Алғашқы ұстаз, Ш.Айтматов

«Алғашқы ұстаз»Ш.Айтматов (1928-2008) Конференцияның мақсаты: Ойшыл гуманист, данагөй, қазақ – қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасын оқырманға насихаттап, ұстазға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұстазды құрметтеп, сыйлай білуге үйретіп, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту. Түрі: Оқырман конференциясы.Көрнекілігі: Тақырыпқа сай көрнекілік, слайдтар, Ш.Айтматовтың кітаптары.І.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңіІІ. Ш.Айтматовтың өмірбаяны ІІІ. Ш.Айтматовтың шығармаларына библиографиялық шолу.IV. Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасыV. Қорытынды Кітапханашы: Құрметті оқырмандар! Бүгінгі Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты кітапханада ұйымдастырылып отырған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер. Мақсатымыз Ш.Айтматовтың осы бір шығармасын талдай отырып, ұстазға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұстазды құрметтеп, сыйлай білуге үйретіп, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға тарту. І. Шыңғыс Айтматов (қырғызша Чынгыз Айтматов ) 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келген.Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған. 1938 жылы «Халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Тұрар Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген, шәкірті болған жазушының кандидатурасын түркі тілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (ТҮРКСОҮ) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынған. Шыңғыс Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан үлесі үшін ТҮРКСОҮ тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған. Қайта құру жылдарында КСРО Президенті Михаил Горбачевтың кеңесшісі болды, 1990-1994 жылдары КСРО мен Ресейдің Бенилюкс елдеріндегі елшісі қызметін атқарды. 2008 жылдың наурыз айына дейін Қырғызстанның Франция, Бельгия, Люксембург және Нидерланды елдеріндегі елшісі болды. 2008 жылы 10 маусымда «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматов Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Жазушының мүрдесі 14 маусым күні Бішкектен 10 шақырым жердегі Чон — Таш ауылындағы «Ата Бейіт» мемориалды – мұражай кешенінде жерленді. Сол күн Қырғызстанда «Қаралы күн» ретінде «ұлттық қайғы» деп жарияланды. Осы 2008 жыл Қырғызстанда «Айтматов жылы» болып жарияланған-ды.ІІ. Шыңғыс Айтматовтың шығармалары дүниежүзінің 128 елінде 176 тілге аударылып, 80 миллион данамен таратылды.Өзінің тұңғыш әңгімелерін 1952 жылы бастырды, ол – әлемге танымал бірнеше повестер мен романдардың авторы. Айтматовтың соңғы шығармаларының бірі – «Когда падают горы»(« Таулар шөккенде») романы. Бұл роман 2006 жылы Мәскеуде жарық көрді. Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өмірі қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Қырғыз жазушысының тағы да басқа шығармалары рухы мен мінезі жағынан қазақ халқына өте жақын.Жазушының өзі де қазақ халқымен іргелес, қоныстас жерде туып – өскен. Әйгілі жазушы «Ақ кеме» повесінде кішкентай ғана баланың көзімен күллі әлемнің қуанышы мен қайғысына үн қосқан аңыз бен мифті шындықпен астастыра суреттейді. «Қош бол, Гүлсары!» — жүйрік жылқының тағдыры арқылы қоғамдық — әлеуметтік болмысты тереңнен тануға арналған. «Жан пида» романын қалың қазақ оқырманы кезінде жақсы қабылдаған. Роман қасқырлар тіршілігі арқылы табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым – қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеруімен терең ой салады. «Ғасырдан да ұзақ түн» романында және «Шыңғысханның ақ бұлты» повесінде заман зарын, адамзаттың трагедиялы тағдырын толғайды. Табиғаттың жазы мен күзі, қысы мен көктемі алмасып келіп отыратынындай, адам баласының да қилы – қилы мінездері «Қызыл алма» шығармасында сәтті ашылған. Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесі кезінде Ресей ғана емес, Еуропаның өзін таңырқатқан. ІІІ. Ал, бүгінгі оқырмандар конференциясының негізгі арқауы «Алғашқы ұстаз» повесі қарапайым жандардың ізгілікке толы кең жүрегін, асыл адамгершілік қасиеттерін ашып, қаламгерді ірі суреткер ретінде танытқан. «Алғашқы ұстаз» повесін талқылау.1. Ауыл көрінісі.2. Дүйсеннің мектебі3. Академик Алтынай Сүлейменова4. Алтынайдың хаты.5. Дүйсеннің балаларды оқытуы6. Алтынайдың тағдыры.7. Алтынайдың жарыққа шығуыIV. Повестен үзінді: кішкентай ғана ауылда Дүйсен деген жігіт әскерден хат танып келіп, ауылдағы жаман тамды мектеп қылып ашып, сонда ауыл балаларын жинап оқытады. Оқытты деп айта салу оңай, әрине. Ауыл адамдары балаларын жібермей, жібергендерін таңнан тұрып, өзі жинап алып қайтатын болған. Мектеп деп аталатын ол жаман тамды жылыту үшін бәрі жиналып тезек теріп әкелген. Сол оқушылардың ішінде Алтынай дейтін жетім қыздың оқуға деген ынтасы жақсы болады. Бірақ аға мен жеңгенің тәрбиесінде болған қыз тағдырдың тауқыметіне ұшырап, не бір қиындықтарды басынан кешірсе де, мұғалім Дүйсеннің арқасында жарыққа шығып, академик болып елге танылады. V. Қорытынды: «Алғашқы ұстаз» повесінің басты құдіреті — дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еткен шығарма екендігі белгілі. Повестегі адамдардың іс-әрекеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері – өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беруге көмектеседі, оларды адамгершілікке, «ұстаз» деген ұлы тұлғаны қадірлеп, қастерлеуге насихаттайды. Сондықтан да, повестің тәрбиелік мәні жоғары деп танимыз.Қарлығаш БекниязоваКітапхана меңгерушісі Атамекен орта мектебіБейнеу ауданы

                                                   

«Алғашқы ұстаз»

Ш.Айтматов (1928-2008)

 

   Конференцияның мақсаты:      Ойшыл гуманист, данагөй, қазақ – қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасын оқырманға насихаттап, ұстазға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұстазды құрметтеп, сыйлай білуге үйретіп, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.   

Түрі: Оқырман конференциясы.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай көрнекілік, слайдтар, Ш.Айтматовтың кітаптары.

І.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Ш.Айтматовтың өмірбаяны

ІІІ. Ш.Айтматовтың шығармаларына библиографиялық шолу.

IV.Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасы

V. Қорытынды

   Кітапханашы: Құрметті оқырмандар!

Бүгінгі Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты кітапханада ұйымдастырылып отырған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер. Мақсатымыз  Ш.Айтматовтың осы бір шығармасын талдай  отырып, ұстазға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұстазды құрметтеп, сыйлай білуге үйретіп, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға тарту.

 

   І. Шыңғыс Айтматов (қырғызша Чынгыз Айтматов ) 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келген.

Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған.

   1938 жылы «Халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Тұрар Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген, шәкірті болған жазушының кандидатурасын түркі тілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (ТҮРКСОҮ) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынған.

   Шыңғыс Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан үлесі үшін ТҮРКСОҮ тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.

   Қайта құру жылдарында КСРО Президенті Михаил Горбачевтың кеңесшісі болды, 1990-1994 жылдары КСРО мен Ресейдің Бенилюкс елдеріндегі елшісі қызметін атқарды.

   2008 жылдың наурыз айына дейін Қырғызстанның Франция, Бельгия, Люксембург және Нидерланды елдеріндегі елшісі болды. 2008 жылы 10 маусымда «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматов Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды.  Жазушының мүрдесі 14 маусым күні Бішкектен 10 шақырым жердегі Чон — Таш ауылындағы «Ата Бейіт» мемориалды – мұражай кешенінде жерленді.

   Сол күн Қырғызстанда «Қаралы күн» ретінде «ұлттық қайғы» деп жарияланды.

   Осы 2008 жыл Қырғызстанда «Айтматов жылы» болып жарияланған-ды.

 

ІІ.Шыңғыс Айтматовтың шығармалары дүниежүзінің 128 елінде 176 тілге аударылып, 80 миллион данамен таратылды.Өзінің тұңғыш әңгімелерін 1952 жылы бастырды, ол – әлемге танымал бірнеше повестер мен романдардың авторы.

   Айтматовтың соңғы шығармаларының бірі – «Когда падают горы»(« Таулар шөккенде») романы. Бұл роман 2006 жылы Мәскеуде жарық көрді.

   Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өмірі қазақ халқымен тығыз байланысты болды.  Қырғыз жазушысының тағы да басқа шығармалары рухы мен мінезі жағынан қазақ халқына өте жақын.

Жазушының өзі де қазақ халқымен іргелес, қоныстас жерде  туып – өскен.

    Әйгілі жазушы «Ақ кеме» повесінде кішкентай ғана баланың  көзімен күллі әлемнің қуанышы мен қайғысына үн қосқан аңыз бен мифті шындықпен астастыра суреттейді. «Қош бол, Гүлсары!» — жүйрік жылқының тағдыры арқылы қоғамдық — әлеуметтік болмысты тереңнен тануға арналған.

  «Жан пида»романын қалың қазақ оқырманы кезінде жақсы қабылдаған.  Роман қасқырлар тіршілігі арқылы табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым – қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеруімен терең ой салады.

 

 «Ғасырдан да ұзақ түн» романында және «Шыңғысханның ақ бұлты» повесінде заман зарын, адамзаттың трагедиялы тағдырын толғайды.

 Табиғаттың жазы мен күзі, қысы мен көктемі алмасып келіп отыратынындай, адам баласының да қилы – қилы мінездері «Қызыл алма» шығармасында сәтті ашылған.

  Ш.Айтматовтың  «Жәмилә» повесі кезінде Ресей ғана емес, Еуропаның өзін таңырқатқан.

 

  ІІІ.  Ал, бүгінгі оқырмандар конференциясының негізгі арқауы  «Алғашқы ұстаз» повесі қарапайым жандардың ізгілікке  толы кең жүрегін, асыл адамгершілік қасиеттерін ашып, қаламгерді ірі суреткер ретінде танытқан.

 

 

 

 «Алғашқы ұстаз» повесін талқылау.

1.      Ауыл көрінісі.

2.      Дүйсеннің мектебі

3.      Академик Алтынай Сүлейменова

4.      Алтынайдың хаты.

5.      Дүйсеннің балаларды оқытуы

6.      Алтынайдың тағдыры.

7.      Алтынайдың жарыққа шығуы

IV. Повестен үзінді:кішкентай ғана ауылда Дүйсен деген жігіт әскерден хат танып келіп, ауылдағы жаман тамды мектеп қылып ашып, сонда ауыл балаларын жинап оқытады. Оқытты деп айта салу оңай, әрине. Ауыл адамдары балаларын жібермей, жібергендерін таңнан тұрып, өзі жинап алып қайтатын болған. Мектеп деп аталатын ол жаман тамды жылыту үшін бәрі жиналып тезек теріп әкелген. Сол оқушылардың ішінде Алтынай дейтін жетім қыздың оқуға деген ынтасы жақсы болады. Бірақ аға мен жеңгенің тәрбиесінде болған қыз тағдырдың тауқыметіне ұшырап, не бір қиындықтарды басынан кешірсе де,  мұғалім Дүйсеннің арқасында жарыққа шығып, академик болып елге танылады.

V. Қорытынды: «Алғашқы ұстаз» повесінің басты құдіреті — дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еткен шығарма екендігі белгілі. Повестегі адамдардың іс-әрекеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері – өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беруге көмектеседі, оларды адамгершілікке, «ұстаз» деген ұлы тұлғаны қадірлеп, қастерлеуге насихаттайды. Сондықтан да, повестің тәрбиелік мәні жоғары деп танимыз.

 

 

Қарлығаш Бекниязова

Кітапхана меңгерушісі

Атамекен орта мектебі

Бейнеу ауданы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124458

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 2 наурыз 2016 в 23:38 0
Шығарманың тәрбиелік мәні зор

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар