Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

16 мамыр 2015 - Алия Сидагалиева

Атырау облысы Атырау қаласы

№31 жалпы орта білім беретін мектеп

Сидагалиева А.М.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырыбы: Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Мақсаты:а) Оқушыларға Ә.Нұрпейісовтің «Балықшылар» шығармасын оқыта отырып, ондағы іс-әрекеттермен таныстыру, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.

б) Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, өз ойларын ашық айта білу қабілеттерін дамыту. в) Оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Топтастыру, «Тұжырым» кестесі, «Эйлер»шеңбері, «Бір типті

кейіпкерлерді топтау» әдісі

Сабақтыңкөрнекілігі: кестелер, тірексызбалары, үлестірмелі дидактикалық карталар

Техникалық құралдар: мультимедиалық слайдтар

Сабақтыңбарысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Тұжырым» кестесі

Іс-әрекеттер

Қасиеттер

1

Балықшылар-өз алдына бір тайпа ел.

Татулық, бірлік

2

Федоров балықшыларды күннің райына қарамай теңізге шығарады.

Әділетсіздік

Төмендегі сұрақтар бойынша шығарманы қорытындылау

ØБалықшылардың тұрмыс- тіршілігі қандай?

ØМөңкенің көңілі неге жабырқау?

ØЕламан кімдер үшін қорлыққа төзді?

ØФедоровтың мейірімсіздігі неде?

ØФедоровпен балықшылар неге келіспей қалды?

ØАшынған Еламанның әрекеті қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Шығарманың мазмұнын қорытындылай отырып, шығармадағыбір типті кейіпкерлерді топтастыру, өзіндік белгілерін таныту

ІҮ.Кейіпкерлер портретін сомдау

Кейіпкердің сырт тұлғасы

Кейіпкер

Кейіпкердің ішкі жан дүниесі

1

Шашы жалбыраған,ұзын бойлы, сары жігіт

Андрей


2

Үсік шалған екі беті қап-қара, еріндері шыт-шыт, жанарында жылылық сезіледі

Еламан


3

Еңгезердей ірі, қол-аяғы серейген ұзын, қабағы қатулы, сұп-сұр, жұқа еріндері тісіне жабысып, сүзетін бұқаша басын бауырына алып, тұздай көк көзінің астынан кірпік қақпай қадала қарады.

Федоров


Шығармадан кейіпкерлер портретін табу

Ү.Дәптермен жұмыс

Кейіпкерлердің шығармада берілген іс-әрекеттеріне қарап, оларға мінездеме беру

Еламан Қайратты

Еңбекқор Әділ

Федоров Қатыгез Қиянатшыл Әділетсіз

ҮІ.Шығармадағы оқиға болған жер – Арал теңізінің жағалауы. Аралдың қазіргі жағдайы туралы түсінік беру

1990 жылдары Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі.

Ғалымдардың зерттеуінше Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.

1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

«Қайраңдағы кеме»

Қазіргі Арал

Ауданы- 20 км кв; Тұздылығы- 40%

Бұрынғы Арал

Ауданы – 60 км кв

Тұздылығы – 9-14%

ҮІІ.Шығарма мәтінімен жұмыс.

  1. Күннің райын бай-бәйбішенің қасы мен қабағындай білетін кім?
  2. “Тіліңді алмаса, ау-құралдарыңды тартып ал. Өңкей тақыр кедейлер, тентіреп кетеді.Тіпті еңбекақыны кем төле.”
  3. Біз үшін отқа түсіпсің. Ағаеке, енді қайттік?!

Мейірімді

Бауырмал

Намысшыл

Өжет

Әділ

Қатыгез

Еламанның қатыгездікке баруына не себеп болды?

ҮІІІ.Сабақты қорытындылау:

Кейіпкер бейнесін толықтай ашу мақсатында мәтіннен үзінділер оқу.

1.Еламан-балықшы.1. Федоров — қиянатшыл

2.Еламан – ұйымдастырушы, еңбекадамы 2. Федоров — әділетсіз

3.Еламан – күрескер, айыпкер 3. Федоров – құрбан

ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.

Х.Үй тапсырмасы:

1. Жазушының тіліарқылы берілген кейіпкер портретін қылқаламмен салу

2. «Аралым-ардағым»тақырыбына шығарма жазу, Арал теңізі жөнінде деректер жинау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068833

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru