Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

7 «В» сыныбына әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

3-апта

2-күн 

1-сабақ

Сабақтың атауы

Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Сілтеме

Оқулық; А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», слайд

Жалпы мақсаттар

сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, мысал өлеңнің мағынасын түсіну;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;

Оқыту  нәтижесі

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;

өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;

 өзге топтарды тыңдауға үйретіледі. Мәнерлеп оқу техникасын меңгерген. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша алады. Сұрақтарға нақты жауап береді Критерийлерге сүйеніп өзін, жұбын, тобын бағалай алады.Өлеңнің идеясын болжайды.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады.

Негізгі идеялар

Ақынның айтқан ақылының негізгі идесын түсіну.

Тапсырмалар  

1-тапсырма:

А)Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы

Ә)Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа. Жатқа айту

Б)Қансонарда шығады бүркітші шығады аңға Талдау 10 (мин)

2-тапсырма.

1.Ақын өмірі мен шығармашылығы

2. «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау

3.  Өлеңнің шығу тарихын зерттеу (15мин)

 

 

 

3-тапсырма. Дискуссиялық карта. (5мин)

 

Сергіту сәті (3мин)

 

Кейінгі тапсырмалар

“Ақын ініме”өлеңін талдау.

Ирониялық екпін түсетін  етістіктерді болымсыз түрге айналдыру.

 Ақын өмірі мен шығармашылығын түсіндіру

 

 

 

    

 

 

Мұғалімнің жазбалары

Ескерту

Оқушыларды А В С деген топтарға бөліп алып, топ ішінде мүшелердің қызметін бөліп алды.Топ мүшелері 1 көшбасшы,3 орындаушы,2 бақылаушы, 1 бағалаушы қызметін бөліп алды. А  тобы мен С тобы өз қызметтерін өзара ынтымақтаста бөліп алды. В тобы қызметтерін жеребе тастау арқылы бөліп алды. 

Тапсырмаларды тапсырмалар қоржынынан таңдап алды да, топ мүшелері өз қызметтеріне сәйкес жұмыстарын атқарды.

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар қойдым.

1.                  Ең алғаш сауат ашқан оқулығымыз?

2.                  Әліппенің атасы кім?

 Оқушылар сұрақтарға жауап беріп жаңа  сабақтың тақырыбын ашты. Тапсырмала бойынша әр топ бірлесіп жұмыс жасап, жаңа сабқты өздері ашты. А тобы 1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы интернет желісін падаланып, толық мәлімет берді.

В тобы «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқып,өлең құрылысына талдау жасады. Топ көшбасшысы Фарида өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын, тақырыбын, тәрбиелік мәнін ашып берді.

3.      С тобы  өлеңнің шығу тарихын зерттеу тапсырмасын ойдағыдай орындады. Бұл топта топ көшбасшысы Гүлдана интернет желісін мақсатты пайдаланып,өлеңнің 1911 жылы Міржақып Дулатовқа арналғанын айтты.

Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланысты жылдамдық сұрақтары арқылы орындадым. Сұрақтарды орындаған тапсырмалары бойынша топтар өздері құрастырып, бір-біріне сұрақтарын қойды.

Бағалауда формативті бағалау жүргіздім. Тақтаға әр топқа сабақ барысындағы тапсырмаларды кесте түрінде сызып қойдым. Әр орындалған тапсырмадан соң топтар бір-бірін смаликтер салынған стикерлер арқылы бағалады. Бағалау барысында ол топтың ерекшелігін, тапсырманы мұқият орындаған-орындамағаны, кеткен қателіктерін айтып, бір-бірін әділ бағалады.

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАбай Құнанбайұлы «Қыс» 5-сынып

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115540

Пікірлер (1)
гулназ # 8 ақпан 2014 в 17:50 0
Өте жақсы!оқушы іскерлігі ашылатын осындай сабақтар маған ұнайды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар