Б.Майлин "Шұғаның белгісі"

13 наурыз 2015 - Айгул Тонкер

Бейімбет Майлин

«Шұғаның белгісі »

Рөлдерде

Қария: Жасұлан

Әбдірахман: Самат

Шұға: Әсемгүл

Базарбай Әбдірахманның досы: Еламан

Есімбек Шұғаның әкесі: Рахадыл Еламан

Шұғаның анасы: Саяна

Зәйкүл: Томирис

Маржанбике: Шұғыла

Әбдірахманның әкесі: Мереке

Әбдірахманның анасы: Арайлым.

І көрініс

Атқа мінген екі жігіт әңгімелесіп келеді. Бірі –қария, екіншісі- жас жігіт Әбдірахман.

Қария: Мынау бір ит екен, тіпті жүрмей қойды ғой (қамшымен атын ұрғылайды. Шүү-шүү деп...)

-Мынау алдымыздағы үлкен көл «Қамысты» ғой. Анау обаның белесінен тура ассақ, Шұғаның белгісінен тура жолды қиып аламыз.

Әбдірахман: «Шұғаның белгісі » дегеніңіз не нәрсе, тау ма?

Қария: Жоқ, әншейін бір обашық! Шұғаның белгісін сен білмейтін шығарсың-ау!

Әбдірахман: Мен қайдан білейін, бұл жаққа бірінші келуім.

Қария: Иә, білмейсің, жассың ғой! Шұғаның әңгімесін бұл ауылдың баласына дейін білетін. Шұға десе, Шұға еді-ау!

Әбдірахман: Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді?

(Екеуі аттарынан түседі)

Қария: Қамысты көл «Шұғаның белгісі» атанды. Сол жайлауда Есімбай деген байдың төрт ұлы, бұлаңдап өскен Шұға деген қызы болды. Шұға десе, Шұға еді. Аққұба келбетті, тадырмаш, көзі қап-қара, үріп ауызға салғандай сұлу еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай болды.

Әбдірахман: ааа тамаша. Ол Шұға оқыған қыз ба?

Қария: Шұға хат танымаса да, ол саналы қыз.

Әбдірахман: Осы күні байлар қыздарын малға айырбастамаушы ма еді?!

Қария: Есімбек қызын жас кезіндегі досы, Дали дейтін құрдасымен серт байласқан еді. «Бірімізде ұл, бірімізде қыз туса, екеуміз құда болайық» -десіпті.

Әбдірахман: ААА онда сол сертін күткен ғой, ие!

ІІ көрініс

(Сахнаға досы Базарбай жүгіріп, шығып:)

Базарбай: Әбдірахман, Әбдірахман, келші бері, қарашы, әне, көрдің бе? Шұға, Шұға…

Әбдірахман: (келеді, қарайды) Шұға келеді, сызылып тұрады.

Базарбай: Сәлемет пе, Шұға?

Шұға: Сәлеметсіздер? (Әбдірахманға телміріп қарап тұрып қалады.)

Сахна сыртынан анасының айқайлаған дауысы естіледі.

Анасы:Шұға, Шұға қайдасың?

Шұға: Мезгілінде келіп көрістіңіз-ау, жағдайыңыз жақсы ма? Тағы да кездесе жатармыз. Мені анам шақырып жатыр, кеттім! (кетеді)

Әбдірахман: (Қызға таңырқап қарайды) Ойпырым-ай, адамзатта осындай сұлу болады екен-ау! Аққудың көгілдіріндей аппақ. Үстіндегі ақ көйлек, безендірілген пүліш камзол, үкілі бөрік, өзі сұлу адамды одан әрмен жандандырып, құбылдырып тұр екен. Хас сұлу…

Есімбек келеді. Жігіттер амандасады.

Есімбек: Ал жігіттер не әңгіме құрып тұрсыңдар!

Базарбай: (Әбдірахман жайлы таныстырады).

-Есеке, біздің Әбдірахман жасынан болыстың үйінде бұзау бағып өскен. Күндіз қозы бағып, кешке учительден білім алып жүріп, төрт жыл бойы мұғалімдік оқып келген, білімді жігіт. Есімбек ұнатпаған кейіп танытады.

Есімбек: Еліңді қыстан шығардың ба, бала?

Әбдірахман: Шүкір шығардым.

Есімбек: Ел қамқоры болған соң солай болу керек.Жарайды, жарайды. Есімбек кетеді.

Базарбай: Әй, шамасы сені ұнатпайды-ау!?

Әбдірахман: Иә, ұнатпайтын жөні бар. «Мені олжамнан қақты»- деп өткендегі астығы үшін мені ұнатпайды.

Базарбай: Бүгін Шұғаға кезіксек болар еді.

Әбдірахман: Адам сияқты кезігіп, ауызба-ауыз сөйлеспеген соң не керек!

Базарбай: Ендеше бүгін алтыбақан құрады. Ауызба-ауыз сөйлесем десең сонда барайық.

Әбдірахман: Жақсы болды ғой, барайық! ( Сахнадан кетеді)

ІІІ көрініс

(Алтыбақанда жүрген қыз- жігіттердің дауысы естіледі. Топырлап келеді. Зәйкүл, Маржанбике, Базарбай, Әбдірахман т.б қыз жігіттер келеді.)

Базарбай: Қандай қызықты болды, алтыбақанға үнемі келіп тұрсақ қой, қыздар- жігіттер!

Маржанбике: Шұғаның жеңгесі Зәйкүлге жақындап:

-Зәйкүлжан, Мынау мұғалім жігіт Шұғаны ұнатып қалыпты. Ертең кездестірсек қайтеді?

Зәйкүл: Қайдан білейін. Оқыған деген болмаса одан да зорғы байдың балаларын менсінбеді ғой.

Шұға:(келіп) Жеңеше қайтамыз ба?

Әбдірахман: (қасына келіп) Неге асықтыңыз? Шұға, Шұға.( кетеді)

Зәйкүл: Тентекжан-ау, мені тастап қайда кеттің? (артынан кетеді) Бәрі кетеді. Әбдірахман көңілсіз болып кетеді.

ІҮ көрініс

Әбдірахманның үйі, сахнада әкесі, анасы отырады. Әбдірахман келеді. Үйге келіп ата-анасына амандасады.

Әкесі: Балам мен шөп іздеп жүріп Айнабайдың үйіне бардым. Кемпірі қос қазыны бұзбастан орап берді, оған қоса ақысыз-пұлсыз бір шана шөп берді. Сондай ақкөңіл адам екен.

Анасы:Айнабайдың Күлзипа деген қызы бар екен. Сол қыз жақсы қыз сияқты, балам…

Әбдірахман: Ұнамайтын адамды не ғыл дейсіздер, атын атаушы болмаңыздар!(ашуланып шығып кетеді)

Әкесі: Әй, балам, әй балам деп артынан ере жүгіреді.

V көрініс

Әбдірахман қайта келеді.

Әбдірахман:Осы менің кедейлігім-ау, бай баласы болсам, Шұға сөзсіз қабыл етер еді. Шұға келісім берсе, менің ойым оны алып қашып кету. әйтпесе Есімбек бай маған қызын қайдан берсін! (Ойланып, төмен қарап мұңаяды)

Базарбай: Не болды, сонша мұңайып бәрі орындалар!

Әбдірахман: Жоқ, досым, сен мына қатты Шұғаға қайткен күнде апарып бер.

(Базарбай кетеді. Хатты Шұға сахнаның сыртынан дауыстап оқиды)

Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,

Буландырған, уландырған жас жанды.

Біз бір ғаріп паналаған саяңда,

Жас жүректе мықты жара басталды,

Кірді нұрдың оты жақты ішіме,

Көтерем, деп сене алмаймын күшіме,

бірінші зар шықты тілден мұңданып,

бұдан бұрын айтылмаған кісіге…

Базарбай: (келеді).Міне хатыңа жауап.

Әбдірахман: оқиды.Құрматлу мырза Әбдірахманға сәлем соңында айтарым, хатыңды алдым, қазір пәленді жауап бере алмаймын, айыпқа бұйыпмаңыз, сәлеммен Шұға. (Әбдірахман терең күрсінеді, көңілсіз)

Базарбай: досым, байқаймын, қарсы емес сияқты. Кеттік барып жолығайық. (Кетеді)

Сахнаға Есімбек жынданыпшығады.

Есімбек: Базарбай- дейді. (келеді).

-Анау иттің баласы жүгірмекті әкел бері. Өткенде жоғалған жылқыларды да, бұзаулы сиырды да ұрлаған осы. Шақыр бері, түгелін төлейтін болады.

Базарбай кетеді.Әбдірахманды алып келеді.

Есімбек: Малымды ұрлағанмен қоймай, қызымды да ұрламақшысың, ақымақ! Сені де біреу оқыған деп жүр-ау! шақыртыңдар, орыс болсытарын әкетсін!

(Есімбек кетеді. Боыстар келіп алып кетеді. Әбдірахманды жығып қолын байлап әкетіп бара жатқанда Шұға келіп, жармасып, жылап жібермейді.)

Шұға: Әкетпеңдер! Қайд апарасыңдар, қайда! (Шұға қатты жылап жабысқанмен, біреуі Шұғаны итеріп жібереді де алып кетеді. Ұрып соғып әкетеді.

Шұға: Қош қалқам қош! (деп жылап отыра кетеді. Жеңгелері келіп жылама.деп ертіп әкетеді.)

VІ көрініс

Базарбай: Қайран досым! Сен кеткелі әкесінен қатты ұрыс естіген Шұға күніге жылауда, ешбір нәр татпаған, тамақта жұмысы жоқ!- десіп жүр.Естідім, Шұға төсек тартып ауру болып қалыпты. Амал не?

Шұғаның анасы: (келеді)- Базарбай, Шұғаны ажалдан алып қаламыз десек, барлығымыз жабылып, Әбдірахманды құтқарып алайық! Ел болып Шұғамен Әбдірахманның басын қосып, той жасайық!

Зәйкүл: Базарбай, Шұға өзіңмен жолыққысы келеді.(төсекте жатқан Шұғаны екі жігіт көтеріп әкеледі. Шұға кемсеңдеп қатты жылайды.)

Шұғаның анасы:Жылама құлыным, жылама! (орамалмен көз жасын сүртеді)

Базарбай: Қайтейін билік менің қолымда емес, жылама. Менің қолымнан келсе мұндай күйге я түсер ең, я түспес ең. (Шұғаның анасы да қатты қамығады)

Шұға: Әже!

Анасы: Ау, қарағым!

Шұға: Мені оңаша қалдыршы.

Анасы: Қалдырайын! (анасы кетеді)

Базарбай Шұғаға жақындады.

Базарбай: Тәуірмісің?

Шұға:Тәуір емеспін. Тәуір болуды тілемеймін. Сәлем айт Әбдірахманға! (Шұға тағы жылайды.)

Базарбай: Олай деме әлі-ақ жазылып кетесің!

Шұға: Жазылып керегі не? Бәрібір бақытты бола алмаймын.Әкем аямайды. Менің бар арманым, өлер кезде қасыма Әбдірахман келіп, бір ауыз сөзі «Шұғам» деп айтып бетіме бетін тигізсе, арманым орындалғаны. Әй, ондай қайда? (Шұға ауыр күрсінеді де. Дүниеден кетеді)

Базарбай: Шұға, Шұға! (деп айқайлайды. Бәрі келеді.)

Шұғаның анасы: Ойбай, құлыным! Не болды? Не жазып ең, енді қайтейін! (Бәрі улап-шулап жылап, шұғаның бетін жауып алып кетеді.)

VІ көрініс

Әбдірахман келеді. Базарбай да келеді.Амандасады.

Әбдірахман: Қал жағдайың жақсы ма?

Базарбай: Аман-есен оралуыңмен!

Әбдірахман:Рахмет, Шұға қайда? Кезігіп тұрдыңдар ма? Сен неге көңілсізсің.

Базарбай: Ой, Шұға десе, Шұға еді-ау! Амал нешік!

Әбдірахман: Не деп тұрсың? Не?

Базарбай:Шұғаң бұл дүниеден өтті!

Әбдірахман, не дерін білмей түрі жаман болып қатып қалады.

Зәйкүл келіп Шұғаның өлер алдындағы хатын береді.

Зәйкүл: Мына хатты саған бер деген аманаты еді.

Әбдірахман хатты жылап тұрып оқиды.

«… Әуре боп неге біткен ажар-көрік,

Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.

Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед.

Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.

Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,

Дариға айтылған серт болмай қалды.

Көре алмай ақтық минут дидарыңды,

Арманда жан тапсырған мен бір зарлы.

Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош сау бол, ойнап –күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!...»

Базарбай: Амал не? Жаны жаннатта болсын! Әне, Шұғаның зираты, әй өзі де Шұа десе, Шұға еді-ау! Көрдің ба? Шұғаның белгісіню

Жүр досым басына барып құран оқып қайтайық!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083455

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар