Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» өлеңі

9 қараша 2014 - Zhanna Kabievna
Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»  өлеңі

Сыныбы

Сыныбы: 7-сынып              Қазақ әдебиеті       22.10.2014ж

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»  өлеңі                                                      

Мақсаты

Оқушылар «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгереді, мән — мағынасын ашады. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой — өрісін дамытады, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиеленеді.Өзін-өзі бағалау түсініктері кеңейеді.

Күтілетін нәтиже

Оқып-үйренуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді. Ойын еркін жеткізе алатын болады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу елсенділіктері артады.Дарынды балалар анықталады.  Өзін-өзі бағалай отырып, сыныптастарын бағалап үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту.

Керекті жабдықтар

Белсенді тақта; Презентация; Үлестірме парақтар, корапша, фосоль салынған қапшық

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»     
         Тренингке қатысып тұрған оқушы сол жағында тұрған оқушыға қолын беріп, «сенімен қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын» деп қолынан ұстайды, ол оқушы қасында тұрған келесі оқушыға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл оқушылар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға өте қуаныштымыз» деп айтады.
Топқа бөлу үш түсті қағаз қиындысын ұүрастыру арқылы /3 топқа бөлінеді /, Топ ережесі:Уақытты тиімді пайдалану,  Тыныштық сақтау, Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, т.б топ басшысы сайланады;

 Үй жұмысын тексеру   /Қорапшадағы сұрақтар /

1. Ұлы ақын А.Құнанбаевтың тікелей мұрагері, дарынды шәкірті кім?

2.  Ахметтің әкесі Байтұрсын қандай адам болған?

3. Ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болуға шақырады?

4. «Ахмет- ақын»  деген ұғымға  тағы да қандай қасиеттерді енгізер едіңдер?

5. 1912-1922 жылдар аралығында Ахметтің жинақтары қай қалаларда басылып шыққан еді?

6. «Ақын ініме» деген өлеңінде ақын адам мінезіндегі қандай қасиеттерді сынайды?

7. Ұлы Абай ақынның неше қарасөзі бар, олар қандай мәселелер жөнінде ой қозғайды?

8. «Жастарға» деген өлең кімнің туындысы, онда автор жастарды кімнен үлгі алуға шақырады?

Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту

«Бес арыс» деп кімдерді айтамыз?

Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады.  Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады

Негізгі бөлім

1.        (І топқа): А.Байтұрсыновтың  шығармашылығы жөнінде 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді,ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады)

2.      (ІІ топқа):берілген өлеңді оқып, бір- біріне түсіндіреді, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтады, берілген өлең мәтіні бойынша рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді.(басқа топ мүшелері бағалап, тақырыбын айтады)

3.      (ІІІ топқа):Ғаламтордан орыстың мысалшы ақыны И.А.Крылов туралы мәліметтер табу. Мысал  өлеңдер дегеніміз не? Мысал келтіре отырып түсіндіру                                           (постерда қорғау)

 

 

 

 

1.Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді;

2.Топта  оқушылар рөлдерде ойнайды; Нәтижесін  басқа топ түйіндеп айтады Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді;

Бекіту

«Фасоль салынған қапшықтағы» сұрақтар:
1. «Екі шыбын» өлеңінде өгіз қайдан келе жатты?
2. Шыбынға кім кездесті?
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
4. Оның қандай мысалын оқыдық?
5. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?

6. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?

7.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
8. Мысалдағы шыбынның әрекетіне өгіздің көзімен пікір айтып көр.

9. Қара шыбын неге шаршап келді?

10. Мысалдағы өзекті ойдың мәнісі қандай?

11. Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді?

12. — Мысал орысша қалай аталады?

Кестемен жұмыс.

1 — ші шыбын қандай?

2 — ші шыбын қандай?

 

 

 

Тау бойындағы, бұлт бойындағы қасиеттерді тапқызып, таудың, бұлттың мінез — құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу.
 

Қорытынды

Кері байланыс   «Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту)Бағалау.

   Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі фармативті түрде қол белгілері арқылы бағалайды.  марапаттайды.

Үй жұмысы. Автордың «Екі шыбын» мысалын жаттау.

топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді


Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАйтыс- халық қазынасы

Қазақ әдебиетіД.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)

Қазақ әдебиетіС. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі

Қазақ әдебиетіАлпамыс батыр жырының кейіпкерлері

Қазақ әдебиетіҚозыкүрең (2сағаты)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152368

Пікірлер (1)
Ләйла Оңалбекқызы # 27 қараша 2014 в 21:37 0
Сабағыңыз өте тартымды екен. Осындай сабақтарыңыз арқылы жас мамандарға көп көмек көрсете аласыз. Кембридж тәсілі туралы мәлімет бере отырсаңыз деген өтінішім бар. ол туралы әдістемелік көмек блогына жазсаңыз дұрыс болар еді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар