Алпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Алпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің екінші (негізгі) деңгейдегі

мұғалімі Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна

.

Сыныбы: 6-сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, постер қорғау, «Қарама-қарсы элементтер стратегиясы», интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Слайдтар, плакат

І.Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Түстер бойынша (қызыл, көк, сары) топқа бөліну

Ойлау деңгейі/мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тапсырма (түрткі сұрақтар, жағдай)

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау формасы

Білу

(10 мин)

«Алпамыс батыр» жырының мазмұнын біледі

«Алпамыс батыр» жыры көне эпостық жырларының асыл қазынасы екендігіне көздері жетеді.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

    Жырдың мазмұнын әңгімелеу.Жаттаған үзінділерін айту

«Алпамыс батыр» жырының мазмұнын айтады. Үзіндіні жатқа оқиды.

Мұғалім дұрыс жауапқа ұпай береді.

Түсіну

(8 мин)

Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, түсінгендіктерін көрсетеді

Жырды толық түсініп, кейіпкер тағдырына түрлі көзқарас қалыптасады.

1.«Алпамыс батыр» жырынан үзінді тыңдау.

-Жырдың қай тұсы баяндалған?

— Бұл бөлімге қандай ат қояр едіңдер?

2. Жырдың негізгі кейіпкерлерін атаңдар, ол туралы не білесіңдер?

Тыңдайды, ойланады, шешім қабылдайды.кейіпкерлерге түрлі көзқараспен қарайды.

Мұғалім дұрыс жауапқа ұпай береді.

Қолдану

(7 мин)

Тапсырманы орындай отырып, мәселені шешеді.

Берілген тапсырманы іздене отырып табады, сол арқылы мінездерін ашады. Кейіпкерлерді салыстыра отырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренеді

1-топ

Жырдағы кейіпкерлер моделін жаса

Ердің бағын ашпаса,

Ер мұратқа жетер ме?!

Ерінің сағын сындырса,

Ел мұратқа жетер ме? деп Әйтеке би айтқандай елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі – Алпамыс.

2-топ

Кейіпкер

Іс-әрекет

(үзінділер)

Қандай мінезді адам

3-топ

«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

Алпамыс – досқа берік, жауға мейірімсіз

Дос

Жау

Сергіту сәті «Айна»

Кітаптан кейіпкерлердің іс-әрекетін тауып, сол арқылы мінезін анықтайды. Қарама-қарсы кейіпкерлерді салыстырды.

Топ басшысының бағасы

Талдау

(8 мин)

Оқиға мен әрекеттер туралы өз пайымдауын жасайды.

Нақты дәлелдер арқылы өз ойларын дәлелдеп қорғайды.

1-топ

1.Ұрпақ айыптауы. Ұлтан, Мыстан, Тайшықты айыптау

Шарты: Жырдан нақты мысалдар алып, кіналарын мойнына қою.

Портреттері, сөйлеу тілдерін дәлел етеді.

Кітаптан нақты дәлелдерді тауып, кіналарын мойындатады. Өз ойларын дәлелдеп шығады.

Топ басшысының бағасы

Жинақтау

(5 мин)

Білімді тиянақтап, оны бір жүйеге келтіріп дәлелдейді

Мәлімет бойынша білімді тиянақтап, оны жинақтайды,қорғайды.

2.Дебат элементі бар сайыс

2-топ

«Алпамыс батыр» жырының эпостық жыр екенін дәлелдеу

3-топ

«Алпамыс батыр» жырының эпостық жыр емес, ертегі екенін дәлелдеу

Алған білімдері бойынша бір топ эпостық жыр екендігіне дәлел іздесе, екінші топ ертегі екендігін дәлелдейді

Топ басшысының бағасы

Бағалау

(7 мин)

Оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету

Кейіпкерлердің өздеріне ұнаған қасиеттерін бағалап, дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдайды.

-«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлерден кімге ұқсағыларың келеді? Олардың батырлық істері сендерге қандай ой салады?

Үйге тапсырма:

«Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта эссе жазу

Өздеріне ұнаған кейіпкерлер жайлы ой қозғайды.

Мұғалім дұрыс жауапқа ұпай береді. Ұпайдан жалпы бағаны бірігіп шығарады.

Сабаққа қатысып отырған мұғалімдер өздері қалаған оқушыларға тілек жазып береді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиеті"Толағай" әдеби ертегісі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084914

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар