Айтыс- халық қазынасы

18 наурыз 2014 - Сайранкул Жумабаева

Айтыс – халық тарихы

9 сынып

Мақсаты:

1.                 Білімділік: қазіргі кездегі ақындар айтысын, олардың шығармашылық ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың айтыс ақындары жайлы білімдерін толықтыру.

2.                 Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті арттыру. Өз ойларын, көзқарастарын еркін жеткізуге үйрету

3.                 Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:.Дәстүрлі емес сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Миға шабул, шығармашылық жұмыс жасау, сұрақ-жауап, іздестіру, таблица толтыру.

Көрнекілігі:қанатты сөздер, ақындар шығармашылығынан дайындалған стенд, плакаттар, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлікті қадағалау. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру

Сабаққа психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Біржан мен Сара айтысы туралы мазмұндау. Екі оқушы шығып өздері дайындап әкелген баяндамаларын қорғайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Айтыс – халық тарихы»

1.     Айтысқа көзқарас  уығы

Мұғалім: балалар айтыс жайлы бұл біздің алғашқы сабағымыз емес. Сондықтан сендердің осы айтыс туралы көзқарастарың қалыптасқан болар. Өз көзқарастарыңызды білдірсеңдер.

Оқушылардың пікірлері:

 

2.  Айтыстың түрлер уығы

Мұғалім:

Өте жақсы. Енді мына плакатқа көңіл аударайық. Мында «Айтыс» сөзі берілген. Сендер осы айтыстың түрлерін топтастырсаңдар. Яғни мына стрелкалар бойынша таратып жазайық. Кәне, кім бастайды?

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Жұмбақ айтыс уығы.

Мұғалім: осының ішінде жұмбақ айтысына тоқтала өтейік. Ол айтыстың қандай түрі.

Оқушы жауабы: 

Мұғалім:

  — Ендеше екі қатар бір-бірімізбен жұмбақтасып, жұмбақ айтысын ұйымдастырайық.

 

4.«Айтыскер ақындар» уығы.

Мұғалім:

Айтыскер ақындарға тән қасиеттер туралы ата өтейік.

Ақынға тән қасиеттер:

1.     парасат, білім

2.     сөзге тоқтау

3.     намыс, жігер, қызу шабыт

4.     талант, арқа

5.     тапқырлық, ұтымды ой, қолма-қол суырыпсалушылық

-         Енді оқушылар мына тақтаға көңіл аударайық. Бұл ақындар жайлы сендер жақсы білесіңдер. Айтыскер ақындар  жайлы қысқаша айтып өтсек.

  Оқушылар:

-         Сүйінбай Аронұлы

-         Жамбыл Жабаев

-         Сара Тастанбекқызы

-         Ұлбике Ханкелдіқызы

-         Біржан сал.

Мұғалім:

-         Тағы да басқа ХХ ғасырда өмір сүрген айтсыкер ақын жазушыларды білесіздер?

Оқушылар:

-         Шортанбай Қанайұлы  т.б. .....

 

5«Әдебиет лотосы» ойыны уығы.

Мұғалім:

Осы ақындар туралы мынадай кете толтырайық:

 

Ақындар

Кімдермен айтысты

Тақырыбы

Шығармалары

Сүйінбей

Тезек төремен, Қатағанмен.

Әлеуметтік мәселелер

«Болыстарға баға», «Қасымға», «Жетісу билеріне», «Жамбылға берілген бата»

 

6.«Осы күнгі айтыс айтыс» уығы.

-         Қазіргі кезде де айтыс өнері дамып келеді. Теледидардан түрлі айтыстар болып жатыр. Қазіргі айтыстардың ерекшелігні неде деп ойлайсыңдар?

Жауап

-         Осы күні теледидарда қандай айтыстар көрсетіліп жатыр?

Жауап:

-         Жас айтыс ақындарын білесіңдер ме? Атап өт.

Жауап:

-         Ендеше мен айтыскер ақындардың фотасын компьютер арқылы көрсетемін. Сендер олар жайлы білетіндеріңді ортаға саласыңдар.

(Компьютермен жұмыс)

 

1.     «Аламан айтыс» уығы.

Мұғалім:

— Қазір бәріміз  соңғы жексенбіде болған айтыстан үзінді тындайық. Тындап қана қоймай әр сөзін көңілге тоқып, өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Мұғалім:

— Енді бізде «Аламан» айтысын ұйымдастырайық. Өздерің білесіңдер біздің ортамызда Айман мен Маша  атты аудан көлеміне танымал жас ақынымыз бар. Солардың тамаша бір айтысын тамашалап, дауыс берелік. Келген қонақтарға және оқушыларға алдын ала билет таратылған болатын, соны қораптың сары жағына Машаға, көк жағына Айманға дауыс бересіздер.

ІҮ. Қорытынды.

1. Айтысқа баға беру

Мұғалім:

-         Оқушылар өздерің білесіңдер көптеген ақын-жазушылар осы айтысқа өз бағаларын берген, ендеше бізде «болмасаңда ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай сол кісілерге ұқсап өз бағамызды берейік.

Оқушылар ойларын жинақтағанша үйге тапсырманы тақтаға жазып қоямын.

2.     Оқушыларды бағалау.

3.     Үйге тапсырма «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» атты эссе жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Қазақ әдебиеті"Толағай" әдеби ертегісі

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151053

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар