деп бас қамынан аспайтын мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтса, оған енді келіп нарық заманының бизнесімен, маркетинг, менеджмент сияқты «модный» мамандықтары қосылды. Ал бүкіл ел экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қажет, материалдық дүние өндіретін салалардың инженер технологтары мен агрономдарын «таңдауды» артынша оқығандардың үлесіне қалдырып кеткен жоқпыз ба? Ұлы Абай шығармашылығының тағы бір қозғайтын мәселесі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашығы оның өз бетінше ел боуына, саяси бостандыққа қол жеткізуіне, экономикалық және мәдени кешеулеуден шығуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден – бір жол бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл — ойдың, сауаттылықтың дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап, нақтылы сезінудің қажетілігін барынша қорғап бақты. Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені «Адам түзелмей — заман түзелмейді», — деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатын мезгеп, «не болады өңкей нөл» деп налыды. Сонда адам мұраты мен халық мүддесі ұшырастырытын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын: «ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп жол сілтейді.
Ұлы ұстаз жан – жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Тәрбиенің қалған түрлері – адамгершілік, ақыл – ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды. Осы тұста Абай өз заманындағы мектеп – медреселердің қызметіне көңілі толмайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүние молдалардың баланың дұрыс уағыздап, теріс жолға салатынын айта келе, ұстаздардың тұлғасын ерекше жоғары қояды оларға үлкен сеніммен қарайды.

Абай туындыларындағы басты орын алып отырған мәселе – еңбек тәрбиесі. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен істелген істің ғана нәтижесі болады деп санайды. Оны:
Өзіңе сен, өзіңді алып шыған, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, — деп жырлайды. Адамның бойында жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының (дара тұлғаның) басты құдіреті деп түсінеді. Сондықтан:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық,
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық, — деп түйінде






 
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.
Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.

Абай 8 жасында "Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан "Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.

Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
Абай өлеңдерін 10 жасынан ("Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. "Сап, сап, көңілім”, "Шәріпке”, "Абыралыға”, "Жақсылыққа”, "Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның "Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген "Қыс”, "Күз”, "Жаз”, "Жазғытұры” өлеңдері, "Масғұт”, "Ескендір”, "Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

(22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.07.1904)

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абайдың өмірбаяны.

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады.… Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады.… Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

Саясаткер Абай.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.
Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен — Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан — ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі — "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы, көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі — өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің — қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі — "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айткан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын Абай төмендегідей жалғастырады:

..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,

"Мені" мен "менікінің" айрылғанын

"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".

… Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: ...

"Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған," — дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай:
"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,

Абай шығармашылығы.

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." — дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".

Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман — алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".

"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз… "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады… Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", — деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары — Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.

"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай — мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай — әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.

Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған.

Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін", Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", — дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым — хакім емес, әрбір хакім — ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" — деген пікір — ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың. көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай философиялық ойлары.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.

Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз).
Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, — деп жазды Мұқанов, — Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.)
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1969, т.15, 141-б.).
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.




Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы

 Онегин мен Әбдірахман бейнелерінің ұқсастықтары, екеуінің ұқсамайтын тұстарынан әлдеқайда басым. Тек Онегиннің ішінің қалтарысы көптеу.
 
Эпистолярлық романда Татьянаның Шығыс әулетіне туыстас қасиеті басым. "Досың ақпын, "тағдыр араз”, бәрін "сорлы нәсібімнен” көремін деген сөздерді айта келе, Татьяна сөзінің ақырында "Көрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол үшін” (Абай. 2 том. 49 б.) деген ең соңғы шешімін Ләйлі-Мәжнүн махаббатын еске түсіретін жәйтқа сүйейді. Екі асық Ләйлі мен Мәжнүнге жарық дүниеде қауышып, құшақтасып бір сүйісуге жазбаған ғой. Екеуінің өне бойлары өртеніп, ерінге ерін тигізе алмайды. Татьянаның көрісуге шыдамаспыз дейтіні сол хикаямен ағайындас. "Ләйлі-Мәжнүн” дастанымен таныс қазақ Татьянаның ғашықтығы Ләйліден кем соқпайтынын түйсініп, тебіренері сөзсіз. Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық дертін тартуы Алланың бұйрығы болғанда, Татьяна "тағдыр араздығына” шағынады.
Онегин сияқты Татьяна да қазақ құлағының құрышын қандыратын орамды, образды тілмен сөйлейді.
Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де – сорлы бақыты кем. (1 том.76 б.).
 Мұхтар Әуезов жазғандай, Абай орыстың дворян қызына қаспақ қырғызып қояды. Аудара қалғанда да орыс тіліне оншама кіріге қоймайтын ауыспалар. Қаймағы – сүйгені Онегин. Қаспағы – жат босаға.
Эпистолярлық романның ұлттық бояуын, тілі мен қоса ділін мейлінше қандырған Абай шығармасында әлеуметтік проблема да қоя білді. Кейіпкерлердің жеке өмірімен қатар, қоғамдық-әлеуметтік қатынасы өлең-роман жанрының бойына шақ қалыпта кесіліп пішіледі. Өмір сүрген заманының кескін-келбет сыйқы кейіпкер көзімен бағаланады. Онегин Татьянаның хатына қайтарған жауабында өзі туралы: "Соққы жедім сұм заманнан, Бір жылы сөз ем емес” – дейді.
 Сұм заман автордың өзінің де сыбағасына тиген заманы. Абайдың Көкбай боп жылайтыны лирика жанрының ежелгі дәстүріне қатысты. Онегин Абайдың Көкбайы сияқты автордың өз көзқарасын білдіретін протоганист геройы. Көкбайдың жыла¬масқа амалы жоқ. "Мынау азған қу заман қалыбында тұрмайды”. (Абай. 2 том. 48 б.) Онегин шері, сайып келгенде, автордың өз шері. Абайдың бір өлеңінде "Ішім өлген, сыртым сау” (Сонда. 104 б.) деп толғанғаны Онегиннің: "Ішім өлген, құр денем сау”  дегенімен орайлас.
Онегин махаббат сергелдеңіне түсіп жүрген адам бола тұра, замана бет алысын қапалана, қайғыра ойлап жүрген кең зейіннің, терең сезімнің кісісі. Кейіпкер өзін өрттен қалған көмірге балайды. Пенде көрген бар қызықты ішкен сұм жүрегі өмірден айнып біткен. "Бүгінгі дос – ертең жау” деп сарнайды. Мұны қалай түсінеміз? Өзін өсіріп тәрбие берген қоғамнан кейіпкер неге безінеді? Эпистолярлық роман адамзат қоғамының шешімі қиямет проблемасын ұтымды қоя білген.
Заман мен адамның, қоғам мен жеке тұлғаның бітіспес арпалысы шағын романда Онегиннің жан қасіретін шегуі барысында берілген. Абайдың бұрын да аз қаузамаған тақырыбы.
"Интернатта оқып жүр” деген өлеңінде Абай қазақ жастарының шенеунік болуды дәреже көретінін, жан байыту қаперіне кірмейтінін ашына сынай келе, Толстой қазақ жастарының бірінің ойында жоқ екенін үлкен мін санап күйінеді. Абайдың Толстой есімін жас буынды тәрбиелеу мәселесімен байланыстыруының өз мәні бар. Толстой заманынан түңілген адам. Жас ұрпақтың Толстойды білсе екен дейтін тілегі ендігі ұлан дүниеқоңыздылыққа салынбаса екен, жанын бақса екен деген ақ арманнан туған.
Онегин бар қызықтың, сән-салтанаттың бәріне кеңірдектеп тойғанда ғана барып, дүниенікі дүниеде қалатынын түсінген. Әуел баста тән рахатын ғана ойлап, жан әлемін жүдетіп алды. Күні ертең Татьянамен бас қосса, аз уақыттан соң некеліктен жалығып ("жалқып”) шыға келетініне көзі жетіп тұр. Онегинмен типтес – Лермонтовтың Печорині Бэлаға қолы жеткен соң, біраздан кейін кешегі махаббатынан суына бастамай ма? Печорин де Онегин тәрізді басын тауға да, тасқа да соғады, бірақ еш жерден көңілі жайланатындай орын таппайды. Бэла қазаға ұшырағанда аз-маз опынған болады. Біраздан соң бір бәледен құтылдым ба дегендей жеңілдеген қалып көрсетеді. Өмірден жерінуі жаны жұтаңдығынан.
Қазақ ақыны пікірінше, адамзат керуені (бір ғана қазақ елі емес) даму бағытын дұрыс ұстанбай отыр. Қарын қамына беріліп, рухани жұтаңдыққа ұшырауда. Бүкіл дүние қауіпті дағдарыста. Қай тарапқа қаңғырарын білмейтін Онегин бейнесінің астарында, міне, осы әлемдік бәлелі құбылыс жатыр.
Романның эпосқа тән кең құлаштылығы, нақтылы өмірмен байланысы осындай болғанда, жеке адам характерін жасау жағынан қалай көрінеді? Міне, бұл рөлді адамның ішкі жан дүниесінің шетсіз-шексіз құбылыстарына тіл бітіретін Абай лирикасы әдемі атқарып шыққан. Өлеңмен жазылған эпистолярлық шығармада төңіректе өтіп жатқан әлдене оқиға бөлек баяндалмайды. Оның бәрі психологиялық талдауға сіңіп кеткен. Сырт оқиғаның табы яки эпостық тағы бір белгі кейіпкерлердің жан сілкініс-тебіреністерінен, рухани өзгерістерінен бой көрсетеді.
Кейіпкер тірі жанның ісін істеп өмірден өз орнын табуға талап етпейді емес. Тәңір бұйрығымен ("Құп кіріптар қылды Алла” (2 том. 45 б.). Онегиннің сахара шөліндей сарғайып біткен көңіл даласына кенет көк бітеді. Жүрегіне махаббат өрті түседі. Татьяна хатының әсері тегін кетпеген. Қыз хатының сезімге түскен шоғы қауға түскен ұшқындай лап етіп жалындайды. Ғашық Онегин бұрынғы тәкаппарлығынан, өркөкіректігінен айырылып, бір кезде бетін қайтарған қыздың аяғына жығылады. Бұған дейін Татьяна ерік өзіңде деп қиылса, енді жалбарыну кезегі Онегинге тиеді. Не қылсаң да ерік өзіңде деп өмешесі өшіп, хат жазады.
Роман сюжеті шарықтау шегіне жетеді. Махаббат отына шарпылып, сұм тіршілікте жанына өзінен басқа бір дос, серік тапқысы келген кейіпкер, әлде бір философ-идеалистке ұқсап, алыс, көз ұшындағы жарық сәулеге қол созған. Ғашығының раушан сипатын тез көруге ынтығып, үздігеді. Піскен алмаға уақытында қол созбағанына өкініп, гауһарының қадіріне жетпегенін мойындап, тағдырын қыз қолына тапсырады.
Сөйтіп, бастапқыда Пушкин мен Абай романдарының бір арнада аққан сюжет өзені сағасына тақағанда жылғаланып, екі тарамға бөлініп тынған. Эпистолярлық роман сюжет ағысы характердегі зор әлеуметтік-қоғамдық сипатты мазмұнға, ондағы автор ойына қарай бет бұрған. Адам мен адам қатынасы яки сюжет Абай романында трагедиямен аяқталады. Уақыт теперішінен жапа шеккен кейіпкердің сюжеттік жолы тартысқа толы. Бірін бірі сүйсе де қосыла алмайтын Онегин-Татьяна арасын басқаша не деуге болады? Сюжет кейіпкерді жегідей жейтін философиясынан трагедиялық тығырыққа тіреледі. Бұл жерде Абай сюжеті қасірет-қайғыға соқпай қоймайтын әлемдік әдебиет дәстүріне сүйеніп отыр.
Эпистолярлық нұсқадағы Онегин тағдырындай тағдыр ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әлем әдебиетінде аз суреттелмеген. Гетенің "Жас Вертердің қасіреті” атты эпистолярлық романы мен қазақ ақынының бас кейіпкерлері тағдырлас, мұңдас. Онегин сықылды Вертер әуелден-ақ: "Я не вижу иного конца этим терзаниям, кроме могилы!” (Иоганн Вольфганг Гете. Собрание соч., в десяти томах. Том 6. М., "Худо-жественная литература”. С. 47) дейді. Пушкин романындағы Онегин Татьянаға жазған хатында күйдім-жандыммен тынады. Өлем деп айтпайды. Соңғы кездесулерінде Татьянаның бет қайтарар сөзін есіткен соң ләм демей төбеден ұрғандай қалшиып тұрып қалады. Ал, Абайдың Онегині "Сен бетіңді әрі бұрсаң… Біздің орын – қара жер” дейтін Вертер секілді тағдырына мойынсұна береді.
 Вертер "А мы от своей образованности потеряли образ человеческий!”(Гете. Том. 6., С.66) – деп күйінеді. Абай Онегиннің өзін: "бұл заманның қашқыны” санайтыны, "тәтті дүние көңілінен кеткендігі” (Абай. 2 том. 44-45 бб.) – өмір сүріп отырған қоғамға Вертер репеттес наразы.
 Қазақ эпистолярлық романының "Вертерден” елеулі өзгешеліктері де бар. Әсіресе, жанрлық Һәм сөйлеу тәсілі жағынан. Ақын Гете шығармасында прозаға жүгінген. Тағы бір айырмасы – "Вертер” түгелімен бас қаһарманның қолымен ("Баспагерден” деген бөлімді есептемегенде) жазылған хаттан тұрады. Сол себепті бір жағы лирикалық, екінші жағы монологтік нысандағы туынды. Бұл жөнінде В.Вильмондтың "Вертерге” берілген түсініктемеде айтқан пікіріне толық қосылуға болады.
 "… В то время, как в романах Ричардсона, Руссо… общая повествовательная нить плетется целым рядом корреспондентов и письмо одного персонажа продолжает письмо другого, в "Вертере” все написано одной рукою, рукою заглавного героя (за вычетом приписки издателя). Это сообщает роману сугубую лиричность и монологичность”. (Сонда. 465 б).
Абай романында бас кейіпкер екі түрлі тәсілде бейнеленген. Басында характері автор тарапынан сарапталады ("Онегиннің сипаты”). Ал, Онегин мен Татьянаның ішкі өмір-тірлігі олардың өздерін сөйлету тәсілі арқылы бейнеленген. Бұл жағынан "Вертерге” ұқсас болғанымен, өзгешелігі көбірек.
Татьяна мен Онегиннің хат алмасуы жан дүниеден жалындап шыққан сөзден тұрады. Жан сөзі өзіне емес, өзгеге арналады. Ішкі лирикалық тебіреністер кейіпкерлердің бір-біріне қаратып айтқан ғашықтық сөздерінен, өкпе-назынан туындайды. Гетенің эпистолярлық романы бүтіндей бас кейіпкердің монологына құрылған. Вертердің хаттарынан белгілі болатыны, Лотта екеуі жиі жолығысып тұрады. Лоттаның сол кездесулердегі сезім-күйлері монолог сипатында әрі эпостық мәнерде жазылған хаттарда суреттелген. Екі жастың қол алысқанын, бір біріне қалай қарағанын, қай жерде қалай кездескендерін бипаздап әңгімелеуге, шегініс жасап, оқиғаны тежеп, енді не болар екен дегізіп ынтықтыруға прозаның жаны құмар. Ал, лирика табиғаты бәрін түгендеп, тәптіштеп суреттеуді оншама көтере бермейді. Қазақ нұсқасындағы Онегин байғұс сүйгенін бір көруге зар.
Қазақ эпистолярлық романында образдылық ағыстан гөрі лирикалық ағыс басым. Онегиннің хаттарынан Татьянаның бет әлпетін анық айырып "көре” алмаймыз. Хат Татьянаға жазылып отыр. Бірақ қыздың портреті тым сараң, жалпылама шыққан. "Гауһарым”, "Піскен алма”, "ақ жүрек”, "ақ жүзің” деген ауыстыруларды есепке алғанның өзінде де, образдың нақтылы келбеті бұлдыр. Олай болуының өз себебі бар. Поэзия үшін "алтын иек, сары ала қыз” (Абай осылай мұқататын еді ғой) кескінін тәптіштеп түгендеп жатудың қажеті шамалы. Сүйген жүрек сырын ағыту ғашық образын жасауға әлдеқайда тиімді. Абай сол ежелгі поэзиялық заңды мүлтіксіз басшылыққа алған. Онегиндей кеудесіне нан піскен кісіге "Михрабым сен, бас ұрамын” дегізген сөзінің өзі ғашық әйелдің қандай екенін жүрек көзімен көріп ынтығуға жетіп жатыр. "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” деген бет пішіні ғана сұлу қыздан гөрі "Көзімнің қарасы” деген ішкі монологта, жан түкпіріндегі ең аяулы, ең сүйкімді сезімдерге тіл бітірген қыздың көркі әлдеқайда қымбат көрінетін сияқты.
Романдық лирикалық ағынның және бір ерекшелігіне бақсақ, хатпен жазылған туындыда ескі эпосқа тән бірсыпыра белгілер байқалмайды. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, ғашықтық хикаялары Ләйлі-Мәжнүн дастанындағыдай жырланбайды. "Біле ме біздің қазақ ғашық жайын, Ұқсаңыз білгенімше сипаттайын”-ға (Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалар. Алматы. "Жазушы”. 1988. 349 б.) жатпайды. Эпистолярлық роман өлеңмен жазылса да, бұл машықты сөз оған үйлеспейтіндей. Онегин мен Татьянаның көңіл күйлері жырланбайды (не воспевается). Қыз бен жігіттің шері, жалындап сүйген жүректері өздері жыр ағытып, нөсердейін құйылып тұр. Олар есіліп майысқан мұңды-шерлі көңіл күйлерін "өздері” шертіп бейнелейді.
Абайдың лирикалық романының драмалық тектілікке де қатысы бар. Өмірден баз кешкен Онегиннің аяқ астынан ескі жараны білтелеп, ескі сертінен тайып өзгеруі, тірі адам қалыбына еніп, бойына қан жүгіріп, алас ұруы, жан айқайына көшуі лириканың драмалық әрекетшіл сюжетін қоюландырып мейлінше тартымды етіп тұр. Ғашық жүректің ауыр қасірет күй-жайы яки лирикалық ағын күші зор поэтикалық қуатпен тасқындайды.
Өлі бойға жан жүгірді,
Қайратым құрыш болды, нан.
Мұз жүрегім май сықылды
Еріп, от боп күйді жан. (Сонда. 44 б).
 Жат жұрттық боп кеткен, бірақ әлі де сені сүйемін дейтін Татьянаға арнаған Онегиннің соңғы сөзінде лирикалық ағын драмалық қимыл-әрекетке ұласады.
 Жарым жақсы киім киіп,
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңілім,
Басылмай бір құшып сүйіп.
 
 Бойым тұр дал болып иіп,
Көңілім жүр құс болып шүйіп.
Есіркеп сүйгізіп еді,
Кетіппін жүз есе күйіп. (2 том. 54 б.)
 Онегиннің қияли көңілінде ғашығы жақсы киім киіп келген. "Жақсы киім” нақтылы образға жатпаса да, кейіпкердің көңіл бұлтында екі жастың кездесуі әсері жағынан нағыз театр… Қазіргі тілмен айтқанда, виртуалды мизансцена. Ішкі күй-жайдың елесі. Ақтық көрінісі. Онегин есінен адасуға жақын. Шала-пұла сандырақтай бастаған. Тек өлім алқымынан алып шеңгелдегенде ғана көзін ашып жалған дүниеге бір сәт қайта оралғандай. Ақырғы демі таусыларда айтқаны: "Бір бұрмадың мойныңды”. Сүйгеніне өкпе-назы. Оған енді қайтып оралып түзеле ал-маспын дейтін шағымын қосады. Эпистолярлық роман драмасының соңғы актісінде амалы құрыған бас қаһарман "Атам, анам қара жер, Сен аша бер қойныңды” (Сонда. 54 б.), – деп жарық дүниемен қоштасады. Сорлыны жал¬ғыздықтың жегі құрты жей-жей қиып түседі.
Абайдың романында өлім тақырыбы жайдан-жай тумаған. Қазақ версиясындағы Онегин өмірден орын таба алмай жүр. Қоғам оған жон арқасын береді. Болашағы және жоқ. Жалғыздық – қоғамнан әртүрлі себептермен сырттаған адам дерті. Драматизмі, тартыстың әлегінен жол таба алмай құсаға ұшырауы. Оның әлеуметтік һәм моральдық астары бар. Жалғыздық коллизиясы Абай шығармаларынан үзілмеген тақырып. Өтемістен он едік дегендей, Абай да он ағайынды. "Сегіз аяғында” жалғыздық көрер жерім жоқ дей келе, "Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным!” (1 том. 123 б.) деп кенет қайғыға салынады. Абай жалғыз¬дыққа ұшырағанын "Сөзін ұғар елі жоқтығымен” түсіндіреді. Онегиннің қасіретті ахуалы – еш жерден орын таппай сергелдеңге ұшырауынан. Себебін өзіне теріс қарайтындардың жаулығынан деп біледі.
 Абайдың эпистолярлық романында жалғыздық проблемасына байланысты айтқан ойлары қоғам мен адамның жарастығын көксейтін идеядан нәр алады. Қоғам адамға не адам қоғамға қас болса, жалғыздық ондайдың мойнын астынан келтіреді. Сыңарыңнан айырылу да жалғыздықтың бір парасы. Онегин осы екі түрлі жалғыздықтың екеуінің де уын ішкен адам. Сондықтан бұл Онегиннің – эпистолярлық романның бас кейіпкерінің жалған дүниені талақ етпесіне шарасы қалмаған. "Ғақлияның” отыз жетінші сөзінде Абай: "Жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында” (2 том. 183 б.)  деп тегіннен тегін жазбаған. Бұл тезистің даналығы қазақтың және бір сұңғыласы – Сәкен Сейфуллиннің "Аққудың айрылуы” поэмасында поэтикалық анық ұсталықпен қуатталғаны мәлім.
Жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Адамға жұпсыз күн жоқ. Алла солай жаратқан. Татьянаның "Осы екен ғой – сол” дейтіні іштей көп арман еткен сыңарын тапқаны. Махаббат дегеніміз Алланың жалғыздықтан құтқаратын сыйы. Сол сыйдың рахатына бөлену үшін адам не істемейді. Татьянадай он екіде бір гүлі ашылмаған ару шарасыздыққа ұшырап беттің арын белбеуге түйгендей болады.
 Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
 Татьянаның Онегинге жазған хатының алғашқы шумағы. Бір ғана шумақтың аясына романдық, психологиялық реуішті қаншама динамика, өзгерім сыйып кеткен. Татьянаның ішкі образы лирика толқынында қайың қабығындай қалқиды. Түрлі еңісті-дөңесті күйге түседі. Шумақтың төрт жолы ішінде қыз төрт рет құбылады. Және күрт құбылысының бәрін – көркем шындықтың көкесіндей қабыл аласың.
Шумақтың алғашқы екі жолынан көз алдыңда бетінен моншағы үзіліп тұрған қыз бейнесі көлбейді. Ұялшақ, ұяң бұрымдыға жаның ашиды. Бірақ сол байғұсың шумақтың соңғы екі жолында кілт өзгеріп шыға келеді. Махаббаттай жеңілуді білмейтін күштен қуат алып, тәуекелге бел байлайды. Бар жүкті нәп-нәзік иығымен көтермекке ниет еткен Татьяна қайратына сенесің, шешімді мінезіне сүйсінесің.
Лирикалық тебіреніс – жас жүректің толқыны. Онегин жауабында қыз хатының әсерін солай бағалайды. Таңғажайып хаттың әдептілігін, шыншылдығын атап та өтеді. Татьяна "мен сені сүйемінді” баттитып төбеден түскендей етіп айтпайды. Сүйетінін "Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке” деп орағытып айтады. Бірақ жігіттің құлазыған көңілі бастапқыда қыздың "ием – сенсің өлгенше” деген антына мән бермейді. Абай "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да” өлеңінде "Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да” (Абай. 1 том. 143 б.) — дейтін махаббат гимнін осы Татьяна сықылды сорлы асықтарға қаратып айтқан ба дерсің. Кейін ашыналық айту кезегі өзіне тиетінінен тәкаппар Онегин қайдан білсін.
 Татьяна сөзі – оның өзінің ішкі портреті. Психологиялық күрделі, шиелі қатынастардан қаланады. Махаббатына тойтарыс алған балаң, шешімді де кесімді Татьяна жылдар өте келе өзгереді. Онегинді бұрынғысындай сүйгенімен, енді от-жалынды сезім ырқына көне бермейді. Көңілін салқын саналыққа билетеді. Бұрынғы бас иіп табынған кісісін мақтамен бауыздағандай етеді. Екеуін де жапа шектірген астамшылық екенін аяса да бетіне басады.
Татьяна бейнесін қол жетпес биікке көтеретін мінез – ғашығына кінә артпай, наз арта отырып, екеуінің қосыла алмауының ақиқат себептеріне үңіле білетін қасиеті. Қоғам кінәратын түсініп жеткендігі. Онегин жұртынан қамшы жеп, бар тірліктен баз кешкен. Дүние жалғанды талақ еткен. Тоң-мұз жүрегін ғашықтық оты да бастапқыда жібіте алмаған. Өзінінің де сорлы нәсібі неде екенін түсінеді. Осы жерде Татьяна тағы бір үздік қасиетімен көзге шалынады. Ол – биік ар-инабат иесі. Жеке басының кіршіксіздігін, өзін жат қораның тақтасында жатқандай сезінсе де, қол-аяғы бекілген босағаға адалдығын бәрінен жоғары қояды.
  "Евгений Онегин” романында Онегиннің Татьянаға жазған хатында және Татьянаның Онегинге жауабында екі ғашықтың жұптаспауы жеке бастарының ебеп-себебімен түсіндірілген. Жігіт жеке басымның бостан болуын аңсап едім, оным қате екен деп опынады. Татьяна бар кінәні Онегиннің өркөкіректігіне артады. Енді тағдырым шешіліп қойғанда, менің соңыма түскеніңізге жол болсын дейді. Сізді сүйемін. Бірақ бөтен кісінің жары болдым. Жар борышынан айныман, деп жігітін соститып жалғыз қалдырады.
Эпистолярлық романда екі ғашықтың қосыла алмауларының түп себебі, қайталаса артықтығы жоқ, қоғам мен адамның бір-біріне өгейлігінде. Оның арты "жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледіге” әкеп соғады. Зардабы адам байғұсқа тиеді. Оны жалғыздық тауқыметіне ұшыратады. Хакім Абайды аз толғандырмаған ғұмырнама пәлсапасы. "Абай это рассуждение о жизни и смерти, вот что такое Абай” (Николай Анастасьев. Небо в чашечке цветка. Алматы. Өлке. 2004. 14 б.) деушілердің пікірін қуаттайды.
Тағы да бір себеп төркіні — бас кейіпкер Онегиннің характерінде. Адамзатқа жер ортақ, су ортақ. Бәрі бір күн шұғыласында өседі. Бірақ әр перзент дара жатында жаратылмақ. Сол заңдылық көркем шығармаға да тән. Эпистолярлық романның көркемдік төлтумалық бітімі қаһарман характерінен туындайды. Характер – сюжет моторы. Кейіпкерлердің ара қатынасын өрістететін қозғаушы күш. Абай Онегині: айттым – болды, піштім – кесілді дейтін шешімінде қатып қалатын тұлға. Татьянаға турасын айтады. Адам бір өзінен басқа дос таппаса, өлген артық, бетіңді әрі бұрсаң, "шықты көзім, болдым көр” (Абай. 2 том. 45 б.) – дейді. Сол сөзінде тұрады. "Онегиннің өлердегі сөзін” айтқызушы – эпистолярлық романның бас кейіпкерінің қайсар характері.
 Бар басылымдарда эпистолярлық романның ақырғы бөлімі – "Онегиннің өлердегі сөзі” тақырыбының қосалқы анықтамасы жақшаға алынған ("А.С.Пушкиннен)” деген сөзден тұрады. Бірақ Пушкинде ондай сөз жоқ және болуы да мүмкін емес. Пушкиннің Онегині – басқа характер. Бұл да мінезді бейне. "Я знаю: в вашем сердце есть И гордость, и прямая честь” (А.С.Пушкин. Соч., в трех томах. Том 3. Госиздат художественной литературы. М., 1964. С. 158), – дейді Татьяна сүйгенімен мәңгі қоштасар мезетте. Бірақ бұл Онегин реализмнің басқа шәрбетінен суарылған. Жар құша алмадым деп, Вертер я Қайыс сияқты "мәжнүнше” мүжіл¬мейді. Романның Пушкин жазып бітіріп үлгірмеген оныншы тарауында ол декабристер қозғалысына қатысуға тиісті. Әлі жігер-қайраты кеміп таусыла қоймаған, бар өмірі – алда.
 
1937 жылғы мақаласында Мұхтар Әуезов Абайды Онегин образын түсінбеді деп сынайды. "Егер терең бойлап, Онегин образының логикасын түсініп, тамыр-түбін абайласа, аударманың аяғында оған мылтық ұсынып "енді өзіңді өзің өлтіруің-ақ қалды” деп дәмеленбес еді” (Мұхтар Әуезов. Жиырма томдық. 17-том. Алматы. "Жазушы”. 64 б.) – деп жазады. Абайдың бір қателескен жері, бірінші тарауда берілген сыпаттаманы ескермеген, дейді. Ескермегені рас. Оны бас абайтанушымыз дәл басып айтқан. Тек ол Абайдың "қателескен жері” емес, Онегин характерін өзінше алып бейнелеген ең табысты тұсы. Мұхтар Әуезовтің "эпистолярлық роман” деген анықтамасы тіліне сол кезде іліксе, бұл сынының орынсыздығын бас абайтанушының өзі де аңғарар еді.
 "Татьянаның қырдағы әні” "Абай жолы” роман-эпопеясының кейінгі басылымдарында "Биікте” деп аталды. Татьянаның мұңына Пушкиннің өзінен кем соқпайтын тіл бітірген Абай, айтты-айтпады, эпистолярлық романында шығармагерлік шыңына көтерілген еді. Иә, Абайдың эпистолярлық романы замандастарының көңілінінің төрінен орын тапты.
 "— Қайран Татьяна, қазақ қызынан да мұңдасыңды таптың ба! Талай шыншыл жасқа тіл бітірер-ау! – деген еді Ысқақ”. (Мұхтар Әуезов. Шығармаларының елу томдық жинағы. 23-том. 2005. 439 б.).
Шыншыл жасқа тіл бітірген, әрине, авторы. Абай хат түрінде жазылған шығармасымен күллі әдебиетімізді жанрлық жаңа өріске шығарды. Әдебиетімізде роман шымылдығын ашты. Сайып келгенде: дүние жалған, тағдыр тәлкегі тақырыбын қаузау арқылы өлең-хаттың эпикалық тынысын тереңдетті; махаббат драмасын лирикамен астастырды; ұлттық-поэтикалық соны дәстүрге жол салды. Қазақ өлең шығармасын роман етіп сөйлетіп, жаңа жанр тілін сындырды, стилін қалыптастырды; адамның ішкі өмірін, жан сырын жыр етіп төкті; психологиялық талдау өнерін бастады; ақжолтай болып, қазақ топырағында роман бәйшешектерін қаулатты.
Қазақтың "Бақытсыз Жамал” (1910), "Қалың мал” (1913), "Қамар сұлу” (1914) секілді алғашқы романдарының бас тақырыбы – тұрмыстық тақырып: әйелдің бас бостандығы. Жамал, Ғайша, Қамар арулар әрқайсысы дара туса да, Татьянамен мұңдас, армандас еді.
Поэзия көшінің тең-тең мүлкін шешкенде де айтулы шығарма әдебиетіміздегі өлең-роман жанрының алдында тұрғанын байқамауға болмайды. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баяны” (1923) поэма аталады. Шын мәнінде ол – жаңа эпос. Роман жанрының бар қасиеті бойынан табылады, әсіресе психологизмі, суреткерлігі.
Дихан Әбілевтің "Алтай жүрегі” (1955), Софы Сматаевтың "Жарылғап батыр” (2000) сияқты өлеңмен жазылған романдары – ел өмірінің қиын-қыстау кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларды, кешегі шындықты айнытпай жеткізетін арнасы құнарлы шығармалар. "Алтай жүрегін” Мұхтар Әуезов "мәйегі тоқ” роман деп әділ бағасын беру үстінде, кемшілігін қайсы эпизодтардың созалаңдау, жасандылау, қайсыбір оқиғалардың себептері нанымсыздау жағынан көрген. Сөз суреттілігіндегі алақол міні де байқалмай қалмаған. (Сонда. 19 том. 290 б.). Софының "Жарылғап батыры” да лайықты (Қазақ әдебиетінің тарихы. Тәуелсіздік кезеңі. (1991-2001 жылдар). Алматы. "Қазақпарат” 2006. 90-99 бб.) бағасын алып үлгерді.
"Онегин – Татьяна” романы күні бүгін жазылғандай толқытады, баурайды. Әдеби процестің қай кезеңінде де оның әсері ерекше. Әзілхан Нұршайықовтың бір романы "Махаббат, қызық мол жылдар” (1970) деп аталып, Абай өлеңінің жолын қайталаған. Ал, осы романның Меңтай мен Ерболдай кейіпкерлері тағдыры жағынан Татьяна мен Онегинге ұқсайды. "Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең” дейтін Татьянаның өкінішті зарын қайталайтындай. Тағы да бір қазақ романында Гете мен Абай екі жастың махаббат отын маздатуға себепкер. Осының бәрі кездейсоқ үндестікке жатпаса керек.
Абайдың эпистолярлық романының жарияланғанына енді бір-екі жылда ғасыр толады. Ғасыр бойы ол жан жадырататын, рух демдейтін құдіретті поэзиясына бөлеп келеді.



















 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАбайтану

Қазақ әдебиетіАбайтану 10-сынып "Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай"

Қазақ әдебиетіАбайтану

ҚұжатнамаАбайтану кабинетінің жоспары

ҚұжатнамаАбайтану курсының бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147891

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар